Файл: Сынып 8 атысушылар саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 31

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

А. Байтұрсынов-«ұлт ұстазы» Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау


Сабақтың мақсаты

Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалайды.


Бағалау

критерийлері


Жоғары ойлау дағдысы

  • А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы мен тіл ғылымы саласы, қоғамдық-саяси өмірге сіңірген еңбегін анықтап, өзіндік ой-қорытынды жасайды.




  • А. Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» екендігін «ПТМС» әдісі арқылы дәлелдейді.




  • Жекелеген оқушылар А.Байтұрсыновтың реформатор болуына әсер еткен факторлар бойынша STEEPLE талдауын жасайды.

Тілдік мақсаттар


Ахмет Байтұрсынов туралы мәтінді оқып,талдайды. (оқылым мен айтылым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

сауаттылық, техникум, алғашқы жоғары оқу орындары, институт, ғылыми зерттеу орталықтары, академия

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Ахмет Байтұрсыновтың ғылым саласына қосқан үлесі ........

  • Ахмет Байтұрсынов қоғам қайраткері ретінде қызметтер атқарды........

Құндылықтарды дарыту


Жұптық және топтық жұмыс барысында құрмет көрсету, ашықтық, бір- бірінің ойын құрметтеу құндылықтары жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар


Дүние жүзі тарихынан кеңестік замандағы білім және ғылым туралы алған білімдерін қолданады;

Қазақ және орыс әдебиеті пәндерінен ХХғ. 20-30жж. зиялылардың ағартушылыққа қосқан үлесі туралы білімдерін қолданады

Қазақ тілі пәнінен игерілген дағдыларын өз ойларын дұрыс жеткізу кезінде пайдаланады.

Бастапқы білім


Оқушылар 8 сынып бағдарламасынан ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі туралы біледі.


Сабақтың барасы:

Оқушылар!

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде баға береміз




Қазақ әдебиетінің бес арысы Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы сынды ақын-жазушылар білім мен ғылым саласында ерен еңбек еткен. Олай болса бұл адамдарды «Бес арыс» дейміз.

Өйткені бесеуіде елдің мұның жырлап қараңғы халықты ағартушылыққа бет бұруды көздеген азаматтар болған.

Оқушылар бүгін сабақта осы бес арыстың бірі-Ахмет Байтұрсынұлы туралы болмақ

3 слайд

Оқушылар Ахмет деген сауалға жауап берсек–ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түріктанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

4 слайд

Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасының қалыптасуы

Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) Торғай облысындағы Торғай уезінің Сарытүбек деген жерінде дүниеге келген.

Ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады, кейінен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды.

1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінің мектептері мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлы туралы шағын бейне жазбаға назар аударыңыздар

https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/8-synyp/axmet-bajtursynuly-ult-ustazy?mid=c5ea7790-ea58-11e9-a608-bdd56c1e34e7

0.40-3.20

5 слайд

Ахмет Байтұрсынұлы өзінің халықпен кездесулері кезінде патша үкіметінің отаршылдық саясатының мәнін әшкерледі.

1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып, халық өмірінің көкейтесті мәселелерді көтереді, елді өнер-білімге үндеді.

Ахмет БайтұрсынұлыАлаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі.


6 слайд

Әдеби мұрасы:

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетін зерттеуге көп үлес қосты.

1909 жылы оның тұңғыш «Қырық мысал» кітабы жарыққа шығады, онда Крылов пен Абай әңгімелерін негізге ала отырып, биліктің шектен шығуы мен зорлық-зомбылығын сынайтын бірқатар туындылары енгізілген.

1911 жылы «Маса» өлеңдер жинағы жарық көрді. Ондағы басты идея қазақ халқын ілім-білімге әрі мәдениетті қоғам құруға шақыру еді.


