ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 95
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп атауы: «№94 ЖОМ»
Мұғалімнің аты-жөні: Самандарова Гулнара Гафуровна Физика және информатика пәні мұғалімі
Сыныбы: 10
Пәні: Физика
Қысқа мерзімді жоспар.
Сабақ | Күні: | ||||
Сабақ тақырыбы: | «Заттардағы магнит өрісі» | ||||
Сілтеме: | Жоспар (күнтізбелік жоспар) | ||||
Жалпы мақсаттар: | Білімділік: Заттардағы магнит өрісі, заттың магнеттік қасиеттерін,оларның турлерін үйреніп практикалық жұмыстар мен есептерді шығаруда алған білімдерін күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін практикалық тұрғыдан дамытуға баулу, дәстүрлі емес әдістер арқылы талабын ұштап, алған білімдерін кеңейтіп, мамандық таңдауына көмектесу. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету. | ||||
Оқыту нәтижелері: | Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, шеберлікке ұмтылу, логикалық ойлау қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білулеріне ықпал ету. | ||||
Түйінді идеялар: | Дамыту жөніндегі жұмыс оқушының білімін ғана емес, АКТ-ны пайдалану біліктілігіне әсер ету. | ||||
Сабақтың типі: | Аралас сабақ | ||||
Сабақтың әдіс-тәсілі: | 7 модуль технологиясын пайдаланып, сабақта барлығын қолдану және модульдердің элементтерін сабақта пайдалану. | ||||
Көрнекіліктер: | Компьютер, оқулық,. тапсырмалар, сызбалар, слайдтар, сұрақ - жауап, тест | ||||
Орындалатын іс-әрекеттер: | |||||
Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері | Оқушының орындалатын іс-әрекеттері | ||||
2 мин. | 1.Ұйымдастыру. | 1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы. (Откриткалар арқылы топтасу). | |||
5 мин | Оқушылар үш топқа бөлінеді. Физика әлемінде екі бағыт бар. Біріншісі ғалам болса, екіншісі ядроның түпкі тамыры. Әлемнің негізі молекулаға тірелсе, молекула атомға бөлінетіні белгілі. Бөлінбейді деген атом да бөлінеді екен .Магнит өрісін электр тогы тудырады. Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің бағытталып реттелген қозғалысынан пайда болады. Магнит өрісінің пайда болуының түп тамыры элементар бөлшектер. Сондықтан бағалану үшін элементар бөлшектердің эмблемасын ұсынамыз. (электрон, протон, нейтрон). (Оқушылар үш топқа бөлініп, топ басшылары сайланады) 2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардың үй тапсырмасын меңгергенін тексеру | Психологиялық дайындық, қызығушылықты ояту кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: әр топқа бес сұрақтан тұратын тест сұрақтары беріледі. ( Бағалану «элементар бөлшектер белгісін» тапсырумен бағаланады). «Білгенге маржан»- жеке жұмыс 1. «Ампер» тобына тест сұрақтары: 1.«Электр тогы ұғымын» физикаға енгізген ғалым? А) Ампер. В) Вольта. С) Ом 2. Электр заряды қоршаған кеңістікте қандай өріс пайда болады? А) гравитациялық өріс. В) электр өрісі. С) магнит өрісі 3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады? А) тізбектей. В) аралас. С) параллель 4. Металдарда негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер? А) электрондар. В)кемтіктер. С) электрондар және кемтіктер 5. Шамнан 5 секунд ішінде 45 Кл заряд өткенде ток күші неге тең? А) 225 А. В) 9 А. С) 15А «Вебер» тобына тест сұрақтары: 1. Электр заряды қозғалысқа түскен кеңістікте қандай өріс пайда болады? А) гравитациялық өріс. В) электр өрісі. С) магнит өрісі 2. Үтік токтың қайсы әсеріне негізделген? А) магниттік. В) жылулық. С) механикалық 3. Ток күшін қандай шамамен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады? А) амперметр, параллель. В) вольтметр, параллель. С) амперметр, тізбектей 4. Газдарда негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер? А) электрондар. В) иондар. С) электрондар және кемтіктер 5. Кернеуі 4В, кедергісі 2 Ом болатын өткізгіштегі ток күшін тап. А) 8 А. В) 2В. С) 2А «Тесла» тобына тест сұрақтары: 1. Күш сызықтары тұйықталған өріс құйынды өріс деп аталады. Құйынды өріске қайсы өріс жатады? А) гравитациялықөріс. В) электр өрісі. С) магнит өрісі 2. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі: А) Ом/м. В) Ом*м. С) Ом 3. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады? А) 6 Ом. В) 5 Ом. С) 1, 5 Ом 4. Магнит өрісін сан жағынан сипаттайтын шама: А) магнит индукция векторы. В) электр өрісі кернеулігі. С) ток күші 5. Жартылайөткізгіштерда негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер? А) электрондар. В) кемтіктер. С) электрондар мен кемтіктер | |||
5 мин | 3. Білімді жан-жақты тексеру: Оқушылардың білімін тексеру | «Кім жүйрік!» әдісі (Сәйкестентіру-формулалармен жұмыс-топтық жұмыс) 3. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру: Кім зерек! Мазмұнды есептер. (Әрбір топқа 3 деңгейдегі есептер беріледі). А деңгей: 1. Ток күші 3 А болған ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы 0, 2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап. 2. Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см2. Магнит өрісінің индукциясын тап. 3. Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0, 1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта В деңгей: 1. Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта. 2. Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А - ге тең. Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см - ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар. 3. Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар. С деңгей: 1. Зарядталған бөлшек 0, 6Мм/с жылдамдықпен индукциясы 0, 31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады. Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1, 2*10 - 15 Дж - ге тең. Заряд шамасын анықта. 2. Индукциясы 0, 1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады. 3. Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0, 5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап. | |||
