Файл: Реферат Таырыбы азастан айта ру жылдарында (8090жж.).docx
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан «қайта құру жылдарында (80-90жж.)»
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Орындаған:Темірбекова Динара
Тексерген:Гульмира Джамбаулова
Жоспары:
1. Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның экономикасы
2. Қазақстандағы экономикалық өзін-өзі басқару және қаржыландыру концепциясы
3. Ғылым. Мәдениет. Білім
4. Қоғамдық-саяси ұйымдар
4.Желтоқсан оқиғасының басталуы
5. Себептері мен салдары және сипаты
6.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
80-ші жылдардың ортасында Кеңес Одағы экономикалық, әлеуметтік және саяси терең дағдарыстарға тап болды. Қоғамды барлық жағынан оның экономикалық және рухани негізін, әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туындады. Сонымен қатар Кеңестер Одағының құрамындағы ұлттық республикаларда Мәскеудің озбырлық саясатына қарсы наразылықта өрши түсті. Бұл әсіресе Балтық жағалауында орналасқан Эстония, Латвия және Литва елдерінде анық байқала бастады. Орталықтың жүргізіп отырған «интернационализм» саясатының шын мәнінде ұсақ ұлттарды, олардың тілі мен мәдениетін құртуға бағытталғаны сынға алынды. Кеңес өкіметі қанша жерден демогогиялық ұрандарды жамылсада, орталықтың тек орыс ұлтының қамын ойлайтыны белгілі болды.
1985 жылы наурызда К.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. Орталық Комитеттің 1985 жылы сәуірдегі Пленумында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету мәселесіне сәйкес эконмикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл кезең жеті жылға созылды, ол тарихта «қайта құру» кезеңі деп аталды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның ХХVІІ съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайжанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді.
Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді. «Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік және тағы басқа көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Коммунистік партия ұлтсыздандыру, аз халықтарды мәңгүртке айналдыру, одан кейін орыстандыру саясатын ашық жүргізген еді.
Ал қазақ елі болса тоталитарлық қоғамдағы өзгерістерге үлкен үмітпен қарады. Отаршылық бұғаудан босайтынына сенді. Алайда 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғалары қоғамдық өмірдің барлық жақтарын демократияландыру идеясы сол күйінше қиял болып қалғандығын көрсетті. М.С.Горбачев бастап КОКП ОК жария қылған «қайта құрудың» шеткері өлкелерге, аз ұлттарға арналмағаны белгілі болды.
1986 жылдан бастап Мәскеуде республика басшылығының атына, Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтың жеке басына қарсы сындар айтыла бастады. Бәрі де билік басындағылардың ауыстырылуының қажеттілігін түсінді, алайда бұл демократиялық жолмен іске асады деп күтілді.
1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Компартиясының ОК Пленумында Д.А.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа басшылыққа, сол кезде Грузия Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. Сонымен, тоталитарлық режимнің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімен Қазақстанды кім басқару керектігі туралы мәселе шешілді. Бірақ ол республиканың ұлттық мүддесімен санаспағандықтан бұл шешім батыл қарсылыққа тап болды.
Халық шаруашылығының салалык құрылымдары да кеселді қалыпқа түсе бастады. Орта машина жасау министрлігі, Қорғаныс министрлігі дейтіндер республика аумағының нағыз қожалары болып алды. Әр түрлі жоспарлар жасау, жаңа кен орындарын игеру кезінде, іс жүзінде республика мүдделері есепке алынбады. Ведомстволардың қанжығасына түскен миллиардтаған табыстардан республикаға оның титімдей бөлігі ғана бөлініп, ал жергілікті тұрғындарға ештеңе тимеді. Барлық қаржының көпшілігі өндіруші салаларға жіберілді, халықка қажетті тауарлардың 60 процентке жуығы республикадан тыс жерлерден тасымалданды. Мұншалықты «бүрмаланған, отарлық құрылымды экономикасы» бар ел әлемде сирек еді. Идеологиялық тоталитаризм және ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» принципі адамдардың рухани дүниесінің дамуына кеселді әсер етті. Ғылымдар, оның ішінде коғамдық ғылымдар, тарихта ресми саясаттың елгезек «қызметшілеріне» айналып, ал мәдениет болса ұлттық тамырларынан қол үзіп, сұрқай тартып, өңінен айырыла бастады. 1954 жыл мен 1986 жылдар аралығында 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды.
Қазақ тілінің жағдайы төзгісіз халге жетті. Ол қоғамдық орындарда қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге айналды. Тілдің өзіндік өрісі де тарыла түсті, өйткені оны жастардың көпшілігі ұмыта бастағаны былай тұрсын, тіпті оларда ана тіліне деген менсінбеушілік пайда болды. Ұлттық мәдениет пен тілден аластаудың осындай үзақ процесі мәңгүрттердің елеулі тобын дүниеге келтірді. Осындай факторлардың салдарынан қазақ ұлтының көңіл-күйі ауырлай берді. Көптеген адамдар елде жарияланған қоғамдық-саяси өмірді қайта құру бағытына үміт артты. 1986 жылдың ақпан-наурызында Қазақстан Коммунистік партиясының XVI съезі болып өтті. Алайда бұл сьезд де республиканы қаусатқан әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептеріне терең
талдау жасай алмай, тек жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді. Бұрынғы жылдардағы сияқты сөзуарлық байқалып, көрсеткіштер сын көзімен бағаланбады. Республиканың басшылығында ұзақ жылдар бойы отырған дарынды адам Д.А.Қонаевтың өзі де, бүкіл КОКП сияқты, әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалды. Оған республиканың егемендігі сөз жүзінде ғана жарияланған жағдайда жұмыс істеуге тура келді.
Анағұрлым маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Қандай да болмасын жоғарғы жақпен келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, іле-шала қатаң жазаланды.
Д.А.Қонаевтың тағдыры ескі алаңдағы Кремльде шешілді. 1986 жылғы желтоқсанның 16-сы күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартияның Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумды КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана - ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д.А.Қонаевтың орнына Г.П.Разумовскийдің ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс адам Г.В.Колбин тағайындалды.
1.Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның экономикасы
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.
(қаңтар 1987 – маусым 1989)
1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.
1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.
Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.
Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.
Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.
маусым 1989-1991)
Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.
Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.
2. Қазақстандағы экономикалық өзін-өзі басқару және қаржыландыру концепциясы
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегібелгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының(1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады.
Англосаксондық үлгідегі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде жергілікті өкілді орган коммитеттері жергілікті басқару органдары мемлекеттік механизмінің құрамдас бөлігі болып саналып, барынша кең өкілеттілікке ие болады. Бұл үлгі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқарудан айырмасы оның жергілікті сипатында ғана. Еуропа, Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың француздық үлгісі кеңінен таралған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кеңестік үлгісінің әр түрлі көріністерін қазіргі Қытай, Куба, КХДР-дан көруге болады. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдер арасында Эстония, Латвия және Қырғызстанда 1991 — 95 жылдар аралығында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін үйлестіретін заңдар қабылданып, жүзеге асырылды. Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп келеді. Қазақстан Республикасындағы саяси билік пен қоғамдық өмірді демократияландырудағы басты мәселелердің бірі — жергілікті мемл. басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау болып табылады. Бұл ретте шетелдік тәжірибелерді пайдаланумен қатар, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени дәстүрлері ескеріледі. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрлі басқару жолдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың алғышарттары болғандығы белгілі. Рубасыларымен тайпа көсемдері көшпелілердің құрылтайлары мен жиындарында сайланды. Оларға тартыс-таластарды шешуге, өз алдына әскер жасақтарын құруға құқықты өкілет беріліп, рулық қауымдастықтар кең көлемде автономияғаайналды. Қазақ даласы Ресей патшалығының отарына айналғаннан кейін, қалыптасқан дәстүрлер түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1867 — 68 жылдардағы реформалардан кейін қазақ даласы ауылдық, болыстық, округтік әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлініп, Ресей империясының қатаң бақылауында ұсталынды. Аға сұлтандар мен болыстарды, билерді сайлау шартты түрде жүргізілді. Басқарудың тиімділігін арттыру үшін жергілікті қалыптасқан дәстүрлі басқаруды ішінара сақтап қалды. Сол арқылы қазақ халқының жергілікті маңызы бар мәселелерді ауыл және болыстық жиналыс арқылы өз бетінше шешуіне мүмкіндік берілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қазақстан біртұтас кеңестік басқару жүйесінің құрамына енгізілді. Бір орталықтан басқаруға негізделген қоғам жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асырмауға, барынша шектеп ұстауға тырысты.