ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 82
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Күн мен жаңбыр»
Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді.т.б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.
«Ұшақтар»
Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшықтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.
«Автобус»
Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.
«Торғайлар»
Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі торғай болып көрсетеді. Тәрбиеші «Торғайлар ұшады!» деп барлық балармен қолын екі жанына созып, сермеп ұшады. «Торғайлар жерге қонып, жем тере бастады деп» барлық балаларды өз орындарында тоқтатып, отырып, саусақтарымен еденді түрткізеді.Содансоң торғайлар ұйқтады деп, екі алақанын бетінің бір жағына қойып, басын қисайтып, көзін жұмады.Тәрбиешінің осы қимылдарды қайта бастауымен ойын жалғасады.
«Төгілген жіптерді жылдам жина»
Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді. Тәрбиеші ортаға бірнеше үлкен орама жіптерді тарқатып тастап, бірнеше балаға ораманы алап жіптің ұшына жеткенше орап кел деп, өзі жіптің басын ұстап отырады. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.
«Ортамызда кім жоқ»
Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы орамалды баланыңбіреуінің үстіне жабады-да балалардан сұрайды, ортамызда кім жоқ?
Тәрбиеші орамалды баланың үстінен көтеріп алып , баланың атын айтады.
Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.