ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 826

Скачиваний: 22

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қорек іздеу миграциясы. Барлық балықтарға тән миграция болып есептеледі. Шағын көл, тоспа суларына қарағанда үлкен теңіздердегі өткінші балықтар қоректік заттар іздеп ұзақ жол жүруге мәжбүр болады. Каспийдщ қызыл балығы (sсаdіпius) Кура өзеніне уылдырық шашып теңізге қайтқан соң Қаспийді кесіп, оның Шығыс жағалауына келіп жайылып, семіреді. Теңіз балықтарының ішінде су ағысымен жағалап ксректерін іздейтін балықтармен қатар, теңіздің түбінен бетіне көтеріліп қорек іздейтін балықтар да кездеседі. Мысалы, судың бетінде планктондар көп болған кезде скумбрия (sсоmЬгіdае) балықтары су бетіне көтеріліп, планктондар су түбіне — терең қабатына

66

шөксе, балықтарда солармен бірге төмен түседі. Мұны теңіз балықтарының вертикальды араласуы дейді.

Қыстақ іздеу миграциясы. Балықтардың көпшілік түрлері, қысқа таман су температурасы төмендей бастаған кезде, активтілігі бәсеңдейді, тіпті қалғьйі, шала ұйқыға кетеді. Бұл кезде өздерінің жайылып жүрген жерлерінен қыстап шығуға ынғайлы ықтасын жерге жиналып, шұңқырлау жерін таңдап алып, соған қыстап шығады. Мысалы сазан, тыран балық Еділ, Жайық, Кура т. б. ірі өзендердің сағасына келіп, көп мөлшерде шұңқырларға жиналып ұйқыға кетеді. Бекіре балықтарының Жайық өзенінің шұңқырларында қыстап шығатыны ертеден белгілі. Балықтардың ұзақ ұйқыға кетуіне мәжбүр ететін физикалык әсер, яғни су температурасының төмендеуі. Ұйқыға кеткен балықтар судың түбіндегі шұңқырларға жиналып, қозғалмай жатып қысты басынан өткізеді. Бұл кезде көптеген балыктардың денесінің сыртын қалың қабатты шырын қаптап қалады да, оларды төменгі температураның зиянды әрекетінен корғап, бөліп тұрады. Ұйқыда жатқан балықтардың организміндегі зат алмасу про-цесі өте баяулап кетеді. Кейбір балықтар, мысалы табан балық су түбіндегі балшықты қазып, соның ішіне еніп, қыстап шығады. Бұлардың аман қыстап шығуы, төменгі температура-да балшық мұз болғанымен балықтың денесіндегі шырыны-ның муз болмауына, қатып калмауына байланысты. Ол балықтардың денесін мұз қоршап тұрса да. қатпай температурасы —0,2—0,3° болатындығы анықталған.

Қыстап шығу миграциясы кезінде балықтардың барлығы-ның ұйқыға кетуі шарт емес. Мысалы, Азовтың хамса балығы қыстау үшін Азов теңізінен Қара теңізге келеді. Себебі қыста Азов теңізі Қара теңізге қарағанда тайыз, сондықтан оның беті катып қалады да суы салқын, қыстап шығуға қолайсыз болады. Әрі мұз кабаты ауадағы оттегімен теңіз суын қатыстырмай жауып қалады.


Балықтардың өсуі, жасы және жас белгілері. Балықтар өскен сайын басқа организмдер сияқты екі түрлі өзгеріс байқалады: біріншіден, пішіні өзгерсе, екіншіден, көлемі мен салмағы да артады. Әдетте бұл екі өзгеріс бір-бірімен тығыз байланысга, бірлестікте (бірлікте) болады.

Бұл заддылықтан тыс ерекшеліктердің де байқалуы мүмкін. Мысалы, угрлардың личинкалары жас угрларға айналғанда дене пішіні өзгеріп, көлемі өспейді, салмағы кемиді. Балықтардың өсуі қоректенуіне т. б. байланысты. Жазда тамақтық заттар жеткілікті болғандықтан, балықтар үстеп қоректенеді де тез өседі, ал қыста тамақ аз, пассив коректенуіне байланысты өсуі баяулайды. Өсудің қалыпты болмауы бірсыпыра сүйектері мен қабыршағында шеңбер, сақина тәрізді ізін қалдырады. Жазда дұрыс қоректеніп, қалыпты өскенде пайда болатын сақиналар жалпақ, ал қыста пайда болған сақиналар керісінше жіңішке

67

болады. Сөйгіп, балықтардың кабыршақтары, скелеттерінің кейбір бөліктеріне қарап жасын ажыратуға болады. М: лосось, майшабақ, тұқы тәрізділердің қабыршағына қарап жасын ажы-ратуға болады.

Балықтардың жасын білудің үлкен теориялық және балық шаруашылығының негізгі проблемаларын шешуде практикалық маңызы зор. Балықтардың жасына анализ жасау балық аулауда артық немесе кем ауланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Жас балықтардың сыбағалы салмағының артып, ересек балықтардың салмағы аз болуы артық ауланғанын аңғартады да, керісінше ересек балықтардың проценттік құрамы артық болуы, әлі де болса балық қорын толық пайдалана алмай отырғанын көрсетеді. Мысалы, егер аулаған кезде қаракөздің (Rutilиs гиtіІиs саsріиs) 7—8 жастағысы ауға түссе, толық ауланбағаны (ол үш жаста жыныстық жетіледі), ал бекіретц (Асірепsег guldепstаdtі) 7—8 жасары түссе артық ауланғаны (бекіре 8—10 жаста толық жетіледі) (Никольский, 1944).

БАЛЫҚТАРДЫҢ КӘСІПТІК МАҢЫЗЫ

Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан та-мақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн, тыңайтқыштық түктер де өндірі-леді. Біздің елімізде халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы олардың балық өнімдеріне деген талабын әрқашанда арттыратыны күмәнсіз. Сондықтан осындай заңды талапты шешуде балық өнеркәсібі мен ихтиология ғылымының алдында жауапты міндет бар.

СССР-дегі кәсіптік балықтардың негізгі группалары. СССР-дің фаунасы мен оған шектесіп жатқан дүние жүзі мұхиттарын-да 1000-ға тарта балықтын гүрі кездеседі, оның 30 процентке жуығының кәсіптік маңызы бар. Балық аулау өнеркәсібінің дамуына байланысты олардың санының артатыны күмәнсіз.



Қазір көбірек ауланатын балықтарға; нәлім тәрізділер мен май шабақтар жатады. Бүкіл ауланатын баіықтың 25—30% осы балықтардан түрады. Нәлім тәрізділерден Баренцево теңізі мен оған шектесіп жатқан теңіздерден ауланатын нәлімді жатқызуға болады Сонымен қатар бұл жерден навага да ауланады.

Май шабақтардан жиі ауланатыны мұхиттық май шабақ. Олар Охот, Берингово теңіздсрінен ауланады.

Қара және Каспий теңізінің май шабақтарының да үлкен ма-ңызы бар (14-сурет). Олардың көпшілігі өзенге уылдырық ша-шатын өткінші балықтар. Сол сияқты Қара теңізбен Балық те-ңізіндегі шпроталармен, Каспий мен Қара теңізден ауланатын килькалардың да алатын орны ерекше.

Кәсіптік маңызы жағынан келесі орында тұрған карптар (шамамен 20%). Негізгі кәсіптік түрлеріне Қара, Арал,

68



14 - с у р ет Кәсіптік балықтар:

1 — қаракөз; 2- сазан, 3 —треска, 4 — көксерке; 5 —танабалық, 6 — теңгз камбаласы

Азов, Қаспий, Ақ, Балтық теңіздерінен ауланатын — табан ба-лық, Арал мен Қаспий теңізінен ауланатын — суген (усач), Қа-ра, Каспий, Арал теңіздеріндегі — сазан, Амур су қоймасынан ауланатын — толстолоб т. б. балықтар жатады.