7 слайд

«Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың рухани мұрасының қазақ мәдениеті мен ағарту ісіне ықпалын зерделейді. «Қазақша оқыту» мақаласында ол: «Халық өмірін жақсарту ісін балаларды оқыту ісінен бастау керек, өйткені билік, басқару тек біліммен ғана түзетілді», -дейді

8 слайд

Саяси қызметі:

Ахмет Байтұрсынұлы саяси қызметі кезінде халыққа білім беру мәселесін әрқашан көтеріп жүретін еді. 1905 жылдан бастап Алаш қозғалысының қалыптасуына белсене қатысты.

Ол «Қарқаралы петициясы» авторларының бірі болды, онда басқа мәселелермен бірге білім беру, ар-ұждан бостандығы және діни еркіндік, газет шығару жайлы айтылды.

9 слайд

1913 жылы Ә.Бөкейхан және М.Дулатұлымен бірге «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірін шығарды.

Газет 1918 жылға дейін қазақтар арасындағы негізгі мінбер әрі ең кең таралған саяси және әдеби-ғылыми басылым саналады.


10 слайд


1917 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы Алаш партиясын құруға атсалысты, Алашорда үкіметінің құрамына кірді, онда білім мен мәдениетке қатысты мәселелерге жауапты болды.

1919 жылдан Ахмет Байтұрсынұлы Кеңес халық комиссариаты басшысының орынбасары қызметін атқарды. Қазақстандағы білім беру мәселелері бойынша халық комиссары болып тағайындалды.

11 слайд

Әдеби қазақ тілінің қалыптасуы

Ахмет Байтұрсынұлы әдеби қазақ тілінің қалыптасуы мен араб жазуын реформалау үшін көп тер төкті.

Қазақ АКСР–і құрылғаннан кейін, 1920-1921 жылдары халық ағарту комиссары болды. 1922-1925 жылдары Қаз АКСР Халық ағарту комиссариатының ғылыми-әдеби комиссиясын басқарды.

1921-1928 жылдары халық ағарту иституттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихынан сабақ барді.


12 слайд

Ахмет Байтұрсынұлы–тілтану және әдебиеттану бойынша бірқатар еңбектердің авторы. Ол алғашқы қазақ әліпбиін жасады. Сондай-ақ «Тіл құрал» атты оқулық жазды. Ол қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы әдістемелік кітаптар (мұғалімдерге арналған іс-тәжірибелік басшылық), хрестоматиялар және т.б жазды.

13 слайд

1 тапсырма

Кестені толтыр

Ахмет Байтұрсынұлы кім болған?

14 слайд


Жауабы:

Халық мұрасын жинақтаушы, зерттеуші құрастырушы ғалым.

Қазақ әліпбиінің реформаторы.

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанушы.

Қазақ АКСР орталық атқару комитетінің мүшесі.

Оқу –ағарту ісінің білгір әдістемешісі.

Қазақ баспасөзінің негізін салушы.

15 слайд

2 тапсырма

Хронологиялық кесте





1895 ж.

1913-1918 жж.

1909 ж.

1911 ж.

1913 ж.

Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді
















«Қазақ» газетінде редактор болды
















тұңғыш «Қырық мысал» кітабы жарыққа шығады

















«Маса» өлеңдер жинағы жарық көрді
















Ә.Бөкейхан және М.Дулатұлымен бірге «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірін шығарды



















16 слайд

Жауабы:




1895 ж.

1913-1918 жж.

1909 ж.

1911 ж.

1913 ж.

Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді

+













«Қазақ» газетінде редактор болды




+










тұңғыш «Қырық мысал» кітабы жарыққа шығады








+







«Маса» өлеңдер жинағы жарық көрді










+




Ә.Бөкейхан және М.Дулатұлымен бірге «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірін шығарды













+




17 слайд

3 тапсырма:

Қазақстанның қазіргі картасынан А.Байтұрсынұлының қызмет еткен жерлерін көрсетіндер.

18слайд

Жауабы:

Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы.

19 слайд

Қорытынды:

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде баға бердік.

20 слайд