Файл: Мектепшілік сынып жетекшілер Б дістемелік таырыбы Мектепі жаырту жадайында сынып жетекшіні ызметі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік тақырыбы:

«Мектепі жаңғырту жағдайында сынып жетекшінің қызметі».

ӘБ мақсаты:

1.     Сынып жетекшілерінің шәкірттерін тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруі.

2.     Әр сынып жетекшінің қызметі мен педагогикалық шеберлігін дамытуына жағдай туғызу.

3.     Заманауи талаптарды ескере отырып тәрбие жұмысын жоспарлау.

4.     Ата-аналар жиналысын өткізуде жаңа әдістерді қолдану.

Міндеттері:

  1. Әрбір оқушынының тұлғалық дамуына байланыстсы оның қабілеттеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, сондай-ақ қоғамның қажеттіліктеріне қарай оңтайлы жағдай жасау.

  2. Сыныптан тыс жұмысқа көптілділік пен ата-аналармен ынтымақтастықтың әртүрлі жұмыс түрлері мен оқушылардың өзін өзі басқаруын дамыту..

  3. «Мәңгілік Ел» бағдарламасын іске асрыу арқылы ұлттық мәдени тұлғаны дамыту.

  4. Балалардың денсаулығын нығайту тәсілдерін, десаулық сақтау технологиялары мен әдіст-тәсілдерін тәрбие үдерісінде қолдану.

  5. Әлеуметтік рөлдерді толығымен орындауға қабілетті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

  6. Тәрбие үдерісінде тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларды өтркізуде АКТ қолдануды жетілдіру.

  7. Сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:

1. Тәрбие жұмысы мен психология бойынша мәселелер бойынша сынып жетекшілерінің теориялық, әдістемелік деңгейін көтеру.

2. Сынып жетекшілерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базасы жайлы ақпараттандыру.

3. Үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау, жүйелеу және тарату.

4. Сынып жетекшілерінің заманауи тәрбие беру технолгогияларымен, формалары мен жұмыс әдіс-тәсілдерімен қамтамасыздандыру. \

Мектепішілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысының жылдық жоспары





Жұмыс мазмұны

Аяқтау нысаны

Жауапты адам

Орындау мерзімі





Ұйымдастыру жұмыстары

1

1. Өзара тәжірибе алмасу бағытында сынып сағаттарына қатысу

2. Күнделікті сабақ жоспарларының жазылу барысын бекіту

3. Білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының орындалуын жүзеге асыру

4. Сынып сағаттары, сыныптан тыс кештер мен ертеңгіліктердің өтілуіне талдау жасау

5. Бірлестік мүшелерінің өзекті тақырыптарына қорытынды жасай отырып, инновациялық жұмыстарға жетелеу

6. Әр сынып жетекшілерінің сынып сағаттарында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану

7. Сынып жетекшілерінің сынып сағаттарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалануын қадағалау

8. Оқушылардың үйірмелерге, пәндік апталықтарға көбірек қатысуын қамтамасыз ету

9. Бірлестік отырысында сынып жетекшілерінің есебін, тәжірибесін тарату, шығармашылығының есебін тыңдау, бағалау, насихаттау.

Арнайы бет, буклет, плакаттар шығару.

10. Әр тоқсан соңында сынып жетекшілердің атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау.

11. Ай сайын бірлестік отырысын өткізу

12. Сынып жетекшілерінің білімін жетілдіру мен көтеруде курстар мен семинарларға қатысу




ДТІЖО

Үнемі
Үнемі
Үнемі

Әр тоқсан сайын
Жыл бойы
Жыл бойы
Үнемі
Уақытында
Жыл бойы

Үнемі

Үнемі

Айына 1 рет
Үнемі
Үнемі
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын





Тамыз

Тақырыбы: «Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы»

2

1.«Сынып сағатын дайындау мен өткізу технологиясы» тәжірибелік жұмыс.

2.Өткен оқу жылындағы әдістемелік бірлестік жұмысын сараптау

3.Сыныптың тәрбие жұмысы

4.Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жоспарымен таныстыру.
5.Қоғамдық ұйымдардың («Жас ұлан», «Қыз жібек», «Жас сарбаз»,) жұмыс жоспарын бекіту.

Сынып жетекші ӘБ отырысы

ДТІЖО

тамыз




Қыркүйек

Тақырыбы: «Білім мекемесіндегі өмір қауіпсіздігі»

3

1. «Қауіпсіз жол» айлығын өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.

2. Мектепте және одан тыс жерлердегі техника қауіпсіздігін сақтау туралы.

Жадынамалар тарату

ДТІЖО

қыркүйек




Қазан

Тақырыбы: «Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі»

4

1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі (коуч)

3.Мектеп кітапханашы-ң жұмыс барысы

3.Сыныптарда қыз балалармен жұмыс ұйымдастырып, жандандыру

4. 1 - 4 сыныптарының жағдайын, сынып жетекшінің сыныппен жұмысының есебі

Сынып жетекші ӘБ отырысы

ДТІЖО

Тәлімгер

Сынып жетекшілер

Қазан




Желтоқсан

Тақырыбы: «Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу»

5

1. Зорлық –зомбылықтың алдын алу жұмыстану

2. Оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесінің жағдайы.

3. Ата-аналар жиналысын дайындау мен өткізу технологиясы (презентация)

4. 5-8 Сынып жетекшілердің мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша жұмыс есебі.


Сынып жетекші ӘБ отырысы

ДТІЖО

Сынып жетекшілер

психолог

желтоқсан




Қаңтар

Тақырыбы: «Тәрбие қызметін сапалы жетілдіру»




6

1.Сынып жетекшілердің жарты жылдық қорытынды есебін талдау

2.«Тәрбие қызметін сапалы жетілдіру» атты сынып жетекшілер онкүндігі:

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын сынып жетекшілердің іс – тәжірибесімен бөлісуі;

- Девиантты мінез – құлықты оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу –әлеуметтік педагогикалық проблема – дөңгелек үстел, т.б.

3. Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шаралары.


Сынып жетекшілермен байланыс

ДТІЖО

Сынып жетекшілер

психолог


қаңтар




Наурыз

Тақырыбы: «Бала тұлғасының дамуы және оның тәрбиесі»




7

1.Сынып жетекшілердің ата-анамен байланыс жүйесін бақылау /ата-аналармен жұмыс дәптерлері/

2. «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының жұмысы

3. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар

Сынып жетекші ӘБ отырысы

ДТІЖО

наурыз




Сәуір

Тақырыбы: «Тәрбие үрдісін жүйелі талдау оны оңтайландырудың шарты ретінде»




8

1. Сынып жетекшілерінің өз білімін көтеру бағытында әдістемелік басылымдарға жазылуын ұйымдастыру.

2. Сынып жетекшілерінің жыл бойғы жұмысына талдау жасау.

Сынып жетекшілербен байланыс жасау

ДТІЖО

Сәуір




Мамыр

Тақырыбы: «Оқушылардың жазғы еңбек қызметі мен жазғы демалысын ұйымдастыру»




9

1.9 - 11 сыныптардың жағдайын бақылау, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын қорытындылау

2. Соңғы қоңырау мен Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынбалар.

3.Тәрбие қызметінің қорытындысын талдау, сынып жетекшілер жұмысындағы проблемалар

4.Мониторинг нәтижесі

5. Жазғы демалысты ұйымдастыру, бала еңбегінің нашар түріне жол бермеу

7. Жаңа оқу жылына арналған перспективті жұмыс жоспарын талқылау

7. Оқушылардың жазғы еңбек практикасын және сауықтыру демалысын ұйымдастыру

Сынып жетекшілер ӘБ отырысы

ДТІЖО

Психолог

Сынып жетекшілер

мамыр






Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №1

Күн тәртібінде:

1.«Сынып сағатын дайындау мен өткізу технологиясы» тәжірибелік жұмыс.

2.Өткен оқу жылындағы әдістемелік бірлестік жұмысын сараптау

3.Сыныптың тәрбие жұмысы

4Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жоспарымен таныстыру.

5.Қоғамдық ұйымдардың («Жас ұлан», «Қыз жібек», «Жас сарбаз»,) жұмыс жоспарын бекіту.

 

Тыңдалды.

Күн тәртібінің 1 мәселе бойынша директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасары «Сынып сағатын дайындау мен өткізу технологиясы» тәжірибелік жұмыс өткізіп, постер арқылы сынып жетекшілердің тәжірибелік жұмыстарын жинақтады.

2 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқу жылындағы сынып жетекшілердің атқарған жұмыстарын қорытындылады.

3 мәселе бойынша сыныпттың 8 бағыт бойынш 34 сағатқа жоспарланған тәрбие сағаттарының тақырыптары талқыланып, түзетулер енгізілді. 2022-2023 оқу жылындағы аталып өтетін мерейтойлармен таныстырылып, жылдық жоспарға кірістірулері айтылды.

4 мәселе бойынша  Мектепішілік 2022-2023 оқу жылына арналған құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар негізінде алдағы уақытта жұмыстанулары тапсырылды.

Сынып жетекшілердің сынып жиналыстарын , журналда толтырылатыны, сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын бақылау комиссиясы құрылған, бекітілген жұмыс жоспарымен таныстырды. Әр сыныптың тәрбие жағдайы мен оқушылардың  ата-аналарамен, психологпен  жүргізілетін жұмыстар сынып жетекшісіне жүктелетінін айтты.

5 мәселе бойынша қоғамдық ұйымдардың «Жас Ұлан» , «Қыз Жібек» , «Жас Сарбаз» өткен жылдағы жұмыстарының жұмыс барысы айтылып биылғы оқу жылының жылдық жұмыс жоспары бекітілді.

Сөйлеушілер:_Сынып_жетекешілер_отырысының_шешімі_жасалып,_ұсыныстар_берілді.Шешім'>Сөйлеушілер:

Сынып жетекешілер отырысының шешімі жасалып, ұсыныстар берілді.

Шешім:

1.«Сынып сағатын дайындау мен өткізу технологиясы» тәжірибелік жұмыстары жинақталсын..

2.Өткен оқу жылындағы әдістемелік бірлестік жұмысын сараптау, Сыныптың тәрбие жұмысы қорытындылансын.

4.Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жоспары бекітілсін.

5.Қоғамдық ұйымдардың («Жас ұлан», «Қыз жібек», «Жас сарбаз»,) жұмыс жоспарын бекітіліп,алдағы уақыттан жылдық жоспар негізден жұмыс жандандырылсын.



Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №2

Күн тәртібінде:

1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі (коучинг)

3.Мектеп кітапханашы-ң жұмыс барысы

3.Сыныптарда қыз балалармен жұмыс ұйымдастырып, жандандыру

4. 1 - 4 сыныптарының жағдайын, сынып жетекшінің сыныппен жұмысының есебі

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынып жетекшілермен «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі» тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Сынып жетекшілер өз ойларымен бөлісті.

2 мәселе бойынша мектеп кітапханашысы 2022-2023 оқу жылындағы   жұмысымыздың  бір саласы – әр кезде жарық көрген  жақсы шығармаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау, олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып жаңарту жолдарында жұмыс  жүргізу,  оқырмандармен жұмыс жүргізу, оқырмандардың  кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру.  

  Білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана. Кітап оқу жан дүниемізді байытады, жаңа технология заманында да кітап адамның ой – өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала бермек. Қазіргі заманға  сай  оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс –шаралар ұйымдастыру. Оқудан  қол үзбейтін оқырмандарды  көбейтіп, оқу –тәрбие  жұмысына ықпал етуге  еңбек ету.  Оқу жылының басында  оқулықтар таратылып, оның жыртылып бүлінбеуін қадағалап тұру назарға алынды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылармен түрлі іс шаралар ұйымдастырылды.

3 мәселе бойынша қыздар клубының жетекшісі сөз алды. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Қыз балалармен жұмыстар өткізіліп,кеңестер беріліп отырады.

4 мәселе бойынша 1-4 сыныптардың тәрбие жұмысы бойынша өткізілген іс-шаралар жөнінде айтып өтті.

Сөйлеушілер:

Күн тәртібіндегі мәселелермен танысып өттік.Жыл басынан бастап өткізіліп жаткан іс-шараларға қатысып көріп жүрміз.

Шешім:

1.Мектеп кітапханашысының жұмысы есепке алынсын

2.Сыныптарда қыз балалармен жұмыс ұйымдастырып, жандандырылсын

3. 1 - 4 сыныптарының жағдайын, сынып жетекшінің сыныппен жұмысының есебі қанағаттандырылсын.



Тақырыбы:

Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі

Жалпы мақсат:

Әр түрлі жастағы сынып оқушыларымен сабақты ұйымдастыру жолдарымен таныстыру, сабақты  жоспарлау әдістемесін меңгерту

Күтілетін нәтижесі

 Мұғалімдер сабақты бірлесіп жоспарлау әдістемесін меңгеру нәтижесінде оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін қолданудағы білім мен дағдыларын жинақтайды, жеке жұмыс жасай отырып, сабақтың жоспарын жасайды. Мұғалімдер барлық оқушылар қол жететін, нақты өлшенетін нәтежелері бар сабақты жоспарлау тәсілдерін меңгереді.

