Файл: 1 дріс. Педагогикалы психология ылыми білімні пнаралы саласы ретінде (2 са).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 236

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)

1. Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаттамасы.

2. Педагогикалық психология басқа адамтану ғылымдарының ішіндегі орны.

3. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы..

1 Модуль. НЕГІЗГІ Б‡ЛІМ

Педагогикалық психологияның негізгі мәселелері

2 дәріс. Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері (2 сағ)

1. Педагогикалық психологияның зерттеу пәні.

2. Педагогикалық психологияның негізгі міндеттері.

3. Педагогикалық психологияның құрылымы.

4. Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері.

3 дәріс. Қазіргі замандағы білім беру (2 сағ)

1. Білім беру күпжақты феномен ретінде.

2. Қазіргі заманғы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары.

3. Оқыту бағыттарының жалпы психологиялық негізінің қалыптасуы.

4. Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары. В.Оконь бойынша оқытудың күпжақтылығы.

5. Тұлғалық, іс әрекеттік келіс білім беру процесін ұйымдастырудың негізі.

2 модуль. БІЛІМ БЕРУ Ж‡ЙЕСІНДЕ АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ДАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ИГЕРУІ

4 дәріс. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы - білім беру процесіндегі оқу. (2 сағ)

1. Оқытудың жалпы сипаттамасы.

2. Оқуды анықтаудың күпжақтылығы.

3. Оқудың оқу іс әрекетіне ауысуы.

4. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту.

5 дәріс. Білім беру процесінің субъектілері. (1 сағ)

1. Субъект категориясы.

2. Білім беру процесінің субъектілеріне тән ерекшеліктер.

3. Субъектілердің дамуы және үзін үзі дамытуы.

4. Субъект қатынастар жүйесінде.



6 дәріс. Педагог педагогикалық іс әрекеттің субъектісі ретінде. (2 сағ)

1. Педагогтың субъектілік қасиеттері.

2. Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде.

3. Педагогтың субъектілік құрылымының психофизиологиялық компоненті.

4. Педагог тұлғасы сапаларының жалпы анықтамасы.

5. Тұлғалық кәсіби педагогикалық сапалары.

6. Адамның педагогикалық іс әрекетке сәйкестілігі.

7 дәріс. Оқу іс әрекетінің субъектілерінің жас ерекшелік сипаттамалары (2 сағ)

1. Оқушы жас ерекшелік кезеңнің үкілі ретінде.


2. Мектеп оқушысы оқу іс әрекетінің субъектісі ретінде.

3. ‡йретуге жарамдылық оқу іс әрекеті субъектілерінің маңызды сипаттамасы.

4. Оқытушылардың оқу іс әрекетіндегі даралық айырмашылықтары (Г.Клаус бойынша).

8 дәріс. Оқу іс әрекетінің жалпы сипаттамасы (2 сағ)

1. Оқу іс әрекеті іс әрекеттің ерекше түрі ретінде.

2. Оқудың жалпы теориясындағы оқу іс әрекетінің теориясы.

3. Оқу іс әрекетінің анықтамасы.

4. Оқу іс әрекетінің негізгі сипаттамалары.

5. Оқу іс әрекетінің сыртқы құрылымы.

9 дәріс. Педагогикалық функциялар және іскерліктер (2 сағ)

1. Функциялар мен әрекеттер.

2. Негізгі функциялардың сипаттамасы.

3. Педагогикалық іскерліктер.

4. Педагогикалық іскерліктердің жалпы сипаттамасы.

10 дәріс. Педагогикалық іс әрекет стилі (2 сағ)

1. Іс әрекет стилінің жалпы сипаттамасы.

2. Іс әрекеттің даралық стилі.

3. Педагогикалық іс әрекет стилі.

4. Педагогикалық стилінің жалпы сипаттамасы.

11 дәріс. Сабақтың (дәрістің) психологиялық талдауы педагогтың проективті рефлексивті іскерліктерінің бірліктері ретінде. (2 сағ)

1. Педагог іс әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы, оның жалпы сипаттамасы.

2. Сабақты психологиялық талдаудың формасы.

3. Сабақты психологиялық талдаудың үш формасы.

4. Сабақты психологиялық талдаудың обьектілері.

5. Мұғалімнің сабаққа психологиялық талдау жасау барысындағы міндеттері.

12 дәріс. Білім беру процесі субъектілерінің үзара әрекеті. (2 сағ)

1. ¤зара әрекеттің жалпы сипаттамасы.

2. ¤зара әрекет категория ретінде.

3. Білім берудегі үзара әрекет.

4. ‡зара әрекеттегі психологиялық контакт.

13 дәріс. Оқу педагогикалық еңбектестік (2 сағ)

1. Оқу еңбектестіктің жалпы сипаттамасы.

2. Еңбктестік қазіргі күннің беталысы ретінде.

3. Еңбектестіктің негізгі бағыттары.

4. Еңбектестіктің оқу іс әрекетіне ықпалы.

5. Еңбектестік фазалары.

14 дәріс. Білім беру процесіндегі қарым қатынас (2 сағ)

1. Қарым қатынас үзара әрекеттесу формасы ретінде.

2. Қарым қатынас прблемасының тарихы.

3. Қарым қатынас функциялары.



4. Қарым қатынас сипаттамасы.

5. Педагогикалық қарым қатынас білім беру процесі субъектілерінің үзара әрекеттесу формасы ретінде.

6. Қарым қатынастың деңгейлік құрылымы.

15 дәріс. Педагогикалық үзара әрекеттесудегі, қарым қатынастағы және оқу педагогикалық іс әрекеттегі “кедергілер” (2 сағ)

1. Қиындатылған қарым қатынастың анықтамасы және жалпы сипаттамасы.

2. Қарым қатынастағы қиындықтың жалпы сипаттамасы.

3. Қиындықтар анықтамасы. Қиындықтар функциясы.

4. Педагогикалық үзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың негізгі сипаттамалары.

5. Қиындықтардың жас ерекшелік саласы.

6. Педагогикалық қиындықтардың педагогқа әсері. Педагогикалық қиындықтар проблемасының жалпы психологиялық контексі.

1Дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)

Дәріс мақсаты: Педагогикалық психология пәнінің оқыту және тәрбиелеу механизмдері мен заңдылықтарын білім беру үрдісі барысында алатын орнын, маңыздылығын ашып күрсету.

1.Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаттамасы.

2.Педагогикалық психология басқа адамтану ғылымдарының ішіндегі орны.

3.Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы..



1. Ғылымның кез-келген саласы сияқты педагогикалық психологияныңны қарастырғанда ең алдымен оның объектісі мен зерттеу пәнін ажыратып алу қажет. Ғылыми объекті — бұл зерттеудің үзінен тыс әртүрлі ғылымдарды зерттеуге болатын ақиқат. Объект ретінде материалдық және материалдық емес абстрактілі жүйелер; күрделегі әртүрлі дәрежедегі биологиялық ағзалар бола алады. Ғылыми зерттеу объекті ретінде үсімдік, және жануарлар әлемі, адам, қоғам, өркениет, ғарыш т.б. қарастырылады.

Педагогикалық психологияның пәніне жан-жақты анықтама бермес бұрын көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылатын (педагогика, әлеуметтану, физиология, медицина т.б.). педагогикалық психологияның зерттеу пәні болып адамның әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілері және білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында педагогтың ұйымдастырып және басқаратын оқу қызметінің субъект ретінде қарастырылытын адамның интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейінде үзгеруді меңгеруін туғызуы болып табылады. Жекелеп айтқанда, педагогикалық психология «білімді,икемділік пен дағдыларды меңгеру заңдылықтарын зерттейді, осы процестердегі жеке айырмашылықтарды зерттейді, оқушылардың үз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын үзгерістерді зерттейді.


Жалпы педагогикалық психология оқу-тәрбие беру қызметінің білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында адамның интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп баяндап зерттейді.Педагогикалық психологияның нақты міндеттеріне:

1. оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу.

2. оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында сақталынуы және әртүрлі жағдайларда пайдалануы.

3. оқушының инлеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейі мен оқытушылық және тәрбие берушілік ықпалдың формалары мен әдістері арасындағы байланысты анықтау.

4. оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, тұлғалық даму мен оқу танымдық белсенділікке әсерін анықтау.

5. педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның жеке психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу.

6. дамыта оқытудың атап айтқанда, ғылыми, теоретикалық ойлаудың механизмдері мен заңдылықтарын анықтау.

7. білімді меңгеру заңдылықтары,шарттары мен үлшемдерін анықтау, олардың негізінде әртүрлі міндеттерді шешу процесінде қызметтің операциялық құрамын қалыптастыру.

8. игеру сапасы диагностикасының деңгейінің психологиялық негіздері мен оның білім беру стандарттарына қатыстығын анықтау.

9. білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін ары қарай жетілдірудің психололгиялық негіздерін жасау.

Педагогикалық психологияның құрылымы: Педагогикалық психология дәстүрлі үш тараудың құрамында қарастырылады; оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы. Мектепке дейінгі бала мен мектеп оқышысышың психологиясын жас ерекшелік психологиясы қарастырады.Студенттік жас үмірдің ерекше кезеңі ретінде жеке қарастырылады (атап айқтанда,Б.Г.Ананьевтің психологиялық мектебі).Тәрбие берудің оқыту процесіне қарасты соңғы үш түрлі педагогикалық психологиямен ғана емес, психология мен педагогиканың арнайы бүлімінде қарастырылуы қажет. Педагогикалық психология үшін тәрбие беру, оқыту процесіне оның мазмұны, түрі мен әдістері арқылы үйлесімі үз орнын алуы қажет.Зерттеу пәнінің келтірілген анықтамасы мен жоғарыда қарастырылған қүзқарастар тұрғысынан педагогикалық психологияның құрылымына:


1) білім беруші қызметтің психологиясы (оқу және педагогикалық қызметтің бірлестігі ретінде).

2) оқу қызметінің және оның субъекті — оқушының психологиясы (оқушы, студент).

3) педагогикалық қызметтің (білім беруші және тәрбиеленуші әсердің бірлестігі) және оның субъекті (мұғалім, оқытушы) психологиясы.

4) оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас психологиясы кіреді.

Аталған құрылым педагогикалық психологияның зерттеу аумағын кеңейтіп отырғаны анық, соның үзінде ол 3 тармақта дәстүрлі болып қалып отыр (оқыту,тәрбие беру, мұғалім).Қазіргі уақытта психология жоғары мектеп психологиясы (Н.В.Кузьмина, М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович,А.В.Петровский, С.Д.Смирнов) және мектепте оқытудың педагогикалық психологиясы болып бүлінуі күп кездеседі,оған дәстүрлі осы саладағы жұмыстар кіреді.

2.Зерттеудің негізгі әдістері. Педагогикалық психологияда теоретикалық немесе эмпирикалық әдістер ретінде анықталады. Педагогикалық психологияда күбінесе –эипирикалық әдіс қолданылады.

1.Бақылау — педагогикалық психологияда (және жалпы педагогикалық тәжірибеде) адамда мақсатты жүйелі зерттеудің эмпирикалық әдісі. Байқауға алынған үзінің байқау объект болып табылытынын білмейді,байқау жаппай немесе таңдаулы бола алады. Байқау нәтижелері арнайы хаттамаларға енгізіліп,онда бақылауға алынған оқушының аты-жүні,күні,уақыты, және мақсаты белгіленеді. Хататма деректері сапалық және сандық үңдеуден үтеді.

2. ‡зін-үзі бақылау — адамның рефлекстік ойлау негізінде үзін-үзі бақылау әдісі (үзін-үзі бақылау объектісі мақсаттар, мінез-құлық түрткісі, қызметінің нәтижесі бола алады.) Бұл әдіс үзіне үзі есеп берудің негізінде жатыр.

3. Әңгімелесу — педагогикалық психологияда (және педагогикалық тәжірбиеде) адам туралы онымен қарым-қатынас жасау, оның мақсаты бағытталған сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде мәліметтер алудың эмпирикалық әдісі. Әңгімелесу- адамды зерттеудің дербес әдісі, сонымен қатар күмекші әдіс, мысалы: эксперимент пен терапияның алдын алушы әдісі бола алады.

4. Сұхбат — әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар оқиғалар т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.Әңгімелесу сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін.