ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 815
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
О м ы р т қ а ж е л і с і. Амфицельді сүйекті рмыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бө-
37
лімінің жоғарғы доғасы қосылып, жұлын каналын құрайды, құй-рық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.
Бас сүйегі. Алабұғаның бас сүйегінің өзіне тән ерекше-ліктері бар. Сондықтан да біз ең алдымен жалпы сүйекті балықтардың бас сүйегінін, құрылысына тоқталамыз. Сүйекті балықтардың бас сүйегінің едәуір бөлімдері сүйектерден құралған. Бас сүйегі тері (dіегmосгапіиm) және шеміршек (сһопdгосгапіиm) тектес сүйектерден пайда болған.
Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі, қарақұс тесігін көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Қарақүс тесігінің төменгі жағында не-гізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде, парлы бүйір сүйегі, ал жоғарғы жағынан жоғарш шүйде сүйегі қоршап жатады. Есіту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағына бес-бес-тен орналасқан құлақ сүйегі болады.
Көз маңайында дара сына тәрізді негізгі сүйек көз ұясының төменгі артқы бұрышын құрайды. Қос қанат сына тәрізді және көз сынасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерін қалыптастырады.
Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сү-йектері құрайды. Сөйтіп, шеміршек арқылы сүйектену ми сауы-тынын, артқы, бүйір бөлімдерін аздап та болса оның астыңғы бөлімін құрайды. Ми қақпағын құрауға қатыспайды.
Бас сүйегінің қақпақ жағы, оның бүйір, астыңғы бөлімінің сүйектері тері тектес сүйектерден пайда болған. Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маң-дай сүйектерінен және одан әрірек шүйде жағына таман жұп төбе сүйектерінен құралады. Оның төменгі жағында — барлық бас сүйегінің түбін — парасфеноид және оның алдыңғы жағьш-да жатқан өре сүйегі (сошник) құрайды.
Тіл асты сүйектер мен желбезек доғаларынан висцераль-дық скелет құрылады. Акулаларда болмайтын желбезектер қақпағы сүйекті балықтарда болады. Сүйекті балықтардың алғашқы ретте пайда болған жақтары қоректі азықтарын ұстау қызметін атқармайды. Қоректі қабылдау әрекетін және басқа да болатын күрделі қозғалыстарды жақ аралық сүйегімен жоғарғы жақтан құралған екінші ретте дамыған жақтары атқарады. Төменгі жақ құрамы шаршы сүйекпен үштасатын шеміршекті буындасу сүйегінен, екі үлкен тіс сүйегінен және кішкене бұрыш сүйегінен тұрады.
Тіл асты сүйегі мен желбезек шеңберлері тек қана шемір-шекті сүйектерден қүралған. Тіл асты доғасының жоғарғы бөлі-мі, акулалардікі тәрізді үлкен
гиомандибуляре — деген сүйектен пайда болған. Гиомандибуляреге бір жағынан шаршы сүйекпен буындасып түратын симплектикум келіп ұштасады да, ал екінші жағынан жақ асты шеңберінін, төменгі бөлімінің элементтері жалғасып жатады. Сөйтіп, гиомандибуляре симплектикуммен
38
бірігіп жағы ілініп тұратын, арқалық тірек болып есептелінеді. Жоғарғы жақ бас сауытына тікелей бекиді. Тек қана бас сүйегі-нің есіту бөлімінде гиомандибуляре сүйегі арқылы жалғасқан түрін гиостилия деп атаймыз. Симплектикум — дегеніміз сүйекті балықтарға тән айрықша сүйек. Бес пар желбезек доғалары болады, бірақ соқғы бір пары (бесіншісі) нашар дамыған.
Желбезек қақпағы гиомандибуляре сүйегіне бекіп тұрады. Желбезек шатыры жалпақ келген үстірт төрт (қақпак, қақпақ алды, қақпақ асты және қақпақ аралық) сүйектен құралған.
