Файл: Білім беру йымыны атауы 127 мектеплицейі Пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы

№127 мектеп-лицейі

Пәні:

Физика

Бөлім:

Денелердің өзара әрекеттесуі

Педагогтің аты-жөні:

Мамбеева Ж.Б.

Күні:




Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.2.2.8 – күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;

7.2.2.9 – денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау

Сабақтың мақсаты

күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсете алады;

денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

10 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут


Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Джигсо» тәсілімен 5 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау

«wordwal» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұралады
Жаңа сабақ

Оқушылар бейнематериал көреді

https://youtu.be/eFDki5S44Gw

Ортаға екі ер баланы шақырып «Білек күшін» сынасу ойынын ойнатып, оқушыларға жетектеу сұрақтарын қою арқылы денеге әр түрлі күштердің әсер ететіндігін және оның бағыттарын қалай анықтап, есептеуге болатынын бүгінгі сабақтан білетіндігіміз айтылады.

Көрсетілген бейнематериал және ойынның көмегімен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын, мақсатын оқушылар анықтап беріп, дәптерлеріне жазып алады

Денеге бір мезгілде әрекетететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің теңәрекетті күші деп аталады.

Егер екі күш денеге бірбағытта әрекетететін болса, онда олардың теңәрекетті күші де солай қарай бағытталады және осы күштер мәндерінің қосындысына тең:

Егер денеге қарама-қарсы бағытталған екі күш әрекетететін болса, ондаолардың теңәрекеті күші көбірек түсірілген күш жағына қарай бағытталады және осы күштердің мәндерінің айырмасына тең:

 

Егер денеге мәндерібойынша тең, ал бағыттары қарама-қарсы екі күш әрекететсе, онда олардың тең әрекетті күшінольге тең болады






Топтық жұмыс: Әр топқа бір сурет және бір-бір есептен беріледі. Сурет бойынша топ болып жұмыс жасайды. Есепті әр оқушы жеке орындайды

1 топ

1. Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді: F1= 50Н; F2= 100Н; F3= 150Н. Олардың теңәрекетті күші неге тең?

2 топ

2. Дененің қандай да бір нүктесіне әрекет ететін екі қүштің шамасы модуль бойынша 3 Н және 5 Н. Неліктен олардың теңірекетті күші 8 Н және 2 Н болуы мүмкін екенін түсіндіріңдер.



3 топ

Төменде берілген массасы m білеушеге әрекет ететін екі күштің шамалары мен бағыттары бойынша олардың теңәрекетті күшін аңықтаңдар. Ол күш қай жаққа қарай бағытталған?A) F1= 10Н; F2= 10Н; Ә) F1= 3 Н; F2= 8 Н;

Б) F1= 20 Н; F2= 50 Н; В) F1= 5 Н; F2= 15 Н;



4 топ

Денеге бір түзудің бойымен үш күш әрекет етеді: F1= 6 Н; F2= 3 Н; F3= 9 Н. Теңәрекетті күші неге тең? Бұлесептіңдұрыстөртжауабыболуымүмкін.


5 –топ

Денеге бір түзудің бойымен 3Н, 4Н, 5Н күш әрекет етеді. Бұл күштердің теңәрекет күші қандай мәндерге ие болуы мүмкін?


Сабақты бекіту мақсатында қалыптастырушы тапсырмаларын әр оқушы жеке орындайды

1.Электровоз вагондарды 320 кН күшпен тартып келеді. Кедергі күш 180 кН. Бұл күштердің теңәрекет күші неге тең?

2. Денеге 9 Н күш әрекет етеді. (3.45 –сурет) Теңәрекет күші осы күштің бағытымен бағыттас және 7 Н-ға тең болуы үшін қандай күшті қай бағытта түсіруіміз қажет?

3. Денеге F1 ꞊3 кН,F2 ꞊4 кН күш түсірілген (3.46 сурет оқулық). Денеге түсірілген екі күштің теңәрекет күші неге тең және қай жаққа бағытталған?

«Кестені толтыр» әдісі арқылы кері байланыс алу



Күш түрлері

Анықтамасы

Формуласы

1










2










3










4










5












Кері байланыс «Білім почтасы » арқылы жүзеге асады

Үй тапсырмасы:§19 оқу, 97 беттегі 5 есепті шығару

Оқушылар «Джигсо » тәсілімен топтарға бөлінеді. Берілген картада көрсетілген номерлер бойынша әр оқушы өзінің тобына отырады.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Оқушылардың бейнематериал көреді. Сол бойынша ойларын айтып, сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындауға мүмкіндік алады.

Жаңа сабақты дәптерлеріне жазады.

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді

Оқушылар топтық жұмыс орындайды.

Оқушылар топтық тапсырмаларын орындайды

Әр топ бір тапсырмаға жауап береді, есепті шығарады.


Оқушылар кері байланыс береді

Жеке тапсырма орындайды.

Денеге бір түзудің бойымен түсірілген күштердің формуласын пайдаланып есептер шығарады және күштердің бағытын анықтай алады.

Оқушылар кестені толтырады.

«Білім почтасын оқушылар бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды жаңалықтарын жазады.


Дескриптор

1. Әр дұрыс сұраққа – 1 балл

Дескрептор:

  1. Суретті бойынша топқа түсіндере алады. 2. Есепті шығарады

  1. Берілген тапсырманы келесі топқа түсіндіреді


Жалпы балл:3 балл

Дескрептор:

1. Өлшем бірліктерін ХБЖ ауыстыра алады.

2. Денеге әрекет ететін күштерді және тең әрекет күштерді график түрінде кескіндей біледі.

3. Бір нүктеге түсірілген әр түрлі бағыттағы күштерді қосуды біледі.

Жалпы балл:4 балл

Дескрептор: Күш түрлерін біледі

  • Анықтамасын тұжырымдай алады

  • Формуласын жаза алады

  • Жалпы балл- 5 балл




ФИЗИКА 7сынып оқулық

«Дидактикалық материалдар

Топқа бөлуге арналған карталар
https://youtu.be/eFDki5S44Gw

АКТ құралдары, оқулықтар, суреттер

Есептері мен суреттері бар карточкалар