Файл: Сабаты масаты Білімділік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: Массалар ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. Радиактивті сәулеленудің табиғаты. Радиактивті ыдырау заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Радиактивтік құбылысын, радиактивті сәуле шығарудың түрлерін, олардың бір-бірінен   айырмашылық   қасиеттерін ажырата білуге үйрету.

Радиактивті құбылысты зерттеуде  Мария Склодовская- Кюри мен Пьер Кюри  ашқан жаңалықтарды,  радиоактивті  сәуле шығару түрлерін  анықтаудағы    тәжиребелерді  оқып-үйрену.

-Дамытушылық:  Алған  білімдерін пәнаралық байланыста меңгерту. Әлемді және микроәлемді, табиғат сырын,қасиетін тануға ықпал жасау,  ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

-Тәрбиелік: Әлемді танудағы ғалымдардың қажырлы еңбегін, ғылымның құндылығын білдіру.Оқушыларды еңбектене, іздене білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, есептер шығару,тест.

Сабақтың көрнекілігі:  электрондық оқулық, слайдтар.

Құрал – жабдық:  интерактивті тақта,  жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс:  химия, биология, математика,әдебиет.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) ұжымдық әрекет

ә) сақтандыру әрекеті.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

 “Атом ядросының физикасы” тақырыбы бойынша өтілген түсініктер мен ұғымдар

1. “Таңдап алу” Әр ұғымға сәйкес келетін анықтаманы тауып таңдаңыз)

2. «Дұрыс жауабын табыңыз» (тест тапсырмалар)

1

Ядролық  физика

 

8

Химиялық элементтің Z реттік нөмірі

2

Ядроның   байланыс  энергиясы

 

9

Ядродағы  нуклондарды   ыдырап  кетуден  сақтап,  оның  берік  байланысын  қамтамасыз  ететін  күштер

3

Массаның  атомдық  бірлігі

 

10

Атом  ядросының  құрылымын,  қасиеттерін, оның  түрленулерін   зерттейді,  микроәлемде  болып  жататын  құбылыстарды  қарастырады

4

Зарядтық сан.

 

11

Көміртегі 12С6  атомы  массасының  1/12 бөлігі

5

Ядролық  күштер

 

12

Ядроның  байланыс  энергиясының  А массалық  санға  қатынасы,  яғни  бір нуклонға    сәйкес  келетін  байланыс  энергиясы.

6

Масса   ақауы

 

13

Ядролық     тарту   күшінің  жұмысы   есебінен   нуклондардан   атом  ядросы  түзілгенде   пайда  болатын   массалар  айырымы

7

 Меншікті  байланыс    энергиясы

 

14

Атом  ядросын  түгелімен  жеке  нуклондарға  ыдырату    үшін  қажетті  минимал  энергия


  • «Дұрыс жауабын табыңыз» (тест тапсырмалар)

1. Атом неден құралған?

А. Оң зарядты протондар мен теріс зарядты электрондардан.

В. Тек протондар мен электрондардан.

С. Электрондар, позитрондар мен нейтрондардан.

Д. Нуклондар мен электрондардан.

 2.Нуклондарды ядроға біріктіріп тұрған қандай күш?

А. Гравитациялық.

В. Протондар мен электрондардың тартылыс күші.

С. Ішкі ядролық.

Д. Кулондық.

3. Атом ядросының байланыс энергиясы қандай шамаға тәуелді ?

А. Протондар мен нейтрондардың бір-біріне тартылу энергиясының шамасына.

В. Электрондардың кинетикалық энергиясына.

С. Массалар ақауына.

Д. Тек ядроның массасына.

4. 9 Ғ 19  ядроның  байланыс  энергиясының  формуласын  көрсетіңіз.

 А.  с2   * М                       В.  с2  * ( 9 mp +  10 mn   -   Мя)

  С.   с(m+2n)                      Д. с2*(9m+10m-Mя)/19

 5. Нуклондар  бола алатын бөлшектер жұбы

 А.   электрон және позитрон.              В. протон және нейтрон.

С. протон және электрон.                 Д. протон және нейтрино.

6. Атом массасының атом ядросының массасына қатынасы қаншаға тең

А. 1                         В. 4000              С. 2000             Д. 1/ 2000

ІІІ. Жаңа сабақ Радиоактивтілік (лат.radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) – орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы. Ядролық физиканың даму тарихына көз жүгіртсек, оның қайнар көзі 1886 жылы француз ғалымы А. Беккерель ашқан табиғи радиоактивтік құбылысынан басталады. А. Беккерель уран тұзының фотопластинаға әсерін зерттеген. Тәжірибелер барысында ол мына құбылысты байқаған: уран тұздары тығыз қара қағазбен оралған фотопластинаға әсер етіп, оның қараюын туғызатын, өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді шығарады екен. Мұқият зерттеулер нәтижесінде Беккерель өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді уран атомының өзі, ешқандай сыртқы әсерсіз-ақ, өздігінен шығаратынын анықтады. Белгісіз сәулелердің заттармен әрекеттескенде:

1) фотопластинканы қарайтатыны, яғни химиялық әсерінің бары;

2) газдарды иондауы;

3) кейбір қатты денелер мен сұйықтардыңлюминесценциясын туғызатыны сияқты қасиеттері белгілі болды.

Бұл құбылысты зерттеу жұмыстары бірден басталды. Францияда 1898 жылы М.Склодовская-Кюри мен П. Кюри торий () элементінің өздігінен сәуле шығаруын ашты. Өздігінен сәуле шығаратын химиялық элементті 

радиоактивті деп, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атауды М. Кюри ұсынған еді. Радиоактивтік латынның "radio" — сәуле шығару, "activus" — әрекетті деген сөздерінен алынған

2.Ғаламат ғалым. Ғажайып әйел.

Радиактивтік құбылысын ашып , ядролық физиканың дамуына үлкен үлес қосқан ғалым Мария Склодовская – Кюри туралы  киелі жеті перненің көмегімен асқақтатып көрейік.

Альфа-ыдырау

α-бөлшегінің табиғатын 1908 жылы Резерфорд көптеген эксперименттік зерттеулер нәтижесінде анықтады. Альфа-ыдырауы кезінде ядродан өздігінен α-бөлшек — гелий атомының ядросы Не (екі протон және екі нейтрон) ұшып шығады және жаңа химиялық элементтің туынды ядросы пайда болады. 8.7-суретте альфа-ыдыраудың процесі көрсетілген.

Альфа-ыдырау кезінде атом ядросы зарядтың саны екіге және массалық саны төртке кем туынды ядроға түрленеді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жуйенің бас жағына қарай екі орынға ығысады:

мұндағы — аналық ядроның белгісі, — туынды ядроның таңбасы. Гелий атомының ядросы болып табылатын α-бөлшек үшін белгісін пайдаландық.

Бета-ыдырау

β-сәулесінің табиғатын 1899 ж Резерфорд ашқан болатын. Ол шапшаң қозғалатын электрондар ағыны. β-бөлшекті деп белгілейді. Массалық санның болуы, электронның массасы массаның атомдық бірлігімен салыстырғанда елеусіз аз екенін көрсетеді. Ығысу ережесін бета-ыдырауға қолданайық.

Бета-ыдырау кезінде атом ядросының зарядтық саны бір заряд бірлігіне артады, ал массалық сан өзгермейді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жүйенің соңына қарай бір орынға ығысады:

мұндағы — электрлік заряды нөлге тең, тыныштық массасы жоқ электрондық антинейтрино деп аталатын бөлшек.

Ядроның зарядтық саны бірлік зарядқа кемиді, нәтижесінде элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жүйенің бас жағына қарай бір орынға ығысады:

мұндағы позитрон, электронның антибөлшегі, массасы электронның массасына тең.

Аналық және туынды ядролар — изобаралар.

Гамма-ыдырау

1900 жылы Вилaрд ядролық сәуле шығарудың құрамындағы үшінші компоненттің бар екенін тапты, оны гамма (у)-сәуле шығару деп атаған. Гамма-сәуле шығару магнит өрісінде ауытқымайды, демек, оның заряды жоқ. Гамма-сәуле шығару радиоактивтік ыдыраудың жеке бір түрі емес, ол альфа және бета-ыдыраулармен қабаттаса өтетін процесс. Жоғарыда айтқанымыздай, туынды ядро қозған күйде болады. Қозған күйдегі ядро атом сияқты, жоғарғы энергетикалық деңгейден төменгі энергетикалық деңгейге өткенде, энергиясы бар гамма-квантын шығарады, мұндағы —қозған, — қалыпты күйдегі энергиялар (8.10-сурет). Ядродан шығатын ү-сәулелері дегеніміз — фотондар ағыны болып шықты.


