Файл: Малімі Рамазанова А. С. Сынып 7 Оытуда олданылатын дістсілдер.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 47

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп«№5 Күршім орта мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ақыл- парасат, ерік-жігер және жүрек № 1 сабақ

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Рамазанова А.С.

Сынып – 7

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылардың адам туралы, олардың мүмкіндіктері туралы түсініктері дамиды.

Сабақтың мақсаты: - ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: : - ақыл, қайрат, жүрек тәрбиесін сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету;

- адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту ;

- айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу)

Тыныштық сәтін. «Нұрға бөлену» баяу әуен тыңдау арқылы.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек»- деген Абайдың қара сөзін оқушылар назарына ұсыну және жаттау. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Абайдың қанатты сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.

АКТ-ны пайдалану.

4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта берілген Абайдың Он жетінші қара сөзін оқушыларға таныстыру.

Қорыту:

  • Автор қайрат, ақыл, жүректiң ерекшелiктерiн қалай жеткiзген?

  • Мәтінде ғылымның «жүрекке билет» дегенiнiң мағынасын қалай түсiнесiңдер?

  • Абай қандай адамды «қасиеттi адам» дейдi? Нелiктен?

  • Тағы қандай қасиеттердi «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыңдар?

Абайдың қара сөзін оқу арқылы сабақты аша түсу.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың алған білім – біліктерін шыңдау мақсатында шығармашылық жұмыс беремін.

  1. Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбiр терминнiң өзiне сәйкес келетiн анықтамасын табыңдар.

Ұғым

Анықтамалары

1. Ақыл

2. Ақылды

3. Парасат

4. Парасаттылық

5. Ерік-жігер

А) Білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана білу. Сана-сезімі жоғары, білімді, есті адам.

Ә) Адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Шындықты танудың, оны жан-жақты зерттеп, мәнін ашу арқылы байыбына жете ұғынудың ең жоғарғы сатысы.

Б) Ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, кӛрегенділік пен зерделілік және байыптылық, байсалдылық.

В) Ақылдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті. Ақылдың жоғары деңгейі.

Г) Адамның ӛз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті, оның белгілі бір мақсатқа жету, іс-әрекетті орындап шығу жолында қиыншылықтарды жеңе білуінен байқалатын ішкі қуаты.

  1. Төменде берілген сӛздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «Парасатты адамның» портретін жасаңдар. Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ар-ұят, ашуланбау, байыптылық, ақылға жеңдіру, сабырлы, салмақты, инабатты, әдепті, сезімтал, парқын білу, пайымды, мейірімді.

Қорытындылау

3. Төменде берілген мәтіндерді оқып, парасаттылыққа қатысты түйiндi ойларды iрiктеп алыңдар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп берiңдер.

● Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында.

Әл-Фараби

● Парасат – қараңғыдағы шырақ.

Жүсiп Баласағұн

● Өзінің сеніміне қарай іс жасаған адамның бәрі парасатты емес, ол үшін оның сенімі де парасатты болуы керек.

Федор Достоевский

● Ұлтты ұйытқылы ететін – парасат. Адамды абзал ететін – иман.

Әбіш Кекілбаев

Бекіту

4. «Парасатты болу – парызым!» тақырыбын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар.

Әл-Фараби

Баяу әуен қойылады.

Постер, маркер,сызғыш, қайшы – қаламсап.

6. Топпен ән айту. Ойлан, балам

Сөзін жазған Шөмішбай Сариев

Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев

Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл ӛмірдің көктемі.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

Ойлан, балам, алда үміт, арманың,

Алда сенің нұрлы күнің, таңдарың.

Қайта оралмас жас шағымның кӛзіндей,

Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

Ойлан балам, елің-жерің, салтың бар,

Мұратына жетер адам талпынған.

Таудай биік азаматы болсаң да,

Биікпін деп айтпа, балам, халқыңнан!

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

АКТ-ны пайдалану.

Әнді бірге шырқау арқылы балалар өз көңіл –күйлерін көтере түседі.

7.Үй тапсырмасы.

Өлеңді оқып келу.

Күнделікке жазып алу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

АКТ-ны пайдалану.

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп«№5 Күршім орта мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ақыл- парасат, ерік-жігер және жүрек № 2 сабақ

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Рамазанова А.С.

Сынып – 7

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылардың адам туралы, олардың мүмкіндіктері туралы түсініктері дамиды.

Сабақтың мақсаты: - ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: : - ақыл, қайрат, жүрек тәрбиесін сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету;

- адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту ;

- айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу)

Тыныштық сәтін. «Теңіз түбіне саяхат» баяу әуен тыңдау арқылы.

  1. Үй тапсырмасын тексеру: Шәкәрімнің шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу берілген.

● Мәтіндегі «Тауып айтқан мініңді өзгертуден тек пайда ғана аласың, түзелесің, түрленесің, өзгересің, адамшылыққа жетесің» деген ойды қалай түсінесіңдер?

● Руханилыққа, адамшылыққа талпыну парасаттылыққа апара ма? Неліктен?

● Мәтіндегі автордың айтқан «Өз мініңді мойындап, оны түзеуге талпыну» адамға қандай игіліктер сыйлайды деп ойлайсыңдар?

● Шәкәрімнің айтқан ақылынан парасаттылыққа тән қасиеттерді іріктеп алып, айтып беріңдер.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек»- деген Абайдың қара сөзін оқушылар назарына ұсыну және жаттау. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Әл-Фарабидың сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.

АКТ-ны пайдалану.

  1. Әңгімелесу (сұхбат)

Әл-Фараби

«Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан- жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат» деген ойын талқылау

Әл-Фарабидің ойын талқылау арқылы сабақты аша түсу.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Өнер туындыларымен танысып, «Парасатты тұлғалар» немесе «Парасатты ұлт» тақырыбында пікір алысу жүргізіңдер.

Абайдың портреті. Әбілхан Қастеев. 1954 ж

Шоқан Уәлихановтың портреті. Әбілхан Қастеев. 1951 ж

Бауыржан Момышұлы. Әбілхан Қастеев. 1943 ж.
2. Өзің «Парасатты» деп санайтын адамдардың бірімен сөйлесіп, сұхбаттасып парасаттылықтың сырын және ол адамның бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, анықтап, дәптерге жаз. Түйген ойыңды сыныптастарыңның пікірімен салыстырып, қорытынды жасаңдар.

3. Мәтінді оқыңдар. Мәтінді жағдаятқа айналдырып, өз ойларыңмен толықтырып, рөлге бөліп орындаңдар.

Абай мен Әбіш

Ел аузынан

  1. «Жерұйық» фильмін кӛріп, фильмнің «Жерұйық» деп аталу себебін, ондағы адамдар мен халықтың бойындағы парасаттылықты тауып, әңгімелеңдер. Фильмдегідей қайырымды, пайдалы істер жасай алатындарыңды ойластырыңдар. «Асар» тобын құрып, «Көзге түсу үшін емес, адамдарға риясыз қуаныш сыйлап, пайда келтіру үшін жұмыс істейміз» деген мақсатпен өз ұзақ мерзімді жобаларыңның жоспарын дайындап, іске асырыңдар.

Қорытындылау

Парасатты адам – ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, ақиқатқа талпынады. Әрбір істе көрегенділік пен зерделілік, байыптылық пен байсалдылық танытып, дұрыс әрекет жасайды. Ешкімге оймен, сөзбен, іспен қиянат жасамайды. Адамшылық, кісіге пайда тигізу, ел қамын ойлау деген сияқты жақсы ой, таза ниетте болып, айнала қоршаған ортаға риясыз қызмет етеді.

Баяу әуен қойылады.

Постер, маркер,сызғыш, қаламсап.

6. Топпен ән айту. Ойлан, балам

Сөзін жазған Шөмішбай Сариев

Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев

Ойлан, балам,

өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

АКТ-ны пайдалану.

Әнді бірге шырқау рақылы балалар өз көңіл –күйлерін көтере түседі.

7.Үй тапсырмасы.

Шәкәрімнің ұждан туралы берілген шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу

Шығарманы оқып келу.

Күнделікке жазып алу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

АКТ-ны пайдалану.

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «№5 Күршім орта мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Адамның ішкі әлемі № 3 сабақ

Құндылық: «Дұрыс әрекет» Қасиеттер: жауапкершілік, адалдық

Мұғалімі: Рамазанова А

Сынып – 7

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адамның ішкі және сыртқы сұлулығының байланысты екенін ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: : - оқушыларды жан дүниенің тазалығын сақтап,ар-ұжданмен өмір сүруге үйрету;

- адалдық, ақкөңілділік қасиеттерін дамыту;

-ар-ұжданды тыңдауға тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу)

Тыныштық сәтін. «Нұрға бөлену» баяу әуен тыңдау арқылы.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Шәкәрімнің ұждан туралы берілген шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу

● Ел-жұрт неліктен тыныш ұйықтай алмады?