5 Мин | 4. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық: Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлап, түсіндіру | 4. Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп, жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау: А) Оқушылардың магниттік өтімділік туралы ақпарат беріп, еркін жұмыс істеуді меңгертіп, магнеттіктердің қасиеттері туралы жалпы мәлімет беру. | |||
15 мин | 5. Жаңа сабақты түсіндіру: А) Оқушыларға жаңа сабақтың материалдарын меңгерту. | 5. Жаңа сабақ материалдары: А) Оқушыларға «Магнеттіктердің турлері» тақырыбында постермен жұмыс ұйымдастыру Магниттік қасиеттері бойынша заттардың топқа бөлінуі Әлсізмагниттік Күштімагниттік парамагниттік ферромагниттік диамагниттік μ ≥ 1 μ ≤ 1 μ » 1 μ – заттың салыстырмалы магнит өтімділігі – заттағы магнит өрісі өзгерісінің сандық сипаты. В– заттың магнит өрісінің индукциясы В0– вакуумдегі сыртқы магнит өрісінің индукциясы Электр өлшеуіш аспап Дыбыс зорайтқыш Телефон Магнитофон Компас Электродвигатель Электрогенератор Электромагнит , Трансформатор Аспан денелерінің магнит өрістері Жер В = 5 * 10 -5 Тл Күн В = 10 -4 Тл дақтар В = 1 Тл плазма жалыны В = 10 -2 Тл Жұлдызда ергежейлі В = 10 3 Тл Нейтрондық В = 10 8 Тл Планеталар: Юпитер В =10 -3 Тл Электр және радиотех. 0,05-4 Тл Атом В = 5 * 10 -3 Тл Биоток В = 10 -14 - 10 -11 Тл Галактика кеңістігі В = 10 -9 Тл | |||
5 мин | 6. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру: Жаңа сабаққа қатысты тапсырмалар орындау. | 6. «Кім көп біледі?» (физикалық диктант. Әр топқа 8 сұрақтан беріледі. Жұптық жұмыс). «Ампер» тобына: 1. Зарядталған бөлшектердің бағытталып реттелген қозғалысы (электр тогы)деп аталады. 2. Зарядтың уақытқа қатынасына тең шама (ток күші) деп аталады. 3. Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі (меншікті кедергіге, өткізгіш ұзындығына, көлденең қимасының ауданына). тәуелді 4. Ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын (Ом) ашты. 5. Өткізгіштердегі токтардың бағыттары бірдей болса ол өткізгіштер (тартылады) 6. Магниттік тілшенің (оңтүстік полюсінен солтүстік полюске қарайғы) бағыты магнит индукция векторының бағытын көрсетеді. 7. Токтың бағытын (оң) заряд көрсетеді. 8. Өткізгіштер параллель қосылса (кернеу) тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады. «Вебер» тобына 1. Заряд қоршаған кеңістікте пайда болатын өріс (электр өрісі) 2. Металдарда негізгі заряд тасушылар (электрондар) 3. Токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар (Джоуль - Ленц 4. 1 кВт сағат электр энергиясының құны (Тариф) деп аталады. 5. Өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда (ток күші) тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады. 6. Магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге (Лоренц) күші әсер етеді. 7. Күш моментінің ток күші мен бет ауданына көбейтіндісінің қатынасына тең шама (магнит индукция векторы) 8. Заттың ішінде шыр айнала қозғалатын тұйықталған токтар болғандықтан, онда магниттік қасиет байқалады. Бұл (Ампер) гипотезасы. «Тесла» тобына 1. Токтардың бағыттары қарама - қарсы болса онда өткізгіштер (тебіледі). 2. Магнит күш моментінің өлшем бірлігі (Н*м) 3. Бұрғы ережесінде (бұрғы сабының айналу) бағыты магнит индукция векторының бағытын көрсетеді? 4. Сұйықтарда негізгі заряд тасушылар (иондар) 5. Күш моментінің ток күші мен бет ауданына көбейтіндісінің қатынасына тең шама (магнит индукция векторы) 6. Аса жоғары температурада қатты денелерден электрондардың ыршып шығу құбылысы (термоэлектрондық эмиссия) 7. Тұздар, қышқылдар, сілтілердің сұйықтардағы ерітінділері (электролиттер) 8. Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ету күші (Ампер) | |||
5мин | 7. Сабақты бекіту: Сабақты бекіту мақсатында, жаңа тақырып бойынша тест сұрақы. | 7. Сабақты бекіту: 1. Ферромагнетиктерге жататын заттар: А) алюминий, темір, платина, азот В) темір, кобальт, никель, годолиний С) мыс, шыны, рух, водород
4. Кюри нүктесі не? А) Парамагнетиктердің магниттік қасиеттерінің жойылуы В) Диамагнетиктердің магниттік қасиеттерінің жойылуы С) Ферромагнетиктердің магниттік қасиеттерінің жойылуы 5. Кездейсоқ магниттелу ауданы не деп аталады? А) магнит гистерезис В) домен С) гистерезис тұзағы | |||
| Жинақтау | Әр топ бір-біріне тақырыпқа сай сұрақтар қояды. | |||
3 мин | 8. Үй тапсырмасын хабарлау, бағалау: Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру. 9. Кері байланыс | 8. Сабақты қорытындылау: Жинаған «элементар бөлшектер белгісі» бойынша бағаларын қою. а) Үйге тапсырма: Электр өрісі мен магнит өрісіне тараулары бойынша Венн диаграммасының сызбасын жасау. ә) Сабақты қорытындылау: Орындалған жұмыстарды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау. ( бағалау критерийлері бойынша бағалау). 9.Сабақ әсерлері – Рефлексия: Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? |