ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 813

Скачиваний: 22

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Т ы н ы с о р г а н д а р ы. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншақка, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашы-лады. Желбезек тесіктерінің әркайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделерінің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына желбезек жапырақшаларының орналасуы нәтижесінде желбезектер пайда болған. Желбезек жапырақшалары шеміршекті балықтарда эктодермадан пайда болады.

Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге кең, қабырғасы жұқа вена қаны құйылатын веноздық қуыс (синус) жалғасады. Қарыншаға — артериалдық конус жалғасады. Артериялық конус жүрек қарыншасының бір бөлімі болып саналады. Артериялық конус сырт жағынан карағанда құрсақ қолқасының түбіріне ұқсайды.

Артериялық конустан құрсақ қолқасы басталады Құрсақ қолқасынан желбезекке бес пар желбезек артериялық доға ке-теді.

Желбезек жапырақшаларына дейін қан алып келген арте-рияларды қан алып келуші, ал желбезектен тотыққан қанды денеге алып кетуге бағытталған қан артериялары алып кетуші артериялар деп аталады. Бұл желбезек артериялары қолқа түбіріне келіп қосылады, Екі жағындағы (оң және сол) қолқа тү-

26



7 - с у р е т. Акуланың ішкі құрылысы:

/ — еркегі; // — ұрғашысы:

I — танау тесігі; 2 — қалқан без; 3 — желбезектер; 4 — желбезектің алып келуші артериясы, 5 — артериальды конус; 6 — жүрекше; 7 —қарынша; 8 — вена қолтығы; 9 —бауыр; 10 — өт; 11— бауырдың қақпа венасы; 12—• қақпа веналарының қарынға тараған бұтақтары; 13 — қарын: 14 — шарбы; 15—ұйқы безі, 16 — талақ; 17 — қарынның пилорикалық бөлімі; 18 — ішінде спиральдары көрсетілген тоқ ішек; 19 34 — тік ішек; 20, 37 —.жарып көрсетілген клоака; 21, 33—бүйрек; 22—аталық безі; 23 — тұқым жолы; 24 — тұқым қалтасы; 25 — тік ішек безі; 26 — несеп-жыныс өсіндісі; 27 — құрсақ тесігі; 28 — шағылыс органы; 29 — жұмыртқа жолы воронкасы;
30— өңеш кесіндісі; 31 — жұмыртқа жолы; 32 — аналық безі; 35 — жатын; 36 — несеп жолының тесіп; 38 — несеп түтікшесі.

бірлері қосылып — жалпы арқа қолқасын құрайды. Қолқа гү-бірінің алдыңры бөлімінен, бас бөліміне ұйқы артериялары та- райды. Арқа қолқасы денесінің артқы бөліміне қарай бағытта-лып, одан ішкі органдарға қан тамырлары таралады (8-сурет).

27



8- с у р е т. Акуланың қан айналу схемасы: (ақ сызықтармен артериялар, қара сызыкпен веналар көрсетілген):

/ — күре тамыр; 2 — желбезек үсті артериясы; 3— арқа қолқасы; 4 — вена қуысы; 5 —Кювьев құйылысы; 6 — шажырқайға тарамдалған артерия; 7 — кардинальдық вена; 8 — бүйрек қақпа венасы: 9 — құйрық венасы; 10 — бауыр қақпа венасы; 11 — бүйрек қуысы, 12 — жүрекше; 13 — қолқа конусы мен жүрек қарыншасы; 14 — құрсақ қолқасы; 15—желбезек артериясы; 16 — шықшыт венасы;

Құйрық венасы дененің алдыңғы бөліміне қарай созылып келіп, қос кординал веналарына тарамдалады. Бұл веналардың бүйрекке келіп торлануының нәтижесінде бүйректе қан айналу системасының қақпасы пайда болады. Артқы және алдыңғы кардинал веналары жүректің тұсына келгенде оң жақтағылары өз ара және сол жақтағылары өз ара қосылады. Осының нәтижесінде веноздық қуысқа келіп құйылатын қос кювьеров өзектері пайда болады. Бауырдың қақпа венасы ішектерден басталады. Ол бауырдың ішіне енген соң ұсақ қан тамырларына тарамдалып барып, қайтадан бауыр венасына айналады. Келешекте бұл вена тамыры веноздық қуысқа келіп жалғасады.

Нерв системасы. Миы едәуір үлкен болады. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Нервтік заттар алдыңғы ми жарты шарларының түбінде ғана болып қоймай, оның бүйірінде және үстіңгі ми қабатында да болады. Сүйекті балықтардың құрылысы қаншама күрделі десек те, олардың миының үстіңгі жағы эпидермиспен қапталғанын байқаймыз. Шеміршекті балықтардың миының үлкендігі, оның нерв клеткаларынан құралатын сұр түсті қапшықпен қапталуынан болады. Миынан 11 жұп нерв тарайтындығы және олардың ми бөлімдерінің қалыптасу тәртібі жоғары дәрежеде дамыған омыртқалылардікі сияқты. Сүйекті балықтардың миынан 10 пар нерв тарайды, ал дөңгелек ауыздыларда *ми бөлімдері жақсы жетілмеген, әрі орналасуы да қарапайым болады.



Аралық миының үстіңгі жағына эпифиз орналасқан. Аралық мидың төменгі жағында көрініп тұрған екі дөңесі бар. Олардың аралығына воронка орналасқан. Воронканың арт жағына гипо-физ бекиді. Ортадғы миы жақсы жетілген, мишығы үлкен бо-лады.

28

Шеміршекті балықтардың алдыңғы миы екі қарыншаққа жік-телмеген. Бұл белгісі шеміршекті балықтардың төменгі сатыдағы омыртқалылар екендігін дәлелдейді (9-сурет).

Сезім органдары. Шеміршекті балықтардың түйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Көзінін, өзіндік

-

9 - с у р е т. Акуланың миы және мидан тарайтын нервтер арқа жағынан жарып көрсеткен бас бөлімі. Оң көзі суретке салынбаған.

1 — алдыңғы ми; 2 — аралық ми (оның қақпағы алынып көрсетілген); 3— ортаңғы ми; 4 — мишық; 5 — сопақша ми; 6 — ұшы кеңейіп барып бітетін иіс бөлімінің сабақшасы; 7 — иіс капшықшасы; 8 — көз алмасының жоғарғы қиғаш еттері; 9 — ішкі ет талшығы; 10— жоғарғы ет талшығы, 11 — сыртқы түзу еттер; 12 — брызгальце;13 — бірінші желбезек саңылауы.

ерекшелігін аңғару ки

ын емес. Өйткені, көзінің қасаң қабығы (роговица) жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды. Бұлардың біраз ғана түрлерінде көз — алмасын төменгі ішкі жиегінен жоғары қарай тартып, көзін ашып және жабатын ымдау жарғағы болады. Е с і т у о р г а н ы ішкі құлақтан ғана тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызығы айқын байқалады.

З әр ш ы ғ а р у о р г а н ы н ы ң қызметін — мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос вольфов каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады.

Бұлардың көпшілігінде аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары аналық бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Жыныс жолдарының жоғарғы бөліміне қауыз бездері орналасқан. Ұрғашыларының зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады.

Бір пар аталық безі бүйрек каналдарымен және оның алдыңғы бөлімімен байланысқан. Бұл каналшалар бүйрек заттарынан өтіп, вольфов каналына барып құйылады. Вольфов каналшала-

29

ры еркек балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқа-рады. Вольфов каналшалары клоакаға ашылатын зәр-жыныс қуысына келіп құйылады. Бүйректердің артқы бөлімдері зәр шығару органының қызметін атқарады да, ал алдыңғы бөлімі аталық жыныс бездерінің қосалқысы (сағағы) болып есепте-леді.


1-отряд. АКУЛАЛАР (SЕLАСҺОlDЕІ)

Акулалардың денесінің ұзындығы бір метрден 15 метрге де-йін (кейде оданда ұзын) болады. Осы кезде олардың он шақты тұқымдасы белгілі. Бұлар барлық мұхиттар мен теңіздерге та-раған. Каспий теңізінде ғана болмайды (10-сурет).



10 - с у р е т. Акулалардың түрлері

1- жалпақ тұмсықты акула; 2-ара тұмсықты акула; 3-майшабақ тәрізді акула; 4 — теңіз періштесі.

ЖАЛПАҚ ТҰМСЫҚТЫ АКУЛА ТҰҚЫМДАСЫ

Осы кезде тіршілік ететін бір-ақ түрі бар. Олардың дене тұр-қы ұзын болады және 6 — 7 жұп желбезек саңылаулары бар. Рострумы жоқ, арқа қанаты біреу ғана болады. Жалпақ тұм-сықтылар Атлантика мен Тынық мұхиттардың терен, жерлерін мекендейді. Кәдімгі акула тұқымдасына (сагсһагііdае) 60-қа

30

жуық түрлері жатады. Бұлардың басты өкілдері Жерорта теңі-зінің көк акуласы мен кунья акуласы болып есептеледі. Ара тұмсықты акула (ргіstіорһогиs jаропісиs) рострумы ұзын және жалпақ келеді. Рострумдарының сыртқы жиектерінде араның тісі сияқты бұдырлары бар. Мұндай құрылысты тұмсықтарының маңызы үлкен: біріншіден, жауынан қорғануда қару есебінде пайдаланады; екіншіден, өздерінің қорегі болып саналатын балықтарды екпінімен барып соғып, өлтіріп немесе әлсіретіп ұстап жейді. Кейбіреулерінің қанаттары жалпақ, скаттарға ұқсайды. Денесінің ұзындығы 1—2 м болады. Ол Жапония мен Австралия жағалауларында көбірек кездеседі.

Теңіз періштесі (sqиаtіпіdіае sqиаtіпа) — акулалар мен скат-тардың арасындағы аралық форма болып есептеледі. Денесі жалпақтау, көкірек және құрсақ қанаттары үлкен, құйрық қа-наты кішірек болады. Бір ғана түрі Атлантика мен Тынық мұ-хиттың қоңыржай және тропикалық суларында мекендейді. Тіршілігінің көпшілігін судың түбінде өткізеді деуге болады. Судың беткі және терең қабатын мекендейтін акулалардың барлығы да жақсы жүзеді. Ұрланып келіп, яки қуып жетіп балықтарды ұстап жейді. Біразы ғана омыртқасыздармен қоректенеді. Негізінен олар теңіздерді мекендейді, бір аз ғана түрі өзендерге шығады. Көпшілігінің ұрықтануы ішінде орындалады. Майшабақ акулалардың бірқатары, ноготница деген түрі — Мурманскіде, Қара теңізде, Қиыр Шығыстың суында болатын түрлері кұрсақта жұмыртқадан шабақтар шығару арқылы көбейеді. Акулалардың жұмыртқалары көп болмайды. Жұмыртқаларының сырты қатты қабықпен қапталған және су түбіндегі заттарға бекінетін жіпшелері болады.


Тірі туатын түрлерінің жұмыртқасының сыртында қатты қа-бығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесімен тығыз байланыс-тыратын “сары уыз плаценттері” болады.

Акулалардың экономикалық маңызы шамалы. Кейбір жер-лерде акулаларды “балық шагрені” деген терісі және құрамында “Д” витамині болатын майын пайдалану үшін аулайды.

2-отряд. СКАТТАР (ВАТОІDЕІ).

Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай қысылып ба-рып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан. Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар — жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтардың, барлығын жоғарыда келтіргенбіз, мысалы, ара тұмсықтылар. Олардың ұзын-

31



11 - с у р е т. Скаттардық түрлері.

1 — түкті скат; 2 — мүйізді скат, 3 — электрлі скат; 4 — жарып көрсетілген электрлі скат.

дығы 4—5 м болады. Олар Жерорта теңізінде, Атлантика және Үнді мұхиттарында кездеседі. Көбінесе су түбіндегі топырақтарды тұмсықтарымен қазып сондағы омыртқасыздармен, сол сияқты балықтармен де қоректенеді.

Кәдімгі скаттардың (гаjіdае) жалпақ денесі сүйірленіп ба-рып бітеді. Құйрығы ұзын, жіңішке және құйрық қанаттары айқын байқалмайды. Бізде Қара теңізде және Мурманск тұсында кездеседі. Бұлардын, өкілдері, мысалы түкті скат (гаjа сlаvаtа) пен сәулелі скаттар (г. гаdіаtа) болып есептеледі.

Шанышқы құйрықты скатар (Тгigoпіdае) тұқымдасының қанаттары дөңгелектеу болып, тұмсығымен жалғасып кеткен. Ұзын құйрығының үстіңгі жағында шанышқы сияқты органы болады. Жауынан қорғанғанда осы құйрығымен ұрып сақтана-ды. Бізде Азов және Қара теңіздерде кездеседі.

32

Электрлі скаттар (Тогреdіnіdае) тұқымдасының денесі дөңгелектеу келеді, рострумы болмайды (11-сурет). Терісі жылтыр, біртегіс болады. Көкірек қанаттары мен басының арасында орналасқан электр қуатын шығаратын органдары болады. Бұлар электр қуатының күшімен өздерінен үлкен жануарларды жарақаттандыра алады. Олар негізінде оңтүстік теңіздерінде, солтүстікте Жерорта теңізіне дейін мекендейді.

Скаттар су түбіндегі омыртқасыздармен және ұсақ балық-тармен қоректенеді. Ұрықтанған жұмыртқа салу арқылы, ал біраз түрі тірі туу арқылы көбейеді. Скаттардың етін тамаққа пайдаланады.