Файл: за мерзімді жоспарды тарауы 4а жобаны ру жне оны сыну.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4А Жобаны құру және оны ұсыну

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Серік Асылжан Арманұлы

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Құжатты басып шығаруға дайындау (жобамен жұмыс)

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

5.4.2.1-құжатты баспаға дайындау (парақ өлшемдерін өзгерту, бет өлшемдерін қою, алдын ала көру және тағы басқа)

5.4.2.2 -құжатқа құпиясөз орнату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мәтіндік процессорды іске қоса білу.

  • Компьютердегі деректерді қорғау жолдарын білу.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • MS Word мәтіндік процессорында жұмыс істей білу.

  • Ақпаратты қорғау әдістерін түсіну.

Кейбір оқушылар:

  • Беттің параметрлерін баптау. Құжатты басып шығарудың дайындық кезеңдерін білу.

  • Нақты құпиясөз критерийлерін талдау.

Бағалау критерийі

  • Құжатты баспаға дайындау және баспаға жіберу, беттің өлшемдерін орнату әрекеттерін біледі.

  • Компьютердегі деректерді қорғау жолдарын біледі, түсінеді, алған білімдерін түрлі жағдайда теориялық және практикалық түрде қолдана алады.



















Жоспар

Жоспарлаған

уақыт

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Топқа бөлу

1 мин

«Сөзтізбек» әдісі

5 мин

1-2 мин
Тақырыпты ашу

5 мин

Сергіту сәті

1 мин

Терминдермен жұмыс

2 мин


  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

  2. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып жанындағы оқушыға жақсы тілекті ілесу тәртібі бойынша шеңбер бойымен айтқызамын.

  3. Топқа бөлу

Түрлі-түсті кәмпиттер арқылы 2 топқа бөлу (қағазға жасырылған екі түсті кәмпиттер оқушыларға таратылады. Түстерді сәйкесінше ажыратып топқа бөлінеді)

«Сөзтізбек» әдісі арқылы араласқан әріптердің арасынан (компьютер, тышқан, интернет, word, сақтау, техника, файл, бума, mouse, нысан) термин сөздерді табу арқылы сабақ басталуына дайындық жасаймыз.


Ц

Ж

V

E

K

M

O

U

S

E

И

К

A

Э

А

B

И

П

А

П

К

О

S

Ш

М

O

Н

К

А

К

Л

М

Е

Б

У

X

Т

Е

Х

Н

О

П

Л

Й

А

Ф

Е

И

Н

И

Р

Ь

L

Н

Т

N

Р

Ж

И

К

А

Ю

Ы

Ш

Қ

А

Н

Ы

С

А

М

Т

Л

Q

А

В

Е

Л

О

Н

А

Е

Р

У

С

Й

Т

З

Ь

У

W

O

R

D

Т

С

Д

Ж

Т

В


Бүгінгі тақырып: Құжатты басып шығаруға дайындау (жобалық жұмыс)

Жобамен жұмысты бастамас алдын мәтіндік құжат бағдарламасын пысықтап аламыз.


  1. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру, қайталау.




  1. MS Word –та парақ өлшемдерін өзгерту, бет өлшемдерін қою, алдын ала көру және құжатты баспаға дайындау.


Парақ өлшемдерін өзгерту

Беттің орналасуы – Бағдар – Кітап түрінде/Альбом түрінде


Бет өлшемдерін қою

Беттің орналасуы – Жиек



Шекара қою

Беттің орналасуы – Беттің шекарасы



Бетке нөмір қою

Кірістіру – Беттің нөмірі


Алдын ала көру

Файл- Алдын ала көру
Құжатты бастаға жіберу (басу)

Файл – Печать


Құпиясөз орнату

Рецензирование - Ограничить редактирование – Включить защиту




  1. Сергіту сәті. «Егін егу»

Шеңбер болып тұру. Жер жырту, тегістеу, тырмалау, егін егу, суғару, теру.


  1. «Түртіп алу» әдісі. Термин сөздерді интерактивті тақтада көрсетемін. Оқушылар жұмыс дәптеріне жазып алады.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Қорғау

Защита

Security

Құпия сөз

Пароль

Password

Файл

Файл

File

Бет

Страница

Page

Жоба

Проект

Project

Бет параметрі

Параметры страницы

Page setup

Алдын ала қарау

Предварительный просмотр

Preview

Баспаға беру

Печать

Print

Баспаға шығару

Принтер

Printer

Жаңа тақырыптағы термин сөздердің ағылшын тілінде аудармасымен танысады, қайталайды.

Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері, интерктивті тақта




Сабақтың ортасы

20 минут


Жобамен жұмыс тапсырмасы

(Оқушылар топтасып жұмыс жасайды)
Жоба жасаудың мақсаты: Құжатты баспаға дайындау

(парақ өлшемдерін өзгерту, бет өлшемдерін қою, алдын ала көру және тағы басқа). Құжатқа құпиясөз орнату.
Жобаның тапсырмалары:

  1. Топтарға жобаның тақырыбы беріледі. Қалаған тақырыптарын таңдап мәліметтер жинайды және үш беттік кітап құрастырады.

  2. Мектеп атауы, тақырыбы, сынып, оқушының аты-жөні, оқу жылы (1-бет)

  3. Мәлімет құрастыру (тақырыптарына сәйкес мақал-мәтел, өлең, крассворд т.б.) (2-бет)

  4. Сурет қою (3-бет)

  5. Құжатты сақтау, құпиясөз орнату.

  6. Құжатты алдын ала көру және қағазға басып шығару.


Парақ өлшемі –кітап түрінде

Бет өлшемдері - төрт шетіде 2 мм

Құпиясөз - 12345

Оқулық,

стикерлер,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта

Сабақтың соңы

7 мин



Кері байланыс


«Крестиктер-нөліктер» әдісі.

Әдістің ережесі:

  1. 1-ші топ (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

  2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

  3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші топ сол квадратқа нөлік қояды.

  4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші топ (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.



Сұрақ тапсырмалары:

  1. MS Word мәтіндік процессорын іске қосу жолын ата.

  2. Бет бағдарының қанша түрі бар?

  3. Беттің параметрін қою командасы қалай орындалады?

  4. Беттің шекарасын қалай қоямыз?

  5. Бетті қалай нөмерлеуге болады?

  6. Дайын құжатты баспаға шығармас бұрын алдын ала қалай кіруге болады?

  7. Принтер дегеніміз не?

  8. Құжаттарға не себепті құпиясөз орнатылады?

  9. Код дегеніміз не?


«Хат жазу» әдісі бойынша пікірлерін мұғалімге параққа жазып түсіреді.


стикерлер, маркерлер, постер