Файл: Сабаты таырыбы 6 зертханалы жмыс. Архимед заын зерделеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 6 зертханалық жұмыс. «Архимед заңын зерделеу»


Бөлімі:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:

Қадырбек Г.Қ.

Күні:

16.02.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

№ 6 зертханалық жұмыс. «Архимед заңын зерделеу»


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.11 – кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу;

7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: қатты, сұйық, газдардың құрылысын ажырата алады.

Көптеген оқушылар істей алады: Кері итеруші күш ұғымын түсінеді. Архимед заңын түсінеді.

Кейбір оқушылар істей алады: Архимед заңын түсіне отырып есептер шығара алады

Бағалау критерийлері


- Fы ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең екендігін анықтайды.

-Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексереді.

- Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексереді.

Құндылықтарға баулу


Ынтымақтастық,Құрмет,Функционалды сауаттылық

Оқушыларды оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыруға, бір бірінің ойын тыңдауға және оларға түсінік беруге үйрету арқылы олардың бір біріне деген құрметтері мен ынтымақтастығы артады. Есептер шығару барысындафункционалды сауаттылықтары қалыптасады. Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиеленеді.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау. Миға шабуыл

Сұйық өзіне батырылған денеге неліктен төменнен жоғары қарай бағытталған қысым түсіреді?

Архимед күшінің әрекеті қалай байқалады?

Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?

Архимед заңын пайдалана отырып, дененің тығыздығын қалай анықтауға болады?
Судағы денеге әсер ететін кері итеруші күш Архимед күшін және кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтау үшін оқушылар пазл арқылы үш топқа бөлінеді.

Бөлінген топтарға үш түрлі тапсырма беріледі.


Миға шабуыл сұрақтарына жауап береді.

Пазл арқылы сынып оұушылары үш топқа бөлінеді.


Дескриптор:

-Архимед күші мен заңының анықтамаын біледі.

-Архимед заңы қандай шамаларға тәуелді екенін біледі.


Оқулық

ДК экран

Слайд

Пазл

Сабақтың ортасы

25 минут


Сабақта пайдаланған құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп, мектеп таразысы, көлемдері әр түрлі жүктер және тығыздығы әр түрлі сұйық (су, сұйық май)
1-тапсырма: Су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу

Жұмыстың барысы:

1. Мензурка көлемімен жүктің көлемін анықтау

2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су ρсу тығыздығы бойынша ығыстырылған су салмағын табу. Р0= ρсу Vд g

Vд=V2-V1

V1-судың бастапқы көлемі

V2- дене салынғаннан кейінгі көлемі

3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліп және оған әрекет етеін ауырлық күшін (дененің ауадағы салмағын) мәнін табыңдар. Р-?

4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар. Р1-?

5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.

6. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар

7. Кестеге алынған мәліметтерді жазу

Жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, шыққан қорытындыны тұжырымдай білуге үйретемін.



Тәжірибе реті

Дененің көлемі, vд , м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы

Ро, Н

Дененің ауадағы салмағы Р, Н

Сұйықтықтағы дене салмағы

Р1, Н

Ығыстырушы күш

Fы = Р- Р1, Н




















Оқушылар зертханалық жұмысты жасап болған соң өздері қорытынды жасаулары тиіс.

Қорытынды:

Ығыстырушы күш, дене ығыстырып шығарған судың салмағына тең

Сұйықтыққа салынған денеге кері итеруші күш әсер етеді




2-тапсырма Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру

Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массасы 100 гр болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.

Жұмыстың барысы:

Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;

Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының тепе теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.


3-тапсырма Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру

Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массалары мен көлемдері бірдей екі дене, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар;

Жұмыстың барысы:

Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;

Егер бір денені де суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.

Әр топ өздері тәжірибені қорытындылап, ортаға шығып нәтижесін түсіндіреді.

Барлық топты тыңдап болған соң оқушылар Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді, қандай шамаға тәуелді емес екенін өздері қорытынды жасайды.
Есептер шығару (I)

1.Мәрмәр және мыс кесектерінің массалары тең. Олардың қайсысын суда көтеру оңайырақ? Өз ойыңызды дәлелдеп, толық жазыңыз.

;

2.Бір ағаш білеушені сынап құйылған ыдысқа, сосын су құйылған ыдысқа, одан соң керосин құйылған ыдысқа салғандағы жағдайда білеушеге әрекет ететін Архимед күшін салыстырыңдар.



Оқушылар техника қауіпсіздік ережесін ескере отырып, берілген тапсырма мен құралдар арқылы зертханалық жұмысты жасайды.Оқушылардың тәжірибе барысында көз жеткізетіні: Сұйыққа батырылған денеге, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тен күш әрекет ететіндігін тәжірибеде көреді



Дескриптор:

- Fы ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең екендігін анықтайды.

-Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексереді.

- Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексереді.
Жалпы балл-6

Декриптор:

-Денелердің көлемін есептейді

-Архимед зағы тәуелді шамаларды біледі.

Жалпы балл:4



суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп, мектеп таразысы, көлемдері әр түрлі жүктер және тығыздығы әр түрлі сұйық (су, сұйық май)


Қосымша-1

Қосымша-2

Қосымша-3

Сабақтың соңы.
10 минут

Бағалау


Үй тапсырмасы

Рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой:

жасыл-жақсы ұқтым

сары - кейбір сұрақтарым бар

қызыл -ұқпадым
Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау
Неге тәрелкені суға қырымен салса батады, ал түбімен салса батпайды? Түсіндірме әңгіме құрастыру 26 - жаттығу




Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады

Стикерлер

смайликтер

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?


Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Барлық оқушылар:

Архимед күшінің формуласын біледі

Көпшілік оқушылар:

қатты, сұйық, газдардың құрылысын ажырата алады;

-қысым ұғымын түсінеді;

-Кері итеруші күш ұғымын түсінеді;

-Архимед заңын түсінеді

Кейбір оқушылар:

Архимед күшінің формуласын пайдалана отырып есептер шығара біледі.


- «Миға шабуыл» стратегиясын пайдаланып сұрақ-жауап арқылы жетонмен бағалау;

- Өзара бағалау;

- Жек жұмысты бағалау;


Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу; Демонстрациялық тәжірибелер көрсету барысында приборлармен мұқият болу. Себебі, таразымен жұмыс жасау барысында кір тастарын құлатып алу қаупі бар.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: