Файл: Билет 28 аржылы есептілік жне оны негізгі крсеткіштерін талдау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 38

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Билет № 28

  1. Қаржылық есептілік және оның негізгі көрсеткіштерін талдау

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.

        Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мынаны қамтиды:

  1. бухгалтерлік баланс;

  2. пайда мен зияндар туралы есеп;

  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

  4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

  5. түсіндірме жазба.

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сай белгіленеді. Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.

Егер ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемелекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы немесе бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.  Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.


Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

 Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.

 Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

 Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.




  1. Аудиттің соңғы кезеңі


Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми мен білім практикалық қызметтің  даму жолында жаңа ғылым сапасының пайда болуына алып келеді. Бұл аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» дгене мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған  және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғвнвн қарастыру қажет.

Аудитор латын тілінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық  жұмыс барысына  тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаа алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – луазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығысол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артықсанаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр-түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазақта бет көрсе – жүз ұялады деген ұлы сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден «тыңдаушы» мен саған «сенемін» деген, ал өз кезегінде есеп беруші «сеніміңізді ақтаймын» деген адамгершілік қасиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады.

Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен беруді ойластырдық .  
1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсету.  
2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек  
Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді.  
3. мемлеке, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тақанын, қанша салық төлейтінін анықтайды анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.  

      Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит "осы үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.  
Екіншіден, «аудит жұмысы» үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, аудит тексеруі барысында кәсіпорынның табыс-пайда сомасы салық нақты анықтамадан қанша сома салық төлеу керек екенін, "салық есебінің” дұрыс жүргізілгенін аудиторлық тексереу арқылы анықтайды. Қандай бір елде болмасын үлкен экономикалык мәселе ол – салықтың тиісі көлемде жинау және де нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкестігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде шаруашылықсубъектілері өз тарапынан "салық есебін” жүргізуге мәжбүр, оған қоса тек қана "салық есебіне” аудиттік тексеру жүргізіп, аудиторлық қорытынды алуға мәжбүр. Ондай жасамаған жағдайда салық инспекциясы қатал жаза қолданып, субъектілер айып төлейді.  
       Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында тағы да осы түсінікті әйдейі қарастырған дұрыс деп ойлаймыз. Ол аудит анықтамасының көбісінде аудитті тексеру деп анықтаған. Мысалы, авторлар келтірген он үш анықтаманың он бірінде тексеру деп, ал екеуінде бақылау жасауға құқысы жоқ. Тек ішкі аудитті ұйымдастыру барысында ғана арнайы бақылау жүргізілуі мүмкін. 

 Аудит термині осыдан 2000 жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыккан, аудармадағы мағынасы « ол естиді» немесе « естуші» дегенді білдіреді.

Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тындаушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқытушыларды сабақта өткен материалдарды қалай меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқуүлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған.

Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметтерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы – аудитордың көзіне тура, тіке қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын деп санаған.


 Арнайы әдебиеттерде  аудиттің пайда болу кезеңі  өзгеше әрі қарама қайшылыққа  толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің  дұрыс көрініс табуын жасау  және бақылау біздің дәуірімізге  дейінгі IV мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге Ніл, Тигр және  Евфрат өзендерінің жазықтарындағы  Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте  жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған  мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет  жүргізілді, үкімет өнім, мүлік, салық  жинау, орындалған жұмыс қазынаны  толтыру және кіріс пен щығыс  есептерімен айналысты. Бақылаудың  әр-түрі жүзеге асырылды, оның  ішінде аудит те бар. Мұңдағы  мақсат – қателіктерді азайту  және шенеуліктер тарапынан алдау  әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар  бақылау түрлері сол уақытта  Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлік екі жақты күзету, адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді  бөлісу мәселелері баяндалады.

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1.   Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері.

2.   Өзін — өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі.

3. Экономикалық  тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге  және кредиторға олардың салған  ақшаларының сақталуына кепілдік  беруді қамтамасыз ететін жағдай  тудырудың қажеттілігі.

4. Компаниялардың  операциясы көп әрі күрделі  болуы мүмкін. пайдаланушылар ол  туралы ақпаратты дербес алуға  мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың  қызметіне мұқтаж.

5. Қаржылық ақпаратты  пайдаланушылар компанияның есептік  жазбаларына әдетте қолдары жете  бермейді және олардың тиісті  тәжірибелері жиі бола бермейді.

6.  Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,  серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Алайда операциялық мазмұны жағынан бір — біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.