ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 316
Скачиваний: 18
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8-күн тапсырмасыТапсырма. Ұсынылған оқу мақсаттарымен танысып, көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалаңыз.
Ерікті мүлдем көріп тұрмағандай, меңіреу күйде еді. Омарташы таң қалды, алайда таң қалғанын білдірмеді. «Жүр, кетейік» деп, атын тебініп алға түсе берді. Таған жақ ашпаған қалпы соңынан ерген. Сайға жасырына орналасқан жалғыз үйге Таған жеткенде, Ерік атын байлап кіріп кеткен екен. Неге екені белгісіз, Таған үйге бірден кіріп бармай; қашаға сүйеніп тұрып қалды. Күндізгі қарбалас тіршілік тырапай асып, іңірмен бірге іріп, таусылғандай тыныштық. Үй ұядай жылы екен. Табада қуырылып жатқан балықтың иісі мұрынды жарып барады. Таған жұтынып, қарны ашқанын сезді. Үйдің иесі өзін Захар, әйелін Марфа деп таныстырды. Ерік етігін шешіп тастап, пеш түбіндегі орындықта арқасын қыздырып маужырап отыр. Көзі тас жұмулы, рақатқа батқан сыңайы байқалады. Жасқаншақтана кіріп, босағада ебедейсіз тұрып қалған Тағанға әйел: «Проходите, садитесь», – деді. Бір аттап барып тақтай орындыққа жайғасты. Дастарқан жасады. Захар темекісін бұрқыратып шұлық тоқып отыр. Көрден жаңа ғана шыққандай, мыж-мыж боп тұрған бөтен жігітке көзінің астымен қарап қояды. Еріктің екі беті, бал-бұл жанып, жып-жылы үйдің шуағына масайғандай қалғи бастады.– Дастарқанға келіңдер, – деген әйелдің оқыс даусынан селк етіп, салбырап, енді болмаса иығынан домалап түсіп кетердей болған басын жұлқа көтеріп алды. Көзі ақиған ақ шабақтың бірін енді ала берген Тағанға алая қараған Ерік:– Қолыңды жусаңшы, бес баттам қылмай, – деп күңк етті. Таған сасып қалды. Әкесі зекіген жас балаша жаутаңдап кейін шегінді де, ләм деместен шыға жөнелді:– Ұят болды-ау,− деді Марфа. – Дардай жігітке даусыңды көтергенің не?– Бал сырадан бір стақан берсең, атасының құнын кешеді, – деді Ерік балықтың ең үлкенін өзіне қарай мысықша сүйреген күйі.– Мұны қайдан қазып тауып алдың? – деді Захар. – Өзінің есі дұрыс па?– Есі дұрыс болса, осынау ит арқасы қиянға аттыға еріп таңы айырылар ма еді? Маскүнем деген рудың елшісі. Қолбала ретінде ұстауға ертіп келемін. Қыстай бағып-қағып, егер жақпай жатса, келесі жылы жазда тауып алған жеріме апарып тастармын.– Азып-тозып кеткені болмаса, түбі жаман кісіге ұқсамайды. Кірпіктері қандай ұзын, еркектердің көзі осыншалық әдемі боларын бірінші көруім, – деді Марфа. – Мен осы бір нәрсеге таң қаламын, – деді сұқ саусағын шошайта. – Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы – өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл
әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз? Қазір жоқ болып кеттік делік. Сен де, ей, орыс, сен де, ей,қазақ... Жоқпыз... дүниенің қылшығы қисая ма? Қайта ұлы мәртебелі табиғат-ананың организмі тазарар еді, көк жөтелден сауығар еді... Білем-білем, «сен неге тірі жүрсің?» деп сұрағалы отырсыңдар. Мен... мен... осы қарапайым ғана қағиданы сендерге түсіндіру үшін жүрмін... Осы күйкі тірліккедушар қылған мына мені атарға оқтары жоқ сеңдер, мен... сендерге ерегесіп, ыза болған соң амалсыз ішем...– Мына философқа жатар орын тауып беріңдер, – деген Ерік орнынан шапшаң тұрып далаға шығып кетті. Таған сырадан тағы бір стақан сылқитып алды. Темекісін бықсытқан Захар Тағанның арқасына қағып:– Дегенмен, сөзіңнің жаны бар. Жүр, братан, ұйықтар орныңды көрсетейін,– деді.– Маған төсек салып әуре болмай-ақ қойыңдар. Қай тұсқа құлаймын – сол төсек... Анаңда – қара жер, атаңда – қара жер... ла-лау...Тұра беріп тәлтіректеген жігіттің қолтығынан демеген Захар тысқа беттеді.«НЕГЕ БІЗ ОСЫ ҚАТЫГЕЗ ДЕ ҚАСИЕТСІЗ БОЛЫП КЕТТІК... НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»Тағанның әлдекімге ашулы, әлдекімге наразы да азалы үні бәсеңдемеген қалпы, есік жабылғанша Марфаның құлағын жаңғырта сарсытып еді.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Мұғалімі ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнінің «Бағалау және салыстыру» бөлімі бойынша ұсынылған оқу мақсаттарына қандай тапсырма ұсынар едіңіз?