Файл: Реферат Таырыбы азастан айта ру жылдарында (8090жж.).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 38

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақ КСР-ның 1937 жылғы Конституциясында жергілікті басқару органдары туралы “Облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік, селолық және ауылдық жерлердегі мемлекеттік билік органдары Халық депутаттары кеңесі болып саналады” деп жазылып, жергілікті кеңестердің құрылуына жол ашылған болатын. Алайда, шын мәніндегі жергілікті өзін-өзі басқару болмады, жергілікті мемлекеттік басқарудың жетегінде кетіп отырды. 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында бұрынғы жүйеге көп өзгеріс енгізілген жоқ, мұнда да: “Мемлекеттік биліктің органдары болып еңбекшілер депутаттарының кеңесі саналады” деп жазылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдық сипатының негіздері көрініс таппады. Қоғамдық-саяси өмірді қатаң бақылауда ұстаған тоталитарлық мемлекет жергілікті өзін-өзі басқару тәрізді мемлекеттік емес институттардың қызметіне мүдделі болмады. Жергілікті кеңестер партиялық бюрократияның бет пердесіне айналды. Меншікті түгелдей мемлекет иелігіне алу мен бір партиялық идеология жергілікті халыққа өз бетінше іс-әрекет етудің, өзін-өзі басқарудың ешқандай мүмкіндігін қалдырмады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір нышандарының (жолдастық соттар, аудандық, облыстық, қалалық бақылау коммитеттері, т.б.) қызмет аясы мен құзыреті реттелінді. КСРО тарихында тұңғыш рет 1990 жылы сәуір айында жарияланған “КСРО-дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен шаруашылық жүргізудің жалпы бастаулары туралы” заң жергілікті жерлердегі билікті демократияландыруға қарай жасалынған маңызды бетбұрыс болған еді. Қазақстанда “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” 1991 жылғы 15 ақпандағы Қазақ КСР Заңымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге бірінші қадам жасалынды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңестері, аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, жергілікті референдумдар, жиналыстар (жиындар), азаматтардың конференциялары, өзге де демократияның тікелей нышандары енді. 1992 жылы 13 қаңтарда аталған заңға өтпелі кезеңге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы атқару коммитеттерін алмастырған жергілікті әкімдер институты, іс-жүзінде, өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерінің бірі — жергілікті дербестікке көшуді білдірді. Қазіргі уақытта (2000) Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды құқықтық негізін қалыптастыратын жаңа заң жобасы әзірленуде.
Қаржыландыру
 - кәсіпорындарды, салаларды, жалпы экономиканы, әлеуметтік аяны, аймақтарды дамытуға, елдің ұлттық қорғанысын қамтамасыз етуге және қоғамдық өмірдің басқа аяларын дамытуға жұмсалатын шығынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету. Кәсіпорындардың, түрлі деңгейдегі бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың, жекеше инвесторлардың қаражаты, басқа қаржыкөздерінің есебінен қаржыландырылады. Қаржыландыру көлемі жоспарланған шығыс пен онын қамтамасыз етілу көздері негізінде айқындалады. Коммерциялық кәсіпорындардақаржы ресурстары мен қаржылық өзара қатынастар кәсіпорынның бизнес-жоспарында көрсетіледі (бизнес-жоспардың "Коммерциялық кәсіпорынның бизнес-жоспары" бөлімі)- Сметалық қаржыландыруда тұрған кәсіпорындар мен мекемелерді ұстауға және олардың қызметін кеңейтуге жұмсалатын ағымдағы шығыс негізінен республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердін есебінен қаржыландырылады. Ұйымдардың ақшалай қаражаты тақырыптық-нысаналы мақсаттарына қарай қаржыландыру түрлері: жалақы ұзақ мерзімге пайдаланылатын заттарды сатып алу; жалгерлік (жалдау), көлік шығыны, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс, ағымдағы басқадай шығын. Қаржыландыру қағидаты: жоспарлылык, каражаттың нысаналы мақсатқа жұмсалуы, барлық деңгейдегі бюджеттерден ,бөлінетін каражаттың қайтарылмайтындығы, қаражаттың кәсіпонның бизнес-жоспарына немесе ұйымның сметасына сәйкес жұмсалуы, үнемдеу режимін сақтау.
3. Ғылым. Мәдениет. Білім
Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалалардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпірінде орналасқан. Ол жерлерде молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерлерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті. Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, казиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. Мысалы, орта ғасырдағы Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби білім алды. Беріректе Уфадағы “Ғалия” медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ.1879 – 89 ж. Торғай облысы халық ағарту уч-щелерінің инспекторы қызметінде жүріп, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ мектептерін, 1888 ж. Орскіде мұғалімдер мектебін ашты. Ол “балаларды жазалап оқыту” әдісіне қарсы күресті. Мектептерде ана тіліне қоса орыс тілін, арифметика, табиғаттану сабақтарын өткізуді қуаттады. Алтынсарин патша үкіметі жүргізіп келген бұратана халықтарды орыстандыру – шоқындырып, тілінен, дінінен бездіру сияқты миссионерлік саясатқа қарсылық білдіріп бақты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ мектептері қандай болуы керек деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Ол жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарастағы топтар пайда болды. Бірі – бұратана халықты шала сауатты күйде қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген Н.И. Ильминский бастаған миссионерлер болса, екіншісі – орыс халқының прогресшіл озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеруді көздеген Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар еді. Абай “Дүниенің кілті өнер-білімде”, “Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз”, – деп жастарға жар салды. А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. 



1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектептегі оқу ісі мемлекеттік білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды, көп қаржы жұмсауды және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның бірінші кезеңі 1994 – 97 ж., жалпы білім беретін мектептерді толық білім стандартына көшіру ісін аяқтау 2001 – 02 жылдарды қамтыды. Жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. Белгілі бір білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу, оқуды тегін оқытумен қатар жекелеген ақылы мектептер ашу ісі де жүргізілді. 

Қазақстанда тұңғыш мұғалімдер семинариясы 1883 ж. Ы.Алтынсариннің басшылығымен Орск қаласында ашылды. Ыбырай енгізген оқу-ағарту ісіндегі бір жаңалық – қазақ жастарына арналған тұңғыш кәсіптік мамандық беретін училищилердің ашылуы болды. 

1886 ж. Торғайда қолөнер училищесі, 1888 ж. Торғай мен Ырғызда қыздар пансионаттары, ал 1889 ж. Қостанайда ауыл шаруашығы училищесі ашылды. 

Бұдан кейін 1890 ж. Қарабұлақта, 1893 ж. Қостанайда, 1896 ж. Ақтөбеде қыздар училищесі іске қосылды. Бұл оқу орындарында қолөнері мен ауыл шаруашығы шеберханалары жұмыс істеді. Алтынсариннің кәсіптік білім беру жөніндегі ой-пікірі кеңінен қолдау тауып, 

1902 ж. Семейде мұғалімдер семинариясы ашылып, Орталық Қазақстан өлкесіндегі (Семей, Өскемен, Қарағанды, Ақмола) мектептерге мұғалімдер даярлау ісі қолға алынды. Онда қазақтың аса көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов, М.Ақынжанов, О.Жәутіков, Ә.Сембаев, тұңғыш генерал Ш.Қабылбаев, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов, Кеңес Одағының Батырлары: Ізғұтты Айтықов, В.А. Шулятников, Б.Бунтовских, Социалистік Еңбек Ерлері: Ж.Шәйжүнісов, М.А. Носова, Д.М. Парлей, т.б. оқыды. Кейін мұғалімдер семинариясы Ташкент, Омбы, Орал, Ақтөбе, Алматы, Ақмола қалаларында ашылды. 1883 – 1920 ж. аралығында оны 300-дей қазақ балалары бітіріп шықты.1941 ж. КСРО-да 1 млн-ға жуық оқушысы бар арнаулы орта білім беретін 3773 оқу орны жұмыс істеді. Ал 1957 – 58 оқу жылдарында техникумдар мен уч-щелерде, арнаулы мектептерде 2 млн. оқушы болды. 1940 – 41 оқу жылында арнаулы орта білім беретін 118 мектепте 30 мың оқушы оқыды. 1969 – 70 оқу жылында бұл мектептердің саны 186-ға жетіп, 43610 оқушысы болды. 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдары арнайы орта білімді мамандарды неғұрлым қысқа мерзімде даярлау қажеттігіне байланысты бұл оқу орындарына 9 сыныпты бітіргендер ғана емес, орта мектепті бітірген жастар да қабылданатын болды. Олар 1,5 – 2 жыл ішінде арнайы мамандықты игеріп, өндіріске жолдама алды.Арнаулы орта білім беру саласында оқушыларды еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру жүйесі негізінен орнығып, тиімді түрлері мен әдістері белгіленді. Жоғары сынып оқушыларын еңбекке баулудың және кәсіптік бағдарлаудың ұйымдық нысандары мен мазмұнында елеулі өзгерістер болды. КОКП ОК мен КСРО Мин. Кеңесінің “Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу мен оларды еңбекке баулуды одан әрі жетілдіру туралы” қаулысы жастарды материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даярлау және болашақ мамандықты дұрыс таңдау ісіндегі жаңа бір маңызды кезең болып, еңбекке баулуды ғылыми негізде жүйелі жүргізу және оқушыларға кәсіптік бағдар беру негізінен орындалды. Мектептер кәсіптік-техникалық уч-щелермен тығыз байланыс жасап тұрды. Мектеп реформасын жүзеге асыру бағытында бірлескен кешенді шаралар белгіленді. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берумен қатар электронды-есептеуіш микропроцессорлы техникамен қоса металлургия өндірісін, автоматика, телемеханика негіздерін оқыту қолға алынды. Ауыл мектептеріндегі оқушылар мал ш-нда жұмыс істеуге үйренді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, дала қостары өмірге келді. Олар экон. жағынан тиімді болып, кезінде елдің азықалатүлік бағдарламасына елеулі үлес қосты. 1991 ж. жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта білім беретін оқу орындары: лицей, гимназия, кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер өмірге келді. 2003 ж. республикада – 108 гимназия, 63 лицей, 289 лицейлік және гимназиялық
сыныптары бар мектептер, дарынды балаларға арналған 30 мектеп жұмыс істеді. Сондай-ақ, 312 кәсіптік-техникалық мектепте 89 мыңнан астам оқушы, 382 колледжде 207 мыңнан астам студент оқыды

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениеттіқайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.

Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. БайтұрсыновЖ. АймауытовС. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияровқұрастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.

Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару СемейОмбыОрал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттермен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Санкт-Петербургтередакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.

Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералинболды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда 
ауыз әдебиетіэтнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторыСағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалаларданбасқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиетіжөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиетіжөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.

1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татаржәне қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газетішыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқайболған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады.[1]

20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі жеңіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туады деген сенімде болды. Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфендияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды.