Файл: Мектепшілік сынып жетекшілер Б дістемелік таырыбы Мектепі жаырту жадайында сынып жетекшіні ызметі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 51

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №3
Күн тәртібінде:
1. Зорлық –зомбылықтың алдын алу жұмыстану

2. Оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесінің жағдайы.

3. Ата-аналар жиналысын дайындау мен өткізу технологиясы (презентация)

4. 5-8 Сынып жетекшілердің мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша жұмыс есебі.
Тыңдалды:
Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысының күн тәртібіндегі мәселелермен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары таныстырып өтті. Жиналысқа қатысушылар толық қатысты.

Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша мектеп психологі сөз алды.  Балалардың мектепте зорлық-зомбылыққа ұшырау мәселесі өзекті болып табылады. Атап айтқанда, мектепте балаларға қатысты зорлық-зомбылық дәрежесі қандай? Мектепте балалар арасында да, мектеп қызметкерлері тарапынан да зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің қандай түрлері кездеседі? Мектептегі зорлық-зомбылықты жасаушы кім, құрбаны кім? Мектептегі балаларға қандай әсерін тигізеді? Зорлық-зомбылық пен балалар арасындағы суицид арасында қандай байланыс бар? Біздің міндетіміз осыны анықтау және оның алдын-алу болып табылады.
Мектептердегі зорлық-зомбылық бойынша мектеп аумағында, мектепке, мектептегі шараға бара жатқан немесе, мектепте өткен шарадан қайтып келе жатқан жолда не сол шара өтіп жатқан кезде орын алатын жасөспірімдердің зорлық-зомбылығы. Мектеп жасындағы балалар мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны, кінәлісі не куәгері болуы мүмкін.Оқушыларға осы орайда түсінік жұмыстарын жүргізіп отырамыз.

2 мәселе бойынша АӘД пәні мұғаліміне сөз берілді.  Бүгінгі  күні  балалардың  патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Қазіргі заман талабында азаматтық борыш.Атқарылып отырған жұмыс оқушыларымыздың бойында патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық  міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда. Оқушылардың бойында ұлттық нышандарға - Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастырып отырады. Жылдық жоспар бойынша іс-шаралар сынып сағаттары, тәрбие сағаттары өткізіліп отырылады.

 

 

 
 3 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Ата-аналар жиналысын дайындау мен өткізу технологиясы» тақырыбында презентация көрсетті.Сынып жетекшілерге презентация көрсетіліп ойларымен бөлісті.


4 мәселе бойынша 5-8 класстың сынып жетекшілер өткізіліп жатқан шаралар бойынша ақпарат беріп өтті.
Шешім:
1. Зорлық –зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жандандырылсын.

2. Оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие шаралары өткізілсін

3. 5-8 Сынып жетекшілердің мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша жұмыс есепке алынсын.
 

Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №4
Күн тәртібінде:
1.Сынып жетекшілердің ата-анамен байланыс жүйесін бақылау /ата-аналармен жұмыс дәптерлері/

2. «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының жұмысы

3. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар
Тыңдалды:

1,3 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз алып айтып өтті.

Жиналыста құқық бұзушылық тың алдын алу және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарымен таныстырып өтті. Әр сыныптың тәрбие жағдайы мен оқушылардың ата-аналарымен, психологпен жүргізілетін жұмыстар сынып жетекшісіне жүктелетінін айтты.

2 мәселе бойынша Аға тәлімгер жылдық жоспар бойынша өткізіліп жаткан іс шаралармен таныстырып өтті.
Сөйлеушілер:
Жиналысқа қатысқан мұғалімдер күн тәртібіндегі мәселелермен танысқандарын, мектепте өткізіліп жатқан іс шараларға оқушылардың белсене қатысатынын айта кетті. Ұсыныс,пікірлерімен ой бөлісті.
Шешім:

1.Сынып жетекшілердің ата-анамен байланыс жүйесін бақылау /ата-аналармен жұмыс дәптерлері жиі байланыс жасалып отырылсын.

2. «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының жұмысы есепке алынсын.

3. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жандандырылсын.

Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №5
Күн тәртібінде:
1.9 - 11 сыныптардың жағдайын бақылау, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын қорытындылау

2. Соңғы қоңырау мен Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынбалар.

3.Тәрбие қызметінің қорытындысын талдау, сынып жетекшілер жұмысындағы проблемалар

4.Мониторинг нәтижесі

5. Жазғы демалысты ұйымдастыру, бала еңбегінің нашар түріне жол бермеу

6. Жаңа оқу жылына арналған перспективті жұмыс жоспарын талқылау

7. Оқушылардың жазғы еңбек практикасын және сауықтыру демалысын ұйымдастыру
Тыңдалды:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.



9-11 сынып оқушыларымен Кәсіби бағдар беру бойынша іс шаралардың өткізілгені туралы айтып өтті.Биылғы мектеп бітіруші түлектер жайында әңгімелесіп бірігіп атқаратын жұмыстар жоспарланды.

Жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандықты таңдау екендігін айта келе, мектепішілік өткізіліп жаткан іс шаралармен таныстырып өтті.

2-7 мәселе бойынша ДТІЖО айтып өтті.

Сөйлеушілер:

2022-2023 оқу жылы бойынша өткізілген шараларды қорыта келіп алдағы оқу жылына өзгерістер,ұсыныстар айтылды.

Шешім:

1.Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер толықтырылып, ұсыныстар қабылдансын.







Сынып жетекшілер апталығының іс-шаралар жоспары

2022-2023 оқу жылы
«Бекітемін»

Мектеп директоры:

________________________.

----.---.2023жыл.

«________________________» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

--------------------------- күндері аралығында өткізілетін сынып жетекшілер

апталығының іс-шаралар
ЖОСПАРЫ




Өткізілетін іс-шаралар


Мерзімі

Жауаптылар

1

Апталықтың ашылу салтанаты. Баяндама.








2

«Менің мектебім-менің отбасым» күні:

«Менің сыныбым» фото-монтаж







«Мен сыныбыммен мақтанамын» Сынып жетістіктерінің көрмесі




3

«Қазақстандық патриотизм және азаматтық құқықтық тәрбие"  күні

«Құқықтық сауаттылық-заман талабы»дөңгелек үстел








«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» пікірсайыс




«Мен елімнің патриотымын» ән байқауы




4

«Рухани адамгершілік тәрбие» күні

«Менің үлкен отбасым» сурет байқауы. 1-11 сыныптар








«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ашық тәрбие сағаты. 5-8 сынып







5

«Ұлттық тәрбие, «Отбасы тәрбиесі»» күні.


«Өмір маған қымбат» тренинг








«Біз өмірді таңдаймыз!» Ұлдар және қыздар кеңесінің бірлескен жиыны. (нашақорлықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу, т.б. тақырыптар қамтылады)




«Егер мен депутат болсам…» тренинг




«Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя» газеттер шығару




6

«Зияткерлік ақпраттық тәрбие» күні.

«Менің ең қымбатты адамдарым»








«Жер бетіндегі ең мейірімді адам» ашық тәрбие сағаты.

1-4 -сынып







«Қазақстан менің жүрегімде!» пікірталас.

9-11 сыныптар




7

«Дене тәрбиесі салауатты өмір салты» күні.

«Дәмді де пайдалы тағамдар» коучинг







«Адам сұлулығы неде?» әңгіме




8

Концерттік бағдарлама

Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау.






Дайындаған:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Құқықтық сауаттылық заман талабы»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Өз құқығыңды білесіңбе?»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.

2 Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.


Құндылықтарды дарыту




Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты пікірталас кешімізге  қош келдіңіздер!

Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

І Психологиялық тренинг    Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізгілендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп, тренинг дайындаған болатынбыз.

Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.

ІІ  Құқық туралы жалпы түсінік

Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.     Әлеуметтік норма

























 

Құқық                           Мораль

Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды

Құқық  дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент —   нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар —  нормативтік шешімдер қабылдайды.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



презентация



Сабақ басы (13 мин)



ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым.  1-оқушы: 10 бап

Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы

2-оқушы:

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

3 оқушы: 9-бап

Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы.

Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

3-оқушы:11 бап

Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

4-оқушы 12 бап

Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ

5-оқушы 19 бап

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

6-оқушы 30 бап Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

7 – оқушы 19 бап

Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек (оқушылар өз міндеттерін айтады)



Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді


презентация

 



Ортасы (20 мин)


Ойды аяқта 

  1. Біреуге ор қазба … (өзің түсесің)

  2. Заңның құрығы … (бәрінен ұзын)

  3. Ұрлық түбі … (қорлық)

  4. Өтірікшінің құрығы…(бір-ақ тұтам)

  5. Тура биде … (туған жоқ)

  6. Туғанды биде … (иман жоқ)

  7. Қолыңмен істегенді … (мойныңмен көтер)

  1. Тек жүрсең … (тоқ жүресің)

  2. Заңды сыйлаған … (еркін жүреді)



(мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)



презентация

Соңы


Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.









Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.


Құндылықтарды дарыту




Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды мазайка арқылы екі топқа бөлу.

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

ІІ. Миға шабуыл: сыбайлас жемқорлыққа байланысты «СТОП Коррупция!» видеоролигі көрсетіледі(роликтегі жағдайды ортаға салып талқылайды, сыбайлас жемқорлыққа анықтама береді, постер немесе кластер жасайды да қорғайды)

Ассоциация:



“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



видеоматериал



Сабақ басы (13 мин)


. «Сұрақ-жауап» ойыны:

  1. Пара беру дегеніміз не?

  2. Пара мен сыйлықтың айырмашылығы қандай?

  3. Сыбайлас жемқорлық дегенімізді қалай түсінесіңдер?

  4. Сыбайлас жемқорлық жайлы мәліметтерді қайдан білесіңдер?







Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Түсініктеме беру:

Қазақстан Республикасының № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.

Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.


слайд

Соңы


Сұрақ-жауап:

1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат, портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)

5. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?

Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады ?

Пара бермеу және алмау.

Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпаратқа хабар беріңіздер.




слайд