Файл: Павлодар аласы білім беру блімі Білім алушыларды білім жетістіктерін мониторингілеуге арналан дидактикалы тесттер жиынтыы Павлодар, 2022 жыл Мазмны.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 364

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


тест спецификациясы 4-сынып

Құрастырғандар:

Білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің әдіскері:

Шолпан Шаханқызы Қайырғазина, «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингілеуге арналған дидактикалық тесттер жиынтығы» тобының жетекшілері Айтжамал Шакиртовна Жамалиденова, Шынар Айтимовна Шакенова

  • Нуржанова Кызгалдак Каирбековна «№24 ЖОББМ» КММ

  • Жунусова Бекзат Жаксылыковна «Қ.Бекқожин атындағы ЖОББМ» КММ

  • Санат Амангүл «№ 40 ЖОББМ» КММ

  • Шаханова Нурбике Турганбаевна «№19 ЖОББМ» КММ

  • Зарихан Алтынай «№ 7 ЖОББМ» КММ

  • Мухтар Елмира «№ 2 ЖОББМ» КММ

1.Мақсаты: білім алушылардың оқу сауаттылығы бойынша деңгейлерін анықтау;

2.Міндеттері: білім алушылардың оқу сауаттылығы білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде және әлемді түсіну мен сипаттауда пайдалана білу дағдыларын бағалау;

3.Мазмұны: Оқу сауаттылығы бойынша тест бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына сай тапсырмалардан тұрады.
Оқу сауаттылығы

Мәтін тапсырма үлгісі 6/4

р/с

Тақырып

Бөлім

Оқу мақсаттары

1

Әже сыры

Мәдени мұра

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

2

Дегелектің сыйы

Құндылықтар


4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3

Баланың тапқырлығы

Құндылықтар


4.2.2.1Халық ауыз әдебиетінің жанрлық ерекшелігін анықтау;

Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау;

4

Қоңыр аю

Қоршаған ортаны қорғау


4.2.1.2 – шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.

5

Айдынды Алакөл – құс базары

Менің Отаным- Қазақстан

4.1.1.1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру

6

Тұңғыш кен инженері



Маман

дықтар әлемі

4.2.3.1– шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу.



Оқу сауаттылығы Мәтін тапсырма үлгісі 6/6



Тақырыптар

Бөлім

Оқу мақсаттары

1

Қазақстан

Менің Отаным-Қазақстан

4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу.

2

Ата қасиеті

Құндылықтар

4.2.8.2 Көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру.

3

Алдаркөсе мен Шықбермес
  1   2   3   4



Қазақстан

Қазақстан-төрт маусымы айқын, табиғаты алуан түрлі қойны-қонышы қазба байлыққа толы мемлекет.Батысында алып Каспий, шығысында Алакөл мен Балқаш көлі жайылып жатыр.Алатауды, Тарбағатай мен Алтай тау сілемдерін бойлай өскен қарағайлы орман мен сарқырай аққан өзендерге қарасаң, көз тоймайды.Бұйрат-бұйрат құмдары бар құпия сырды ішіне бүгіп жатқан Орталық аймақ пен Қызылорда өңірі, құба белді сайын даласы әсем

Ертіс пен Жайықты жайлай қонған қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігі өзгеше.

Орталық Қазақстанда Қарқаралы мен Баянауыл тауларының арасында Жасыбай,Торайғыр, Сабынды сынды көлдер, бұлақтар мен өзендер бар.Одан да кереметі-жақпар-жақпар жастық тастардан құралған тас қалашықтардың ғажайып көріністері көргеннің көзін сүйсіндіріп, ғажайып күйге бөлейді.

Қазақстан-көп ұлтты да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі.Ол-әлемдік мұхитпен тікелей жалғаспайтын әлемдегі ең ірі ел.

