ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 74
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жүйелі түрдегі тәуекелдер сыртқы оқиғалардың әсерлерінен пайда болады (соғыстар, инфляция, т.с.с.), оның әсері бір жобаның аясында тоқталмайды және оны диверсификациялау жолымен тоқтата алмайсың.
Мұндай тәуекелдер бойынша айтарымыз, қазіргі таңдағы экономикалық жағдайды есепке ала отырып оған қоса саяси жағдайды ескере отырып, яғни біздің елде осындай тәуекелдің іске асу болжамы өте төмен. Іске асырылуға ұсынылып отырған жобаға байланысты (тәуекелдерді диверсификациялау арқылы болдырмау немесе қысқарту) жүелі түрдегі емес тәуекелдерге жататындары:
⮚ жобаны іске асыру кезіндегі есептелген мерзімдердің сақталмауы тәуекелі;
⮚ технологиялық тәуекелдер;
⮚ шикізаттардың қолжетімділігіне байланысты тәуекелдер;
⮚ сұранымның төмендеуі немесе сұранымның жоқтығы тәуекелдері;
⮚ төлем қабілеттілігінің төмендігі тәуекелі;
⮚ экологиялық тәуекелдер.
Жобаны іске асыру кезіндегі есептелген мерзімдердің сақталмауы тәуекелі.
Бұл тәуекел ең төменгі мөлшеріне дейін келесідей факторларға байланысты болады: ⮚ жобаны жасар алдында жобаның әр бөлімі бойынша жеке-жеке жұмыс жасау;
⮚ жабдықтаушылармен алдын-ала технологиялық жабдықтар мен қондырғыларды жабдықтау жөнінде, оларды өз уақытында пайдалану және жұмыс істетуі жөнінде келісім шарттарын жасасу;
⮚ жобаға қатысушыларға тыңғылықты іріктеу жасау;
⮚ кәсіпорын мамандарын кәсіпорынның жұмысын дұрыс дәрежеде жүргізу үшін әкімшілік мамандарын және жұмысшыларды кәсіби мамандармен қаруландыру.
Технологиялық тәуекелдер.
Кез келген салада негізгі қорларды қаржылық инвестициялау тұрақсыздықты туындатады, оның себептері технологиялық процестерге байланысты. Бұл тәуекелдерді үлкен мәселегел жатқызуға болмайды. Оның себептері:
⮚ өндірістегі технологиялық процестер қарапайымдылығы және сенімділігімен қарастырылады;
⮚ өндірістік технология көп жағдайда өндіріске таныс және жұмыс істеп тұрған өндірістік нысанда бұрын жасалған.
Шикізаттардың қолжетімділігіне байланысты тәуекелдер.
Тәуеклдің бұл түрін онша қауіптілікке санауға болмайды, себебі нарықта өндіріске қажетті шикізаттар мен материалдарды үздіксіз жабдықтайтын бірнеше жабдықтаушылыр бар. Сұранымның төмендеуі немесе сұранымның жоқтығы тәуекелдері.
Тәекелдің бұл түріде аса қауіпті емес, себебі шығарылуға жоспарланып отырылған өніміміз нарықтағы өнімдерге немесе нарықтағы сұранымдарға сәйкес. Оған қоса болашақтағы өнімдер жаңа қондырғылар мен жаңа құрал-саймандармен жасалатындықтан, бұл өнімдердің сапасы жоғары болады.
Төлем қабілеттілігінің төмендігі тәуекелі.
Дағдарыстың кезінде тұтынушылырдың төлем қабілеттінің төмендейтіні нарықта белгілі. Тәуекелдің ең төменгі деңгейін зерттеу кәсіпорынның маркетингтік бағдарлама қызметінде талданады. Осындай тәуекелдің алдын алу үшін тұтынушыға сатылатын тауардың құнын алдын ала төлету немесе оны төлеуге кепілдендірілетін келісім шарттар жасалуы қажет.
Экологиялық тәуекелдер.
Ұйымдастырылуға жоспарланып отырған өндіріс технологиясы қоршаған ортаға аса қуіпті немесе үлкен көлемде ластану мен қоқыстану жасамайды. Жоспарланып отырған, қолдануға арналған өндірістік технология табиғатты қорғау талаптарымен қатаң түрде сақталу ережелеріне сәйкестендіріліп жасалған. Осыған байланысты бұл тәуекелде өте төмен деңгейде.
3.3. Жобаны іске асырудың артықшылығы
⮚ өндірілетін өнімнің сұранымдылығы;
⮚ жергілікті мемлекеттік билік органдарының қолдауы;
⮚ кәсіби мамандардың болуы;
⮚ жұмыс тәжерибесінің жеткіліктілігі;
⮚ өтініш берушілер және материалдармен жабдықтаушылармен тұрақты байланыста болу; ⮚ өндірілетін өнім түріне тұрақты түрде ақшалай түсімнің болуы;
⮚ жақсы материалдық және техникалық базаның болуы;
⮚ Жасалынған өнімдердің өтімділігі және жеткіліктілігі.
IV. БӨЛІМ Өндірістік бөлім
4.1. Жылқы малының тұқымдары, оларды азықтандыру және көбейту.
Қазақстандағы тарихы
Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3- мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.
Биологиясы
Өмір мерзімі және кезеңдері
Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гиннесс рекордтар кітабына енген.
Жылқы төлдерін былай бөледі:
∙ құлын (биенің жас төлі),
∙ жабағы (6 айдан асқан құлын),
∙ тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
∙ құнажын байтал (2 жастан асқаны),
∙ дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
∙ дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
∙ бесті бие (4 жастан асқаны),
∙ қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
∙ кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
∙ жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:
∙ құнан айғыр (2 жастан асқаны),
∙ дөнен айғыр (3 жастағысы),
∙ сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
∙ бесті айғыр (5 жастағысы),
∙ сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
Қазақстандағы жылқы қолтұқымдары
Қазақстанның жылқы өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымы өсіріледі.
Қазақы жылқы
Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қолтұқымның бірі - қазақы жылқы. Оның негізгі тобын - «жабы» деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жемшөп талғамайды, тез қоңданады, салт мінуге ыңғайлы. Ең байырғы тұқымы нашар қазақы жылқы - жабы. Оның шоқтығына дейінгі биіктігі - шамамен 145 см, тұрқы - 150 см, салмағы - 460-470 кг. Жайылымда семіртілсе, одан 230-250 кг таза ет алынады. Жабы жылқылары Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймақтарында өсіріледі.
Жылқы өнімдері
Бие сауын.
Қымыз
Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар. Қымыз - халқымыздың кәделі әрі киелі сусыны. Қымыздың 40-қа жуық түрі дайындайды, оны дайындау тәсілдері де түрліше. Мысалы, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз, қысырақ қымыз, шырғанақ қымыз және басқа да түрлері бар. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдер де көңіл бөле бастады. Халқымыздың ұлттық мерекесінің бірі «қымызмұрындық» деп аталады.
Ет өнімдері
Жылқы етінен өндірілетін өнімдер: жал, жая, қарта және шұжық. Жал - желке шайы, жая - екі жамбастың сырты, яғни сауыр еті. Қазы - қабырғаның майлы сүбе еті. Қарта - тік ішектің майлы бөлігі. Шұжық - туралған ет пен май тығылып, илектен жасалған тағам.
V. БӨЛІМ Қаржылық бөлім
Қаржылық есептеулер қосымшаларда көрсетілген.