● Адамдардың Ұжданмен кездесуінен кейінгі мазасыздануының себебі неде? Ұждан адамдарды қалай дұрыс жолға салды? Олардың ойын, ниетін қалай жақсартты?

● Ұжданның ниетін түсінбегендер жағдайдан шығудың қандай жолын іздеді? Неліктен?

● Адамдар Ұжданға ұялмай, дұрыс жауап беру үшін өз міндеттері мен парыздарын қалай атқаруы керек екен?

● Елдегі тыныш өмірдің орнауының себебі неде?

● Өздерің күнделікті өмірде Ұжданды басшылыққа аласыңдар ма? Қалай?

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

Абайдың «Ар ұялар іс қылмас»- деген сөзін оқушылар назарына ұсыну және жаттау. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Абайдың сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.
АКТ-ны пайдалану.

4. Әңгімелесу (сұхбат) Шәкәрім

... Адамдағы ынсап , әділет, мейірім – үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. «Адамшылық арым соны істеуді ұнатады» деген «ұжданың солай қылғанды ұнатады» дегендік болып шығады. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды” деген ойда әңгімелесу

Шәкәрімнің шығармасынан үзінді оқу арқылы сабақты аша түсу.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Сөздіктерден «ынсап», «әділет», «мейірім» сөздерінің анықтамасын тауып, оқыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.

2. Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла...» сөзін басшылыққа алып, төмендегі рөлдерді қатыстырып сахналау ұйымдастырыңдар. Дәнекер (өмірмен байланыстырады);

 Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздерді тауып айтады);

 Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды);

 Реттеуші (реттеп отырады).

3 Өсиет әңгімені оқып, кейіпкерлердің мінезі мен іс-әрекеттеріндегі ерекшеліктерге назар аударыңдар. Жаңа үйдің иесінің «Әркім өзінде барымен бөліседі»,- деген ойын қалай түсіндіңдер? Өсиет әңгімеге қандай тақырып қоюға болады?

Өсиет әңгіме

Бірде бір адам үлкен, жаңа үй сатып алады. Оның бақшасында толған жеміс ағаштары. Сәнді үйдің жанында қызғаншақ көршісі болады, ол үнемі жаңадан көшіп келген көршінің көңілін бұзу үшін түрлі әрекеттер жасайды. Бірде жаңа үйдің қожайыны есігін ашса, бір шелек қоқысты көреді. Оны көршісі әкеліп қойған екен, сонда үй қожайыны шелектегі қоқысты төгіп, оның ішін тазалап жуып, баудан піскен ең үлкен алмаларды шелекке салып, көршісіне алып келіп, есігін қағады. Ал, көршісі есігін ашып, өзінің шелегі мен алманы көтерген оны көріп, абыржып қалады. Сонда жаңа көрші: «Әркім өзінде барымен бөліседі»,- деген екен.

Сахналау

  1. Топпен ән айту

Мейірімді көздер-ай!

Сөзін жазған Шона Смаханұлы

Әнін жазған Садық Кәрімбаев

Жері жоқ шолмаған,

Ғарышқа самғаған,

Қыранның көзіндей,

Қырағы көздер-ай!

Сыр сәуле төгілген,

Даналық көрінген,

Елім деп егілген Ақылды көздер-ай!

Түбіне сыр тұнған,

Жүрекке бұлқынған,

Сарқылмас нұр құйған Тұңғиық көздер-ай!

Тұп-тұнық бұлақтай,

Жайнаған шырақтай,

Жаныңның жыршысы – Мейірімді көздер-ай

АКТ-ны пайдалану.

Әнді бірге шырқау арқылы балалар өз көңіл –күйлерін көтере түседі.

7.Үй тапсырмасы.

4-тапсырма

Өз жан дүниең (ой, ниет, сөз, іс) байып, жақсару үшін не істейсің? Не нәрсе сәтті, не сәтсіз шығуда? Оның себептері неде деп ойлайсың? Жан дүниеңді (ой, ниет, сөз, іс) байытып, жақсартуға бағытталған істер жөнінде ойланып, жоспарын жаса, үлкендермен ақылдасып, іске асыр.

4-тапсырманы орындап келу.

Күнделікке жазып алу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

АКТ-ны пайдалану.

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «№5 Күршім орта мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Адамның ішкі әлемі № 4 сабақ

Құндылық: «Дұрыс әрекет» Қасиеттер: жауапкершілік, адалдық

Мұғалімі: Рамазанова А

Сынып – 7

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адамның ішкі және сыртқы сұлулығының байланысты екенін ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларды жан дүниенің тазалығын сақтап,ар-ұжданмен өмір сүруге үйрету;

- адалдық, ақкөңілділік қасиеттерін дамыту;

-ар-ұжданды тыңдауға тәрбиелеу

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (4-түрлі түстер арқылы топтарға бөлу)

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру:

4 тапсырма

Өз жан дүниең (ой, ниет, сөз, іс) байып, жақсару үшін не істейсің? Не нәрсе сәтті, не сәтсіз шығуда? Оның себептері неде деп ойлайсың? Жан дүниеңді (ой, ниет, сөз, іс) байытып, жақсартуға бағытталған істер жөнінде ойланып, жоспарын жаса, үлкендермен ақылдасып, іске асыр.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Ар ұялар іс қылмас» Жұмыс дәптерге жаздыру

Дәйексөзді өалай түсінгендігін сұрау

Абай

4. Әңгімелесу (сұхбат) Шәкәрім

Таза жолмен жүруге талаптан, өзіңді сол жолмен жүруге тәрбиеле. Адалдықты, тазалықты мақсат еткен жолға қарама-қайшы келетін бұзықтықтан бойыңды да, ойыңды да аулақтат. Белгілі бір дәрежеге, деңгейге жетсең де немесе одан кетсең де, белгілеген дұрыс мақсатыңды бұзба, одан айныма. Бұл өміріңнің жолы екіге айрылып өзендей ағар, әр жақтан әртүрлі мәселелер мен қиындықтар, азғыратын жайттар болмай тұрмас. Сол кезеңде дұрыс мақсатыңды берік ұстанып таза жолдан таймай барғаның, жетпесең де алғаның көбірек болсын. Таза, тура, адал жол деген негізгі қазыққа барар жолда бұзыққа қызықпа, ындыныңды тура жолға сал, мақсатыңды бұзба, таза жолдан тайма, тура жолға ие бол. Құбылсаң, бұзылсаң, не қызығып, не именумен қайта алмай, байқамай себепке еріп жетектелсең, бұларды аттап ӛте алмай қалсаң, адалдығыңды жоғалтып, адамдығыңды кетіріп рухани тірі ӛлікке айналасың. Осыған ермей, ақ жолмен алға бассаң, міне, сонда ғана сен шынайы еркінсің, еркіңді қай бағытқа бағыттау- өзіңнің жүрегіңнің шешімі. Тура жолды сезімі ояу, есті жан ғана табады.

● Мәтіндегі автордың айтып отырған «таза жолы» қандай жол деп ойлайсыңдар?

● Ол «таза жолға» адамды оның бойындағы қандай құндылықтары мен қасиеттері жетелейді?

● Автор мәтінде кімдерді «сезімі ояу, есті жан» дейді? Сеніңше, ондай жандар ар-ұжданын басшылыққа ала ма?

● Ар-ұждан адамды қандай жолға бастайды?

● Өзің өмір жолыңда нелерді басшылыққа аласың? Неліктен?

Шәкәрім

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Төменде берілген өлеңді оқып, ой, сөз, істегі ар-ұжданды ұстанудың нәтижелерін (себебі мен салдарын) тауып, айтып беріңдер.

Жүсіп Баласағұн
2. «Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкім де ұялта алмайды» (Феофраст) тақырыбына эссе жазыңдар.
3. Жағдаятты шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер. Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып; «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелерге сенетіндер де бар шығар?» – деді. Бір оқушы орнынан тұрып: – Әрине, – деп жауап қайтарады.

– Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, – деді. – Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұстала ма, ал біреуге риясыз көмектескенде оған деген жанашырлығыңызды шығарып, үстелге қоя алар ма едіңіз? – деді. Барлығы ойланып қалды... Сендер қалай түсіндірер едіңдер?

 Адамның ар-ұжданы да ылғи көзге көріне ме? Оның көріністері нелер деп ойлайсыңдар?

4. Өсиет әңгімені оқыңдар. Өсиет әңгіменің астарынан нені аңғардыңдар? Мәтіндегі жағдайды адамның мінез-құлқымен, өмірімен байланыстырып, кестені дәптерге толтырыңдар. Өсиет әңгіме

Мәтін бойынша

Өмірмен байланыс

Баяу әуен қойылады.
Постер, маркер.

6. Топпен ән айту Дүние-ай

«Жігіттер» тобы

Өтетін сейілмен

Ей,дүние базарсың,

Пенделік пейілден

Жүрегім тазарсын
Қайырмасы:

Адамға бақ берер тек қана Алла мекен

Өмірдің қызығы біреуге арман екен,

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен.

АКТ-ны пайдалану.

Оқушылар бірге әнді қосылып шырқайды

7. Үй тапсырмасы. «Жаңылыс пен ақиқаттың есігі» атты аңызды оқып келу

Аңызды оқып келу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «№5 Күршім орта мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Өмірдің мәні № 5 сабақ

Құндылық: «Ақиқат» Қасиеттер: шындық, адалдық

Мұғалімі: Рамазанова А

Сынып – 7

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адамның ішкі және сыртқы сұлулығының байланысты екенін ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға өмірдің мәні туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- өмірдің мәнін ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

- адалдық, шынайылық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

-адалдыққа, шынайылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу)

Тыныштық сәтін. «Ғажайып отбасын саяхат» баяу әуен тыңдау арқылы.

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Жаңылыс пен ақиқаттың есігі» атты аңызды оқып келу

● Мәтінде адам неліктен Ақиқатты іздеді деп ойлайсың?

● Мәтінде Жаңылыс неліктен «Оны өзім де іздеп жүр едім» деді?

● Не себепті Ақиқат пен Жаңылыс кездесе алмайды?

● Өзің Ақиқатты қайдан іздейсің? «Ақиқат – адастырмайды» дегенге сенесің бе? Неліктен?

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

Қаныш Сәтбаевтың «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағызадамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер»

Қаныш Сәтбаевтың қанатты сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.

АКТ-ны пайдалану.

4. Әңгімелесу (сұхбат) Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, кӛрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу. Бірақ нағыз шындық – ол Ар-ұждан. Сөз ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады.

Дұрыс әрекет жасау - ақиқатқа берілгендердің ұстанған әрекеті. Ақиқат – адамның шынайы табиғаты.

Ақиқатқа шындық, дұрыс әрекет, тыныштық, қиянат жасамау және сүйіспеншілікті күнделікті өмірде іс жүзінде көрсету арқылы жетуге болады. Адамның ақиқатты тануға ұмтылысы өзіне: «Мен кіммін?», «Менің өмірімнің мақсаты неде?» деген сұрақтарды қоюға түрткі болады.

Д. Дефоннығ әңгімесінен үзіндіні оқу арқылы сабақты аша түсу.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар.
2. Берілген үзіндіні оқып, өмірдің мәні суреттелген ойлар мен сәттерді тауып, дәптерге жазыңдар.

Ілияс Есенберлин
Адамның бақытты болуы әрқилы, міне біз қала тұрғындары, өмірді үлкен категориялармен шеңберлеп өлшеуге дағдыланғанбыз. Мұз жаратын кеме ойлап шығарсақ, жаратылыстың дүлей күшін ауыздықтасақ, не болмаса атом күшін дұрыс пайдаланар жолын тапсақ, ӛзімізді зор бақытты санаймыз. Бірақ біздің сол үлкен категориямыз, мына сіздің шашыңызға түсіп тұрған күн сәулесімен салыстырғанда не тұрады? Мына сіздің кӛйлегіңізге жабысқан кішкентай ғана шӛппен салыстырыңызшы? Дүние шексіз-шетсіз кең, бірақ сол кең дүниеде шын мәнінде қымбатты тек ӛмір, тіршілік... Сіз ең қымбат дүние жиһазы бар үйге бір шумақ гүл қойсаңыз, бөлме қандай құлпырып кететінін байқағаныңыз бар ма? Неге олай? Бар болғаны гүлдердің жаны бар, олар біздің айналамыздағы ӛмірді еске салады... Ал жан-жағыңызға қараңызшы. Өзіңіз тұрған осынау дала қандай сұлу..

Баяу әуен қойылады.

Дәптер,қаламсап.

6. Топпен ән айту. Аңса жаным

Сөзін жазған Мұқағали Мақатаев

Әнін жазған Иран Тасқара

Мен тілеймін жарқыным сен де тіле,

Орнасын де жақсылық жер бетінде.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.

Мен аңсаймын, сен-дағы аңса жаным,

Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.

Аңса жаным, зарығып шарша жаным,

Қанша ғұмыр қалса да, қанша амалың.

АКТ-ны пайдалану.

Әнді бірге шырқау арқылы балалар өз көңіл –күйлерін көтере түседі.

7.Үй тапсырмасы. «Мен кіммін?», «Менің өмірімнің мақсаты неде?» деген сұрақтарды қатыстыра отырып эссе жазыңдар.

Эссе жазып келу