ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 836
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ас қорыту органдары. Ауыз қуысы кеңейіп келіп жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ қуысы арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына хоандар, евстахиев түтіктері, көмекей саңылауы және осы қуысқа сілекей бездерінің жолдары да ашылады. Сілекей бездерінің шырыны қоректік заттарға химиялық әсер етпей, тамақ заттарын суландырып ішке қарай жылжуын оңайлатады. Ауыз-жұтқыншақ қуысынық түп жағына тіл орналасқан. Тілінін, формасы түрліше болады. Қейбір құйрықты қос мекенділерде ол қозғалмайтын болып бекіген. Екінші бір түрінде тілі саңырауқүлақ пішіндес болып, жіңішке сабақшаның ұшына орналасқан. Бақалардың тілі аузының түбіне, алдыңғы үшымен бекіген, ал оның бос ұшы жайшылықта ауыздың ішіне қарай иіліп жатады. Барлық қос мекенділердің тілінің үстіңгі бетінен, желім сияқты шырын
81
шығып тұрады. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануар-ларды ұстап қорек етеді. Біраз ғана амфибилердің тілі болмайды.
Тістері ұсақ біркелкі конус тәрізді, олардың ұштары ептеп артқа қарай иіліп тұрады. Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ сүйектеріне, өре сүйегіне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сү-йегіне де орналасады. Кейбір түрлерінде, мысалы құрбақаларда жақ сүйектерінде тістері болмайды.
Қос мекенділердің ауыз-жұтқыншақ қуысындағы қоректік заттарының өңешке қарай жылжуына көз алмасы да көмекте-седі. Өйткені көз алмасын ауыз-жұтқыншақ қуысыман жұқа шырынды перде ғана бөліп тұрады және ол арнаулы ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде коректік заттарды ауыз-жұтқыншақтың ішіне қарай итереді.
Қысқа өңеш нашар бөлінген қарынмен жалғасады. Нағыз ішектері балықтардйң ішектерінен ұзынырақ болады. Он екі елі ішектің иініне ұйқы безі (рапсгеиs) жабысып жатады. Бауы-ры үлкен, оның өті болады. Өт түтігі он екі елі ішекке ашылады. Өт түтігіне, ұйқы безінің жолы да келіп ашылады. Ішектің екінші бөлімі аш ішектен айқын ажыратылмаған — тоқ ішек. Керісінше, үшінші бөлімі — тік ішек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады.
Тыныс органдары. Ересек қос мекенділер өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Өкпесі — керегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан тұратын екі қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық же-тілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алуының зор маңызы бар. Өкпенің беттік ауданының терінің беттік ауданына қатынасы 2 : 3 қатынасындай. Ол сүт қоректілерде терінің беттік ауданынан 50—100 есе артық болады. Жасыл бақалардың терісі арқылы қанның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енеді де, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Терінің тыныс шығаруда да үлкен маңызы бар Мысалы организмнен бөлінетін көмір қышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті өкпе арқылы бөлінеді.
Америкадағы өкпесіз саламандра мен біздегі қиыр-шығыс тритондарының өкпесі толығынан жойылып кеткен. Олардағы газ алмасуы терісі және шырынды ауыз қуысы арқылы жүзеге асады.
Қос мекенділердің личинкалары тармақталған сыртқы жел-безек арқылы тыныс алады, ол көптеген түрлерінде кейінірек жойылып кетеді. Бірақ протейлер мен сирендерде олар өмір бойы сақталады. Ал амфиумдардың ересек формаларында өкпе-мен қатар ішкі желбезектері де болады.
Көкірек қуысы болмағандықтан тыныс алу механизмі ерекше болады. Ауаны ендіріп, шығарып тұруда насостың қызметін ауыз-жұтқыншак, бөлші атқарады. Ол төмен түскенде ашылып қалған танау арқылы ауа сыртқа шығады да, жоғары көтеріл-генде танау жабылып қалады да, ондағы ауа өкпеге енеді.
82
Қан айналу системасы. Барлық қос мекенділердің жүрегі үш камералы, ол екі жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Төменгі сатыдағы формаларында (аяқсыз және құйрықтыларда) оң және сол жүрекшелері айқын бөлінбеген. Құйрықсыздардың жүрекшелерінің аралықтары пердемен толық бөлінген, бірақ барлық қос мекенділерде жүрекшелер қарыншамен бір ғана тесік арқылы қатысады. Жүректің бұл айтылған үш бөлім-дерінен басқа оң жүрекшемен қатысатын вена қолтығы және артериялық конусы болады.
