Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Химия 8сынып Жиынты баалау тапсырмаларыны жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 468

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Балл қою кестесі


Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор


Балл

Білім алушы

Берілген формулалардағы электртерістігі үлкен элементті анықтайды

1

Электртерістігі үлкен элементті анықтайды

1

Атомдар арасындағы ковалентті байланыстың

түзілуін сипаттайды

2 а)

Ковалентті байланыс түрлерін ажыратады

1

HCl-молекуласындағы ковалентті байланыстың түзілуі механизмін анықтайды

1

2 b)

Ковалентті байланыс түрлерін ажыратады

1

Иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттайды, иондық қосылыстардың қасиеттерін болжайды

3 а)

Берілген қосылыстардың химиялық байланыс түрлерін анықтайды.

3

3 b)

Натрий хлоридінің физикалық қасиетін болжап, анықтайды

5

Заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіреді

4

Кристалдық торлар түрін анықтайды

2

Балқу температурасын анықтайды

1


Барлығы


15


«Ерітінділер және ерігіштік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 8.3.4.1 Заттардың судағы ерігіштігі бойынша жіктеу;

8.3.4.5 Еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің

белгілі массасы бойынша еріген заттың

массасын есептеу;

8.3.4.6 Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын

есептеу.

Бағалау критерийлері Білім алушы:

  • Суда ерігіштігіне байланысты заттарды жіктейді;

  • Массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы

бойынша еріген заттың массасын анықтайды;

  • Ерітіндідегі заттың пайыздық және молярлық концентрациясын анықтайды.




Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну

Қолдану

Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма

1. Заттардың суда ерігіштігіне қарай жіктеңіз және әр түріне екі мысалдан келтіріңіз.




Заттар ддддддддддддддллРРРррржжжжжжжжжжжжжжжжЗзЗзвввхххххрррррррррььььтиммЗаттаЗаттарЗзатта





[2]

Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / М.Қ.Оспанова, Қ.С.Ахуадиева, Т.Г.Белоусова, - Алматы:Мектеп,2018.138-141 беттер.
2. Натрий хлоридінің массалық үлесі 10% -тік массасы 300 г ерітіндісін даярлау үшін қажетті тұз бен судың массаларын есептеңіз.




[3]
3. а) Айран ұйыту үшін 4 кг сүтке 40 г ұйытқы салынды. Айран ұйытқының массалық үлесін есептеңіз.


[2]

b) Калий гидроксидінің көлемі 1500 мл ерітіндісінде 16 г еріген зат болса, осы ерітіндінің молярлық концентрациясы қанша болатынын есептеңіз.


[2]
Есептер мен жаттығулар жинағы, 8-сыныпқа арналған оқулық /Ә.Е.Темірбулатова, -Алматы: "Мектеп," 2004 жыл. 56-63 беттер/

Балл қою кестесі


Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор


Балл

Білім алушы

Суда ерігіштігіне байланысты заттарды жіктейді

1

заттарды суда ерігіштігіне байланысты жіктейді

1

әр түріне бір-екі мысалдан келтіреді

1

Массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын анықтайды

2

еріген заттың және еріткіштің массасын табуға арналған формуланы қолданады

1

еріген затты анықтайды

1

еріткіштің массасын анықтайды

1

Ерітіндідегі заттың пайыздық және молярлық концентрациясын анықтайды

3 а)

массалық үлесті табуға арналған формуланы қолданады


1

массалық үлесті анықтайды

1

3 b)

ерітіндегі заттың молярлық концентрациясын табуға арналған формуланы қолданады

1

ерітіндінің молярлық концентрациясын анықтайды

1

Барлығы

9


«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Оқу мақсаты 8.3.4.7 Оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін сипаттайтын

реакция теңдеулерін құрастыру;

8.3.4.8 Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну,

олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін

құрастыру;

8.3.4.9 Негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну,

олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция

теңдеулерін құрастыру;

8.3.4.12 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

арасындағы генетикалық байланысты зерттеу.

Бағалау критерийлері Білім алушы:

● Оксидтердің, қышқылдардың және негіздердің

жіктелуін, қасиеттерін анықтайды, реакция

теңдеулерін құрастырады

●Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

арасындағы генетикалық байланысты анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну

Қолдану

Орындалу уақыты 25 минут

Тапсырма

1. Калий оксидіне ( K2O) қатысты тұжырымды (-дарды) анықтаңыз.