Қазақстан ортақ тарихи жетістіктерімен біріктірілген түрлі ұлттар мен ағымдардың отаны. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар таулары, мөп-мөлдір көлдері мен өзендері, дәрілік шөптерге өте бай елдің бірі.

Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Қара және түрлі-түсті металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды.

Қазақстан өзінің тарихы, әдет-ғұрпы, алып таулары, жабайы ормандары, ыстық шөлдері, мөлдір көлдері,жылжып аққан өзендері, керемет жануарлар мен өсімдіктері бар кең далаға бай ел.

( 200 сөз )

1.Мәтіндегі негізгі ойды табыңыз

А) Жер көлемі азғантай ел

В) Кең байтақ ел

С) Құнарлы ел

Д) Жері құрғақ ел

2.Мәтінге сәйкес келмейтін сөйлемді белгілеңіз

А) Жер көлемі азғантай ел

В) Кең байтақ ел

С) Қазба байлықтары бар ел

Д) Дәрілік шөптері бар ел

3. Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін көрсетіңіз

А) құба бел

В) қойны-қонышы

С) қазба байлық

Д) ірі ел

4. Елдің тыныс-тіршілік себебі неде?

А) Жері құрғақ

В) Адамдары мейірлі

С) Жазық дала

Д) Жайлы аймақ

5. Орталық Қазақстанда орналасқан

А) Балқаш көл

В) Аракөл

С) Жайық өзені
Д) Сабынды көл

6.Мәтіндегі әдеби көркемдеуіш құралдарды табыңыз

А) Жасыбай,Торайғыр, Сабынды сынды көлдер

В) Бұлақтар мен өзендер

С) Бұйрат-бұйрат құмдар, құба белді сайын дала, жақпар жастық тастар


Д) Тарбағатай мен Алтай тау сілемдері

ІІ нұсқа

3- мәтін

Нұсқаулық : Мәтінді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

https://drive.google.com/file/d/10ing6VaVXR67jwZ2_iOdIAkDvkJ0m4TW/view?usp=drivesdk

1. Қарияның шаңырағына қонған құс

А) қарлығаш

В) көбелек

С) дегелек

Д) көгершін

2. Көршілерін таңғалдырған нәрсе

А) мыс

В) алтын

С) күміс

Д) тас

3.Өз үйінен өзі безе қашу себебі:

А) көрші

В) құс

С) жылан

Д) дегелек

4. Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтелді анықта

А) Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың

В) Ақыл жастан, асыл тастан

С) Қанағат – қарын тойдырады

Д) Адал еңбек аздырмас, арамдық бойды жаздырмас

Нұсқаулық : Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
4-мәтін

Ата қасиеті
Жаздың таңы аппақ болып атты.Жастықтан басын көтерген Жәнібек сыртқа құлақ түрді.Атасы шалғы қайрап жатыпты.Шарқ-шұрқ.Өзге ешбір дыбыс естілмейді.

Жәнібек киініп, атасының жанына барды.

-Ата, бүгін шабылған шөпті жинауға барамыз ба?-деп сұрады.

-Не? Кешегі ойыңнан айнып қалдың ба?-деді атасы.

-Жоқ.Мен дайынмын.

Жәнібек атасымен бірге атты арбаға жегіп, ауыл сыртындағы шабылған шөпті шөмелеуге аттанды.Бұл кезде көршілер де жаңа күннің қамына кіріскен-ді.

-Дүйсен! Ау, Дүйсен, тұрсаңшы енді,-деген көрші дауысы естілді.

Жәнібектің атасы арбаны тоқтатты.

-Әй, Берік!-деп дауыстады сосын.

-Не етесің, даусыңды босқа шығындап.Үйде кетпен, шалғың бар ма?

-Оның не қажеті бар? -деді көрші кісі сауал мәнін түсінбей.

-Бар ма, жоқ па ...айтсаңшы...

-Бар ғой ...

-Онда сол шалғыңды қайра!Кетпенің болса, шыңда.Ақылы бар болса, тірлікке араласу керегін ұғынады.