Жоғарғы сатыдағы құйрықсыз амфибилердің артериялық конусынан жалғыз ғана қан тамыры, яғни құрсақ аортасы бас-талады, бұл қолқадан үш пар артериялық доғалар шығады. Бі-рінші пар артерия доғасы таза артериялық қанды бас бөліміне
апарады, оны ұйқы артериясы (аrtегіа сагоtis) деп атайды. Ол артерия сабағының құрсақ жағынан кетеді. Екінші пар артерия
доғасы да артерия сабағының құрсақ жағынан шығады, мұны қолқа системасының доғасы деп атайды. Бұл доғадан иық белдеуіне, қолға артерия қанын апаратын иық асты артериялары. (аrtегіа sиһсlаvіа) кетеді. Он. және сол жақ системалық доғалар жарты шеңбер жасап иіліп, өз ара қосылып арқа аортасын (аогtа dогsаlіs) құрайды. Ол омыртқаның астыңғы бетін қуалай отырып, денесінің артқы бөліміне орналасады, одан ішкі органдарға баратын қан тамырының тармақшалары шығады. Үшінші пар артерия — артерия сабағының үстіңгі, арқа жақ бөлімінен шығады. Ол қанды өкпеге апаратын болғандықтан өкпе артериялары (агtегіа риlmопаіs) деп аталады. Әрбір өкпе артериясынан бірден үлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде ве-ноздық қан оттегіне қанығады, яғни тотығады. Мұны —
тері артериясы (агtегіа сиtапеа) деп атайды.
Өкпесі бар құйрықты амфибилердің артериялық кан тамыр-ларының схемасы — осы жоғарыда келтірген схема сияқты. Құйрықсыздардан бір ерекшеліп, бұларда артерия доғасы төр-теу болады. Бұдан басқа өкпе артериялары боталов өзегі арқылы аортаның системалық доғасымен байланысын сақтап қалған.
Өмір бойы желбезегі арқылы тыныс алатын құйрықты амфибилердің қан айналу схемасы, балықтардың және жоғарғы сатыдағы амфибилердің личинкаларынын, қан айналу жүйелеріне ұқсайды. Бұлардың құрсақ аорталарынан төрт пар артерия доғасы кетеді, оның үшеуі желбезекке, төртіншісі арқа аортасына айналады.
Төменгі сатыдағы амфибилердің веноздық системасы қос тынысты балықтардың веноздық системасына ұқсайды.
Құйрықсыз амфибилерде кардинал веналары сақталмаған. Денесіндегі барлық вена қандары аршық қуыс венасына (vепа саvа роstегіог) жиналып, одан вена қолтығына барып құяды. Бұларда құрсақ жэне ішек асты веналары бар. Олар бауыр-дың қақпа вена системасын құрайды. Кардинал веналарының бол-
83
мауына байланысты, кювьеров өзектері де құралмаған. Ярем-дық веналар иық асты веналарымен қосылып, алдыңғы пар қуыс веналарын (vепа саvа апtегіог) құрайды, ол қанды вена қолтығына апарып құяды. Жоғарғы қуыс веналарға артериа-лық қандары бар, тері веналары келіп жалғасады. Өкпе веналары бірден сол жүрекшеге барып құйылады,
Қорытындысында қан тамырларымен қанның қозғалу схемасын қарастырамыз.
Вена қаны — вена қолтығына, одан оң жүрекшеге барып құяды. Сол кезде сол жүрекшеге өкпе веналары арқылы таза артерия қаны келіп құйылады. Жүрекшелер жиырылған кезде артериялық және веноздық қандар екі жүрекшеге ортақ тесік арқылы қарыншаға келеді. Осы кезде қарыншада веноздық және артериялық қан- араласып кетеді деген ертеден келе жатқан пікір дұрыс та, бірақ оның сол жақ бөліміндегі қан, оң жақ бөліміндегі қанға қарағанда оттегіне бай болады. Соның нәтижесінде үш артериялық доғаға (ұйқы, системалық, өкпе) аралас қан келеді.
Нерв системасы. Миының құрылысынан бірнеше прогрессивтік белгілер байқалады. Қос мекенділердің миын балықтардын, миымен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу, ол ми жарты шарларына бөлшген, сонымен катар бүйір қарыншаларының түбі ғана емес, олардың бүйірі, үсті ми заттарынан құралған .Сөйтіп, қос мекенділерде нағыз ми күмбезі — архипаллиум болады (15-сурет). Ортаңғы миы онша үлкен болмайды. Мишығы өте аз болады, кейбір құйрықтылардағы оның мөлшерін тіпті елеуге болмайды. Мидың бүл бөлімінің нашар дамуы амфибилердің қозғалысының күрделі болмай, біркелкі болуына байла-
1 — алдыңғы мидың жарты шарлары, 2 — иіс бөлші, 3 — иіс нррві, 4— аралық ми; 5-көру хиазмасы, 6 —шатырша, 7—гипофиз, 8 — ортаңғы ми, 9—мишық, 10 — сопақша
ми, 11—-төртшші қарынша, 12— жұлын, 13 — үшшші қарынша, 14—сильвиев түтіп
84
нысты. Мидан он пар бас нервтері шығады, он бірінші пары (қосымша нерв) дамымаған, он екінші пары ми сауытынан тысқары бөлімінен шығады.
Құйрықтылардың және құйрықсыздардың жұлын нервтері, иық және жамбас белдеулерінде нерв торларын құрайды. Омыртка жотасының екі жағын қуалай орналасқан, симпатика-лық нерв системасы жақсы дамыған.
