Файл: Билет 28 аржылы есептілік жне оны негізгі крсеткіштерін талдау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық – жүргізуші субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.

Кәсіпорынның кірістер мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.

Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу арнаулы қаржы жоспарында — төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. «Түсімдер» бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс, банктардің қысқа мерзімді өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай  түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. «Шығыстар» бөлімінде тауар- материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбекақыға, салықтарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде ( бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады. Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады.

Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік  дамуының  жоспарларына  қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.

Нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процестің жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.