Файл: Реферат Таырыбы Ттенше жадайлардаы басару органдарыны йымдастырушылы рылымы, міндеттері мен ызметтері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 49

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Реферат

Тақырыбы: Төтенше жағдайлардағы басқару органдарының ұйымдастырушылық құрылымы, міндеттері мен қызметтері

Тексерген:С. Тәукейұлы

Орындаған: Е.Е. Абдрахимов

Төтенше жағдайлардағы басқару органдарының ұйымдастырушылық құрылымы, міндеттері мен қызметтері

Ішкі істер органдарын ерекше шарттарда басқаруды жүйе, нақты айтсақ, осы қылмыстармен күресуде ұйымдастырылған міндеттерді шешетін, өзара байланыста орналасқан және табылатын заңды құрылымдық бірлестіктердің өзіндік тұтастығын қамтитын жүйе ретінде қарастыру керек. Ондай жүйе белгілі талаптарға сай болуы тиіс, оларға төмендегілерді жатқызуға болады: экстримальды шарттарда тиімді әрекет ете білу қабілеті, шиеленісті бейбіт шешуге бағытталғандағы, жағдайды жылдам өзгеруі туралы инстанцияларға шұғыл хабарлау мүмкіндігі, жаңа шарттарға тез бейімделу қабілеті.

Ішкі істер органдарын ерекше жағдайларда басқару жүйесін құру барысында, оның қалыпты жағдайларда басқаруға тән емес ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттерін ескеру керек. Сонымен бірге, ішкі істер органдарын басқару олрадың тікелей басталуы барысында да жүзеге асырылады. Бұл әдеттерімен салыстырғанда басқаша ұйымдастырылған құрылымдар мен тактикалық схемалар жасауды талап етеді.

Бұндай жағдайда негізгі назар мен күш қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жай қорғау ғана емес, ал ерекше жағдайларда туындаған зардаптарды тараптау мен жоюға бағытталуы тиіс.

Күштер мен құралдарды басқарудың жаңа жүйесін жасау жоғарыда атап өткеніміздей, ерекше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекетінің өзіндік ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ерекше жағдайлардағы әрекетттерді басқару жүйесі – бұл, ерекше жағдайларда тиімді басқаруға арналған басқару органдарының кешені, оны құрамына кіретіндер мыналар: ішкі істер органдарның оперативті штабтары; әскери бөлімшелердің штабтары; сондай-ақ ерекше жағдайлардағы әрекеттерге таратылған басқада органдардың штабтары.

Жоғарыда аталған жүйенің объективті қажеттілігі оперативті жағдайлардың тез әрі шұғыл өзгеруі барысындағы міндеттердің орындаудың және қызметтер мен ерекше топтардың әр түрлі салаларына жататын күштер мен құралдарды шоғырландырудың күрделілігіне негізделген, бұл олардың әрекетінің тиісті үйлесілімдігін туғызады. Сондай-ақ, қысқа мерзім ішінде кең көлемді басқару қызметін жүзеге асырумен байланысты. Мұдай жағдайда басқаруды максимум орталықтандыру, жылы дайындық, шешімдер қабылдау мен оларды іске асыруды талап етіледі.


А.Ф.Майдықова, В.Н.Соглаева, Д.М.Якушкин, И.Я.Ложкиндердің жұмыстары ерекше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің проблемеларына арналған. И.Я.Ложкиннің еңбегінде ерекше жағдайларды жобалау әдістері толық қарастырылған.

Жобалау жұмыстары ретінде – ішкі істер органдары қызметкерлерінің бөлімшелерінің құрылымын жасау немесе қайта құру бойынша шешеімдерді, олардың лауазымдарын, санын, қызметтерін және төтенше ситуация туындаған немесе туындау қауіпі болған жағдайларда тиімді әрекеттерді қамтамасыз ету мақсатындағы ұйымдасқан байланыстарды өңдеу мен құжаттылық жазу түсініледі.

Бұл талаптарға ерекше жағдайлардағы міндеттерді орындау барысында белгілеген тәртіппен тартылған күштер мен құралдарды ұйымдастыру мен басқаруға арналған оперативті штабтар толық жауап береді.

Төтенше ситуациялар мен төтенше шарттардағы, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген режим мен әскери уақыт шартындағы әрекеттердің мазмұны, ұйымдастырылған құрылымы, жұмысы мен қызметтері нормативтік актілермен реттелген .

Оперативті штаб, бұл – ерекше шарттардағы міндеттерді орындау барысындағы органдардың, мекемелердің ішкі әскерлердің күштері мен құралдарын басқаратын салааралық орган.

Оперативті штабтардың жұмысының негізгі бағыттары ерекше шарттардың туындауы мен болуына бағынышты болады. Соған байланысты, олар келесі басты міндеттерді шешеді: ерекше шарттардағы әректтерге күштер мен құралдарды тікелей дайындауды қамтамасыз ету; аталған шарттардың туындауы барысында күштер мен құралдарды басқару; ерекше шарттардың зардаптарын жоюды қамтамасыз ету мен жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру.

Осы міндеттер мен күш салудың дамуы барысында ішкі істер органдарының оперативті штабтары ерекше жағдайларға соқтыратын кері құбылыстардың туу мүмкіндігін болжау мен оперативті жағдайды талдауды жүзеге асырады. Осы арнайы болжамдардың негізінде – ерекше жағдайлардағы әрекетттердің жоспарларын жасау мен тұрақты жетілдіру іске асырылады, криминалдық сипаттарға кері құбылыстарды болдырмауға бағытталған алдын алу мен профилактикалық шараларды орындау, сондай-ақ, жеке құрамды оқыту мен моральдық және психологиялық дайындау ұйымдастырылады. Штабтарға, бұдан басқа, жеке құрамды қарумен, арнайы құралдармен, көліктермен, байланыс құралдарымен, тұрмыстық және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету қызметтері жүктеледі. Олар ерекше жағдайдағы әрекеттерге күштер құралдардың дайындығының деңгейін үнемі бақылап отырады, өздерінен төмен тұрған ішкі істер органдарының ерекше жағдайлардағы әрекеттерге дайындық деңгейін тексеру мен оларға қажетті көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді. Ерекше жағдайлар туындаған бұл оперативті штабтар тартлған күштер мен құралдарды тікелей басқаруды жүзеге асырады. Олар тиісті жоспарды іске асырады, күштер мен құралдардағы дайындыққа келтіреді, басқару мен байланыс пунктерін күшейтеді, жағдай туралы ақпараттарды жинау мен талдауды жүзеге асырады, күштермен құралдардың әрекетінің тәртібі мен күшейтуге шешімдер жасайды және олардың өзара әрекеттесімін ұйымдастырады. Оперативті штабтар өздерінің бүкіл әрекеттері туралы жоғары тұрған басқару органдарын хабарландырып тұрады, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасайды.



Ерекше жағдайлардың зардаптарын жою мен жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру барысында, оперативтік штабтар кері құбылыстардың қайталанылуына жол бермеуге арналған шараларды дайындайды, оқиғаның туындауының себебі мен шарттарын зерттеу мен тергеуді ұйымдастырады және жүргізеді, ішкі істер органдары мен тартылған күштер мен штабтар инстанцияларға есеп пен ақпараттар дайындайды және халықты оқиғалар мен ішкі істер органдарының әрекеттері туралы хабардар етуді жүзеге асырады.

Ерекше жағдайлардағы оперативті штабтарда орталық орынды оның жетекшісі алады. Ол бір уақытта ішкі істер органының жетекшісі және аға оперативті бастық бола отырып, және барлық орындаушылардың күшін ортақ мақсатқа жетуге бағыттай отырып басқаруды өз қолына шоғырландырады .

Оперативті штабтардың мүшесі, оның топтарының жауаптысы болып, ереже бойынша, ішкі істер органдары салалық қызметтерінің жетекшілері тағайындалады.

Оперативті штабтың мүшелері мен арнайы оперативті топтардың саны жағдайға, шешуге тиісті міндеттердің түрлері мен сипатына, оперативті штабтар жүйесіндегі иерархия деңгейіне және қолдағы күштер мен құралдарға байланысты өзгертіледі. Штаб мүшелері, әрқайсысы өз бағыты бойынша, штаб жетекшісінің шешімі бойынша дайындалған міндеттерін орындайды.

Оперативті штаб мүшелерінің негізгі міндеттері: жағдай туралы ақпараттарды жинау, өңдеу мен талдау, алдын алу мен профилактикалық іс-шаралары мен ерекше жағдайларда болатын криминалдық әрекеттердің алдын алу шараларын жасау болып табылады. Оперативті штабтың жұмысшы ақпараттары барлық өзіндік бөлімшелер мен қызметтердің өкілдерінің есебінен күшейтілетін құрылымдық штабтың бөлімше (штаб) базасында жасақталады және әр түрлі топтардан тұруы мүмкін.

Шеп құру топтары ерекше жағдай туындаған ауданды бөтен азаматтар мен көліктік құралдардан оңашалау және құқық бұзушылар мен қоршалған ауданнан бой тасалауға немесе қоршаудан енуге тырысқан тұлғаларды ұстау үшін құрылады.

Қоршау топтары құқық бұзушылар табылған ауданды оңашалау және қоршалған ауданнан бой тасалауға талаптанғанда оларды ұстау үшін құрылады.

Топ өз міндеттерін тізбек, бақылау өткізу пунктерін және тосқауыл қою арқылы орындайды.

Тізбек санының нормативтік есебі полицияның патрульды-постылық қызметі Жарғысының 29 бабында бұзушылардың жарып өту мүмкіндігі жоғарғы бағыттарды күшейтілген тізбектер (жеке құрам кемінде 1 метр арақашықтықтан орналастырылады) қойылады, ерекше күрделі жағдайларда көп қатарлы (2 қатар немесе одан да көп) тізбек қойылуы мүмкін, Басқа жағдайларда қалыпты (1-2 метр арақашықтықта) тізбек қойылады. Соған сәйкес, оперативті штаб жетекшісі тізбектің ұзындығы мен
сипатын жоспарлай отырып, соған тиісті санды да болжайды. Сонымен бірге тізбекті басқару схемасын да жобалау керек: қанша жетекші және оларды учаскеге болу, олар кімге бағынатын болады.

Тосқауылды, кейбір мамандардың пікірі бойынша, жер мен қолдағы күштің сипатына байланысты жобалау керек, мысалы, 8 адам ашық жерде 500 метр жасырын жерлерде 250 метрге дейін бақылай алады.

Күзет тобы бұқаралық шаралар мен төтенше ситуациялардың тууы барысында ерекше маңызды нысандарды, мемлекеттік мүліктерді, құндылықтарды қорғау мен азаматтардың мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Топтың саны қорғалатын нысандар мен постылардың санына байланысты анықталады. Төтенше ситуация туындағанда әскери қызмет атқару енгізіледі. Соған сәйкес әрбір постыға кемінде екі адам қажет.

Жол қозғалысын ұйымдастыру тобы төтенше ситуация туындаған және соған жақын аудандарда жол қозғалысын ұйымдастыруға, ішкі істер органдары мен басқа да өзара әрекеттесуші күштердің қызметі үшін қолайлы шарттар жасауға арналған. Топ жол полициясы департаментінің қызметкерлерінен төтенше ситуациялар мен бұқаралық шаралардың барлық түрінде дерлік құрылады. Олар өз міндеттерін патрульдер мен постылардың (патрульдердің) қажетті саны мен топтардың резервін (10%) есептеу арқылы анықталады. Патрульдердің санын анықтауға арналған нақты норматив жоқ. Біздің ойымызша, мұндай жағдайда посттар санын есептеу әдістемесі қолданылуы мүмкін.

Басып алу тобы қылмыскерлерді ұстау, азаматтарды босату мен қылмыскерлер басып алған нысандарды босату және оқиға орнын тергеу-оперативті тобының келуіне дейін күзету үшін құрылады. Қалыпты жағдайда ол резервте тұрады. Оның құрамы 5 тен 10 дейінгі дене күші мықты, батыл және жақсы дайындалған ішкі істер органдарының, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлерінен құралады.

Бүркемелеу тобы басып алу тобының әрекетін отпен, түтінмен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету үшін, басып алу тобының құрамынан, бөгде азаматтардан, қылмыскерлерден, жаралағандардан мен қаза болғандарды эвакуациялау үшін құралады. Ол, әдетте, басып алу тобы құрылған органның жеке құрамынан жасақталады. Топ саны 5-9 адам, оның құрамында мергендер тобы (2-4 адам) құрылуы мүмкін.


Бытырату тобы қоғамдық тәртіпті топтың бұзу, жаппай тәртіпсіздік, басқа да төтенше ситуация кезіндегі азаматтар тобын тарату үшін және тобырлау, үрей, соғылысу шарттарында басқа топтардың әрекетін қамтамасыз ету үшін құрылады. Оның саны топ атқаруға тиіс территорияның көмегі мен колоннадағы қатардың санына байланысты анықталады.

Бұқаралық шаралардағы сүзу пункттерінің құрамы 1-2 тергеушіден (анықтаушыдан), 1-2 жедел уәкілден және сүзу пунктін күзет 2-3 адамнан тұруы мүмкін. Бұқаралық шаралар мен төтенше ситуациялардың ауқымының өсіуне байланысты бұл санды оперативті штабтың жетекшісінің көбейтуі мүмкін.

Оперативті-жедел топ құқық бұзушылардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау және болған құқық бұзушылықтарды тексеру, қылмыс жасаған тұлғаларды іздеу үшін құрылады. Құрамы болуы мүмкін қылмыстың көлемін бағалауға байланысты анықталады. Әдетте, топ құрамына арнайы ақпараттарымен 2-3 жедел уәкіл мен 2-3 тергеуші кіреді.

Оперативті топ қылмыс жасаған тұлғаларды іздеу, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен орындаушыларды және олардың мақсаттарын анықтау үшін құрылады.Оның құрамы эмпиризмдік жолмен белгіленеді.

Айдап апару тобы құқық бұзушыларды төтенше ситуация туындаған ауданнан сүзу пунктіне айдап апару үшін құралады. Құрамы айдалушылардың санына қарай 4-тен 15 адамға дейін болады. Ол әдетте ішкі әскерлер бөлімдерінің (бөлімшелер) құрамынан жасақталады.

Эвакуациялау тобы төтенше ситуация аумағында орналасқан ғимараттардан азаматтарды, зардап шеккендерді және олардың жүктерін, басқада материалдық құндылықтарды эвакуациялау үшін құрылады. Ереже бойынша, «Күзет» қызметінің, жол полициясының, қылмыстық іздеу бөлімінің және басқа да қызметтердің жұмыскерлерін жасақтайды. Топтың құрамы міндетінің көлеміне қарай анықталады (эвакуацияланатын азаматтардың, материалдық құндылықтардың, эвакуациялау үшін пайдаланылатын көліктік құралдардың санына, эвакуация маршрутының ұзақтығына) және қаралу және басқа да аса қауіпті қызметкерлерді ұстау барысындағы әрекеттерде 2-ден 5 адамға дейін, басқа экстимальдық ситуациялар барысында 15-20 және одан да көп адам болуы мүмкін.

Үгіт-насихаттық топ қоғамдық тәртіпті топтың бұзу, жаппай тәртіпсіздік және өзінше әрекет етуші бірлестіктердің рұқсат етілменген акциялары барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін құралады. Оның құрамына ардагерлер, түрлі партиялардың беделді қызметкерлері, жұртшылық өкілдері, сондай-ақ 1-2 ішкі істер органдарының қызметкерлері енгізіледі.