Көру органдары. Жартылай құрлықта тіршілік етуіне бай-ланысты, амфибилердің көздерінің құрылысында бірнеше ерекшеліктер бар. Ол ерекшеліктер: 1. Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар түсуден сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар. Үстіңгі және астыңғы қабақтан басқа көздің алдыңғы бұрышына орналасқан, үшінші қабақ, яғни кірпік қағу жарғағы болады. 2. Көздің мөлдір қабығының, (қасаң) пішіні балықтардікіндей тегіс болмай — дөңес болып, хрусталигі дөңгелек болмай — линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер қос мекенділердің, балықтарға қарағанда алысырақтан көрулеріне мүмкіндік береді. Мұндағы бір есте сақтайтын жағдай, амфибилер суда болған кезінде мөлдір қабық түзу болады да құрлықта дөңес пішіндес болып өзгеріп кететіні. 3. Кірпік еттерінің әсерінен, көз хрусталигі қозғалып, амфибилердің көру аккомодациясын жақсартады.
Есіту органы. Балыктарға қарағанда бұлардың есіту органы анағұрлым күрделі және дыбысты қабылдауға жақсырақ бейімделген. Бұл жоғарғы сатыдағы (құйрықсыз) амфибилерде айқынырақ байқалады. Амфибилерде, балықтардағыдай ішкі құлақ — лабиринт жарғағының болуымен қатар, ортаңғы құлақ та бар. Ортаңғы құлақ қуысының бір ұшы ауыз-жұтқыншаққа ашылады да, екінші үшы басының ең жоғарғы бетіне жақындайды. Оның сырты жұқа жарғақпен жалғасады, оны дабыл жарғағы деп атайды. Бұл қуыс иірім құрайды, оның төбесі жарғақ лабиринттің жиегіне тиіп жатады. Дабыл жарғағынан жарғақ лабиринтіне дейінгі қуыстын. жоғарғы бөлімін — дабыл қуысы деп атайды. Дабыл қуысының ішінде таяқша тэрізді сүйекше (stареs) орналасқан. Оның бір ұшы оваль тесігіне (окно), екінші ұшы дабыл жарғағына жанасады. Ортаңғы кұлақ қуысының төменгі ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылатын бөлімі,
евстахиев түтігі деп аталады.
Салыстырмалы анатомиямен эмбриология мәліметтері ортаңғы құлақ қуысы балықтардың брызгальцаларының туындысы екендігін, яғни жақ пен тіл асты доғаларының арасында жатқан — желбезек саңылауларының рудименті екендігін көрсете-ді; ал есіту сүйекшесі — тіл асты доғасының үстіңгі бөліміне — гиомандибулярге туынды болып саналады.
Аяқсыздар мен құйрықтыларда дабыл жарғағы мен дабыл қуысы болмайды, бірақ есіту сүйекшесі жақсы жетілген.
85
Иіс сезу органы. Амфибилерде парлы иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бір пар танау тесігімен қатысады. Иіс сезу капсуласынан ішкі танау тесігі хоандар кетеді, олар ауыз-жұтқыншақ қуысымен жалғасады. Бұл айтылған система иіс қабылдаумен қатар тыныс алуға да қатысады.
Буйір сызығы. Бүйір сызығы органы барлық амфибилердің личинкаларына тән орган. Бүйір сызығы тіршілігі суда өтетін амфибилердің кейбір құйрықты және құйрықсыз ересек формаларында өмір бойы сақталады. Балықтардың бүйір сызығы органының бір ерекшелігі — бұлардың сезімтал клеткалары сызықтың терең түбіне орналаспай терінің беткі қабатына орналасқан.
Зәр-жыныс органдары. Зәр-жыныс органдарының кұрылысы шеміршекті балықтардың жыныс органдарының құрылысына ұқсайды. Ұрықтың даму кезіндегі зәр шығару органының қызметін пронефрос, ал ересектерінде вольфов каналдары арқылы сыртқа ашылатын — мезонефрос атқарады. Зәр шығару түтікшелері клоакаға ашылады. ,5 Зәр заты алдымен клоакаға одан қуыққа барады. Қуық толғаннан кейін сол тесік арқылы клоакаға одан сыртқа шығарылады (16-сурет).
Парлы тұқым безінің өзіндік жолы болмайды. Тұқым каналы бүйректің алдыңғы бөлімі арқылы өтіп, вольфов каналына жалғасады, сөйтіп ол зәр шығару жолынын, қызметін атқарып қана қоймай, ұрық жолының да қызметін атқаратын болады. Еркектеріндегі әрбір вольфов каналының клоакаға жал-ғасатын жері кеңейіп, тұқым қалтасын құрайды, ол ұрықтың уақытша жиналуын қамтамасыз етеді. Тұқым безінің үстінде белгілі формасы жоқ, сары түсті майлы дене жатады. Бұлар ұрықтың, оның ішінде дамитын сперматозоидтың қорегі болып саналады. Оның мөлшері жыл маусымына қарай өзгеріп отырады. Күзде көлемі үлкен болады, ал көктемде сперматозоид
16- сурет.Еркек тритояның жыныс-зәр органдары:
1 — аталық жыныс безі, 2 —тұқым әкеткіш түтік;