Файл: 1сынып растыран Кеншілік Гулбаршын Бірінші санатты санатты бастауыш сынып малімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 53
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бастауыш сыныптар бойынша білім
кесінділерінің жинағы
(1-сынып)
Құрастырған: Кеншілік Гулбаршын
Бірінші санатты санатты бастауыш сынып мұғалімі
Теміртау қаласы
Түсінік хат
«Бастауыш сыныптар бойынша білім кесінділерінің жинағы» атты әдістемелік кітаптың бастауыш сынып мұғалімдерінің сұранысын қанағаттандыру барысында қолға алынып, ұсынылып отыр. Мұндай атаудағы жинақтардың бар екені рас, бірақ та қазіргі оқулықтар мен бағдарлама негізінде жасалмаған. Бұл жинақтың ерекшелігі Мемлекеттік оқыту стандарты бойынша талапқа сай оқулықтар негізінде тоқсандық білім кесінділері әртүрлі деңгейдегі сыныптардың білімін есепке ала отырып құрылған.Математика, қазақ тілі және дүниетану пәндері бойынша 1-4 сынып оқушыларының білімдерін бақылау негізінде диктанттар мен бақылау жұмыстары, тестер ұсынылады. Білім кесінділерін әр мұғалім өз сыныбының білім деңгейіне сай жеңіл немесе күрделі түрін таңдай алады.
Бұл 1-сыныптағы математикалық ұғымдар мен тәсілдерді үйрену барысында оқушының өзін-өзі жетілдіруші, өзін-өзі дамытушы субъектісін қалыптастыру үдерісінде көмек көрсетуге негізделген құрал.
Алғашқы кезеңнен бастап 1-сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу төмендегі құзыреттіліктерді талап ететіні белгілі:ең алдымен ерекше қамқорлық, шыдамдылық, тапқырлық, шеберлік қажет; әрі қарай оқушылардың әртүрлі дайындық деңгейін ескере отырып,оларды мектеп өміріне бейімдеуіміз қажет;сонымен қатар олардың әртүрлі психологиялық, танымдық ,жеке дара ерекшеліктерін ескеруге тура келеді және ойын әрекетінен біртіндеп оқу іс-әрекетіне көшуді іске асыру, тұлғаны тәрбиелеу,дамыту,математика пәніне деген қызығушылығын оята отырып, жіберілген олқылықтарды түзетудің жолдарын қарастырып,саралап отыру қажеттігі туындайды.
1-сынып бойынша берілетін тапсырмалар математика пәнінің мазмұнына сәйкес жүйеленеді,олар:
1.Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі)
2.Математикалық ұғымдар және іс-әрекет тәсілдері
3.10 көлеміндегі сандар
4.Кестелік қосу және азайту
5.Ондықтар.Жүз.
6.Біз нені үйрендік?
1.Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі).Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болып қалмауына,тілін дамытуға көмектесу,мектепке дейінге мекемелерде дайындықта болмай қалғандарға өз қатарластарымен және үлкен адамдармен дұрыс сөйлесе білуге тарту.
10 көлеміндегі заттарды санап және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктілігін қалыптастыру.Жалпы математикалық ұғымдар жайлы алғашқы түсініктердің мағынасын ашу, мағұлымат беру.Дәптермен жұмыс істей білу машығын үйрету.
2. «Он көлеміндегі сандар» бөлімінің мақсаты математикалық білім мазмұнының арифметикалық құраушысын оқытудың жоспарланған нәтижесіне қол жеткізу.Кестелік қосу мен азайтуды оқып үйретуге, есепті және оны шығару тәсілдерін енгізуге дайындау.
3. «Кестелік қосу және азайту» бөлімінің мақсаты бір таңбалы сандармен амалдар орындауда, бір амалмен шығарылатын есептеуді шығаруда жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу.Алгебраның және геометрияның элементтерінмен, шамалар мен оларды өлшеумен байланысты білімді, біліктерді және дағдыларды дамыту.
4. «Ондықтар.Жүз» бөлімінде нені үйрететініміздің мақсаты: ондықтарды шығарып алуды, оларды қосуды және азайтуды оқытудың жопарланған нәтижелеріне қол жеткізу. Алдыңғы тақырыпты оқып үйренуде қол жеткізген оқыту нәтижелерін тиянақтай түсу.Екі таңбалы сандардың нумерациясын және олармен орындалатын амалдарды оқытып үйретуге дайындау. Алгебраның және геометрияның элементтерін, шама және оны өлшеуді оқыту нәтижелерін дамыту.