А) қышқылдық

В) екі дайлы

С) негіздік

D) тұз түзетін

Е) түз түзбейтін

[1]

2. Сызбанұсқасы берілген, нүктелердің орнына тиісті формулаларды жазып, реакция теңдеуін құрастырыңыз.

CaO + H2O → …

Li2O +…→ LiCl +H2O

SO2 + NaOH →… + …

N2O5 + ...→ HNO3

BeO + KOH→ … + H2O

ZnO + HCl → … + H2O

[3]
Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / М.Қ.Оспанова, Қ.С.Ахуадиева, Т.Г.Белоусова, - Алматы:Мектеп,2018.153-154 беттер.


3. а) Берілген қышқылды жіктелуі бойынша сипаттаңыз.

құрамы бойынша

_............................___________________________





негізділігі бойынша

...............................



H2SiO3

ерігіштігі бойынша

.................................


[3]

b) Күкірт қышқылын мырыш оксидімен әрекеттесу реакция теңдеуін құрастырыңыз.

______________________________________________________________________

[1]
4. а) Суда еритін және суда ерімейтін негіздерді сәйкестендіріңіз.





Түрлері

Негіздердің формулалары


1




суда еритін негіздер

(сілтілер)

А. Cu(OH)2

В. LiOH

С. Fe(OH)3

D. NaOH


2




суда ерімейтін негіздер

Е. Zn(OH)2

F. Al(OH)3

G. Ca(OH)2

H. KOH


1._____________________________________

2._____________________________________

[2]

ә) Негіздердің қышқылдармен бейтараптану реакциясына бір мысал келтіріңіз.

____________________________________________________________________

[1]

Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / М.Қ.Оспанова, Қ.С.Ахуадиева, Т.Г.Белоусова, - Алматы:Мектеп,2018. 167-169-беттер.

5. Берілген заттардың формулаларын қолданып, генетикалық қатар құрыңыз.
K2O , H3PO4, K2CO3, P, Ca3(PO4)2 , P2O5, Na, NaOH, K
______________________________________________________________________

[2]

Балл қою кестесі


Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор


Балл

Білім алушы

Оксидтердің, қышқылдардың және негіздердің жіктелуін, қасиеттерін анықтайды, реакция теңдеулерін құрастырады

1

Калий оксидіне қатысты тұжырымдарды анықтайды.

1

2

Негіздік оксидтердің сумен және қышқылдар мен реакция теңдеуін құрастырады.

1

Қышқылдық оксидтердің сумен және сілтілермен реакция теңдеуін құрастырады.

1

Екідайлы оксидтердің сілтілермен және қышқылдармен реакция теңдеуін құрастырады.

1

3 а)

Қышқылдарды құрамы бойынша жіктейді.

1

Қышқылдарды негізділігі бойынша жіктейді.


1

Қышқылдарды ерігіштігі бойынша жіктейді.

1

3 b)

Күкірт қышқылымен мырыш оксидінің арасындағы реакция теңдеуін құрастырады.

1

4

Суда еритін негіздерді сәйкестендіреді.

1

Суда ерімейтін негіздерді сәйкестендіреді.

1

Негіздердің бейтараптану реакциясына мысал келтіріп жазады.

1

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы

гентикалық байланысты анықтайды

5


Берілген заттардың формулаларын қолданып, генетикалық қатар құрыңыз.

2

Барлығы

13



8.4 В «Көміртек және оның қосылыстары» тарауы бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

8.4.3.1 Көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру;




8.4.3.3 Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру;




8.4.3.5 Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;




8.4.3.7 Көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу.

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Көміртек көптеген қосылыстарында төрт байланыс
түзетінін сипаттайды;




• Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстырады;




• Көміртек минералдарының: мрамор мен магнезиттің формуласын анықтайды және олардың құрамындағы көміртектің массалық үлесін есептейді;




• Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакцияларды құрады;




• Зертханада көмірқышқыл газын алып, оны анықтайды, қасиеттерін сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғарғы деңгей

Орындау уақыты

20 минут



Тапсырмалар

1. Бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыз.

Көміртек __________ периодта ________топта орналасқан, _____________ байланыс түзеді,_______ электрон қосып алады және___________электрон беріп жібере алады. Қосылыстарында_________ тотығу дәрежесін көрсетеді және ___________ валентті.

[1]

2. Көміртек мрамор және магнезит минералдарының құрамына кіреді. Қай минералдың құрамында көміртектің массалық үлесі көп екенін анықтаңыз.


