Файл: Балаларды ауіпсіздігі шін зін стау ережелеріні жинаы Балаларды ауіпсіздігі шін зін стау ережелеріні жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

            


Балалардың қауіпсіздігі үшін өзін ұстау ережелерінің жинағы


Балалардың қауіпсіздігі үшін өзін ұстау ережелерінің жинағы

(Мұны әр бала білуі тиіс)


Өзіңді өзің құтқар, сонда сен

айналаңдағы мыңдаған адамдардың

аман сау болуына септігіңді тигізесің.

Біз бәріміз заманауи және күрделі өмірде өмір сүріп жатырмыз. Өкінішке орай айналамызда қауіп көп. Өзіңді өзің құтқару үшін, өміріңді сақтау үшін, қиындықтардың алдын алу үшін төтенше оқиғалар қандай болады, ол кезде біз өзімізді қалай сақтауымыз керек, қауіпті болдырмау үшін не істеуіміз керек, соған тоқталайық.

Көшедегі қауіпсіздік

  • Балалар, сендер уақыттарыңның көп бөлігін далада өткізесіңдер. Кішкентай мектеп оқушылары өзінің мекен жайын, үй телефонын, ата-анасының байланыс телефондарын білулері тиіс. Ойнауға кетіп бара жатып сендер ата-аналарыңа ескертулерің керек. Үйге қашан қайтатындарыңды айтып кетулерің керек. Ата-аналарың рұқсат еткен жерде ғана ойнауға тиіссіңдер.



  • Жарық аз түсетін, адам аз жүретін жерлерден қашық жүріңдер.



  • Танымайтын адамдардан тәттілер, сыйлықтар, ақшалар алмаңдар. Танымайтын адамның көлігіне отырмаңдар.



  • Танымайтын адам сенен жоғалып кеткен күшігін, мысығын тауып беруге көмектес деуі мүмкін, затымды апаруға көмектесіп жібер деуі мүмкін, бірге ойнайық немесе фотоға түсейік деуі мүмкін, келіспеңдер.



  • Танымайтын адаммен сөйлеспеңдер. Олар сенің қайда тұратыныңды ата-анаңның қайда жұмыс істейтінін білгілері келіп әңгімеге тартуы мүмкін.



  • Егер көшеде төбелесіп жатқандарды көрсеңіздер араша түспеңіздер. Ол туралы үлкендерге айтып, полиция шақыруларын өтін.



  • Егер топталып келе жатқан адамдар сенен сіріңке табылмай ма, сағат неше болды деген сұрақтар қойып жақындай бастаса, жүріп бара жатып ол заттрадың сенде жоқ екенін айтып, кетіп қалыңыз. Сонда олар сені қоршап алмайды.



  • Егер сені көшеде ұстап алып, подъезге кіргізуге талпынса немесе машинаға тықпаласа, немесе басқа жаққа қарай сүйресе, айқайлаңыз, өзіңізге назар аудартыңыз. Егер осындай жағдай ғимарат ішінде болса, өрт деп айқайлаңыз, сонда бұл сөзге бәрі қарайды, жүгіріп адамдар келеді. Өйткені өрт бәріне қауіпті.

Жолдағы қауіпсіздік.


Сен әр күн сайын көшеге шығып, жол қозғалысының қатысушысы болып жүрсіз, жол ережесін балалар жиі бұзады, өйткені білмейді. Төмендегі жаднамаларды оқи отырып, негізгі ережелерді есте сақтайық.

Ол мына ережелер:

1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана көшені кесіп өтуге болады.

2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

3. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.

4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.

5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның соңынд келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

6. Ал трамвайдың тек алдыңғы жағынан ғана өтуге болады. Әйтпесе қарсы келе жатқан трамвайды көре алмай қалуың мүмкін.

Естеріңде болсын! Жол ережесін сақтағанда ғана сені қауіптен сақтайды.

Балалар! «Болмайды» деген 7 ережені естен шығармаңдар!




  1. Бөгде адаммен көшеде сөйлесуге және танымайтын адамды үйге кіргізуге болмайды.




  1. Танымайтын ер адаммен подъезге, лифтіге бірге кіруге болмайды. Кез-келген әйел адамның келуін күт.




  1. Үлкендерсіз (ата-анаңсыз, мұғаліміңсіз, ересек туысқандарыңсыз) бөгде машинаға отыруға болмайды.




  1. Танымайтын адамнан сыйлық алуға, танымайтын адамның үйіне немесе басқа да бір шақырған жерге баруға болмайды.




  1. Далада көп уақыт, әсіресе түн қараңғылығында жүруге болмайды.




