Файл: Сценарий 14 Суір ашытар кНІ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 123

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СЦЕНАРИЙ

14 СӘУІР ҒАШЫҚТАР КҮНІ
1-жүргізуші: Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.
2-жүргізуші: Сан мыңдаған ғасырлар бойы аттары аңызға айналған жұптардың жалынды жырлары мен махаббат хикаялары күні бүгінге дейін сақталып отыр.
1-жүргізуші: 15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні таяп келеді. Махаббатқа тұнған жүректер лүпіл қағып, осы бір аяулы мерекені асыға күтіп жүрген шығар. Әлбетте. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер де бар-ау.
2-жүргізуші: Өзгенің қызығына көзімізді қызартпай, төл мәдениетіміз бен төл әдебиетіміздің кейіпкерлерін ұлықтау мақсатында өткізілгелі отырған «Махаббат қызық мол жылдар» атты кешімізге
Бірге: Қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Қанша ғашық арманына ұмтылды,

Қанша жүрек құштарлықпен бұлқынды,

Ғашықтарды құрмет тұтып адамзат,

Ешқашанда ұмытпайды бұл күнді!

Шуақ шашып қап - қараңғы түнектен,

Ғашықтарды пәк сезіммен нұр сепкен,

Жарық болсын әрқашан да жұлдызың,

Құттықтаймыз Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнімен!
2-жүргізуші: «Махаббатсыз дүние бос» дегенді айтқан абыз Абайдың, Мағжан мен Қасымның, Мұқағали мен Жұматайдың жырлары қаншама ғашықтың жан жарасын жазды. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық.
1-жүргізуші: «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырында, екі ғашықтың бір-біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. Бұл екі ғашық шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Екеуі  бастапқыда  бір-бірін көрмей ғашық болады. Ал, көргеннен кейін олардың арасындағы сезім үдей түседі. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.
2-жүргізуші: Білесіздер ме, қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеген мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді. Қосымша қызықты мәлімет, 15 сәуірде Грузияда да Ғашықтар күні тойланады екен.

1-жүргізуші: Айтпақшы бүгін бізде тек қана ғашықтар күні ғана емес, ХҚФ айдай сұлу+эпитеттер аруымыз Гульнара Серикбаевнаның туған күні екен. Қанекей, бәріміз апайымызды ду қол шапалақтап, құттықтайық.
Құттықтау сөз: ХҚФ деканы Жекенов Думан Құрманғазыұлына беріледі.

Құттықтау сөз
1-жүргізуші: Әзілхан Нұршайықовтың қай шығармасын алсақта әділдікке,еңбекшілдікке тәрбиелейді. Оның әрбір туындысы өмірден алынған,ащы шындық. Туындыларының ішінде жаныма жақыны “Махаббат қызық мол жылдар” романы.

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат қызық мол жылдар?

Ақырын-ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар, -деген Абай атамыздың өлең жолдарымен бастау алған бұл шығарманы бір емес,бірнеше мәрте қайталап оқып шықтым. 
2-жүргізуші: Пах, шіркін! Олай болса, «Махаббат – дүниедегі барлық күштің, барлық қуаттың бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» – деп айтқан Әзілхан ағамыздың сөзін білетін шығарсыз?!

Сізге сұрағым бар, егер өзіңіздің махаббатыңызды кездестірсеңіз, мүмкін кездестіріп қойсаңыз, оны қалай ерекше түрде еркелетер едіңіз?
1-жүргізуші: Бұл сұрағыңа ХҚФ факультетінің абыройын қорғап, сайысқа қатысып жатқан 1 курс студенті Анельдің орындауындағы әнмен жауап берейін. Қарсы алыңыздар, ӘН «Асылым» - Анель
2-жүргізуші: Неткен романтик едіңіз.

Қазіргі таңда шынайы махаббат жоқ деп айтатын адамдар да кездеседі. Оларға Тұманбай Молдағалиевтің мына өлең шумақтарын айтқым келеді:

Махаббатты жоқ деп жүрген ауыздың,

Айтары да айтпағы да жауыздық.

Сүймегендер – аянышты пенделер,

Ғашықтарды жырлайды ақын аңыз ғып.

Арбамайды жүрегімде өзге өлең,

Меңреу жан ғой махаббатты сезбеген,

Ғашықтықтан туды менің бар жырым,

Жыр жазбаймын ғашық емес кезде мен.
1-жүргізуші:

ОЙЫН

«Сұрақ-жауап»- ертегілер бойынша сұрақтар қойылады, тапқан адамға приз (ашық хат+шоколад) (көрермендермен)

  1. Шаруа ұлы шах қызына қандай шығыс ыдысының көмегімен үйленді? (Аладдиннің сиқырлы шамы)

  2. Қандай үй жануары иесіне патша қызына үйленуге көмектесті? (Етік киген мысық- кот в сапогах)

  3. Қай ертегіде ханзада ханшайымды отты айдаһармен күресіп, сүйіп оятты? (Ұйқыдағы ару)

  4. Қай ертегіде қыздың махаббаты құбыжықты ханзадаға айналдырады? (Ханшайым және құбыжық)

  5. ...



