Файл: 10сынып шін Физика пнінен жаартылан мазмндаы оу бадарламасын жзеге асыру бойынша за мерзімді жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 75
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы
10-сынып үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
ұзақ мерзімді жоспар
-
10-сыныптаЖМБ: 5 зертханалық жұмыс, 0 практикалық жұмыс жүргізіледі.
Физика 10 Барлығы 72сағат, аптасына 2 сағат.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 1 тоқсанда-3
2 тоқсанда-3
3 тоқсанда-3
4 тоқсанда-2
р/с | Бөлім | Сабақтардың тақырыбы | Оқудың мақсаттары | Сағат саны | мерзімі | |
| 1-тоқсан (17 сағат) | | | |||
1 | Кіріспе | Қазіргі замандағы физиканың рөлі | 10.1.1.1 - қазіргі замандағы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз ойын дәйектеу; | 1 | | §1 |
2 | Физикалық өлшеулер | Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» | 10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу; 10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау; 10.1.2.3 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу; | 1 | | §2 |
3 | Кинематика | Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары | 10.2.1.1 - жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару 10.2.1.2 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану; | 1 | | §3 |
4 | Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар Галилейдің салыстырмалылық принципі | 10.2.1.3 - инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату; 10.2.1.4 - жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану; | 1 | | §4 | |
5 | Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы Есептер шығару | 10.2.1.5 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау; 10.2.1.5 - қисык сызықты қозғалыс және центрге тартқыш үдеуге есептер шығару | 1 | | §5 | |
6 | Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы БЖБ 1 №2 Зертханалық жұмыс «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу» | 10.2.1.6 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларды анықтау; 10.2.1.7 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу; | 1 | | §6 | |
7 | Динамика | Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары | 10.2.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру; 10.2.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру; | 1 | | §7 |
8 | Бүкіл әлемдік тартылыс заңы Есептер шығару | 10.2.2.2 - инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру; 10.2.2.3 - материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру; 10.2.2.4 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану; | 1 | | §8 | |
9 | Абсолют қатты дененің инерция моменті | 10.2.2.5 - материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану; | 1 | | §9 | |
10 | Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. №3 Зертханалық жұмыс «Көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену» | 10.2.2.6 - айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану; 10.2.2.7 - айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу 10.2.2.8 - дененің инерция моментін тәжірибелік әдіспен анықтау; | 1 | | §10 | |
11 | Статика | Массалар центрі. | 10.2.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау; | 1 | | §11 |
12 | Тепе-теңдік түрлері. №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» Есептер шығару БЖБ 2 | 10.2.3.2 - әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату; 10.2.3.3 - күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау; 10.2.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау; | 1 | | §12 | |
13 | Сақталу заңдары | Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы. | 10.2.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану; | 1 | | §13 |
14 | Сұйықтар мен газдардың механикасы | Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш. | 10.2.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау; 10.2.5.2 - үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану; | 1 | | §14 §15 |
15 | Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағуы БЖБ 3 №5 Зертханалық жұмыс «Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу» | 10.2.5.3 - Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану; 10.2.5.4 – эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну; | 1 | | §16 | |
16 | Тоқсандық жиындық бағалау | | 1 | | | |
17 | | Тоқсандық қайталау | | 1 | | |
| 2 тоқсан (16 сағат) | | | | ||
18 | Газдардың молекула-лық- кинетика-лық теория негiздерi | Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. | 10.3.1.1 - Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану | 1 | | §17,18 |
19 | Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе. Температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі | 10.3.1.1 - Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану 10.3.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау; | 1 | | §,18 | |
20 | Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi | 10.3.1.2 - идеал газ моделін сипаттау; 10.3.1.3 - МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану; | 1 | | §19 | |
21 | Газ заңдары | Идеал газ күйінің теңдеуі | 10.3.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін келтіріп шығару; | 1 | | §20 |
22-23 | Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері. Дальтон заңы | 10.3.2.2 - тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу (Бойль-Мариотт заңы); 10.3.2.3 - тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы); 10.3.2.4 - тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу (Шарль заңы); | 2 | | §21 | |
24 | Газ заңдарына есептер шығару БЖБ 4 | 10.3.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану; | 1 | | | |
25 | Термодинамика негiздерi | Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. | 10.3.3.1 - бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану; 10.3.3.1 - термодинамикалық жұмыс формуласын есептер шығаруда қолдану; | 1 | | §22 |
26 | Жылу мөлшері, жылусыйымдылық. Ішкі энергия және жұмыс формулаларына есептер шығару | 10.3.3.1 - Жылу мөлшері, жылусыйымдылық формуласын есептер шығаруда қолдану; 10.3.3.1 - ішкі энергия және жұмыс формулаларын есептер шығаруда қолдану; | 1 | | §22 | |
27 | Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі | 10.3.3.2 -термодинамиканың бірінші заңына есептер шығару; 10.3.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану; 10.3.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын адиабаталық процеске қолдану; | 1 | | §23 | |
28 | Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодина-ның екiншi заңы. Жылу қозғалтқыш және оның ПӘК-і. Карно циклі. БЖБ 5 | 10.3.3.2 - қайтымды және қайтымсызпроцестердің айырмашылығын, термодинамиканың екiншi заңы ұғымымен, энтропия түсінігімен танысу; 10.3.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау; 10.3.3.4 жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдану; | 1 | | §24 | |
29 | Сұйық және қатты денелер | Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы. Фазалық диаграммалар. Үштік нүкте. Заттың кризистiк күйi | 10.3.4.1 - гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау; 10.3.4.1 –заттың фазалық күйлерімен және олардың диаграммаларымен танысу; | 1 | | §25 |
30 | Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар БЖБ 6 | 10.3.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әр түрлі тәсілдермен анықтау; 10.3.4.2 –сұйықтардың жұғатын және жұқпайтын қасиеттері, қылтүтіктік құбылыстар олардың табиғаттағы рөлімен танысу; | 1 | | §26 | |
31 | Кристалл және аморф денелер. Қатты денелердің механикалық қасиеттері | 10.3.4.3 - әр түрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату; 10.3.4.4 - серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау; | 1 | | §27 | |
32 | Тоқсандық жиындық бағалау | | 1 | | | |
33 | Тоқсандық қайталау | | 1 | | | |
| 3 тоқсан (20 сағат) | | | |||
34 | Электроста Тика | Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы | 10.4.1.1 – электр эарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану; | 1 | | §28 |
35 | Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі | 10.4.1.2 – суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану; | 1 | | §29 | |
36 | Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны. Гаусс теоремасы | 10.4.1.3 – зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану; | 1 | | §30 | |
37 | Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы. Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы | 10.4.1.4 – нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын анықтау; | 1 | | §31 | |
38 | Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс | 10.4.1.5 – электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану; 10.4.1.6 – гравитациялық және электростатикалық өрістердің күштік және энергетикалық сипаттамаларын салыстыру. 10.4.1.6 – біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымына есептер шығару; | 1 | | §32 | |
39 | Электр өрісіндегі өткізгіштер Электр өрісіндегі диэлектриктер; | 10.4.1.7 –өткізгіштердің электрлік қасиетімен танысу; 10.4.1.7 – диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электросттикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау; | 1 | | §33 | |
40 | Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау | 10.4.1.8- электрсыйымдылық ұғымымен танысу; 10.4.1.8 – конденсатор сыйымдылығының оның параметрлерінен тәуелділігін зерттеу; 10.4.1.9 – конденсаторларды тізбектей және параллель жалғаудың формулаларын есептер шығаруда қолдану; | 1 | | §34 | |
41 | Электр өрісінің энергиясы; Электр өрісінің энергиясына есептер шығару БЖБ 7 | 10.4.1.10 – электр өрісінің энергиясын есептеу; | 1 | | §35 | |
42 | Тұрақты ток | Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. | 10.4.2.1 - тізбек бөлігіне арналған Ом заңын қолдануды үйрену; | 1 | | §36 |
43 | Өткізгіштерді аралас жалғау №6 Зертханалық жұмыс «Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену» | 10.4.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану; 10.4.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу; | 1 | | | |
44 | Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісі. | 10.4.2.3 - ток көзінің әртүрлі жұмыс режимі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) кезіндегі кернеу мен ЭҚК -інің арасындағы байланысты зерттеу; | 1 | | §37 | |
45 | Толық тізбек үшін Ом заңы; №7 Зертханалық жұмыс «Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтау» | 10.4.2.4 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану; 10.4.2.5 - эксперимент арқылы ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтау; | 1 | | §38 | |
46 | Кирхгоф заңдары Кирхгоф заңына есептер шығару | 10.4.2.6 - тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану; | 1 | | §39 | |
47 | Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і БЖБ 8 | 10.4.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің ПӘК-ң формулаларын есептер шығаруда қолдану; | 1 | | §40 | |
48 | Әр түрлі ортадағы электр тогы | Металдардағы электр тогы. Асқын өткiзгiштiк | 10.4.3.1 - металдардағы электр тоғын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау 10.4.3.2 - жоғары температурадағы асқын өткізгішті материалдарды алудың жолдарын талқылау; | 1 | | §41 |
49 | Жартылайөткiзгiштердегi электр тогы. Жартылайөткізгішті құралдар; №8 Зертханалық жұмыс «Шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы» | 10.4.3.3 - жартылайөткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылайөткізгішті құралдардың қолданылу принципін түсіндіру; 10.4.3.3 –металдағы және жартылайөткізгіштегі электр тоғына есептер шығару; 10.4.3.4 - шамның қылсымының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу; | 1 | | §42 | |
50 | Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы БЖБ 9 №9 Зертханалық жұмыс «Бір валетті ионның электр зарядын өлшеу» | 10.4.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау; 10.4.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану; 10.4.3.6 - электролиз үдерісіндегі электронның зарядын эксперимент арқылы анықтау; | 1 | | §43 | |
51 | Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы Электронды-сәулелік түтікше | 10.4.3.7 - газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау; 10.4.3.8 - электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру; | 1 | | §44 | |
52 | | Тоқсандық жиындық бағалау | 1 | | | |
53 | | Тоқсандық қайталау | 1 | | | |
| 4 –тоқсан (19 сағат) | | | |||
54 | Магнит өрiсi | Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері | 10.4.4.1 - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.)мен есептер шығару арқылы түсіндіру; | 1 | | §45 |
55-56 | Магнит индукция векторы. Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі Магнит өрісіндегі тогы бар контур | 10.4.4.1 – магнит өрісінің тоғы бар өткізгішке әсерін анықтауды үйрену; | 2 | | §45 | |
57-58 | Ампер күші, сол қолы ережесі; Ампер күшіне есептер шығару | 10.4.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру; 10.4.4.2 - ампер күшіне есептер шығару; | 2 | | §46 | |
59-60 | Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы Лоренц күшіне есептер шығару | 10.4.4.3 - токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмы істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру 10.4.4.4 - зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу; 10.4.4.4 - Лоренц күшіне есептер шығару | 2 | | §47 | |
61 | Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температуры БЖБ 10 | 10.4.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау; 10.4.4.6 - магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау; | 1 | | §48 | |
62-63 | Электромагниттiк индукция | Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттiк индукция құбылысы Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағынына есептер шығару | 10.4.5.1 - Электромагниттік құралдардың( электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу; 10.4.5.1 - Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағынына есептер шығару | 2 | | §49 |
64-65 | Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі. Жылжып келе жатқан өткізгіштердегі индукцияның ЭҚК Максвелл гипотезасы Өздік индукция. Индуктивтілік | 10.4.5.2 - электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану; 10.4.5.2 - Өздік индукция құбылысымен танысу, катушканың индуктивтілігін есептеуді үйрену; | 2 | | §50 | |
66-67 | Магнит өрісінің энергиясы | 10.4.5.3 - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу; 10.4.5.3 - магнит өрісінің энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану; | 2 | | §51 | |
68-69 | Электр қозғалтқыш БЖБ 11 Тұрақты және айнымалы токтың электр генераторыТрансформаторлар | 10.4.5.4 - қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы, ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру; | 2 | | §52 | |
70 | Тоқсандық жиындық бағалау | | 1 | | | |
71 | | Қайталау | 1 | | | |
72 | | Жылдық қорытынды | 1 | | | |
| | | 72 сағат | | |