Файл: ызылорда облысы Шиелі ауданы. бділда Тжібаев ауылы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы Шиелі ауданы. Әбділда Тәжібаев ауылы

214 орта мектебі

1 «Б» сыныбымен жүргізілетін

жылдық тәрбие жоспары
2022-2023 оқу жылы

«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

№214 орта мектебінің Директордың тәрбие ісі жөніндегі
директоры_____________Ү. Ахметов орынбасары _______________ Пірімбетов.А.Қ
«____» ________ 2022 жыл «____» ________ 2022жыл

№ 214орта мектебінің

1 «Б» сыныбымен жүргізілетін

тәрбие жоспары

Сынып жетекшісі: Қордабаева Гүлнар

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

  3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

  5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.

  6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

  1. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

  2. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

  3. Психологиялық денсаулықты сақтау,денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру


кеңістік орнату

10.Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру,тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4.Отбасы тәрбиесі

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан

тыс және бос уақытта іске асырылады.

Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.

Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

- Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;

- ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;

- елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;

- өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;

- басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;

- өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;

- құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысына;

- заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;

- әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады



Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


  • мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;

  • өзінің қасиетіне, арына және парызына;

  • ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;

  • өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет

ғұрпына;

  • діни құндылықтарға;

  • ой, сөз және іс бірлігіне;

  • өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;

  • ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;

  • түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне;

  • адамдарға риясыз қызмет етуіне;

  • өз ата-анасына, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім

білдіру.

Іске асыру механизмдері

Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


  • этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;

  • мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;

  • өз халқының мәдени мұрасына;

  • қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;

  • Қазақстанның этномәдениетіне;

  • этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру

Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар
, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Төртінші бағыт – Отбасы тәрбиесі

Мақсаты:

Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

- этноәлеуметтік рөлдерге;

- өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға;

- адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау.

Іске асыру механизмдері

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысу; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқу; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады.

Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

- экологиялық даму саласында мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;

- экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;

- «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;

- табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;

- кәсіби білім мен өнімді еңбекке;

- нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;

- экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;

- еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;


- мамандық таңдауына;

- үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.

Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.

Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты:

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

  • өмір бойы білім алуына;

  • өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;

  • сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану

қабілетіне;

  • зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілетті-

лікті меңгеруіне;

  • пікірталасжүргізудағдыларына;

  • жасампаз қызметке;

  • топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға;

  • ақпараттың түрлі дереккөздеріне;

  • қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына;

  • өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа;

  • Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;

  • Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;

  • ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне;

  • Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;

  • ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;

  • жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кірігуі, элективті курстар: «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілік заңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.