Лосось тәрізділердің казір кәсіптік маңызы айтарлықтай емес. Ол біріншіден — ертеде Қиыр Шығыста көптеп кездесетін (кета, горбуша, нерка т. б.) түрлерінің санының қауырт азайып

69

кетуіне және жалпы балық аулаудың шектен тыс артып кетуіне байланысты. Балық аулауда айтарлықтай үлесі бар балықтар тұщы су лососьтары, сигалар, хариустар тағы басқа балықтар., Қазіргі кездетұщы су балықтарын жерсіндіруде, өткінші лососьтарды қолдан өсіруде бірсыпыра жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Камбала тұқымдастары СССР бойынша ауланатын балық-тардың 5 проценттейін кұрайды. Оны аулау тәсілі әлі жетілді-рілмеген. Қазір Қиыр Шығыс, Европалық Солтүстік, Қара теңіз-дерден ауланады.

Бекіре тұқымдастарының өзіндік кәсіптік маңызы бар. Өте аз ауланады. Бірақ олардан алынатын өнім өте жоғары сапалы болғандықтан бұл балықтарға ерекше мән береді. Қазіргі кезде бұл балықтарды қолдан көбейтуде қызу шаралар қолданылуда.

Жоғарыда көрсетілген балықтардан басқа айтарлықтай ма-ңызы бар балықтарға Қара, Каспий, солтүстік теңіздерінен ау-ланатын көксерке, Баренцево, Қиыр Шығыс теңіздерінен аула-натын теңіз алабұғасы, Қара теңізден — ставрида, Азов теңізі-нен ауланатын кефальдар жатады.

СССР-дегі балық аулайтын аудандар. СССР-дегі балық ауланатын суларымызды негізгі төрт ауданға бөлеміз:


1. Оңтүстік теңіздер — Каспий, Азов, Қара теңіз және Арал теңізі. Бұлар СССР-дің негізгі балық аулайтын су қоймалары. СССР-де ауланатын балықтын, (салмағы есебінен) жартысы осы аудандардан ауланады. Бұлардың ішінде Каспий теңізі балық аулау жөнінен бүкіл дүние жүзінде бірінші орьш алады. Каспий теңізінде балықтардың өсуіне және көбеюіне өте қолайлы жағдайлар көп. Балықтардың қоректік заттары жет-кілікті, сол сияқты Еділдің сағасы олардың уылдырық шашуы-на қолайлы алаңдардан кұралған. Каспий теңізінің солтүстігін-дегі тайыз бөлімінде өткінші балықтар (бекірелер, майшабақ-тар) және жартылай өткінші балықтардың көпшілігі (көксерке, сазан, табан балық, қаракөз) уылдырығын шашады, әрі жайы-лып семіреді.

Азов теңізі Совет Одағындағы ұсак теңіздердің қатарына жатса да (көлем жөнінен Каспий теңізінен 10 есе кіші болса да) балық аулау жөнінен екінші орында және СССР-де ауланатын балықтың 20 проценті осы Азов теңізінен ұсталады. Өйткені Азов теңізіне Дон мен Кубань өзендерінен балықтарга қажет қоректік заттар көптеп ағып келеді. Азов теңізінен ауланатын балықтың жартысы өзендерге шығын уылдырығын шашатын өткінші және жартылай өткінші балықтар — бекірелер, карптар, көксеркелер т. басқалар. Азов теңізінен бүкіл СССР-де ауланатын — бекіре балықтардың төрттен бірі, көксеркенің жартысы ауланады.

Қара теңіз — көлемі жөнінен Каспий теңізімен тең түскені-мен балық аулау жөнінен анағұрлым төмен тұрады. Қара теңіз балықтарының көпшілігі таза теңіз балықтары — кефальдар

70

Mugil серһаlиз), хамсалар, скумбриялар (SсоmЬгісidае), пела-мидалар (Sагdа sагdа) және камбала (Рlаtеssа рlаtеssа). Бұ-лардың ішіндегі көбірек ауланатыны кефальдар болып сана-лады.

Арал теңізі — Кара теңізден бірнеше есе кіші болса да, ба-•лық аулау жөнінен әлдеқайда басым болады. Бұл теңіздің негізгі кәсіптік маңызы бар балықтары сазан (Сургіпиs сагріо), тран {R. г, һаесkelі), сүген (АЬгаmіз Ьгаmа) және түкті бальщтар (Rаjа сlаvаtа) болып саналады.

I. Балқаш көліиің көлемі кіші болғанымен, балық аулау жөнінен үлкен маңызы бар. Қәсіптік маңызы бар балықтардан: сазан, Балқаш алабүгасы (Регса fІаvіаtilіз), маринка (Sсһі-zоtһогах) және т. б. балықтарды кездестіруге болады.