  1. Егер үйде үлкен адамдар жоқ болса, пәтердің есігін ешкімге ашуға болмайды. (танымайтын адам су сұрауы мүмкін,телефон шалайын деп едім, немесе ата-анаңа хат жазып қалдырайын деп едім, құжат тастап кететін едім десе де ашпа)




  1. «Тәуекел топ» адамдарымен байланыс жасауға болмайды. (маскүнемдер, ішкіштер, нашақорлар, сотталғандар), ол сіздің подъезіңізде тұратын көршіңіз болса да,алыс туысқаныңыз болса да.


Балалар, естеріңізде болсын!



Осындай қауіпті жағдайда өзіңді осылай ұстауға ұялмаңыз, қайта осы ережелерді міндетті түрде сақтап жүріңіз!



Еш уақытта үйде балконға асылма, терезенің алдына шықпа, қауіпті!


Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, ток қосқышқа жанасуға болмайды. Үтікті ұстама. Ол токқа қосылып тұрғанда қатты ыстық болады. Үлкендердің үтіктеп беруін өтін. Өз бетіңше киімді үтіктеме. Қолыңды күйдіріп аласың.



Плитаның үстінде шайнек, таба, кәстрөл тұр. Олар –ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.



Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішуші болма!
Мынадай жағдайларда «Жоқ!» деп жауап беруге үйрен!



  1. Егер біреу қонаққа шақырса, немесе үйіңе жеткізіп салайын десе, тіпті ол көршіңіз болса да «жоқ» деп айтыңыз.




  1. Егер сізді мектептен, бақшадан алып кетуге бөтен адам келсе, ата-анаңыз мұны алдын ала ескертпесе, «жоқ!» деп айтыңыз.




  1. Егер ата-анаңыз үйде жоқ болып, танымайтын немесе аз танитын адам келіп үйге кіргіз десе, «жоқ» деңіз.




  1. Егер бөтен адам сізбен танысу мақсатымен, бірге уақыт өткізу мақсатымен жейтін, ішетін бір нәрсе ұсынса, «жоқ» деңіз.




  1. Егер танымайтын адам қандай да бір көшені көрсетіп жібер десе,немесе сөмкесін көтерісіп жіберуін өтінсе, дүкенге дейін жеткізіп салуын өтінсе, «жоқ» деңіз!



Балалар! Мынадай фразаларды жаттап алыңыз!


  1. Рахмет, маған ата-анам танымайтын үйге қонаққа баруыма тыйым салды.




  1. Кешіріңіз, мен ешқайда бармаймын.




  1. Менен аулақ кетіңіз, әйтпесе мен айқайлаймын.



Балалардың жаз кезіндегі өмір қауіпсіздігі ережелері


  1. Жаз мезгілінде темір жол торабына бармау, оның маңайына барып ойнамау, егер бара қалған жағдайда абай болу, нақты адам өтетін жолмен жүру. Пойызбен саяхатқа шыққанда пойыз жүріп келіп тоқтамайынша жанына баруға, одан түсуге болмайды.




  1. Көшеде жол жүру ережелерін сақтау, жолдан өтетін кездерде бағдаршамға қарап өту және жаяу адамдар жүретін жолмен өту.





  1. Ойын кезінде сіріңке мен басқада от тұтататын заттар пайдалануға болмайды, алау жағатын болса, суға жақын жерде, немесе су құйылған ыдыстар болуы керек, үйде немесе аулада өрт бола қалған жағдайда 101 телефонына хабарласу.




  1. Дәстүрлі емес діни ағымдағы ұйым мүшелерімен, оның өкілдерімен кездесуге болмайды. Мешітке жеке жалғыз, немесе бөтен адамдармен баруға болмайды.




  1. Танымайтын адамдармен сөйлеспеу және олардың көлігі болса отырмау. Көшеде жатқан біреудің пакетін, сөмкесін алмау, бос үйлерге бармау, бос подъездерге кірмеу, ойнаған кезде ауылдан ұзап кетпеу.




  1. Көпірден секіру секілді қауіпті ойындарына жол бермеу



Суға шомылу ережелерімен таныс болайық:

Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!

Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!

Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Шомылғанда камераларды, тақтайларды пайдаланбаңыз!

Суда шолжаңдауға жол бермеңіз!

Жалған дабыл бермеңіз!

Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!

Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз!

Таныс емес жерден секірмеңіз.

Балық аулауға барсаңдар абай болып, өз өмір қауіпсіздігін сақтаңдар!
Шомылуға кеңес беріп өтейін.

Суға абайлап түсу керек.

Жүзу белмесеңіз, суға белден аса тереңдікке бармаңыз.

Тоқтаңыз және терең емес жерде басыңызбен шомылыңыз.

Өзіңізді қалтыратуға дейін жеткізбеңіз.

Жалғыз шомылмауға тырысыңыз.

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
Егер қайықта болсаң.

Иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдаланбаңыз!

Жүзуге құтқарушы және су төгетін құралдарсыз шықпаңыз!

Қайықта артық жүктерді алмаңыз!

Қайықтың бүйіріне және тұмсығына отырмаңыз!

Бір орнынан екінші орынға, сондай-ақ бір қайықтан басқа жүзетін нәрсеге ауысып отырмаңыз!

Қайықтан сүңгімеңіз!

Жүзетін құралдарды қараңғы түсісімен пайдаланбаңыз!
Зардап шеккенге алғашқы көмек.

Зардап шеккеннің басын қисайтып, ауызды құм мен балшықтан тазарту керек. Тыныс жолдарын және асқазанды судан босату қажет. Мұның бәріне 15 секундтен артық кетпеу керек. Егер тамыр соғысы білінбесе, «ауыздан ауызға» тәсілмен жасанды дем беруге кірісу керек. Мұны әркім істей білуі тиіс.


Бастауыш сынып оқушыларының қауіпсіздік ережесі


Инструкция №1. Экскурсияға барған кезде өзін өзі ұстау ережесі

1. 1. Көрме, музейлерде жүрген кезде


1. 1. 1. Өзіңді салмақты, ұстамды қылып ұста

1. 1. 2. Көңіл қойып қарап шық, тыңда, жүгіре берме.

1. 1. 3. Рұқсатсыз ештеңені ұстауға болмайды.

1. 1. 4. Қатты айғайлап сөйлеме

1. 1. 5. Экскурсоводқа рақмет айтуды ұмытпа.

1. 2. Табиғатқа шыққанда

1. 2. 1. Қол жуатын және ішетін су ал

1. 2. 2. Су айдындарынан шикі суды ішпе.

1. 2. 3. Өзіңе таныс емес өсімдіктерді жинама, аузыңа салушы болма.

1. 2. 4. Табиғатты бүлдірме

1. 2. 5 От жағуды үлкендермен жаса. Суға жақын жерде от жағуға болады.

1. 2. 6.Ағаштарды сындырып алма

1. 2. 8. Жолда жүру ережесін сақта

Инструкция №2. Правила дорожного движения

2. 1. Проходи по тротуару только с правой стороны. Если нет тротуара, иди по левому краю дороги, навстречу движению транспорта.

2. 2. Дорогу переходи в том месте, где указана пешеходная дорожка или установлен светофор. Дорогу переходи на зелёный свет.

2. 3. Когда переходишь дорогу, смотри сначала налево, потом на право.

2. 4. Если нет светофора, переходи дорогу на перекрёстке. Пересекать улицу надо прямо, а не наискось.

2. 5. Не переходи дорогу перед близко идущим транспортом.

2. 6. На проезжей части игры строго запрещены.

2. 7. Не выезжай на проезжую часть на велосипеде.

Инструкция №3. Еңбек сабағында өзіңді ұстау ережесі

Инемен жұмыс жасағанда

3. 1. Инені ине салғышта ұста.

3. 2. Жұмыс жасаған жеріңде инені жіпсіз қалдырып кетпе..

3. 3. Инені біреуге бергенде жібімен бер.

3. 4. Инені аузыңа салма, ойнама.

3. 5. Инені киімге түйреме.

3. 6. Жұмыстың алдында және соңында инені санап сал.

3. 7. Ине салғышты үнемі бір жерде сақта

3. 8. Инемен жұмыс жасап отырғанда жан-жағыңа алаңдама.

Қайшымен жұмыс істегенде

3. 9. Жақсы өтетін қайшымен жұмыс жаса.

3. 10. Қайшының дөңес жағы болуы керек.

3. 11. Қайшының аузын ашып тастама.

3. 12. Қайшыны біреуге бергенде дөңгелек жағымен бер.

3. 13. Қайшымен ойнама, бетіңе тақама.

3. 14. Қайшыны керек кезде ғана пайдалан..

Инструкция №4. Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесі

4. 1. Көшеде қатты күлуге, сөйлесуге, шыңғыруға болмайды, ұят болады.

4. 2. Шемішкенің қалдығын, алманың қалдығын, кәмпиттің қағазын тастап, көшені ластауға болмайды.

4. 3. Кинотеатрға барғанда жүгіруге, ойнауға, шулауға болмайды.

4. 4. Кино немесе концерт көріп отырғанда көрермендерге кедергі келтіріп, аяқпен тарсылдатуға, ысқыруға, айқайлауға болмайды.