Қауырсын қанатты балықтарға ғана тән, тіл асты доғасынын төменгі бөлімінің артқы жиектеріне бекіген бірнеше ұзын сүйек-шелер — желбезек торсылдағының қауырсындары болады. Ала-бұға бас сүйегінің бұл схемадан ерекшелігі — біріншіден, ми сауытының үстіңгі және шеміршек сүйектері бірігіп кеткен, екіншіден, көз аралық пердесі болмайды.
Аяқ скелеті: Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды, ол тек қана сүйекті радиалиядан және қанаттың сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиалиялар бірден ба-рып иық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі басқа сү-йекті балықтардікі сияқты нашар дамыған және ол кішірек “жауырын” мен коракоид деген сүйекшелерден тұрады. Бұл алғашқы ретте пайда болған шеміршек тектес сүйектерден қалыптасқан белдеуге тері тектес сүйектерден тұратын екінші рет пайда болған белдеукеліп бекиді. Бұл белдеудің сүйектерінің ішіндегі ең ірісі, орақ тәрізді — клейтрум деп аталатын сүйек. Ол сүйек ұсақ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасады.
Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері тектес сүйектер-ден қалыптасады. Артқы аяқ белдеуі қалың еттің арасына еніп жатқан екі ұзындау пластинкадан тұрады.
Сүйекті балықтардын. алдыңғы жұп қанаттарының базалия-сы, ал артқы парында радиалиясы да болмайды. Бұл сүйекті балықтардың аяқ скелеттерінің шеміршекті балықтардан ерек-шелігі болып есептеледі.
Ет системасы. Кеудесі мен кұйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бұнақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір-біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.
Нерв системасы. Миы кейбір қарапайым белгілері бо-йынша, шеміршекті, шеміршекті-сүйекті балықтардың миына қарағанда әлде қайда қарапайым- болады. Біріншіден, сүйекті, балықтардың миынын. көлемі кішірек келеді. Екіншіден, олар-дың алдыңғы миы кішірек және сүйекті балықтардың көпшілі-гінде ол үстіңгі жарынан нерв заттары жоқ эпителиймен капталған. Жарты шарлардың қуыстары перде арқылы бөлінбеген. Керісінше ортаңғы ми мен мишық басқаларына қарағанда көлемді болады. Алдыңғы мидан кішірек иіс бөлімдері тарайды.
39
Бұларға алдыңғы мидың жұп өсінділері келіп енеді. Аралық ми өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Ал мишығы да өте үлкен және сүйекті балықтардағыдай бір сызықтың бойында және ортаңғы миға жанасып жатады.
Бас миынан 10 пар нерв тарайды (I—X). ХІІ-пары бас сауы-тынан тысқары жерден шығады.
К ө р у о р г а н д а р ы. Көздерінің құрылысы, балықтардың көпшілігінікі сияқты дөңгелек, хрусталигі және жалпақ қасаң (роговица) қабығы болады, сондықтан да көздің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Бұл қабықтың екі жағы көз ұясында болып, ал алдыңғы жағының ортасы ашық қалады. Осы қалпында ол хрусталикке екі жағынан тиер-тимес болып тұрады. Көздің белокты қабығы шеміршекті болады. Балықтардың көз алмасының қан тамырлы қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Бұл жіңішке дәнекер тканьнен қалыптасқан қатпар деуге болады. Мұның өзі көздің тамырлы қабатының көру нерві енетін жерінен басталып, көздің торлы қабатын басып өтіп, көз хрусталигіне барып бекиді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астыңғы жағында орналасқан. Көз ұясының қабырғаларынан келіп, көздің белокты қабығына алты бөлек ет бекиді. Еттердің жиырылып-жазылуы нәтижесінде, көз алмасы қозғалып отырады. Орақ тәрізді өсіндінің жиырылып-жазылуы хрусталиктің қозғалуына әсер етеді, сонымен қатар көруге бе-йімделуіне себепші болады. Көз қабақтары болмайды.
