Файл: араалпастан республикасы нкіс мемлекеттік педагогикалы институты бастауыш тлім факультеті бастауыш тлім тлім бадарыны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 42
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мысалы, екі сөз беріледі: «қаз» және «ағаш». «Байланыстыратын көпір» қызметін мына сөздер болуы мүмкін: «ұшты» (қаз ағаштан ұшты). «ойды, кесті» (ағаштан қаз ойды), «тығылды» (қаз ағаштың артына тығылды) т.б.
Ескерту: бұл ойынды баламен жеке жұмыс жасауға да қолдануға болады.
11-«Қадамдар» (Кім тез жетеді...)
Мақсаты: тіл байлығын, сөйлеу тілін жетілдіру.
Шарты: Ойыншылар қатар тұрып, мәренің қашықтығын белгілейді. (арақашықтық 8-10 қадам) Әр қадамға тақырып таңдалады. Мысалы, "Әдепті сөздер". Әр бала әдепті сөз айтса ғана қадам жасай алады. Басқа тақырыптар: "Барлығы дөңгелек", " Барлығы ыстық", "Барлығы дымқыл". "Анаға арналған жылы сөздер", "Мейірімді сөздер" және т.б.
12-«Іздеу»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуін, зейінін, байқағыштығын дамытамыту.
Шарты: Бұл ойынға 5 адам қатысады. Логопед былай дейді: Мен (құрбымды) досымды іздеп жүрмін. Оның көзі көгілдір, шашы ұзын, қою қара, ол мысықтарды жақсы көреді, ал сүтті мүлдем ұнатпайды. Кім бірінші қай бала туралы сөз болғанын тауып алады? Кішкентай балалар ойнағанда, киімдерін де сипаттауға болады.
13- «Әңгіме ойлаймыз»
Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін, зейінін дамыту.
Шарты: логопед сөйлемдерді оқып тұрады. Балалар, сөйлемнің арасына керекті сөздерді қойып отырады. Ол сөздер зат есім, етістік, сын, сан есімдер болады)
Мысалы,: ".... (Не?) босағада отырып мияулайды. Мысық алдында тұрған тәрелкедегі сүтті . . . . (не істеді?). Бақта жүрген мысық . . .(нені?) ұстап алды. Мысықтың жүні . . . (қандай?), тырнағы . . . (Қандай?). Мысық марғауларымен . . . (Қайда?) жатты. Марғаулар допты .. . . (қалай?) ойнады.
14-«Сөйлемді толықтыр»
Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалардан сөйлемді аяқтауды өтіну: «Балалар гүлзардағы гүлдерге су құйып жатыр, себебі . . .». "Ағаштарда бір жапырақ қалмады, өйткені . . . " , "Аю қыста ұйықтайды, себебі . . . " және т.б.
15- «Шынжыр»
Мақсаты: сөздік қорын, фонетикалық есту қабілетін дамыту.
Шарты: Бұл ойын сөздермен. Бірнеше бала қатыса береді. Бірнеше дауыссыз әріптерді алыңыз, қағазға жазып қойыңыз. Осы үш әріп кездесетін сөздер ойлап табу керек. Кім көп сөз айтады, сол жеңеді. "с", "ш", "р".
Қорытынды
Қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.
Баланы өмірге келген шағынан бастап денсаулығына зиянсыз, дамуына мүмкіндік жасай алатын, шығармашылығы мен танымдық қабілеті дамуына ықпал ететін орта құру бүгінгі күннің басты талабы. Баланы қоршаған ортасы, оның интелектуалды өсуіне, алған білімін өмірде қолдана білуіне ықпал етіп, айналадағылармен дұрыс байланыс жасауға үйрететін орта болуы тиіс.
Сонымен, сананың құрылысы мен психикалық қызметтердің барлық түрлерінін дамып жетілуіндегі өзекті мәселесі сананық даму деңгейі. Бұл мәселе баланың әр алуан іс-әрекеттері мен ақыл-ойының дамуымен де өзектес екендігін айқын көрсетіп отыр. Ойлау процесіне қатысты мұңдай зерттеулер ілгеріден келе жатқан ойлау жайындағы жорамалдарды тәжірибе жүзінде зерттеп, олардың шындығын ашып көрсетуге жетелер деп санаймын. Бала әрбір нәрсенің мәміне ой жүгіртіп түсінетін болады. Үйреншкті әрекеттері ён мінез-құлығындағы ерекшеліктерін танып біледі. Мұның бәрі баланың ойлау деңгейінің өсіп жетілуіне қолайлы жағдай тудыратын қажет факторлар деп білеміз. Педагогика ғылымының да алдына қоятын мақсаттарының бірі осы бала ойынын дамып жетілуін қамтамасыз ету.
Баланың даму кезендеріндегі ақыл-ойының өсуі мен жетілуі оның ғылым негіздерін қандай деңгейде меңгере білуіне жол ашып береді. Сөйтін бала өзінің өмір тәжірибесі мен ішкі жан дүниесінің дамуына да ой жүгіртіп, оны өзі бақылап басқара алатындай қабілетке ие болатыны сөзсіз.
Әр тапсырманың өзіндік қызметі мен нәтижесі баланың қабілетін қалыптастыра отырып, дамытуға үлес қосары сөзсіз.
Өткен оқу жылы мен былтырғы оқу жылының қорытындыларын салыстырғанда балалардың логикалық ойлау қабілеттерінің деңгейінің өскенін, кейбір балалардың жағдайлары өте жақсы көтерілгені байқалды.
Қорыта айтсам, оқу-тәрбие үрдісінде балалардың ойлау процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған логикалық тапсырмалар, тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар бала білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Пайдаланған әдебиеттер
1. К. Касимова және ана тілін оқыту әдістемесі. - Баспа.Ташкент- 2009.
2. М. П. Воюшина, П. А. Кислинская, Е. В. Лебедева. Оқыту әдістемесі
бастауыш мектептегі әдебиет. Академия. – 2010.
3. С.Матчонов, А. Шожалилов, Х. Гуломова 4-сыныпқа арналған оқулық. Жаңа полиграфологиялық қызмет.Ташкент- 2020.
4. С.Матчонов әдебиет сабақтарында талдау мен түсіндірудің үйлесімі. Тіл және әдебиет талими. 2020. № 7.