Гамма-ыдыраудың формуласын жазайық:

мұндағы — қозған аналық ядро, — оның қалыпты күйдегі нуклиді. 8.10-суретте бор ядросынық β-ыдырауынық сызбасы көрсетілген. γ-сәулесінің толқын ұзындығы өте қысқа болып келеді: λ = 10-8 / 10-11 см. Сондықтан радиоактивті сәулелердің ішінде γ-сәулесінің өтімділік қабілеті ең жоғары, ол 8.11-суретте көрсетілгендей қалыңдығы 10 см қорғасын қабатынан өтіп кетеді. Гамма-кванттың өтімділік кабілеті өте жоғары, ауадағы еркін жүру жолының ұзындығы 120 м.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Тапсырмалар орындау:

І. 1. 1. Актиний   238Ас92     изотопы    үш  рет  α  - ыдырауға  ұшырағаннан  кейін  қандай  элемент   пайда  болады?

1.2. Күнделікті біз радиацияның ықпалына түсемізбе?

ІІ. 2.1.  225Рb 89   қорғасын  изотопының  радоактивті   ыдырауы  кезінде  β – бөлшек  ұшып  шығады.  Қорғасын  изотопының   ядросы  қандай  элементтің  ядросына   айналады ?

2.2. Адам үшін радиациялық мөлшердің шегі қандай?

ІІІ.   3.1. Алтынның   196 Аu 79   радиоактивті  изотопы  электрондық  әрі  позитрондық  ыдырай  алады.  Ыдырау  реакциясын  жазыңдар.

     3.2. Атом: пайдасы мен зияны қандай?

V. Сабақты қорытындылау.

YІ. Оқушыларды бағалау.

YІІ. Үйге тапсырма:. 33-6,7 есептер

Күні:

Сабақтың тақырыбы:  Электромагниттік индукция.Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: генератор және трансформатордың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен таныстыра отырып, электр энергиясын тарату және жеткізу туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: жеке тұлғаны қалыптастыру, білгенін, үйренгенін, көргенін сауатты және ғылыми негізде баяндай білуге және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру

Тәрбиелік мақсаты: ұйымшылдыққа,әділеттілікке, табандылыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру, топтық,жұптық жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: электронды оқулық, слайд, плакаттар, постерлер, суреттер, электр қозғалтқыштың моделі, семантикалық карта, «иә,жоқ»ойыны, бағалау парақтары

Сабақтың барысы:


І.  Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Қандай құбылысты электромагниттік индукция деп атайды?

2. Тәжірибені жасап көрсет

ІІІ.Қайталау

А. «Иә,жоқ» ойыны.

1. Металдарда электр тогын электрондар тасымалдайды.

2.Жартылай өткізгіштерде электр тогын оң және теріс иондар тасымалдайды

3. Газдарда тогтың пайда болуын электролиттік диссоциация деп аталады.

4. Вакуумдегі электр тогы дегеніміз-термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған  қозғалысы

5. Электр  өрісінің өзіне тән ерекше қасиеті-қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті

6. Ішіне темір өзекше орнатылған шарғы электромагнит деп аталады.

7. Ферромагнетиктердің екі түрі бар

8. Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар парамагнетиктер деп аталады 

Жауаптарын көрсету, жұбын бағалау 1.иә, 2 жоқ, 3 жоқ, 4 иә, 5 иә, 6 иә, 7 жоқ, 8 жоқ

Б.Семантикалық карта «Формулалар»

 ІV.  Байланыстыру, мақсат қою. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

V. Жаңа материалды меңгерту:

 Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:  

1) І топ. Трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы.

Трансформатор анықтамасы, қызметі, құрылысы

 Шартты белгісі, тарихы,түрлері

2) ІІ топ. Ток генераторы дегеніміз не? Оның негізгі бөліктері мен атқаратын қызметі

Генератор қызметі, құрылысы, анықтамасы, түрлері

3) ІІІ топ. Электр энергиясын тарату және жеткізу

1 топқа. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар генераторлар деп аталады.



Генератордың айналатын бөлігі-ротор, ал қозғалмайтын бөлігі-статор.

2 топқа. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрылғыларды трансформаторлар деп атайды.