[5]

3. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері мен қолдану саласы арасындағы сәйкестікті бағдарша арқылы көрсетіңіз.



Аллотропиялық түр өзгерістері

Қолданылуы

Графит


Лазер қондырғыларында, қымбат тастар.


Карбин


Микроэлектроникадағы нанотүтікшелер

Алмаз


Қарындаш, қара бояу, электродтар.


Фуллерен

Жасанды қан тамырлары.



[4]

4. Реакция теңдеуін аяқтаңыз:

  1. С + Ва→ ________________________________________________

  2. C + Al2O3→_______________________________________________

  3. C + O2(жеткіліксіз)→__________________________________________

[3]

5. «+» белгісі арқылы көмірқышқыл газының физикалық қасиеті мен алынуына байланысты шындық, жалған тұжырымдарды анықтаңыз.

Тұжырымдар

Шындық

Жалған

1. Түссіз, иіссіз, дәмсіз газ







2. Мрамор мен тұз қышқылының әрекеттесуі арқылы алынады.







3. Ауадан жеңіл.







4. Көмір жанғанда пештерді оттек жеткіліксіз жағдайларда түзіледі.







[1]

Балл қою кестесі

Бағалау критерийі


Тапсырма №

Дескриптор


Балл

Көміртектің қосылыстарында көбінесе 4 байланыс түзетінін түсіндіреді.

1

Периодтық жүйедегі орны бойынша көміртек атомының валенттік мүмкіндігін анықтайды.

1

Минералдардың формуласы анықтап, құрамындағы көміртектің массалық үлесі қайсысында көбірек екенін есептейді.


2

Мрамордың формуласын жазады.

1

Магнезиттің формуласын жазады.

1

Мрамордың құрамындағы көміртектің массалық үлесін есептейді.

1

Магнезиттің құрамындағы көміртектің массалық үлесін есептейді.

1

Мрамор мен магнезиттің құрамындағы көміртектің массалық үлестерін салыстырады.

1

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу салаларын зерттейді.


3

Графиттің қолданылу саласын анықтайды.

1

Алмаздың қолданылу саласын анықтайды.

1

Карбиннің қолданылу саласын анықтайды.

1

Фуллереннің қолданылу саласын анықтайды.

1

Көміртектің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрады.


4

Көміртек пен барийдің арасындағы химиялық реакция теңдеуін жазады.

1

Көміртек пен алюминий оксидінің арасындағы химиялық реакция теңдеуін жазады.

1

Көміртектің оттек жеткіліксіз жағдайындағы химиялық реакция теңдеуін жазады.

1

Көмірқышқыл газының қасиетін және алыну жолдарын сипаттайды.

5

Көмірқышқыл газын сипаттайтын дұрыс жауаптарды таңдайды.

1

Жалпы балл

14



8.4С «Су» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты:


8.4.2.6. Судың кең таралуын, ерекше қасиеттерін және адам өміріндегі маңызын түсіндіру;




8.4.2.7 Табиғаттағы судың айналымын түсндіру;




8.4.2.9 Судың кермектігін және оны жою жолдарын түсіндіру.

Бағалау критерийлері:


Білім алушылар:

  • ● Судың физикалық қасиеттерін сипаттайды;




  • ● Су молекуласының құрылысын және қасиеттерін анықтайды;




  • ● Су кермектігінің түрлерін және оны жою жолдарын сипаттайды;




  • ● Суды тазалау процесін сипаттайды;




  • ● Табиғаттағы судың айналымын сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну және қолдану.

Орындау уақыты:

20 минут

Тапсырмалар:

1. Келесі сөйлемдерге қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз:

Су әмбебап ........................................................................................................................

Судың агрегаттық күйлері: ...................................................................................................

Судың қайнау температурасы...............................................................................................

Судың қату температурасы ..................................................................................................

Судың тығыздығы .................................................................................................................

Табиғи судың құрамында ....................................................................................................

[3]

2. Шындық пен жалған тұжырымдарды « + », « - » таңбаларымен анықтаңыз:


Тұжырымдамалар

Шындық

Жалған

Судың молекуласының құрылысы сызықтық








Адам организмі 70 % судан тұрады








CuSO4* 5 H2O мыс купоросы көгілдір түсті








Су белсенді металдармен және олардың оксидтерімен әрекеттеспейді







Сүйектегі судың мөлшері 31%