5. «Біз нені үйрендік?» бөлімінде оқытудың негізгі нәтижелерін бекіту, жалпылау және оларды меңгеру деңгейін анықтау жүзеге асырылады. Мұғалімнің оқушылармен жүргізген жұмыстарының қорытындысы шығарылады.Бастауыш математикалық білімнің Мемлекеттік стандарты мен математиканы оқыту бағдарламасы айқындаған негізгі нәтижелерге баса назар аударуға мүмкіндік туғызады. Бастауыш математикалық білімнің Мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылады.
1- сыныптағы тексеруге арналған бақылау саны
Жұмыстың түрі | І тоқсан | ІІ тоқсан | ІІІ тоқсан | ІҮ тоқсан | Жалпы саны |
Өзіндік жұмыс | 2 | 2 | 3 | 3 | 10 |
Бақылау жұмысы | 2 | 2 | 3 | 3 | 10 |
Жалпы | 4 | 4 | 6 | 6 | 20 |
Өзіндік және бақылау жұмыстарын бағалау :
«5» қатесіз орындалса;
«4»- 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате кетсе және есепті шығаруда өрескел қате кетпеуі тиіс;
«3»- 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате кетсе және есепті шешу барысы дұрыс болуы тиіс;
«2» - 4 өрескел қате кетсе.
Өрескел қателер:
1.Мысалдар мен есептердегі есептеулер жүргізудегі қателер.
2.Арифметикалық амалдардың дұрыс орындалмауы.
3.Есептің шығарылмауы (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдамау,артық амалдар орындау).
4.Есептің немесе мысалдың толық орындалмаы.
5.Мүлде орындалмаған тапсырманың болуы.
Өрескел емес қателер:
1.Есептеу тәсілінің тиімсіздігі.
2.Есептегі амалға сәйкес сұрақтың жұрыс қойылмауы.
3.Есеп жауабының дұрыс тұжырымдалмауы.
4.Берілген сандар мен белгілердің дұрыс көшілілмеуі;
5.Жұмыста кеткен грамматикалық қателер үшін математикадан бағасы кемітілмейді.Жұмыстың қалай болса солай безендірілуі, каллиграфиялық ережелердің сақталмағаны үшін математикадан 1 балл кемітіледі, алайда 3-тен кем балл қойылмайды.
Осы құралда 1-сынып оқушыларына арналған тапсырмалар мен білім кесінділерінің тізбегі, нұсқалары берілген, сонымен қатар 1-сыныпта оқытылатын басқа пәндер бойынша да тапсырмалар үлгісі енгізілген. Сонымен қатар бірнеше қызықты ойын түрлері де енгізіліп отыр.
-
сынып оқушыларына арналған білім кесінділері
І.Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі).
1 .
Осы шеңбердің жанына бұған қарағанда кішірек шеңбер сыз.
2 .
Осыған ұқсас фигураны сал.Жасыл түсті қарындашпен боя.
3 .
Жазуды жалғастыр.
4.Жазуды жалғастыр және боя.Сызбада қандай фигураларды көріп тұрсың?
5. Цифрларды қайталап, есте сақтаймыз.Суретті боя.
6 .Қандай айырмашылықтар бар?
7
3
2
3
.Терезелерге қажетті цифрларды жаз.
+
+
1
-
+
1
+
+
0
3
2
2
Ескерту! Оқушылардың білім деңгейлерін ескере отырып, берілген тапсырмаларды мұғалім оқып беріп отырады.Оқушылар өз бетімен орындауы тиіс. Аталмыш бөлімде әр тапсырмадан кейін цифрларды дұрыс жазуға байланысты тапсырмалар беріп отырған дұрыс.
8.Әр кірпіде қанша алмадан? Барлық алма саны қанша?
Алмалар қатарын сал және боя.
9. Есептерді шығар және суретті боя. Балық суреттерін салуды жалғастыр.
1-сары
2-қызыл
3-жасыл
4-көк
5-қызыл сары
6-қоңыр
7-қара
10. Мыны фигуралар неге ұқсайды?Қажетті суреттерді сызықпен қос және боя.
ІІ. «Он көлеміндегі сандар» бөлімі
№1. Бақылау жұмысы
1.Арифметикалық диктант.
Жауабын ғана жаз:
Қай сан 8-ден 1 санға артық?
Қай сан 7-ден 1 санға кем?
7-2=
5+2=
6-2=
2.Мысалдарды көшір және шығар.
І нұсқа ІІ нұсқа
10-2 8-2 5+2 9-1 6+2 10-3
7+2 8-3 6-3 7-2 6+3 9-3
3. 1 қатарда 6 төркөзді қорша, ал екінші қатарда одан 3 төркезді кем қорша және боя.
№2 Бақылау жұмысы
І нұсқа
1.Есепті шығар:
«Бұтақта 6 алма болды.2 алма үзіліп түсті.Сонда бұтақта қанша алма қалды?»
2.Мысалды орында:
7+2 2+6
9-5 10-9
5+4 1+8
10-3 8-7
ІІ нұсқа
1.Есепті шығар:
«Ғанида 4 марка болды.Оған тағы 3 марка сыйлады.Ғанида барлығы қанша марка болды?»
2.Мысалды орында:
8-2 10-8
3+5 2+7
5+3 9-6
7-4 1+9
№3 Бақылау жұмысы
І нұсқа
1.Есепті шығар:
Қайратта 3 қызыл және 4 көк машинасы бар.Қайратта барлығы қанша машина бар?
2.Мысалды орында:
6+2 5+4
1+7 10-7
ІІ нұсқа
1.Есепті шығар:
«Лаурада 9 марка бар. Ол 3 маркасын досына сыйлады.Лаурада қанша марка қалды?»
2.Мысалды орында:
8+2 7+3
3+6 9-7
№4 Бақылау жұмысы
І нұсқа
1.Есепті шығар:
«Берікте 3 кішкене және 2 үлкен машинасы бар.Берікте барлығы қанша машина бар?»
2.Мысалды орында:
4+3 10-1 7-2
6-3 5+1 6+2
ІІ нұсқа
1.Есепті шығар:
«Айжанда 4 шар бар еді.Ол 3 шарды досына сыйлады.Айжанжа қанша шар қалды?»
2.Мысалды орында:
7-2 6+1 9-1
7-3 6+2 5+3
ІІІ. «Кестелік қосу және азайту» бөлімі.
№1.Бақылау жұмысы
1.Арифметикалық диктант.
Жауабын ғана жаз:
8+2
10-1
1 қосылғыш -5 , ал екінші қосылғыш -2. Қосындының мәні қанша?
8-3
6+4
2. Салыстыр, «>», «<» таңбаларын қой.
4+2 * 4
6-2 * 6
3.Мысалдарды көшір және шығар:
І нұсқа ІІ нұсқа
7-2 5+3 10-4 6+2 4+3 1+7
9-3 4+4 1+8 10-3 3+3 8-4
№2.Бақылау жұмысы
1.Арифметикалық диктант (жауабын ғана жаз)
6-ға 3-ті қос
6 санынан 2 санын азайт
6-3
5 және 3 санын салыстыр қайсысы артық?
4+2 санының мәні нешеге тең?
2.Мысалдарды шығар:
І нұсқа ІІ нұсқа
3+3 3+0 2+5 5+5
6+4 9-7 8-4 6-4
8-6 2+6 3+7 5+4
7-2 10-5 9-6 7-3
3.Есепті шығар
«Асыл алғашында 5 дәптер, соңынан тағы 3 дәптер сатып алды.Асыл барлығы неше дәптер сатып алды?»
3.Есепті шығар
«Оқушы дәптеріне 8 мысал жазды,оның 5-еуін шешті?Шешетін тағы қанша мысал қалды?»
№3 Бақылау жұмысы
1.Арифметикалық диктант (жауабын ғана жаз)
1.20,18,12 сандарын жаз.
2.Құрамында 1 ондық 3 бірлігі бар санды жаз.
3.15 санынан кейінтұратын санды жаз.
4.20 санының алдында тұрған санды жаз.
5.8 саны 6 санынан нешеге артық, 7 саны 10 санынан нешеге кем?
2.Есепті шығар:
І нұсқа
«Жемсалғышта 8 торғай отыр, ал бозторғайдың одан 3-еуі кем. Бозторғайдың саны нешеу?»
3.Мысалды орында:
9-7 15-10 16+1
4+6 8+10 19-1
ІІ нұсқа
2.Есепті шығар:
«Бірінші үйде 5 қабат бар, ал екінші үйде одан 4 қабат артық.Екінші үй неше қабатты?»
3.Мысалды орында:
2+8 10+6 17-1
8-5 19-9 13+1
4. Салыстыр, жұлдызшаның* орнына «>», «<» таңбаларын қой.
7 * 7-3 6 * 6+3
№4 Бақылау жұмысы
І нұсқа
1.Есепті шығар:
Алуаның 8 дәптері бар еді.Ол 4 дәптерін інісіне берді.Алуада қанша дәптер қалды?
2.Мысалды орында:
5+3 4+5 9-5
5+4 9-4 3+4
3. а мен 3 санының айырмасын жаз. а=10;9;8;7.
4. Ұзындығы 5 см кесінді сыз.
ІІ нұсқа
1.Есепті шығар:
Мерейдің 3 кітабы, Дәкіттің 5 кітабы бар.Оларда барлығы неше кітап бар?
2.Мысалды орында:
6+3 3+6 6-3
9-6 9-3 7-2
3.а мен 4 санының қосындысын жаз. а=3;4;5;6.
4.Ұзындығы 6 см кесінді сыз.
№5 Бақылау жұмысы
І нұсқа
1.Есепті шығар:
Мұғалім 20 оқулық таратып берді.Оқулық 3 оқушыға жетпей қалды.Сыныпта барлығы неше оқушы бар?
2.Мысалды орында:
7+1-2
6-2+4
3. Салыстыр, жұлдызшаның* орнына «>», «<» таңбаларын қой.
4+5 * 8-1
2+4 * 9-4
4.а+5 өрнегінің мәнін тап. а= 0;4;2;3;1.
ІІ нұсқа
1.Есепті шығар:
Аулада 10 бала ойнап жүрді.Оның 4-еуі кетіп қалды. Аулада неше бала қалды?
2.Мысалды орында:
3+1+2
5+4-2
3. Салыстыр, жұлдызшаның* орнына «>», «<» таңбаларын қой.
7-5 * 3+6
8-5 * 3+0
4.а+7 өрнегінің мәнін тап. а= 0;2;3;1.
№6 Бақылау жұмысы
І нұсқа
1.Есепті шығар:
Сауытта 9 алмұрт болды.6 алмұртты жеп қойды. Неше алмұрт қалды?
2.Мысалды орында:
6+2 7-4
4+2 9-3
6-3 7+3
3.Теңдеулерді шеш:
4+а=8 5-а=4
4. Екі кесінді сыз.Олардың біреуі екіншісінен 2 сантиметр қысқа болсын.
ІІ нұсқа
1.Есепті шығар:
Қорапта 7 кәмпит жатты.6 кәмпитті жеп қойды.Неше кәмпит қалды?
2.Мысалды орында:
5+3 8-2
7-5 4+4
3-2 10-6
3.Теңдеулерді шеш:
7-а=6 5+а = 6
4.Ұзындығы 6 сантиметр кесінді сыз. Одан 1 сантиметр кесінді сыз.
ІҮ. «Ондықтар.Жүз» бөлімінде
№1 Бақылау жұмысы.
1.Арифметикалық диктант(жауабын ғана жаз)
1.18,80,60,16,100 сандарын жаз
2.Құрамында 4 ондық 7 бірлігі бар санды жаз
3.69 санынан кейін жазылатын санды жаз
4.90 санының алдында келетін санды жаз
І нұсқа
2.Есепті шығар:
«Інісі 10 жаста, ал әпкесі одан 3 жасқа үлкен. Әпкесі нешеде?»
3.Мысалдарды орында:
42-40 5+60 94-4
40-1 29+1 57-50
ІІ нұсқа
2.Есепті шығар:
«Қайыңның биіктігі 12 метр, ал терек одан 2 метр қысқа.Теректің биіктігі неше метр?»
3.Мысалдарды орында:
59+1 71-1 100-1
78-8 6+90 99+1
4 .Бос торкөздегі санды жаз.
1 дм = см 1м = см
№2 Бақылау жұмысы.
1.Мысалдарды орында:
І нұсқа ІІ нұсқа
48-8 70-30 62+5 71+6 62+8 80-50
57+20 83+7 40-1 93-90 50-1 35+40
2. Салыстыр, «>», «<» таңбаларын қой.
50-10 * 50+10 40+30 * 40-30
3.Есепті шығар:
«Хорда 30 қыз ән айтты, ал ұлдар саны олардан 10-ға кем.Хорда қанша бала ән айтты?»
«Таудан 10 ұл сырғанақ тепті, ал қыздардың олардан 2-еуі кем.Барлығы қанша бала сырғанақ тепті?»
№3 Бақылау жұмысы.
І нұсқа
1.Мысалдарды шығар:
50-7 43+50
38-5 82+7
26+4 76-40
2.Есепті шығар:
1)«Түске дейін 6 үлкен кесені және 4 кішкене кесені жуу керек болатын.Ал Әсем 7 кесені ғана жуды, сонда жуатын тағы неше кесе қалды?»
2) «Екі ыдыста 9 л сүт бар.Біреуінде 9 л сүт бар.Екінші ыдыста қанша литр сүт бар?»
ІІ нұсқа
1.Мысалдарды шығар:
63+20 59-7
81-50 31+6
72+8 90-5
2.Есепті шығар:
1)«Ағайындылардың біреуі 5 балық, ал екіншісі 4 балық ұстады.Анасы 6 балықтан ас дайындады.Сонда неше балық қалды?»
2) «Екі пакетте 10 апельсин бар.Бір пакетте 4 апельсин болса, екінші пакеттегі апельсин нешеу?»
№4 Бақылау жұмысы.
І нұсқа
1.Өрнектерді цифрлармен жаз.Мәндерін тап.
3 онд+ 4 онд = ... онд
8 онд – 4 онд = ... онд
2. Есепті шығар:
Альмира 20 жаста, ал бауыры Далиль 10 жаста.Альмира Далильден неше жас үлкен?
3.Теңдеулерді шеш:
10+а =50 40-а =30
4.Мысалдарды орында:
20+20 40+10
70-50 60-30
ІІ нұсқа
1.Өрнектерді цифрлармен жаз.Мәндерін тап.
4 онд – 2 онд = ... онд
5 онд + 4 онд = ... онд
2. Есепті шығар:
Тотықұс 10 сөз біледі . Марат оған тағы 30 сөз үйретті.Енді тотықұс неше сөз білетін болды?
3.Теңдеулерді шеш:
а+60=70 а- 40=50
4.Мысалдарды орында:
70-60 50+30
50-20 40+10
Ү. «Біз нені үйрендік?» бөлімі.
№1 Бақылау жұмысы:
1.Мысалдарды орында:
І нұсқа ІІ нұсқа
47+8 90-4 73-8 50-7
53-6 7+23 38+6 9+41
15+9 26-7 17+9 22-8
2.Есептерді шығар:
«Қайың бұтағында 6 торғай қонып отырды,оған тағы 2 торғай қосылды, сосын4 торғай ұшып кетті.Сонда бұтақта неше торғай қалды?»
«Жас ұландар 15 үйрек және 8 қаз , ал балапандардың саны қаз бен үйректі қосқанда қанша болса сонша.Жас ұландар қанша балапан өсірген?»
«Қорапта 10 қарындаш жатыр.Ұл бала 7 қарындашты алды, сосын 5 қарындашты қорапқа қайта салды.Қорапта қанша қарындаш болды?»
«Жас ұландар 16 емен,9 үйеңкі, ал қайыңның саны емен мен үйеңкіні қосқанда қанша болса сонша.Жас ұландар қанша қайың отырғызды?»
№2 Бақылау жұмысы:
І нұсқа
1.Мысалдарды орында:
70+12 60-18
38-15 53+27
2.Есептерді шығар:
«Бала 25 санақ таяшасын жонды, оның бірнешеуін досына берді.сонда өзінде 15 таяқша қалды.Ол досына қанша таяқша берді.»
«Қыз бала дәптерді 10 теңгеге сатып алды,онда әліде 11 теңге қалды.Қыздың неше теңгесі болған?»
ІІ нұсқа
1.Мысалдарды орында:
90-35 10+52
46+24 67-16
2.Есептерді шығар:
«Жас ұландар бүлдіршіндерге жұлдызшалар жасады.Олар бүлдіршіндерге 24 жұлдызша сыйлады.Оларда 5 жұлдызша қалды.Жас ұландар қанша жұлдызша жасаған?»
«Аянда 20 тиын болған.Ол өзіне қойынкітапшасын сатып алды, енді онда 8 тиын ғана қалды.Қойынкітапшасы неше теңге тұрады?»
№3 Бақылау жұмысы:
І нұсқа
1.Мысалдарды орында:
10-7 3+7 3+3
5+4 9-4 4-2
10-6 4+6 1+6
2.Есептерді шығар:
1)Біздің үйдің жанында 2 қайың өсіп тұр. Біреуінің биіктігі 9 метр, ал екіншісінің биікьігі 5 метр. Екінші қайың біріншісінен неше метр қысқа?
2)Наурыз мейрамының жарыстарына қатысатын спорт командасында 9 ұл мен 7 қыз бар. Ұлдардың қыздардан нешеуі артық?
3.Теңдеулерді шеш:
30+а= 70 а-70 = 20
ІІ нұсқа
1.Мысалдарды орында:
4+4 8-4 4-4
10-5 5+5 9-0
6-3 2+2 7-6
2.Есептерді шығар:
1) Үйдің жанында 7 бозқараған бұтасы, 4итмұрын бұтасы отырғызылды. Бозқараған бұтасы итмұрыннан қаншаға артық?
2) Ералыда тік ұшақтың 7 үлгісі, ұшақтың 9 үлгісі бар. Тік ұшақтардың саны ұшақтардан қаншаға кем?
3.Теңдеулерді шеш:
30+а =50 а-50 = 20
1-сыныпқа арналған өзіндік жұмыстары.
№1.
1.Кестені толтыр:
а | 3 | 4 | 5 | 6 |
а+4 | | | | |
2.Салыстыр: (< > =)
2+4 * 6-1 3+5 * 10-2
5+2 * 9-2 4+3 * 9-3
3.Шығар:
10-1= 5-4= 9-3= 6+4=
7+2= 6+4= 4+4= 8-5=
№2.
1.Шығар:
4+3-2= 8+2-1= 7+3-5=
7-4+6= 10-4+1= 8+2-4=
2+4+3= 9-8+6= 5+5-6=
2.Салыстыр: (< > =)
4+4*9-1 8-3*7+2 4-3*3-3
10-5*4+3 9+1*6+4 5+2*7-0
3.Есепті шығар:
Ағасы 10 жаста, інісі 4 жаста.Інісі ағасынан неше жас кіші?
Шешуі:
№3.
1.Салыстыр: (< > =)
| | 6-4 | ||||||||||||
7-3 | | 7-4 | ||||||||||||
8+1 | | 7+2 | ||||||||||||
4+3 | | 5+2 |
2.Мысалдарды шығар:
10-8+3= 7-6+5= 8+2-4=
5+4-6= 9+1-2= 3+0-2=
3.Есепті шығар:
Анар 7 қағазға ,ал Сәуле 4 қағазға сурет алды.Екеуі барлығы неше қағазға сурет салды?
Шешуі:
Жауабы:
№4.
1.Кестелерді толтыр:
а | 4 | 5 | 6 | 7 |
а+3 | | | | |
а | 10 | 9 | 8 | 6 |
а-3 | | | | |
2.Ойлан,тап:
а * а+5
а * а-5
3.Есепті шығар, шартын жаз.
Кәмшат 6 ою ойды, ал Шәрбат 5 ою ойды.Екеуі барлығы қанша ою ойды?
№5.
1.Кестелерді толтыр:
а | 4 | 5 | 6 | 7 |
а+4 | | | | |
а | 10 | 9 | 8 | 6 |
а-4 | | | | |
2.Ойлан,тап:
а * а+6
а * а-6
3.Есепті шығар, шартын жаз.
Жанар 5 ою ойды, ал Гүлнар 4 ою ойды.Екеуі барлығы қанша ою ойды?
№6.
1. Есепті шығар:
8 тоқаш болды. 2 - уі желінді. Қанша қалды?
2. Кестелерді толтыр:
а | 4 | 3 | 2 | 1 |
а+5 | | | | |
а | 10 | 9 | 8 | 6 |
а-5 | | | | |
3.Ойлан, тап! - + > < =
7 3 * 8-2
6-2 * - 4
№7.
1. Есепті шығар:
Айдар 8 марка сатып алды. 4 маркасын жоғалтты. Қаншасы қалды?
2. Кестелерді толтыр:
а | 4 | 5 | 6 | 7 |
а+2 | | | | |
а | 10 | 9 | 8 | 6 |
а-2 | | | | |
3.Ойлан, тап!
а-2 > а-3
а * а+5
1-сынып оқушыларына арналған есептер .
-
1 сауытта 9 алмұрт болды.6 алмұртты жеп қойды.Неше алмұрт қалды? -
Қорапта 7 кәмпит жатты.6 кәмпитті жеп қойды.Неше кәмпит қалды? -
Балалар құстарға 9 ұя жасады.5 ұяны олар мектеп ауласына іліп қойды.Енді қаншасын ілу керек? -
Қорада 8 тауық бар.Апай 6 тауыққа жем берді.Әлі қанша тауыққа жем беруі керек? -
Трамвайда 10 адам келе жатты.Аялдамада 4 адам шығып кетті.Трамвайда неше адам қалды? -
Пакетте 9 алма болды.5 алманы жеп қойды.Пакетте неше алма қалды? -
Шахназдың 8 жапсырма суреті болды.Ол 6 жапсырма суретін құрбыларына сыйлады.Енді оның неше жапсырмасы қалды? -
Шарбақта 5 қарға мен 2 торғай отыр.Шарбақта барлығы неше құс қонып отыр? -
Көгалда 6 ешкі мен 3 қой жайылып жүр.Сонда көгалда жайылып жүрген барлық мал қанша? -
Үстелде 3 кітап жатты.Әкей тағы 1 кітапты қойды.Енді үстелде неше кітап жатыр? -
Аулада 3 қайың өсіп тұрды.Балалар тағы сонша қайың отырғызды.Аулада неді неше қайың болды? -
Үстелде 4 кітап пен 2 газет жатыр.Ал журналдардың саны кітаптар мен газеттердің барлық санына тең.Сөйтіп үстелде қанша журнал жатыр? -
Дауыл 3 мөңке мен 6 алабұға аулады.Ал ауланған шортандардың саны мөңкелер мен алабұғалардың барлық санына тең.Сөйтіп,Дауыл неше шортан аулаған? -
Бірінші күні Ақбота 5 мүсін жасады,екінші күні тағы да сонша мүсін жасады.Ақбота барлығы неше мүсін жасады? -
Көк кесіндінің ұзындығы 3 сантиметр, ал жасыл кесіндінің ұзындығы 5 сантиметр артық.Жасыл кесіндінің ұзындығы қанша? -
Мерей 5 түлкішек,бұдан 4-еуі артық қайыңқұлақ теріп алды.Мерей неше қайыңқұлақ теріп алды? -
Мейіздің анасында 8 ақ жіп орамы,бұдан 3-ке кем қара жір орамы бар.Мерейдің анасында неше қара жіп орамы бар? -
Алтынайдың 8 жапсырма суреті бар.Ал Азаттың бұдан 3-ке кем жапсырмасы бар.Сонда Азаттың жапсырма суреті нешеу? -
Нұрқаттың 5 қармағы бар.Ал Санжардың 4-ке артық қармағы бар.Сонда Санжардың қармағы нешеу? -
Сары кесіндінің ұзындығы 4 сантиметр, ал қызыл кесіндінің ұзындығы 3 сантиметр артық.Қызыл кесіндінің ұзындығы қандай? -
Бір қабатта 9 тұрғын бар,ал басқа қабатта 2-ге кем тұрғын бар.Басқа қабатта наша тұрғын бар? -
Таксиде 4 ересек жолаушы келе жатыр,ал келе жатқан балалардың саны 2-ге кем.Таксиде наша бала келе жатыр? -
Ақназардың 8 таза қойын дәптері болды.Ол бірнеше қойын дәптерін жазып бітіргенде оның таза 4 қойын дәптері қалды.Ақназар неше қойын дәптерін жазып бітірді? -
Табақта 9 алмұрт болды.Бірнеше алмұртты жеп қойғанда табақта 2 алмұрт қалды.Неше алмұртты жеп қойды? -
Құндыз 3 жастық тысын ауыстырды.Енді оған тағы 4 жастық тысын ауыстыру қажет.Құндыз барлығы неше жастық тысын ауыстыруы керек болды? -
Аулада бірнеше адам болды.2 адам кетіп қалды, сонда аулада 5 адам қалды.Алғашында аулада қанша адам болды? -
Балалар 7 пакет шыры сатып алды .Олар бірнеше пакет шырынды ішіп қойғаннан кейін ішілмеген 3 пакет шырын қалды.Балалар неше пакет шырын ішті? -
Еркеназ 10 килограмм қияр,4 килограмм сәбіз сатып алды.Дорбадағы сәбіз қиярдан неше килограмға жеңіл?
Математика пәніне қатысты логикалық есептер.
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
1 2 3 4