Файл: Компрессорлы станция.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 95

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Үздіксіздік еңбек заты дайын өнімді өндіру кезінде үздіксіз түрде өңдеуден өткізіліп отыруы тиіс дегенді білдіреді. Ол негізгі қорларды бұрынғысынан да толық пайдалану мен айналымдағы қаражаттардың бұрынғысынан да жылдам айналуына арнап мүмкіндіктер береді.

Ырғақтық – кәсіпорынның өнімді берілген жоспар бойынша біркелкі шығаруы. Ол кәсіпорынның барлық цехтары мен бөлімшелерінде өндірістің біркелкі жүрісімен қамтамасыз етіледі, бұл ретте оның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін жоспарлау үлкен рөлге ие болады.

Өндірістік процестердің пропорционалдығы ретінде әрекеттердің теңдігі немесе еселігі түсініледі. Пропорционалдық негізгі өндіріс пен қосымша бөлімшелердің арасында сақталуы тиіс. Сандық пропорцияларды кәсіпорынның дамуында қайсыбір өндірістік буындар негізгі өндірістің қажеттерін қанағаттандырмай немесе оның қажеттерінен асып кететін жағдайдағы диспропорцияларға жол бермей сақтап отыру қажет. Бұл екі жағдайда да өндірістік процестің ырғақтығы, үздіксіз жүрісі, кәсіпорын үшін материалдық-техникалық құралдардың барынша аз жұмсалуымен өндірістік жоспармен белгіленген өнімнің дер кезінде шығарылуы бұзылады, және соның салдарынан өнімнің өзіндік құны өседі. Өндірістің ұйымдастырылуы өз әдістері мен даму түрлеріне ие болады. Қазіргі кезде өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістеріне ағымдық (жаппай көпшілік), топтық (сериялық) және бірлі-жарымдық әдістері жатады. Олар орын алған ерекшеліктерге байланысты мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында ішінара ғана қолданылады.

Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық (жаппай көпшілік түрдегі) әдісі – бұл біртекті өнімді жаппай көпшілік ауқымда үздіксіз шығарумен сипатталатын жаппай көпшілік өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдісі. Мұндай өндіріс кезінде бұйымдар келесі әрекетке алдыңғы әрекет орындалғаннан кейін арнайы құрылғылардың көмегімен дереу түрде беріледі.

Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялық) әдісі өнімді сериялап шығарумен белгіленеді, және осыған орай жұмыс орындарында өңделетін өнім түрлерінің өзгеруімен, сондай-ақ өнімнің жаңа сериясын жасауға арнап құрал-жабдықты қайта реттеудің салдарынан оның жұмысындағы мерзімді түрдегі үзілістермен белгіленеді. Бұл әдіс бағыттанудың төмен дәрежесін меңзейді. Оның артықшылығы өндірістің өнімнің бір түрінен екінші бір түріне жеңіл ауысуына негізделген. Оны ағымдық әдіс бойынша ұйымдастырылған жаппай көпшілік өндіріс кәсіпорындарының жекелеген бөліктерінде қолдануға болады.


Өндірісті ұйымдастырудың бірлі-жарымдық әдістері кезінде өнім жекелеген бірліктер мен ұсақ серия түрінде шығарылады. Бірлі-жарымдық өндіріс техника мен технологияны жетілдіру себебінен жаңа, бұрынғысына қарағанда жетілдірілген өнімді шығаратын тәжірибелі өндірістің дамуымен байланысты болып келеді. Онда әмбебап құрал-жабдық жұмыс істеп және жоғары білікті әмбебап-жұмысшылар еңбек етеді. Жаппай көпшілік өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісі аса жетілдірілген әдіс ретінде әртүрлі өнеркәсіп салаларында үлкен тарауға ие болды: тоқыма, аяқ-киім, тағам, аға өңдеуде, машина жасауда, металл өңдеуде, металлургияда, химияда.

3.3Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Мұнай-газ өндірісінде еңбек заты ретінде мұнай мен газы бар қат, еңбек құралдары ретінде – пайдалану және тоғыту құрал-жабдығы, еңбек өнімдері ретінде – шикі мұнай мен газ шығады. Мұнай-газ өңдеудің ерекшелігі сол, ондағы еңбек заты – құрамында мұнай мен газ бар қат, табиғаттың өтеусіз сыйлығы. Ол еңбектің нәтижесі болып табылмайды және оның бағасы жоқ, сол себептен мұнай өңдеу өнеркәсібінде шикізатқа жұмсалатын шығындар жоқ, бұл кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштердің құрылымына, деңгейі мен жоспарлауға әсерін тигізеді. Келесі бір маңызды мәселе – мұнай өңдеу кәсіпорындарында еңбек заты аймақты түрде бекітілген болып келеді. Осыдан кәсіпорынды жобалау мен өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға арнап орын таңдап алудың жергілікті жағдайларға (өнеркәсіп құрылыстарына, тұрғын үйге, ауа-райы жағдайларына және т.б.) тәуелділігі туындайды.

Сондай-ақ ерекшеліктерге еңбек заты мен пайдалану жабдығының жерасты бөлігінің тікелей бақылау мен әсер етуден қашықта орналасуы жатады, бұл мұнай өндірісінде күрделі құрылысты жоспарлау мен ұйымдастырудың қажеттігін тудырады. Еңбек заты мен пайдалану жабдығының жерасты бөлігінің қашық орналасуы арнайы зертеу жұмыстарын (қаттар мен ұңғымаларды зерттеу) ұйымдастыру мен жоспарлаудың, сондай-ақ ұңғымаларды оларға қажет етілетін түсіру-көтеру әрекеттерімен ағымдағы және күрделі жерасты жөндеулерінің қажеттігін тудырады.

