ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 142
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектептің даму жоспары
Басымдығы: «Сыныпты басқарудағы мұғалімдердің тиімді әдіс – тәсілдерді қолдануы және оқушылардың ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып білім сапасын көтеру»
SMART МАҚСАТТАР: | ТАБЫС КРИТЕРИЙЛЕРІ: |
|
|
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8-сыныптар көшеді.
4, 9, -сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Нормативтік құқықтық база
Жаңа оқу жылында:
-
мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім беру процесі:
-
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі -МДТОМЖС); -
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; -
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзегеасырылады. -
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
-
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМБС-2016); -
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары;
100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
-
І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ -
II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ -
ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ -
IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК
Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы
Қазіргі уақытта «Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесін Қазақстанның 5400-ден астам мектебі қолданады. Жоба 14 облыс, сондай-ақ Астана, Алматы Шымкент қалалары аумағында жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі Министрлік) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» Заңына сәйкес, «Күнделік» (Kundelik) ЖШС компаниясы атынан жеке серіктеспен «Қазақстан Республикасындағы «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттықжүйесін құру, енгізу және қызмет етуінқамтамасыз ету» республикалық жобасы бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт жасасты.
Kundelik.kz – білім саласындағы электронды құжат айналымының мүмкіндіктерін білім беру жүйесінің барлық қатысушылары арасындағы әлеуметтік желілік өзара қарым-қатынастың құралыменбіріктіретін интернет-портал. Kundelik.kzавтоматтандырылған жүйесі LearningManagementSystems деп аталатын үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға негізделеді.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім берудің зайырлы, гуманистік және дамушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуы басымдығы, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту, оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары болып табылады.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр.
Тәрбие беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін республикада мынадай заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Балалар құқықтары туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
2018-2019 оқу жылында республикадағы жалпы білім беру мектептерінде балаларды тәрбиелеу жұмысы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісіне сәйкес жүзеге асырылатындығымен ерекшеленеді.
«Мәңгілік Ел» - еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама болып табылады. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру барысында мектеп мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтері жүргізген жұмыстар көшбасшылық қасиеттері дамыған, білімді, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, мәдениетаралық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасауға қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев бағдарламалық құжаттың «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» І бөлімінде тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті.
1. Бәсекелік қабілет – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
2. Прагматизм – нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау – ұлттық мәдениетті сақтау және ұлттың дамуына кедергі болатын, өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
4. Білімнің салтанат құруы. Әрбір қазақстандық табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы керек..
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Бүгінде революцияның болмысы өзгерді. Олар ұлттық, діни, мәдени немесе сепаратистік сипатқа ие болды. Бірақ түптеп келгенде көптеген жағдайда бәрі де қантөгіс пен экономикалық құлдыраумен аяқталғанын білеміз. «Сондықтан, - деп жазады Н.А. Назарбаев - әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе¬сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі».
6. Сананың ашықтығы – дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді, жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу, деген сөз.
Сананы жаңғыртудың жоғарыда аталған бағыттарын жүзеге асыруда Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Рухани Жаңғыру»бағдарламасының критерийлері негізінде тәрбиелік іс-шаралардың педагогикалық талдау жұмысын ұйымдастыру бойынша әзірленген әдістемелік ұсынымдамалары: «Тәрбиелік іс-шара»: алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің өлшеу критерийлері (бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы») сондай-ақ «Оқушының оқырман қызметі»әдістемелік ұсынымдамалары мүмкіндік береді.
Мектептің даму жоспары , стратегиялық басымдықтар,
іс әрекет және іске асыру жоспарлары (коучинг және тәлімгерлік), және эвалюация жоспары
Басымдықтары: «Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану арқылы жаңа әдіс тәсілдерді енгізу және оқу кеңістігі қатысушыларының кері байланысын қамтамасыз ету»
Бірінші тәжірибе кезіндегі өткізілген TALIS зерттеуі нәтижесінде табысты мектеп қалыптастыру үшін қажетті эвалюация бағыттары анықталды және оларды шешуге бағытталған екінші тәжірибе кезеңінде мектептің даму жоспарында іске асыруды қажет ететін басымдықтар анықталды:
-
Оқыту мен оқуға жаңа әдіс тәсілдерді енгізуді жалғастыру; -
«Үштік арасындағы» арасындағы ынтымақтастық ортасын құру; -
Мұғалімдерді үнемі кәсіби дамуына уәждеп отыру; -
Оқыту үдерісіне критериялды бағалауды енгізу -
АКТ мүмкіндіктерін сабақтарда кеңінен қолдану; -
Әріптестер, ата аналар қауымы және оқушылар кері байланысын қозғаушы күш ретінде жұмыста қолдану; -
Мектептің кәсіби желілік қоғамдасының жұмысын жандандыру.
Осылайша талданған, халықаралық TALIS зерттеуі арқылы жүргізілген аудит және ішкі эвалюация нәтижесінде мектеп алдындағы мәселелерді шешу үшін жаңа әдіс тәсілдерді оқу мен оқыту үдерісіне топтық жұмыс арқылы енгізуіміз және даму үшін ата ана, оқушы және әріптестерден кері байланыс алып, оны даму үшін қолданудың маңызы зор болмақ деп шештім.
Сондықтан, «Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану арқылы жаңа әдіс тәсілдерді енгізу және оқу кеңістігі қатысушыларының кері байланысын қамтамасыз ету»