Сөйтті де, атасы аттың тізгінін босатты.

-Шүү!-деп божыны қақты да, көше бойымен алға қарай желдіре жөнелді.

Жәнібек атасының бір үлкен қасиетін енді байқағандай сезінді.Шынында да, атасы осы уақытқа дейін «Жәнібек, тұр» деп айтып көрмепті.Үнемі өзі ерте тұрып, күн шықпай шалғысын қайрап, кетпенін шыңдап жатқаны.Біле білсе, осы тірлігі ұйқыдағы кісіні оятуға жетеді екен.

Жәнібек атасына қарады.Алғаш рет көргендей мұқият көз салды.Түрінен ешбір қобалжу, шаршау байқалмайды.Сабырлы күйінде отыр.

-Жарадың сен бүгін, Жәнібек,-деді атасы.Немересі күлімдеп шөмелелерге қарады.

( 200 сөз )

1. Мәтінге лайық дәлірек тақырыпты табыңыз

А) Жәнібек

В) Көршінің даусы

С) Шөмелілер

Д) Ақылы бар бала

2. Үйде кетпен, шалғың бар ма?, -деп сұрауының себебі неде?


А) Ұйқыдағы кісіні ояту

В) Шөп шабуға қажет құрал-сайман

С) Атасына керек болды

Д) Кетпен мен шалғыны қайрамақшы болды
3. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

А) Шөмеленген шөптер

В) Жәнібектің көмегі

С) Үлкен қасиет

Д) Көрші қамы

4.Шығарманың жанрлық ерекшелігіне жатады

А) тарихи

В) отбасылық-тұрмыстық

С)детективтік

Д)ғылыми-фантастикалық

5.Қандай мақал-мәтел атаның қасиетіне сәйкес келеді?

А) Әкесін сыйламаған кісіні, баласы сыйламайды

В) Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық

С) Жалқаудың ертеңі бітпес

Д) Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би болмас

6. Туынды сөзі бар сөйлемді табыңыз

А) Жаздың таңы аппақ болып атты.

В) Шөпшілер шөп шабуға кірісті.

С) Атасы шалғы қайрап жатыпты.

Д) Кешікпей атасы қолына балға алды.

ІІІ нұсқа

5- мәтін

Нұсқаулық : Мәтінді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

https://drive.google.com/file/d/1keCHn7TKjZNYz-vx7g0Eru4uwWlB9W6g/view?usp=sharing

1. Қараторғайдың тигізетін пайдасы

А) Дәрімен құртады

В) Отпен құртады

С) зиянкестерді құртады

Д) жұмыртқалайтын жерін құртады

2. Халықтың ризашылығы

А) уәзірлердің надандығы

В) баланың тапқырлығы

С) шегірткенің басынуы

Д) уәзірлердің ақылы

3.Біздің елімізде қараторғайдың 3 түрі мекендейді

А) қарапайым, қызғылт, үнді қараторғай

В) қарапайым, қоңыр, үнді қараторғай

С) қарапайым, сұр, үнді қараторғай

Д) қарапайым, қара, үнді қараторғай
4.«Ақыл жастан, асыл тастан» мақалының мағынасы

А) Әр шаруаны жеңіл тәсілмен жасау

В) Адамның туған жерге деген сағынышы

С) Еңбек еткен адам ешқашан ризықсыз қалмайды.

Д) Қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр
6-мәтін

Нұсқаулық : Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Ертеде Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Үйіне ешкімді қондырмайды, дәм бермейді екен. Үйіне кісі келсе:

-Шық-әй!-дейді екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай деп атаған.

-Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықберместі алдай алмас,-дейді жұрт. Бұл сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да естиді.

«Шықбермес Шығайбайды мырза етпесем, Алдар атым құрысын»,-деп Алдар Шықберместің елін іздеп, сапарға шығады.