Файл: Жаттыуымызды бой жазу жаттыуларынан бастаймыз. 1,2,3, солдаттар секілді жреміз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ашық сабақ
Жаттығуымызды бой жазу жаттығуларынан бастаймыз.
1,2,3, солдаттар секілді жүреміз.
Қолымызды созып,аяқтың ұшымен жүреміз,Бойымызды өсіріп жүреміз.
Кейін қолымызды белімізге қойып,өкшемізбен жүреміз.
Енді қолымызды тіземізге қойып,кішкентай боп жүреміз.
Кәне,енді аю сияқты жүрейікші,кәнеки бәріміз.
Қоян сияқты секіріп жүреміз.
Енді бір біріміздің белдерімізден ұстап ирелеңдеп жүреміз
Араласып бытырай жүгіреміз
Екі қатардан сапқа тұрамыз,қолымызды созып бір бірімізге кедергі жасамайтындай болып тұрамыз.
Жан жақты даму жаттығуын жасайық.
Хормен:Кәне біздің қолымыз
Жоқ біздің қолымыз
Кәне біздің қолымыз
Міне біздің қолымыз
Қолдарымыз билейді,билейді,билейді
Шаршағанды білмейді,білмейді,білмейді
(3рет қайталау)
Ал балалар терезеге қараймыз,отырамыз,жатып денемізді жазамыз
Мен қысқамын(аяқты бүгу арқылы) мен ұзынмын (аяқты жазу арқылы)
(4 рет қайталау)
Келесі жаттығуымызды доппенен жасаймыз,барып доптарымызды алайық.
Допты көтереміз аяғымызды алшақ ұстаймыз,солға қарай еңкейеміз,және оңға қарай еңкейеміз.
Қайталаймыз.
Балалар енді допты орнына апарып саламыз.
1 қатарға сапқа тұрамыз,енді жалпы дамыту жаттығуларын жасаймыз.
Қолымызды белімізге қойып алдымыздағы шеңберлерден секіріп өтеміз,содан кейін алдымыздағы текшелерден тепе теңдікті сақтап өтеміз,ал гимнастикалық орындықтан 4 тағандап еңбектеп өтеміз.Асықпай орындаймыз.
Болғаннан соң,шеңбер болып жүріп 2 ге бөлінеміз
Енді шашылып жатқан текшелерді үлкенінен кіішісіне қарай құрастырамыз.Әр бала бір сақина текшеден ғана салады.
Тағыда қайталап ойнап көрейік балалар.
Енді балалар өзімізді қоян сезінейік,ал алдымызда отқан түлкілер,түлкілер оянып кетпес үшін ,ақырын ғана шығып кетуіміз керек.