Файл: араалпастан республикасы нкіс мемлекеттік педагогикалы институты бастауыш тлім факультеті бастауыш тлім тлім бадарыны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 159
Скачиваний: 1
Мен балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:Оқу іс — әрекетіне балаларды түгелдей қамту;Жеке дара қасиеттерін ескере білу;Іс-әрекетке қызықтыра білу.Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір- біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой — өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмаларды қиындатамын, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады.Оқу іс – әрекетінде тапсырмалардың мынадай түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып жүрмін:«Бір сөзбен ата» әдістемесі«Не артық» әдістемесі«Суреттерді есте сақта» әдістемесі«Қисынсыздықтар» әдістемесі«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі« Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі«Белгілерді қой» әдістемесі«Бір сөзбен ата» әдістемесіМақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге болатын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемділектерін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.Тапсырманың сипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет, мысалы,сәбіз,қияр,қызанақтың суреті ұсынылады.Бала берілген суретті жинақтаушы бір ұғымммен атауы тиіс.«Не артық» әдістемесіМақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу,оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсынылады.Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тастауы тиіс.«Суреттерді есте сақта» әдістемесіМақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және оларға диагностика жасау.Тапсырма: балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсыналады.Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс.Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі.Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелерге баға қойылады.«Қисынсыздықтар» әдістемесіМақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау.Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білідіру икемділіктерін анықтау.Тапсырманың сипаттамасы: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бейнеленген бір суреттен көрсетеді.Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт,өз жауабыңды түсіндір»
«Жыл мезгілдері» әдістемесіМақсаты: қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін бағалау.Тапсырма: балаға суретті көрсетіп,оған мұқият қарауды және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтуын сұрайды.Осы тапсырманы орындауға бөлінген 2 минут уақыт ішінде ол тиісті жыл мезгілін атап қана қоймастан,сондай-ақ өзінің шешімін дәлелдеуге тиіс болады, яғни өзінің неге осылай ойлайтынын түсіндіруі,өзінің ойынша суреттің осы бөлігінде жылдың басқа бір мезгілі емес , нақ осы мезгілі бейнеленгенін көрсетуі тиіс.«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесіМақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдануын (ұғынуын) анықтау.Тапсырма:балаға заттардың кескіні бейнеленген сурет ұсынылады.Онда қандай заттардың (барлығы бесеуі бейнеленген) жасырғанын анықтау керек.«Айырмашылықтарын тап» әдістемесіМақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап ,олардың өзара айырмашылақтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.« Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесіМақсаты: қабылдау (ұғыну) тұтастығын анықтау.Тапсырманың сипаттамасы: балаға кейбір заттың бір бөлігі жетіспейтіндей етіп бейнеленген суреттер тобы ұсынылады және жетіспейтін бөлікті мүмкіндігінше тез анықтап, оны атау жөнінде тапсырма беріледі.Диагностика жүргізуші баланың бүкіл тапсырманы орындауға жұмсаған уақытын белгілейді.«Белгілерді қой» әдістемесіМақсаты: зейіннің нәтижелілігі мен орнықтылығын анықтау.Тапсырманың сипаттамасы: балаға суретті көрсетіп,онымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді. Бұл жұмыстың реті мынадай: әрбір шаршыға,үшбұрышқа,шеңберге және ромбыға үлгінің жоғарғы жағында берілген белгіні қою керек.Бала тапсырманы 2 минут уақыт ішінде үзіліссіз орындайды.«Кімге не жетіспейді?» әдістемесіМақсаты: ойлаудың психологиялық диагностикасы.Тапсырманың сипаттамасы: балаға ұсынылатын карточкада бейнеленген балалардың әрқайсысына бір зат жетіспейді.Ал оларға жетіспейтін зат жеке суреттерде бейнеленген.Суреттегі әрбір затты ол жетіспейтін суретпен салыстыру керек.Орындау уақыты-30 секунд.Сауат ашу бөлімі бойынша ойындар.Сөздік қорын дамыту жұмысын ұйымдастыруда ойын ең негізгі орын алады. Логопед бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын оқу қызметін ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Оқу қызметін ұйымдастыруда танымды және
дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда логопед өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Логопед балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта», «Күн мен түн».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу қызметі үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
1-«Кім көп сөз біледі?»Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.Шарты: Р,Ш,Л дыбыстарына байланысты сөздер айтып, пришепканы бір-біріне қыстыру.2-«Сиқырлы сандық»Мақсаты: балалардың сөздік қорын, фонетика-фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, ептілік пен тез әрекет етуге үйрету.Шарты: сыйқырлы сандықтың ішінен дөңгелекшелерді алып, онда бейнеленген суретті атап, ондағы басқы және соңғы дыбысты атап, соңғы дыбыстан басталатындай етіп сөздерді ретімен орналастырып жұлдызды құртты құру, яғни дөңгелектерді ретімен бір-біріне байлау.3-«Алма ағашы»Мақсаты: Р, Л, Ш дыбыстарын дифференцациялау. Дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөзде бекіту.Шарты: себеттегі алмада бейнеленген суретті атап Р, Л, Ш, С дыбыстарын бір-бірінен ажыратып, алма ағаштарын алмаға толтыру.4-«Балық аулайық»Мақсаты: берілген суреттерді атап, сөйлем құрауға үйрету.Шарты: балықты аулап, ондығы берілген суреттерді байланыстырып сөйлем құрау.5-«Мен жақсы сөйлеймін»Мақсаты: балалардың байланыстырып сөйлеу тілін, сөзік қорын дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөйлемде бекіту.Шарты: ертігіні электрондық қазақ үй құралынан тыңдап, желісі бойынша әңгімелеу.6-«4-ші артық»Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, жалпылауға үйрету.Шарты: берілген сөздерді атап, артығын тауып қалған суретті жалпылау.7-«Күн мен түн»Мақсаты: жаңа сөздерді бекіту, есте сақтау қабілетін және көріп қабылдау қабілетін дамыту.Шарты: берілген сөздерді атап, жоғалған суретті табу.8-«Сөз құра»Мақсаты: сөздік қорын молайту, берілген дыбыстарға сөз құрауға үйрету, қойылған дыбыстарды сөзде бекіту.Шарты: берілген дыбысқа сөз құрау.9- «Суретті жұмбақтар»Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін, сөдік қорын дамыту.Шарты: логопед қораптан неше түрлі суреттері бар карточкаларды бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені сөзбен сипаттап жасыруды ұсынады. Бастаушы суретті карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы бейнені, затты сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не бейнеленгенін тауып алу керек.Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды жалғастырады.10-«Көпір»Мақсаты: сөздік қорын, логикалық ойлауын дамыту, байланыстырып сөйлем құрауға үйрету.Шарты: заттар бейнеленген суретті карточкаларды кезекпен көрсетеді. Балалар екі суреттің арасындағы байланысты орнататын бір сөз ойлау керек. Ол сөз екі затты «байланыстыратын көпір» секілді. Әр бала кезекпен жауап береді. Баланың жауабы негізделген болуы керек.