Файл: Павлодар аласы білім беру блімі Білім алушыларды білім жетістіктерін мониторингілеуге арналан дидактикалы тесттер жиынтыы Павлодар, 2022 жыл Мазмны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 362
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге
арналған дидактикалық тесттер
жиынтығы
Павлодар, 2022 жыл
Мазмұны
-
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі дидактикалық тапсырмалар жиынтығына пікірлер -
Аннотация -
Кіріспе -
Тапсырмалар мазмұнының сипаттамасы -
Жұмыстың болжамы (күтілетін нәтиже) -
Оқу сауаттылығы бойынша тест спецификасы -
Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары -
Математикалық сауаттылығы бойынша тест спецификасы -
Математикалық сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары -
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тест спецификасы -
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тест тапсырмалары -
Жауап кілттері -
Қолданылған әдебиеттер
Аннотация
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
ББЖМ әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, дайындық пен өткізуді, тестілеу нәтижелерін өңдеу мен жүйелі талдауды қамтиды.
Кіріспе
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингілеу
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы
8- қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді.
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
ББЖМ әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, дайындық пен өткізуді, тестілеу нәтижелерін өңдеу мен жүйелі талдауды қамтиды.
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі. Тыңдалым, оқылым әрекетіне байланысты оқушылар мәтіндерді түсініп сұрақтардың дұрыс жауабын белгілейді.
4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут).
Максималды балл – 30.
Бұл тапсырмалар 4- сынып оқушыларына тыңдалым, оқылым бойынша жүйеленеді. Тақырыптың ерекшелігіне қарай тыңдалым, оқылым әрекетінің түрлерін кешенді түрде қолдану міндеттеледі.Тыңдалым, оқылымды алып отырған себебіміз, 4- сынып оқушыларын ББЖМ-ға дайындау мақсатымен құрастырылған.
Көмекші құралдың тапсырмалары қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану сабақтарында меңгерген материалын қайталау арқылы, есте сақтауына, оны жете меңгеруіне көмектеседі. Көптілді тұлға даярлау міндетін алға қойып отырған бүгінгі уақыт талабы қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай меңгертілуін қажет етеді. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі, әлемдегі бес мыңнан аса тілдің бірі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданысқа енуінде үздіксіз білім беру жүйесінің жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту сапасын арттыру маңызды фактор болып саналады.
Түсінік хат
Оқу сауаттылығы бойынша тапсырма мазмұнының сипаттамасы
Тест екі мәтіннен тұрады: бірінші мәтін /ссылка беріледі/ тест тапсырмаларынан тұрады, мәтіндегі сөздердің көлемі 130сөзден аспайды. Екінші мәтін 6 тест тапсырмасынан тұрады, мәтіндегі сөз саны – 200 сөзден аспайды.
Оқу сауаттылығы бойынша тест 10 тапсырмадан тұрады:
қолдануға арналған 3 тест тапсырмасы мәтіннен ақпаратты таба алуға, мәтіннің формасы мен тілінің кейбір ерекшеліктерін қолдана отырып, оның негізінде қорытынды жасай білуге бағытталған;
анализге арналған 5 тест тапсырмасы мәтіннен ақпаратты оқи алуға, мәтіннен ақпаратты таба алуға, мәтіннің формасы мен тілінің кейбір ерекшеліктерін қолдана отырып, оның негізінде қорытынды жасай білуге негізделген;
синтезге арналған 2 тест тапсырмасы мәтіндегі хабарламаларды түсінуге , мәтінге сүйене отырып өзінің тұжырымын жасауға, тесттің формасы мен мазмұнын бағалауға бағытталған. Тест тапсырмалары қиындық деңгейінің өсу ретімен, яғнги, қарапайымнан күрделіге дейін және одан да күрделі реттілік бойынша орналасқан.
Тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде беріледі
Базалық деңгей -30%
Мәтіннен нақты сипатталған бөлшекті табу және анықтау.
Мүмкіндік деңгей- 50%
Әңгіме, ертегі, халық ауыз әдебиетінің шағын жанрдағы шығармаларының ерекшеліктерін анықтау;
Кейіпкердің сыртқы түрін сипаттау, оның іс-әрекеттерін бағалау, олардың рөлдерін салыстыру, бейнелеу;
Сюжетін сипаттау, даму процесінде пейзаждың, кейіпкердің іс-әрекеттерінің өзгеруін ажырату;
Көркем шығарманың эпизодын суретте көрсетілуімен салыстыру;
Жоғары деңгей- 20%
Мәтіннің тақырыбы негізгі ой-өрісін анықтау;
Мәтіннің әр бөлігінде жасырылған бөліктерін табу және анықтау;
Оқиғалар арасындағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері, ниеттері мен сезімдері арасындағы байланысты түсіндіру үшін мәтіннің әр бөлігінде астарлы тұжырымды негіздеу;
Мәтін мазмұнын түсіну үшін тарихи оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің мағынасын бағалау;
Кейбір тілдік сипаттамалардың мағынасын түсіну ;
Тест тапсырмаларының формасы
Бір дұрыс жауапты жабық формадағы тест тапсырмасы.
Тест тапсырмасының орындалу уақыты
Бір тест тапсырмасын орындауға орташа 3-3,5 минут. Жалпы тестті орындау мәтінді оқуға жұмсалатын уақытты ескере отырып 35 минут құрайды.
Тесттің орындалуын бағалау
Оқушы әрбір дұрыс жауап берген тест тапсырмасы үшін 1 балл, барлық тестті дұрыс орындаған жағдайда – 10 балл алады.
Математика бойынша тапсырма мазмұнының сипаттамасы
Тест бір дұрыс жауапты 12 тест тапсырмасынан тұрады. Базалық математикалық сауаттылықты тексеруге арналған 4 тест тапсырмасы, математикалық модельдердің интерпретациясы, негізгі білім және біліктілікті жаңғыртуға арналған 6 тест тапсырмасы, басқа пәндерді оқытуда және күнделікті өмірде қолданылатын математикалық білім мен біліктілікті тексеруге арналған 2 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмалары қиындық деңгейінің өсу ретімен, яғни, қарапайымнан күрделіге дейін және одан да күрделі реттілік бойынша орналасқан.
Тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде беріледі
Базалық деңгей -30%
Қарапайым білім мен дағдыны қолдану, қарапайым модельдер мен ойларды стандартты жағдаяттарда қолдану, қарапайым мәтіндердің мәнән түсіну және іс-әрекеттерді орындауға қажетті ақпаратты анықтау, стандартты жағдаяттарда көрсетілген нұсқаулар көмегімен қарапайым іс-әрекеттерді орындау.
Мүмкіндік деңгей- 50%
Негізгі білім мен дағдыны қолдану, қарапайым модельдер мен ойларды стандартты жағдаяттарда қолдану, қарапайым мәтіндердің мәнін түсіну және іс-әрекеттерді орындауға қажетті ақпаратты анықтау, стандартты жағдаяттарда көрсетілген нұсқаулар көмегімен қарапайым іс-әрекеттерді орындау.
Жоғары деңгей- 20%
Күрделі білім мен дағдыны қолдану, қарапайым модельдер мен ойларды стандартты жағдаяттарда оқу, қарапайым мәтіндердің мәні мен түсіну және іс-әрекеттерді түсіну, жаңа жағдаяттарда көрсетілген қарапайым іс-әрекеттерді орындауекі немесе одан да көп кезеңдерден тұратын тұжырымдар жасау.
Тест тапсырмаларының формасы
Бір дұрыс жауапты жабық формадағы тест тапсырмасы.
Тест тапсырмасының орындалу уақыты
Бір тест тапсырмасын орындауға орташа 1,2-2 минут, жалпы тестті орындауға 24 минут құрайды.
Тесттің орындалуын бағалау
Оқушы әрбір дұрыс жауап берген тест тапсырмасы үшін 1 балл, барлық тестті дұрыс орындаған жағдайда – 12 балл алады.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тапсырма мазмұнының сипаттамасы
Білім алушылардың білім сапасын бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бағалау.
Білім алушылардың жаратылыстану пәні білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде және әлемді түсіну мен сипаттауда пайдалана білу дағдыларын бағалау.
Тест мазмұнына бастауыш деңгейдегі жаратылыстану пәні білім берудің негізділіктеріне сәйкес тақырыптар енгізіледі.
Бір тест тапсырмасын орындауға 1,5-2 минут жалпы тестті орындауға
16 минут уақыт беріледі.
Оқушы әрбір дұрыс жауап берген тест тапсырмасы үшін 1 балл, барлық тестті дұрыс орындаған жағдайда -8 балл алады.
Тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде беріледі
Базалық деңгей -30%
Мүмкіндік деңгей- 50%
Жоғары деңгей- 20%
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі дидактикалық құралының мақсаттары:
-Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш білім алушылардың білім сапасын бағалау;
-Білім алушылардың оқу сауаттылығын күнделікті өмірде және әлемді түсіну мен сипаттауда пайдалана білу дағдыларын бағалау;
-Оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастыру арқылы олардың алған білімін саралап, қорытындылау көзделген.
-Білім жетістіктерін мониторингілеудің басты мақсаты -оқушылардың қазақша сөйлеу, ойын дұрыс жеткізу сияқты қоммуникативтік қабілеттерін дамыту болғандықтан, әрбір сабақтың нәтижесі оқылым, тыңдалым әрекетіне құрылған тапсырмалармен бекітіледі.
Білімалушылардың білім жетістіктерінің мониторингі дидактикалық құралының міндеттері:
-Білім алушылардың математикалық білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде және әлемді түсіну мен сипаттауда пайдалана білу дағдыларын бағалау.
-Оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастыру арқылы олардың алған білімін саралап, қорытындылау. Тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, бастауыш білім алушылардың білім сапасын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес және оқу сауаттылығын күнделікті өмірде және
әлемді түсіну мен сипаттауда пайдалана білу дағдыларын бағалауды ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже:
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда жағымды қарым-қатынас орната отырып, оның ішкі сезімдерін қозғап, рухани дүниесіне жол табу оқушы бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың дамуына ықпал етеді.
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге
оқу сауаттылығы бойынша
тест жиынтығы
4-сынып
ББЖМ-не арналған оқу сауаттылығы бойынша