II. СССР-дің Европалық солтүстік теңіздері мен көлдері. СССР-дің негізгі баіык ауланатын су қоймаларының ішінде үшінші орын алады және бізде ауланатын балықтардың 20 процентке жуығы осы ауданнан ұсталады. Бұл ауданның құрамына мына су қоймалары жатады:

Баренцово теңізі, Каспий мен Азов теңізінен кейінгі үшінші орынды алады. Мүндағы негізгі кәсіптік маңызы бар балықтар:
треска тэрізділер (Gаdifогmеs) мен пикша (G. аеgІеfmиз) ба-лықтары.

Ақ теңіз — балық аулау жөнінен маңызы аз. Мұнда негізінен Атлантика лососьтарының бір түрі сегма (Sаlmо sаlаг), треска (Gаdиз mогһиа) және камбала балықтары ауланады.

Фин шығанағы балық аулау жөнінен Ақ теңізден де төменгі орында — Фин шығанағынан майшабақтар мен корюшкалар ауланады.

Солтүстік батыс көлдерінен (Ладож, Псков, Чуд, Ильмен және Онеж көлі) ауланатын балықтардың мөлшері Ақ теңіз бен Фин шығанағынан ауланатын балықтардьщ шамасындай. Негізгі ауланатын балықтар карп тэрізділерден (Сургіпііогтез), табан балықтар, алабұға тэрізділерден (Регсі!огтез) көксерке балығы және түкті балықтар болып есептеледі.

III. Сибирьдің өзендері мен көлдерінде (Обь, Енисей, Лена, Байкал және Чанов системалары) Совет Одағында ауланатын барлық балықтардың 20 проценті ауланады. Бұларда көбінесе сигалар (Согеgоnus), налим (Ьоtа Іоtа), шортандар (Еsох Іисіиs), нельмдер (S. пеlmа), хариустер (Тһутаllиs tһуmаllиs). Осетрлер (Асірепsегіdіае), форельдер (Sаlmо tгиttа fагіо) т. б. балықтарды аулауда бізде бірінші орын алады.

IV. Қ и ы р Ш ы ғ ы с т е ң і з д е р і ж ә н е А м у р с и с-

т е м а с ы. Бұл райондағы теңіздердің ішіндегі ең маңыздысы — Жапон теңізі. Балық аулау жөнінен Совет Одағында төр-тінші орын алады. Мұндағы майшабақтар, әсіресе сардин-иваси (Sагdіпорз теlапоstісиs) балықтары Совет Одағында бірінші

71

орын алады. Бұл теңізден майшабақтар, трескалар, камбала-лар, лосось тәрізділер, горбушалар, кеталар, неркалар аула-нады.

О х о т т е ң і з і — балык, аулау жөнінен бесінші орында. Мұнда ауланатын балықтардың 3/4 лосось тәрізділер) горбушаг кета, қызылбалық), 3/4 бөліміндейі майшабақтар.

Амур системасы балык аулауда Охот теңізінен кейінгі орын-да. Ауланатын бальіқтардың жартысы — лосось тәрізділер (кета, горбуша), төрттен бірі майшабақтар және карп тәрізділер де көп мөлшерде ауланады.

Б е р и н г о в о т е ң і з і — жоғарыдағы су қоймаларымен салыстырғанда балық аз мөлшерде ауланады деуге болады. Мұнда аулана,тын балықтардың жартысынан көбірегі лосось тәрізділер (горбуша, кета, қызылбалық), екінші орында — майшабақтар, үшінші — орында — треска тәрізділер.

С о л т ү с т і к-С и б и р ь теңіздері (Карск теңізі, Лаптев теңізі, Шығыс Сибирь мен Чукот теңіздері), кәсіптік жағынан әлі толық қамтылмаған.

Уылдырықтарды қолдан ұрықтандыру. Табиғи жағдайда балықтардьщ ұрықтануы сперматазоидтарынын уылдырық-пен, яғни аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуымен аяқталады. Сондықтан да, уылдырықтарды қолдан ұрықтандырғанда, әрбір жыныс клеткаларынық өз ара қосылуын қамтамасыз ету қажет болады.