ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 832
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алғашқы кезде, табиғи жағдайға сәйкестендіру мақсатында балықтардан алынған уылдырықтардың үстіне су, одан кейін еркегшің “ақ сүтін” құйып, 1—2 минут араластырған. Бұл әдіс-ті — балықтарды ұрықтандырудың дымқыл эдісі деп атаған. Мұндай әдіспен ұрықтандырғанда көпшілігінен шабақтар шық-пай, өліп қалатын болған.
Осы жағдайды ескере отырып В. Н. Врасский уылдырықты қолдан ұрықтандырудың басқа тәсілін ұсынған. Врасский кері-сінше алынған уылдырықтарға, еркек балықтардың “ақ сүтін” құйып, әбден араластырып, содан кейін су құйған. 2—3 минут-тан кейін бұл сұйықтықты қайтадан құйып алады да уылдырықтарды жуады. Мұндай әдісті уылдырықты ұрықтандырудың “құрғақ” әдісі деп атайды.
Құрғақ әдістің тиімділігі уылдырықтарды құрғак, күйінде спермалық сұйықпен араластырғанда, уылдырық пен сперма бір-бірімен араласады; ал одан кейін су қүйғанда, спермато-зоидтар активтенеді де уылдырықтармен қосылуы тездейді, ал уылдырықтарды алдымен суға араластырып (дымқыл әдіс бойынша), одан кейін спермаларды құйғанда су уылдырықтарды ісіндіреді де спермалармен қосылуын нашарлатады. Сондықтан, кейбір уылдырықтар ұрықтанбай қалады. В. Н. Врасскийдіц ашқан “құрғақ” әдісі біздің елімізде де, шет елдерде де кеңінен қолданылып келеді.
72
БӨГЕУДЕ БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Балық өсіретін бөгеулер су жылылығына қарай екі түрге бө-лінеді.
1. Жылы сулы бөгеу — жазда су температурасы 20° және одан да жоғары болады. Бұл бөгеулерге жауын, қар және өзендерден су құйылады.
2. Салқын сулы бөгеу — жаздағы орта температурасы 20 градустан төмен болады. Бұған бұлақтардан су үздіксіз құйы-лып түрады.
Жылы сулы бөгеттерде ортаға сәйкес бейімделген қабыршақты, шала қабыршақты карптардың өнімді түрлерін өсіруге болады.
Қабыршақты карптардың денесі теп-тегіс қабыршақпен қап-талып тұрады, сырт қарағанда жабайы сазаннан айыру қиын. Шала қабыршақтылардың денесінің арқа, бүйір және құрсақ бөлімінде қабыршақ жол-жол болып, бүкіл дене бойына созыла орналасады. Дене қабыршақтарының аралығындағы жолақтарда қабыршақтар болмайды. Сондықтан да, дымқыл жерде тұрып бояуының ажары кеткен айна сияқты болғандықтан “айналы карптар” деп аталады. Мәдени карптардың үшінші түрін “жалаңаш карптар” деп атайды. Оның денесінің сыртында қабыршақтар болмайды. Бірен-саран қабыршақтар қанаттарының, желбезегінің маңайында ғана сақталған.
Жақсы қолайлы жағдайда карптардың салмағы бірінші жаз-да 400 г-ға жетеді. Екінші жазда 1500 г-ға дейін өседі. Соңғы кездерде, бұдан да гөрі жоғарылатып жүрген шаруашылықтар аз емес. Амур сазаны карптарға қарағанда көбірек продукты беретіні, судың қысымына карптарға қарағанда шыдамды бо-латыны тәжірибеде дәлелденген, сондықтан да Амур сазанын бөгеулерде өсіру соңғы кезде кең өріс алып келеді.
Бөгеулерде өсіруге жоғарыда айтылған балықтардан басқа да балықтарды жерсіндіруге болады, мысалы қарабалық, алтын қоқын (Lеисіsсиs) немесе орфа т. б.
Суы салқын (10—15°) және өнебойы жаңарып тұратын бөгеулерде лосось туысына жататын еті дәмді кумжа (Sаlmо tгиttа^ балықтары жақсы өседі.
Балықтардың өнімділігін жақсарту үшін, су қоймаларын мә--дени түрде күту керек. Су қоймасының түбінің топырағын таза-лап, өңдегіштермен тегістеп, бұзылудан қорғау ретінде және балықтардың жауын құрту үшін оның түбін мұздатып қатырып алу керек. Бұл шараларды суын ағызып жіберіп қайтадан су құйып тұруға мүмкіндігі бар су қоймаларында орындау қиын емес.
Бұл шараларды орындау үшін ішіндегі барлық балықтарың шығарып алып, ондағы шортан және алабұға сияқты жыртқыш" балықтардан тазартуға болады. Сол сияқты балықтардың қо-
73
репне ортақ болатын, кәсіптік маңызы жоқ ұсақ балықтардан да верховкалар, аққайран, таутан т. б. су қоймасын тазарту керек. Бөгет суын ағызып төккенде сумен бірге түбін тұнып қалған саздарды да ағызып, су қоймасының түбін батпақтан арылту қажетті шаралардың бірі болып саналады.
Карптарды өсіретін бөгеу шаруашылығының көбірек тара-ған екі системасы бар: 1. Балықтар питомнигі — балық шабағының тұқымдық түрін өсіріп, колхоз және басқа мекемелерге жас шабақтарды өсіріп беруге мүмкіндік беретін питомник. 2. Толық системалы бөгеу шаруашылығы (рыбхоз) — мұнда ұстап,, тамаққа пайдалануға жарамды балықтар өсіріледі. Бұл шаруашылықта тұқымдық балықтардың артығын басқа балық өсіретін мекемелерге беріп отырады.
Балықтар питомнигінде мына бөгеулер болады: 1. Жыныс жағынан жетілген еркек, ұрғашыларын ұстап, көбейтетін және шабақтарын алғашқы 10—15 күнде ұстайтын бөгеу.
2. Шабақтарды бір айға дейін өсіретін бөгеу.
3. Бір айға толған шабақтарды күзге дейін сақтайтын бөгеу (күзде бұл шабақтарды — сеголетка деп атайды).
4. Жазда тұқым беретін ересектерін ұстайтын бөгеу.
5. Ауру балықтарды, немесе басқа сулардан әкелінген ба-лықтарды уақытша сақтайтын бөгеулер, яғни изолятор.
6. Қыстық бөгеуі. Бұл балықтардың қыстап шығуы үшін пай-даланылады.
Толық системалы балық шаруашылығында жоғарыда көрсе-тілген бөгеулерге қосымша балықтардың жайылып, семіретін бөгеуі де енеді.
Балықтарды қоректендіру. Балықтар түрлі су жәндіктер-мен және өсімдіктермен қоректенеді. Су ішіндегі балықтар қоректенетін табиғи қоректердің қоры аса жеткілікті бола бермейді. Оның су ішіндегі қоры айналасындағы топырақтың құнарлығына, су ішіндегі органикалык заттардың мөлшеріне, су орталығының температурасына байланысты.
Судың белгілі бір көлеміне немесе мөлшеріне сәйкес балық-тардың да белгілі мөлшерін алып асырауға болады. Ол мөлшерден асып кетсе қоректік заттар жетіспей балықтар қалыпты өсе алмайды.