2-жүргізуші: Адамдарға мына өмірді сонша қызықты және тартымды етіп тұрған құдірет – бақыт екендігі күмәнсіз шындық. Әрбір адам баласы осы дүниеде бақытқа ұмтылып, үнемі бақытты болып жүргенді қалайды. Ал бақыт деп отырғанымыз не? 

НОМЕР+ГИТАРА «Бақыт деген не?»
2-жүргізуші: Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

1-жүргізуші: Сені іздеумен мәңгілік өтер едім!

2-жүргізуші: Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

1-жүргізуші: Жел боп қуып, ақыры жетер едім!

2-жүргізуші: Отқа түсіп өртенсем не етер едің?

1-жүргізуші: Күл боп бірге соңыңнан кетер едім!

2-жүргізуші: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

1-жүргізуші: Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін!!!

2-жүргізуші: О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің.

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің,

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің???
1-жүргізуші:

ОЙЫН

Жұбыңды тап- 6 ұл, 6 қыз ортаға шығады, сәйкесінше әр қыз бен ұлға әдеби шығармадан кейіпкерлер есімімдерімен ашық хаттар беріледі, әркім өз жұбын табуы тиіс +кімнің қай шығармасы екенін табу керек:

  1. Қозы- Баян;

  2. Еңлік- Кебек;

  3. Айша бибі- Қарахан;

  4. Қыз жібек- Төлеген;

  5. Ләйлі- Мәжнүн;

  6. Қалқаман- Мамыр;


1-жүргізуші: Ал ендігі сұрағым саған егер өзіңнің махаббатыңды кездестірсең, мүмкін кездестіріп қойсаң, оның несі саған ұнайтын еді?
2-жүргізуші: Ортамызда Төлегендей сүйе білсең, Жібегің болып өтейін, - дейтін арулар отыр. Сондықтан көпшілік арулардың атынан бұл сұрағыңызға көп созбай, әдептен озбай, менде ХҚФ факультетінің 2 курс студенті Еркежанның орындауындағы әнмен жауап қайырайын. Ортада,

ӘН «Ұнайды маған» - Еркежан
2-жүргізуші: Осы ретте Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” атты кітабынан қыздарға 4 кеңес айтып өтсем:

1. Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

2. Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағыңды жоясың.

3. Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.

4. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ. Жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.
1-жүргізуші: Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу - маржан сөз қазынасына ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жеткен Жібектей Қыздардың бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп дараланып көрінер еді.


2-жүргізуші: Махаббат тақырыбы әдебиетте сонау көне заманнан бері жырланып келеді. Қанша мол жазылып, көп шиырланғанымен махаббаттың сырлы шежіресін ешкім де жазып тауысқан емес. Олай болса, көрермендеріміздің халқымыздың махаббат жыр-дастандарын қалай білетіндігін сынап көрейік.

ОЙЫН

Сұрақ-жауап- дастандар бойынша сұрақтар қойылады, тапқан адамға приз (ашық хат+шоколад) (көрермендермен)

Сұрақтар:

  1. Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатына ара түскен кім? (Бекежан)

  2. Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі? (Қодар)

  3. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер? (Қозы Көрпеш - Баян сұлу)

  4. "Еңлік-Кебек" дастанының авторы (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

  5. ...


1-жүргізуші: Қалың елім қазағымның сөзі керемет қой, шіркін. Соның бірі ретінде Ғабит Мүсіреповтің мына сөзі керемет айтылған екен. "Қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой"
2-жүргізуші: [тоже в ответ әйел кісінің нақыл сөзін айтады]
1-жүргізуші: Бүгін біздің аламанда дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін

Қош келіпсіз көрермендер, сергісін бой, -демекші,

БИ
1-жүргізуші: Абай «Әй, керімім» деп Шүкмән сұлуды Тоғжанға ұқсатқанда... Петрарка Лаурасына мың сонет арнағанда... Есенин Айсидораның ажарын айға балағанда... Жұматай Ләйләні іздеп «эфирлерден жылағанда»... Светқали Ақханшасына ынтыққанда... Мирас Жадырасына «Соңғы раушанын» сыйлағанда... осынау кіршіксіз нәркес сезімнің құдіреті өмірге өң беріп тұрды, әлемге әл беріп тұрды...
2-жүргізуші: Осымен 15 сәуір - ұлттық ғашықтар күніне арналған «» кешіміз аяқталды. Адам атаулының туған жерге, ата-анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір, мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін!

Көктем келгенде, бір-бірімізді ойға алайық... Жоқ... Ғұмыр бойы бір-бірімізді аңсайық, сүйейік, сағынайық...

Махаббаттарыңыз баянды болсын!
Бірге: ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!