Е с і т у о р г а н д а р ы. Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Басқа омыртқалылардікі сияқты, бұларда да иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасындағы қуыста сұйық зат (перилимфа) болады. Сөйтіп, иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Мүйіз тәрізді әрбір жартылай шеңбер каналдың бір ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді. Бұл тұйықты ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін—
эндолимфа жолы және қуыс өскін (улитка) шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ отолиттер-мен бірге сүйекті балықтарда есіту тастары, яғни ірі отолиттер де болады. Алабұғаларда және сүйекті балықтардың көпішлігін-де мұндай ірі отолиттер үшеу. Ең үлкен есіту тасы дөңгелек қапшықша-ның ішіне еніп және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Қалған екі есіту тастары бұдан анағұрлым кіші. Оның біреуі қуыс өскін ішінде тұрады, ал екіншісі — сопақ қапшықшаның. арнаулы, кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама ал-дыңғы және сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының, манайында орналасқан.
40
Д ә м с е з у о р г а н ы. Алабұғалардың дәм сезу органдары микроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ, дәм айыратын бүршікшелерден құралады. Жеке дәм айыратын бүршікшелер — бір-біріне жақын жатқан дәм айыратын клеткалардан және олардың арасындағы тірек клеткалардан құралады. Әрбір сезгіш клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады. Сүйекті балықтардың бәрінде де дәм айыру бүршікшелері тек ауызда ғана орналасып қоймай, сонымен қатар бүкіл сыртқы тері қабатында да болады.
И і с о р г а н д а р ы — екі тесікті (танау) жұп қапшықшадан кұралады.
А с қ о р ы т у о р г а н д а р ы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқын бөлінбеген. Сондықтан да ауыз бен жұтқыншақ қуысын бірге қосып, ауыз жұтқыншақ қуысы деп атайды. Алабұғаның аузында бірнеше ұсақ тістері бар. Тістері жоғарғы жақ, жақа- ралық тіс сүйектеріне орналасумен қатар, таңдай сүйектеріне, өре сүйекке және тіл асты шеңберінде де орналасады. Тістердің барлығының формасы бірдей болады. Ұш жағы сүйір, конус тәрізді. Тістерімен керекті затын ұстайды, бірақ оны майдалап, ұсақтай аламайды. Алабұғалар басқа жыртқыш балықтар сияқты қоректік затын бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады. Өңеш үлкен және өте созылмалы қарынға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Одан кейін ішек ешқандай шумақталмастан денесінің арт жағына карай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Бірақ ішектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық деп аталатын өсінділер пайда болады. Бұл өсінділер шеміршекті балықтардағы спираль тәрізді қақпақшалар сияқты ішектен тамақтың жүруін баяулатады және ішектің ас қорыту бетін арттырады. Тұйық өсіндінің саны түрлі балықтарда турліше болады. Мәеелен алабұғада — 3, ласосьта — 40, скумбрияда — 200 жуық (12-сурет).
Бірнеше бөліктен тұратын бауырында өті болады. Өт—өт жолы арқылы ішектің баулық тәрізді алдыңғы бөліміне ашы-лады.
Ұйқы безі айқын байқалмай ұсақ түйір түрінде шажырқай-да шашырап жатады.
Жүзу торсылдағы құрсақ қуысының арқа жақ бөліміне ор-наласады. Торсылдақты іші газға (көмір қышқыл газына, отте-гіне және негізінен азотқа) толған жұқа қабықты қапшық деуге болады. Торсылдақ негізінде гидростатикалық аппарат болып есептеледі. Ол кеңейген кезде балықтың меншікті салмағы азаяды, қысылған кезде меншікті салмағы артады. Торсылдақтың ішіндегі газ қысымының артып немесе кеміп отыруы — торсылдақтың қабырғаларында көптеген ұсақ қан тамырларының болуына байланысты. Кейбір жерлерінде қан тамырлары ұсақ ка-
41
12 - с у р е т. Алабұғаның ішкі құрылысы: