Файл: Павлодар аласы білім беру блімі Білім алушыларды білім жетістіктерін мониторингілеуге арналан дидактикалы тесттер жиынтыы Павлодар, 2022 жыл Мазмны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 367
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Осыдан татпасам, Алдар атым құрысын» деп жылмың етіп: «Кеш жарық!»-деп кіріп барады.
Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш...» дегенді айтып болғанша, қолдағыларын жасыра қояды.
Амандасқансып, төр алдына отырып алады.
«Қу болсаң да менен дәм тата алмассың» дейді бай ішінен.
-Қайдан жүрген сұмсың? -дейді бай Алдарға.
Көргенінді айт естігенін өтірік болар құлағым сенде!- деді бай.
Жолда келе жатып, үлкен сары жылан көрдім....Осыны айтқаннан кейін бай:
-Шоқ түссін тіліңе!-деп астындағы қазысын лақтырып тастайды.
-Тілің кесілсін!-деп бәйбіше астындағы қамырын лақтырады.
-Жағың қарыссын!-деп тоқал басты лақтырады.
Үй іші ұйықтаған кезде, Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды. Бір уақытта бай тұрып, бәйбішесін оятады.
-Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау, ит!-деп сыбыр етеді.Бай пышақты қолға алып жіберіп:
-Жат, жігітім, жат! Сазайың –осы!-деп аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қидалайды, былай қидалайды, болмайды.
-Етіңе не болып кеткен, өңкей шандыр!-деп әйеліне ұрсады. Ақыры, Алдардың келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады.
(200 сөз)
1.Ертегідегі байға Шығайбай деп кім ат қойған?
А) Байлар
В) достары
С) Жұрт
D) Алдаркөсе
2. Тулақ сөзінің мағынасы нені білдіреді деп ойлайсыз?
А) ет
В) сүйек
С) жүні алынбаған мал терісі
D) малдың бас сүйегі
3. Жанр түрін анықтаңыз
А) өлең
В) мақал-мәтел
С) тұрмыс-салт ертегілері
D) нақыл сөздер
4.Ертегі мазмұнына сай келетін мақалды табыңыз.
А) Жалқаудың жаны тәтті
В) Қас сараң өз тамағын өзінен тығады
С) Дерексіз сөз нанымсыз
D) Досы көпті жау алмайды
5. Сараң байдың аштан-аш жатуының себебі неде?
А) Алдардан асты қызғануынан
В) Бәйбішесі асты уақытында бермеуінен
С) Түн ортасы болғандықтан
D) Еттің орнына тулақты салып қойғаннан
6. Жалқы зат есімді сөзді табыңыз
А) бай
В) алдар көсе
С) қызы
D) бәйбіше
ІҮ -нұсқа
7-мәтін
Нұсқаулық : Мәтінді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
https://drive.google.com/file/d/1ZuHdBb3e73UOzp_kvOtcI-O2Ql1fKnoc/view?usp=drivesdk
1. Аюдың дене температурасының төмендеуі
А) ұйқы кезінде
В) аш кезінде
С) тоқ кезінде
Д) қоректену кезінде
2. Орыс халқының аюларды атауы
А) бауырмал
В) қамқоршы
С) қолғанат
Д) көмекші
3. Аюдың апанында жатпау себебі:
А) Егер қыста семіріп май жинап алмаса
В) Егер жазда семіріп май жинап алмаса
С) Егер күзде семіріп май жинап алмаса
Д) Егер көктемде семіріп май жинап алмаса
4. Аугер сөзінің мағынасы
А) балқұмар
В) аңқұмар, аушы
С) қауіпті
Д) сергек
8-мәтін
Нұсқаулық : Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Цунами
Цунами — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биіктігі ашық мұхитта 1 метрден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 метрге дейін барады. Толқынының таралу жылдамдығы 400-800 км/сағатқа дейін. Мысалы: адамзат тарихындағы Цунамимен байланысты ең ірі апат - 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды.
Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8,9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 метрден астам цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді шайып әкетті. Цунамидің жойқын күшінен 300000 адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті.
Цунами негізіненТынықмұхит жағалауында жиі қайталанады. 20 ғасырдың 40-50-жылдарында АҚШ-та, Жапонияда халықты алдын ала сақтандыратын Цунами қызметі құрылды. Болжам Цунами толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген.
Жер асты жер сілкінулері цунами деп аталатын орасан зор толқындардан болады. Бұл толқындар сағатына 800 км жылдамдықпен қозғалады, ашық тенізде көрінбеуі де мүмкін. Алайда судың таяз жерінде 30 метр биіктікке дейінгі алып су қабырғаларына айналып, жолындағының бәрін қирата отырып, құрлыққа қарай бағыт алады. Оның алдын алу жүйесі Тынық мұхиты бассейнінде 1948 жылы әзірленді, цунамидың көпшілігі осы жерде болады. Цунами болған кезде 5-тен 35 минутқа созылуы мүмкін. Толқын соққысына дейін бірнеше сағат ішінде адамдар қауіпті аудандардан шығарылып, цунами зардаптарын азайтуға болады.
( 200 сөз)
1.Цунами деген сіздің түсінігіңіз бойынша
А) теңіз жағажайы
В) орманды жер
С) мұхит
D) сұрапыл толқын
2. Цунамимен байланысты ең ірі апат болған жер және қай жылы?
А) 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда
В) 2006 ж. Солт.-Шығыс Азияда
С) 2005 ж. -Шығыс Азияда
D)2008 ж. Оңт.-Шығыс Азияда
3.Цунами болған кезде, уақытынтың созылуын көрсетіңіз
А) 5-тен 50минут
В) 45миут
С) 5-тен 35 минут
D) 40-45 минут
4. «___________________ жер сілкіну күші 8, 9 баллға жетті». Мәтіннен тауып, сөйлемді толықтырыңыз
А) Индонезия жағасындағы
В) Арал жағасындағы
С) Жапонияда
D) АҚШ-та
5. Цунами негізінен______мұхит жағалауында жиі қайталанады.
А) Солтүстік мұзды
В) Үнді
С) Атлант
D) Тынық
6. Қысқартылған сөзді табыңыз
А) Цунами
В) АҚШ
С) Ғаламат
D) Мұхит
Ү-нұсқа
9-мәтін
Нұсқаулық : Мәтінді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз
https://drive.google.com/file/d/10qFuaOSErk9yraswgNk15HAJe2AkUuBa/view?usp=drivesdk
1. Алакөлдің символы
А) ақбас үйрек
В) бірқазан
С) дуадақ
Д) реликті шағала
2. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы
А) көлдің кереметтігі
В)емдік қасиеті
С) қызықтайтын нысана
Д) бұрқ-сарқ қайнауы
3.Өзеннің көлге, теңізге құяр сағасы
А) қайнар сағасы
В) өзен сағасы
С) бастау сағасы
Д) теңіз сағасы
4.Алакөл аталуының себебі
А) Алакөл суы емдік қасиетке бай
В) көлдің пішінінің, түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны үшін
С) денсаулыққа жағымды әсерін тигізеді
Д) ең ғажайып көлдердің бірі
10-мәтін
Гүлдің қайта тірілу құпиясы
Нұсқаулық : Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз
Анасы гүл отырғызған екі құтыны баласының бөлмесіндегі терезе алды тақтайына қойды.
-
Суар, гүлге күтім жаса, сонда ол сені қуанышқа бөлейді! – деді анасы. Алайда Балаға бір гүл ұнады, екіншісі ұнамады.
Күн сайын оларды суарған кезде бала ұнататын гүлді: «Сен неткен кереметсің! Мен сені жақсы көремін», - деп аялайтын еді.
Ал ұнатпайтын гүлді суарғанда: «Жамансың сен! Бекер суардым. Сені терезеден лақтырып жіберер едім, бірақ анам ренжиді!» - деп, іштей ұрсатын.
Бірнеше айлар өтті. Бірде анасы бір құтыдағы гүлдің жайқалып өскенін, ал басқасындағының солып, қурап бара жатқанын байқайды.
-
Неліктен бұлай? – деп анасы уайымдайды. – Мүмкін, суармаған боларсың? – деп, баласынан сұрады. Сонда баласы анасына қарап: -
Басқасы сияқты оны да суардым, күтім жасадым!
Анасы солып, қурап бара жатқан гүлі бар құтыны алып, өз бөлмесіне апарып қойды.
-
Мен сені емдеймін, сүйкімдім менің! – деп, гүлді аялады. Анасы әр күні гүлге келіп: «Сен әдемісің , мен мені жақсы көремін,иісің неткен тамаша!»-деп аялап күте бастады.
Әрдайым суарған сайын оның жайқалып өскенін, гүл ашқанын, жұпар иіс шашқанын елестетті.
Бәрі де солай болды.
-
Ғажап! – деп, қуанды анасы. -Баласы да таңғалды; солып, қурап бара жатқан гүл кенет қайта тірілді. Сондай әсем болып кетті.
-
Сен оған не істедің, анашым? -
Білмеймін! – деді ол.
Гүлдің қайта тірілу құпиясын тек құтыдағы топырақ пен гүлдің өзі ғана білетін еді. Бірақ олар сөйлей алмайды.
( 198 сөз )
1. Мәтіннен анасының баласына берген тапсырмасы
А) Үйге көмектесу
В) Гүлге күтім жасау
С) Дүкенге бару
Д) Гүлдерді жинау
2. Екінші құтыдағы гүл неліктен өспеді?
А) Гүлге су құймауынан
В) Жарық сәулесі түспегеннен
С) Жылу жеткіліксіз болғаннан
Д) Баланың ұнатпауынан
3. «Жұпар» сөзінің мағынасы нені білдіреді?
А) жағымсыз иіс
В) жұпар шөп
С) хош иіс
Д) лас жер
4. Гүлдің қайта тірілу құпиясының себебі неде?
А) жақсы сөз
В) су құю
С) тыңайтқыш
Д) жаңбыр
5. Мәтіннің мазмұнына сай келетін мақалды анықтаңыз.
А) Жалқаудың жауы - жұмыс
В) Жақсы сөз жараны да жазады.
С) Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады
Д) Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа
5. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз
А) Гүлдің
В) Балаға
С) Суды
Д) Сөзі
ҮI-нұсқа
11-мәтін
Нұсқаулық : Мәтінді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз
https://drive.google.com/file/d/1EOFUNsNSHkUKdLujBAp0G7qtyapZ9r_N/view?usp=drivesdk
1. Қаныштың шын есімі
А) Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
В) Қаныш Сәтбаев
С) Ғабдулғани Имантайұлы
Д) Қаныш Имантайұлы
2. Бас қосудың түп себебі
А) сауық кешін өткізу
В) жастардың мұраты
С)мәдениет ошағы
Д)ғылыми үйірме
3. «Мұрат» сөзінің мағынасы
А) қазақ халқының тарихын оқу
В) алға қойған мақсат, арман, тілек
С) замана көшінен қалыс қалмау
Д)озық жұрттардың өнер-біліміне жету
4.Қаныштың туған жері
А) Екібастұз ауданы
В) Баянауыл ауданы
С) Жезқазған ауданы
Д) Қарағанды ауданы
12-мәтін
Нұсқаулық : Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз
Өсімдіктер
Адамдар әртүрлі өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы бұрыннан білді, содан бері оларды өз қажеттіліктері үшін белсенді қолданып келеді. Мысалы, шыршаның жеуге жарамды тамырлары, қалың, берік сабақтардан арқан тоқыған, кейбір өсімдіктердің шырындарын ем ретінде қолданған, өсімдіктердің улы шырынын аң аулау үшін қолданған және т.б.
Уақыт өте келе адамдар өздеріне қажет өсімдіктерді арнайы өсіре бастады: дән салу, арамшөптерді жұлу, суару, қопсыту, ұрықтандыру, мол өнім жинау. Осылайша, еңбек арқасында мәдени өсімдіктер пайда болды.
Барлық мәдени өсімдіктер топтарға бөлінеді. Біріншісіне дәнді дақылдар жатады: бидай, күріш, жүгері және басқалар.
Екінші топқа бұршақ дақылдары кіреді. Бұл бұршақ пен үрмебұршақ.
Келесі топ - бақша өсімдіктері және көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат,
пияз, сәбіз, қызылша, қарбыз, қауын және т. б.
Тағы бір топ – жеміс өсімдіктері. Оларға алма ағаштары, шие, алмұрт, қарақат,
өрік, таңқурай және басқалар жатады.
Адамдар өмірінде маңызды рөл атқаратын картоп ерекше топқа кіреді. Ол крахмалға өте бай.
Күнбағыс пен зәйтүн - бұл адамның тамақ және техникалық май алатын өсімдіктері.
Маталар жасайтын өсімдіктер де бар. Мысалы, зығыр және мақта.
Бірақ біздің климатымызда барлық мәдени өсімдіктер өсе алмайды. Жүзім, шабдалы, цитрус жемістері – субтропикалық өсімдіктер, ал банан, ананас, кокос, манго – тропикте өседі.
Саяхатшылар біздің өмірімізді елестету қиын көптеген мәдени өсімдіктерді басқа континенттерден алып келді және бастапқыда басқа мақсатта қолданылды. Мысалы, олар картоп жемеді, ал оның гүлдерімен асыл ханымдар өздерінің киімдері мен шаштарын безендірді.
( 200 сөз )
1. Мәдени өсімдіктер қалай пайда болды деп ойлайсың?
А) Өздігінен өсіп өнді
В) Орманды жерде шыға бастады
С) Адамның еңбегінің арқасында
Д) Жануарлар арқылы таралды
2. Шыршаның қай бөлігі жеуге жарамды?
А) Тамыр
В) Сабақ
С) Жапырақ
Д) Бүрі
3. Өсімдік топтарына___________________ жатады.
А) Дәнді дақылдар
В) Бұршақ дақылдары
С) Бақша өсімдіктері
Д) Дәнді, бұршақ, бақша, жеміс
4. Шыршаның сабақтары қандай болатынын көрсетіңіз
А) Жуан
Б) Берік
В) Әлсіз
С) Жіңішке
5. Жазылуы мен дыбысталуында ерекшелігі бар сөзді табыңыз
А) бидай, күріш, жүгері
В) қызанақ, қырыққабат
С) сәбіз, картоп
D) қияр, пияз
6. Көпше түрде I жақта тәуелденген сөзді белгілеңіз
А) Менің климатым
В) Сендердің климаттарың
С) Біздің климатымыз
D) Олардың климат
4-сынып'>Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге
математика сауаттылығы бойынша
тест жиынтығы
4-сынып
ББЖМ-не арналған математикалық сауаттылығы бойынша тест спецификасы
4-сынып
Құрастырғандар:
Білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің әдіскері:
Шолпан Шаханқызы Қайырғазина, «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингілеуге арналған дидактикалық тесттер жиынтығы» тобының жетекшілері Айтжамал Шакиртовна Жамалиденова, Шынар Айтимовна Шакенова