Су ішіндегі балықтарды қолдан қосымша қоректендіріп, се-мірту арқылы су қоймасынан балық алу өнімділігін анағұрлым арттыруға болады. Ондай қоректер — мал азығына жарамай-тын, немесе жартылай жарайтын күнжараның бірнеше түрлері. Сол сияқты карп балықтарды мына азықтармен де қоректендіреді: қойма зиянкестерімен зақымдалған астықпен, қызылшаның бізтұмсық құртымен, зиянды черепашкамен, зауза қоңызы-мен, моллюскалардың кептірілген еттерімен, картоптың, жүгерінің бардасымен, тағы сол сияқты толып жатқан жануар және өсімдік тектес азықтардың қалдығымен қоректендіруге болады,
74
БАЛЫҚТАРДЫҢ ТЕГІ ЖӘНН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Балықтардың тегі. Балықтардың қабыршақтарының және тікендерінің қалдығы силурдың жоғарғы қабатында кездеседі. Төменгі девон кезінде түрлі топтарға жататын, бірнеше балық-тардың калдығы табылған. Сөйтіп, балықтар силур дәуірінің
аяқ кезінде пайда болуы мүмкін. Демек, олардың тектері бізге
белгісіз, балықтардың тегі осы кезге дейін анықталған жоқ. Дегенмен палеонтологиялық мәліметтер болмағанымен оны белгілі дәрежеде теориялық жорамалдармен толықтыруға болады. Теориялық болжау бойынша, балықтар бас сүйексіздермен бірге бір ата тектен тараған.
Бұлардың ұрпақтары екі бұтакқа бөлініп, олар әр түрлі эво-люциялық өзгерістерге ұшыраған. Болжаумен айтқанда, бірін-ші ретте пайда болған бас сүйектілерден (Ргоіосгапіа) екі үрімбұтақ тараған: 1) Жақсыздар (Аgпаtһа — Епtо-Ьгапсһlаtа), 2) жақты ауыздылар (Gпаstһоmаtа — ЕсttоЬгапсһtа). Бірінші tбұтақтан сауыттылар мен дөңгелек ауыздылар пайда болған, екіншісінен — балықтар мен жоғарғы сатыдағы омыртқалылар шыққан.
Кейбір ғалымдар (Л. С. Берг, Ромер және Г р о в, Уитсон) балыктар теңіздерде пайда болған жоқ, алғашқы балықтар тұщы суда пайда болған және негізгі теңіз балықтарының топтары тұщы су балықтарынан келіп шыққан деп дәлел-дейді. Төменгі девон дәуірінде балыққа ұқсас сауыттылар (Оsігасоdіегmі) класына жататын балықтардың қалдығы та-былған. Бұлардың денесі сауытпен қапталған, сондықтан са-уытты балык деп атаған.
Балықтардың ертерек дамыған топтары девон дәуірінің ор-та кезінде табылған сауытты балықтар болуы мүмкін. Олардың скелеттері негізінен шеміршектен қалыптасқан. Бірақ жақтары сүйекті және денелерінің сырты сүйекті қабыршактармен жабылған. Қос қанаттары бөлімдерге жіктеліп, сүйекті пластинкалармен қапталған. Олар тас көмір дәуіріне дейін тіршілік еткен.
Н а ғ ы з ш е м і р ш е к т і б а л ы қ т а р (Сһопdrісһthуеs) девон дәуірі-нен бастап белгілі болған. Бүлар бірнеше класс тар-мағынан құралған. Оның денесі бірімен-бірі жанасып жатқан сүйекті пластинкалармен жабылған ұсақ тұщы с у
б а л ы ғ ы (Асапthodii) арқылы қарастырамыз. Олардың қанаттарының түбі жалпақ, сол сияқты көкірек және құрсак қанаттарының аралығында бірнеше қосымша ұсак қанаттары да болған, жақ шеңбері бірнеше бөліктерге бөлінген.
А л ғ а ш қ ы а к у л а л а р д ы ң (Ргоsеіасһіі) девонның
соңғы кезіне дейін тіршілік еткен өкілі (Сіаdіоsеlасһе) болып саналады. Мұның да қанаттарының түбі жалпақ, ұшы сүйір
болып келген, оны бүйір қатпарының қалдығы деп қарауға болады. Рострумы және жыныс өнімдерін жинап тұратын
75
мүшелері болмаған, соған сәйкес ұрықтану сыртқы орталықта жүрген.
Т а қ т а ж е л б е з е к т і л е р (ЕІаsтоЪгапсһіі) қалдығын тас көмір дәуіріндегі казындылар арқылы анықталған. Олар акула тәрізді балықтарға ұқсаған. Скаттар—теңіз түбіне жа-қын тіршілік ететін көлденең ауыздылардың маманданған тармағы — олар мезозойда пайда болған. Бұдан біраз уақыт бұрын Триас дәуірінде б ү т і н б а с т ы л а р (НоіосерһаІі) пайда болған. Олардың саны өте көп болмаған.