Түйінді идеялар:

Педагогикалық тәжірибені дамыту мақсатында мұғалімдер бірлесіп жұмыс істейді.

Сабақты бірлесіп жоспарлауға, оқытуды жақсартуға көмектеседі. 

Қолданылатын материалдар:

Презентация, постерлер, ресурстар, маркер,стикер,А- 4 парақтары, интерактивті тақта.


 

Сабақ барысы

Сабақ бөлімі

Уақыт

Коуч іс- әрекеті

Психологиялық ахуал туғызу

2 мин

Қайырлы күн! Мен бүгін сіздерді  коучингте көріп отырғаныма қуаныштымын.  Құрметті әріптестер  біз бәріміз де осынау өмір-өзен қайықтарының  ішіндегі «Ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз

Дана халқымыз « Кемедегінің жаны  бір» деп текке айпаса керек. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни  шәкірт тәрбиелеу.

Әр адам өз өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден мұғалімдерден нені талап етеді .Осы мәселе жөнінде ой-бөліспекпіз.

Шеңберге тұрғызып коучинг тақырыбымен таныстырады.

«Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі»

Қатысушыларға жүрек пішінді стикер таратылады.  «Менің жетістігім ...» деген  тірек сөзге «Оқушыға  білім беру мен тәрбиелеудегі  қолданып жүрген әдіс –тәсілдеріңізді пайызбен бағалаңыз ».Әрбір мұғалім жазған  пайыздары туралы  пікірлерін айтады.

Сұрақтар:

1. Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз

2.Жетістікке жетуіңізде қандай кедергілер бар ?       

3. Заман талабына сай жетістікке ұмытылар ма едіңіз?

Топқа бөліну



3 мин

«Ұстаз», «Мектеп» сөздері бойынша 2 топқа бөлемін.Топ атауларын төмендегіше болуын қалаймын, себебі мектебімізде  мінсіз, заман ағымына сай,ұлағатты ұстаз болып,сегіз қырлы,бір сырлы білімді саналы мінсіз оқушы тәрбиелеген алдыңғы қатарлы білім кемесіндегі мінсіз мектеп болуына тілектеспін. Топтарды осылай атасақ  келісесіздер ме?

Миға шабуыл

2мин

Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі презентация көрсетіледі.

 Мұғалімдер тақырып аясында ой бөліседі.

Мағынаны тану

 

 

15 мин

Топтық жұмыс «Сократтық семинар» әдісі. Топ ішкі-сыртқы сөздерімен екі топқа бөлінеді. Жұптасады. Ішкі топ ортада «Сабақтың өзектілігі, сабақты ұйымдастыру принциптері» оқиды, талдайды. Ресурс парақтары беріледі. (1 қосымша).. Өзара пікірлеседі Қатысушылар тақырып туралы толық теориялық мәлімет алады. Сыртқы топ ішкі топтың жұмысын бақылайды. Ішкі топ постерде қорғайды. Сыртқы топ ішкі топтың жұмысын бағалайды. Дескриптер  арқылы бағаланады.

Сергіту жаттығуы

3 мин

«Бізді не біріктіреді?» сергіту жаттығуы

Қатысушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты «Екеумізді мектеп біріктіреді» деп екінші бір адамға допты лақтырады. Ол келесі қатысушыға «Екеумізді балаға деген сүйіспеншілік біріктіреді», «Біздерді сабақ біріктіреді» т.б деп келесі адамға лақтырады. «Ұстаз», «Мектеп» , «Оқушы» сөздері бойынша 3 топқа бөлемін.

Топпен жұмыс

 

15 мин

«Температураны анықтау» әдісі.ДТІЖО тапсырма берілген уақыттың жартысы өткенде топ жұмысының бағытын анықтайды

3 топ жұмыстанады. Постерде қорғайды.

Топтар берілген талаптар бойынша  «Үздік тәрбие сағаты » жоспарын құрады . Қалған топтарға баяндайды.

 

 «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

 Сұрақ:

1.Тәрбие сағатын өткізуде қандай қиындықтар кездесті?

 

Рефлексия

5 мин

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдісі.

Тақырыпты  меңгердім деп есептеген мұғалімдер өз қайығын білім теңізіне жібереді.Өздеріне сенімсіздері жағалауда қалады.

 












 



 

 

 

 

Келгендеріңізге көп рахмет!

Сау болыңыздар!