ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 55
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
| Бөлім: Жеңіс күні.Ұлы ерлікке тағзым | Мектеп: М.Дулатұлы атындағы ЖББМ | |||
| Күні: 21.04.2023 | Мұғалімнің аты-жөні: Ержигитова А.С. | |||
| Сынып:7 | Қатысқандар:26 | Қатыспағандар:0 | ||
| Сабақтың тақырыбы: | Соғыс ардагерлеріне тағзым | |||
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.3.1- мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түріндегі берілген процесті сипаттап жазу; 7ӘТН3 Фразеологизм, мақал- мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану | |||
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады: - Берілген тапсырмаларда мақал-мәтелдердің мәнін түсініп, қолдана алады. | |||
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: - Көркем бейнелеуіш,эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, пікірталаста тез әрі дұрыс шешім қабылдай алады. | ||||
| Кейбір оқушылар орындай алады: - Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш,эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдап,өз пікірін өмірмен байланыстыра алады. | ||||
| Сабақ барысы | ||||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||
| Сабақтың басы | Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау. Сабаққа сәттілік тілеу. | | ||
| Сабақтың ортасы | 6-тапсырма. Берілген суреттерге қарап шығайық. Сұрақтар:
Оқылым мәтіні. 7-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып шық. 1-топ: Мәтінге тақырып қойып, жоспар құр. 2-топ: «Төрт сөйлем тәсілі» арқылы оқылым мәтініне шолу жаса. 1.Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді 1 сөйлеммен дәлелде 2. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. 3. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып мысал келтір 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз. 8-тапсырма. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне алғыс айтып хат жаз. Хатта мақал-мәтел,тұрақты тіркестер қолданыып жаз. Дескриптор: - хат құрылымын сақтайды;
«Бейбітшілік жасасын , жер бетінде!” тақырыбында үндеу жариялау. Тірек сөздер: отаншылдық сезім т.б.отты жылдар, қазақ батырлары, ерлік көрсету, бейбіт өмір, бейбітшілік, ақ көгершін; Дескриптор: -Тірек сөздерді пайдалана отырып,берілген тақырыпта үндеуді дайындай алады. - Эмоционалды-экспрессивті сөздерді,мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді үндеуді дайындауда толық қамтиды. ҚБ"Бағдаршам" әдісі арқылы бағалау | Оқулық | ||
| Сабақтың соңы | Кері байланыс "Мұғалімге хат" әдісі Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ұсыныстары мен пікірлерін стикерге жазып, пошта жәшігіне салады. | Стикерлер ,қолдан жасалған арнайы пошта жәшігі | ||