С ү й е к т і б а л ы қ т а р (Оstеісһtһуеs) тіпті ертеде — де-вон дәуірінде анықталған. Бұлардың ең бірінші пайда болған түрі палионисцидтер (Раlаеопіsсоіdеі). Олардың терісінде сүйекті қабыршақтары болған, құйрықтары гетероцеркальды, рострумы бар, қабыршақтары V тәрізді ганоидылы болған. Бұл белгілер олардың бекіре балықтарға жақын екендігін дә-лелдейді. Палеонисцидтердің сүйекті ганоидылар (Ноlоstеі) тараған, олар триаста пайда болады да, палеонисцидтер мен сүйекті балықтардың аралық формасы болып саналады. Мейзозойдың ортасында олар өте көп болған. Қазір олардың тек қана екі өкілі (амия, қайман балығы) сақталған.
Нағыз сүйекті балықтар мезозойдың бас кезінде пайда бол-ған. Олардың эволюциясы өте тез алуан түрлі жолмен дамиды. Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар. Саусақ қанатты және қ о с т ы н ы с т ы (Сгоssорtегуgіі және Dірпоі) балықтардың тегі бір-біріне сөз жоқ жақын болған. Екеуі де девон дәуірінде пайда болған. Әсіресе, жоғарғы девонда және тас көмір дәуірінде жақсы дамыған. Өкпемен тыныс алатын балықтардың екі группа-сының жіктелуіне себепші болған қоректену тәсілі еді. Мысалы, саусақ қанаттылар — жыртқыштар, сондықтан олар тез жүзу және қоректерін ұстау кабілетін сақтап қалды да, ал қос тыныстылар су түбіне жақын маңда тіршілік ететін омыртқасыздар мен қоректенуге көшті. Сөйтіп олар жақсы дамыған жүзу канаттарын жоғалтып, жай қозғалатын балыққа айналды. Осыған сәйкес қос тынысты балықтардың тістері, жоғарғы жақ және жақ аралық сүйектері де жойылған.
Саусақ қанаттылар басқа балықтарға қарағанда, жер бе-тінде тіршілік ететін омыртқалыларға — сауытты амфи-билерге (stеgосерһаlіа) жақын тұрған группа болып саналады.
3-класс. АМФИБИЛЕР НЕМЕСЕ ҚОС МЕКЕНДІЛЕР
(АmрһіЬіа)
Амфибилер — суда тіршілік ететін балықтар мен құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.
76
Даму кезеңдеріне сәйкес олар суда да, қүрлықта да тіршілік ете алады. Тіршілік барысында метаморфозға үшырайды, яғни таза су личинкасынан көбінесе су орталығынан тыс тіршілік ететін ересек формаға айналады. Осыған сәйкес желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып, қан айналу системасының түрі өзгеріп, бес саусақты аяқ пайда болып, сезім органдарында көптеген өзгерістер болады. Әйткенмен ересек формаларының құрлықта тіршілік етуге бейімделуі айтарлықтай емес. Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Үш камералы жүрегі қанның артерия және вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себепті денесінің көпшілік бөлігінде артериямен аралас қан жүреді. Аяқтары бес саусақты болғанмен де әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Қосмекенділердің көпшілігінің ұрықтануы балықтар сияқты су орталығында уылдырық шашу арқылы орындалады. Ұрықтануы аналықтың денесінен тыс, сыртта болады.
Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600—2800 жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады:
1. Құйрықтылар (Саиdаtа немесе 1Urodеlе)
2. Аяқсыздар (Ароdіа)
3. Құйрықсыздар Апига немесе Есаиdіаtа).
Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз тарал-ған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі, немөсе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін көрсетеді.
Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:
1. Тр и т о н т ә р і з д і л е р. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қос мекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар т. б.