Қосымшалардың құрылымы:
Сүтті бағытағы МІҚ мал айналымының қозғалысы 1,2,3 жылдар қосымша 1 Мал шаруашылығына жұмсалатын барлық өндірістік шығынар қосымша 2 Барлық мерзімге жұмсалатын жем шөп қосымша 2.1 1 басқа қажетті орташа 1 жылдық қыстық азық. цент қосымша 2.2 Барлық малдың түрі қосымша 2.3 Малдың жем шөбі қосымша 2.4 Еңбек ақы шығындары және олардан ұсталатын аударымдар қосымша 2.5 Ветеринариялық дәрі дәрмек шығындары қосымша 2.6 Қаржыландырушы Грант қосымша 3 Дайын өнімді сатудан түскен барлық кірістер қосымша 4 Сатылған қымыздан кірістер қосымша 4.1
Финансирование
Осы бизнес жоспардың қорытынды қаржылай құжатын келесі құжаттармен көрсетеміз: ❖ Пайда мен зиянның болжамы кәсіпорынның қызметін және кәсіпорынның жобаны іске асыру мерзіміндегі қаншалықты тиімді жұмыс жасайтындығын көрсетеді - қосымша 5 ❖ Ақша қозғалысының болжамы (кэш-фло) жобаны іске асыру мерзіміндегі ақшалай қаражаттың қозғалысын (ақша ағымын) көрсетеді - қосымша 6
Аталған жобада барлық жағдай қанағаттанарлық. Кәсіпорын қосымша қаражаттарды қажет етпейді және инвестицияға құйылған қаражаттарды кәсіпорын жобадан толық қайтарып ала алады.
Мал шаруашылығына жұмсалатын барлық өндірістік шығындар
Шығындардың атаулары | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | Итого | |
1 | Жем шөп | 1 850 000 | 2 700 000 | 4 700 000 | 6 700 000 | 8 700 000 | 10 700 000 | 33 500 000 |
2 | Дәрі дәрмек | 30 000 | 44 000 | 58 000 | 70 000 | 80 000 | 96 000 | 378 000 |
3 | Басқада шығындар | 120 000 | 120 000 | 120 000 | 120 000 | 120 000 | 120 000 | 720 000 |
4 | Еңбек ақы төлеу | 1 200 000 | 1 200 000 | 1 200 000 | 1 200 000 | 1 200 000 | 1 200 000 | 7 200 000 |
5 | Еңбек ақыдан аударымдар | 82 800 | 147 600 | 147 600 | 147 600 | 147 600 | 147 600 | 820 800 |
6 | Несие төлеу | | 1 742 500 | 1 742 500 | 1 742 500 | 1 742 500 | 1 742 500 | 8 712 500 |
Барлығы | 1552 800 | 4 211 600 | 6 225 600 | 8 237 600 | 10 247 600 | 12 263 600 | 35 418 800 |
.
қосымша 2.1.
Барлық мерзімге жұмсалатын жем шөп
Жем шөптің түрі | Өл.бірл. | Қажеттісі | Өзі өндірген | Сатып алынғаны | Бағасы | Барлығы, тг. |
Шөп | цент | 225 | 40 | 185 | 10000 | 1 850 000 |
Арпа | цент | 66 | 66 | | | |
Барлығы | | 291 | 106 | 185 | | 1 850 000 |
Жинақталғанда | | 291 | 106 | 185 | | 1 850 000 |
қосымша 2.2
1 басқа қажетті орташа 1 жылдық қыстық азық. цент
Мадың түрі | 1 басқа 1 жылдағы қажеттілігі | ||
Шөп | Арпа | | |
Жылқы малы | 15 | 6 | |
Комментари: Сауылатын күн 150
қосымша 2.3
қосымша 2.5
Еңбек ақы шығындары және олардан ұсталатын аударымдар
№ қ/с | Лауазым атаулары | Жұмысшылар саны | 1 жылдық жұмыс айлары | Еңбек ақы мөлшері, тг | Барлығы жылына, тенге | |||
1 | Басшы | 1 | 12 | 100 000 | 1 200 000 | |||
Итого: | 1 | - | - | 1 200 000 | ||||
Еңбек ақыға салынатын салықтар мен алымдар: | 72 000 | |||||||
әлеуметтәі алымдар 3,5 % және мед. Сақтандыру 2,5% | 72 000 |