Ұңғымалардың аймақтық жеке орналасуы, олардың ерекшелігі мен өндірісті ұйымдастыру ісінің кенішті қазу жүйесіне тәуелді болуы негізгі процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін белгілейді, мұндай ұйымдастыру ұңғымаларды күтімге алуға, олардың технологиялық тәртібін реттеуге және ұңғымалар қорын жұмысқа қабілетті күйінде ұстап отыруға негізделген. Дәл осы ерекшелік қосалқы және қосымша шаруашылықтарды ұйымдастырудың еркешелігіне, оның аймақтық орналасуына негіз болады. Мұнай-газ өндірісінде маңызды тағы бір маңызды нәрсе – ол тек қана дайын өнімді береді, басқа не аяқталмаған өндіріс, не жартылай фабрикаттар жоқ. Мұнай мен газ өндірудің өндірістік процесі әртекті жеке өндірістік процестердің кешені болып келеді:



• мұнай мен газ өндірісі;

• механикалық және энергетикалық жабдықты монтаждау және шешіп алу;

• ұңғымаларды жерасты жөндеу;

• ұңғымалар мен жабдықты жерүсті жөндеу;

• ұңғымаларды күрделі жөндеу;

• көлік және мұнайды сақтау;

• газды жинау және кәдеге жарату;

• мұнай мен газды кешенді әзірлеу;

• ұңғымалар мен қаттарды зерттеу;

• қатқа жұмыстық агентті тоғыту және т.б.

Мұнай мен газды өндіру процесі – бұл мұнай-газ өндіру кәсіпорнындағы негізгі өндірістік процесс, ол бүкіл қат пен кенішті жобаға сәйкес ұтымды қазуды, сондай-ақ негізгі процесті әртүрлі қуаты көздерімен, көлікпен, жөндеумен, материалдармен, құралдармен және т.б. күтімге алуды қажет етеді. Мұнай өндіру процесі өзара тығыз байланысқан бірқатар жекелеген процестерден құралады: сұйықты забойға ағызу; сұйықты забойдан ұңғыманың сағасына көтеру; көлік және мұнайды өңдеуге дейін сақтау; мұнай мен газды өңдеу немесе кешенді әзірлеу және тауарлық мұнайды тұтынушыға тапсыру. Бұл процестердің барлығы бірдей мұнай мен газ өндірудің өндірістік циклын құрайды, ол қысқамерзімділігі мен үздіксіздігімен сипатталады. Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етудің шарттары:

  1. Кенішті қазу жүйесіне сәйкес қаттың технологиялық жұмыс режимін қатаң түрде ұстану.

  2. Мұнай өндіру процесіне қатысатын жекелеген өндірістік буындардың өндірістік қуаттылықтарының ұңғымалардың қазу мүмкіндіктеріне сәйкес келуі.

  3. Кестеге сәйкес негізгі процестерді қосымша процестермен күтімге алу.

Мұнай-газ өңдеу кәсіпорнының өндірістік құрылымының негізін анық түрдегі бағыттану, қосалқы өндірістердің негізгі өндірістен бөлінуі және өндірістің барынша жоғары мөлшерде шоғырлануы құрайды.

Өндірістік құрылым ретінде кәсіпорынның ішкі өндірістік бөлімшелері мен қызметтерінің жиынтығы, олардың өзара қатынасы мен байланысы түсініледі.Мұнай-газ өндірісінде құрылымдық бірлік ретінде цех - өндірістік әкімшіліктік-бөлектенген бөлімше шығады, оның міндеттеріне өнімді шығару немесе белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізу жатады. Негізгі өндіріс өнімді шығарумен тікелей қатысты болатын процестерді қамтиды. Қосымша өндіріс негізгі өндіріс бөлімшелерінің өнімді үздіксіз шығаруына арнап қалыпты жағдайларды қамтамасыз етеді. Негізгі өндіріс ретінде орталық инженерлік-технологиялық қызметпен (ОИТҚ) біріктірілген аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (АИТҚ) бөлінген.

Орталық инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі міндеті – мұнай-газ өнеркәсібінде орталық инженерлік-технологиялық қызметі бекітілген технологиялық режимін ұстанумен мұнай мен газ өндіру жөніндегі жоспарлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет төмендегілерді жүзеге асырады:


• аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер жұмысын басқару;

• негізгі өндіріс объектілерінде жұмыстарды орындау кезінде мұнай-газ өнеркәсібінің барлық өндірістік бөлімшелерінің іс-әрекетін тәулік бойы жедел бақылау және үйлестіру;

• барлық өндірістік объектілер бойынша ақпаратты жинақтау мен өңдеу;

• апаттарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

• оқыс жағдайлар кезінде көмек көрсету және т.б.







Сурет 3 – Негізгі және қосымша өндіріс цехтары

Жұмыстарды жоспарлауға маңызды мән беріледі. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет өздеріне ұңғымалар бойынша барлық қажетті жұмыстар кіретін айлық кешендік кесте-жоспарларды әзірлейді.

Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер – мұнай өндіруге тікелей қатысатын инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі технологиялық органы. Бұл қызметтің басты міндеттері – мұнай мен газды өндіру жөніндегі жедел жоспар-кестелер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, тәулік бойы техникалық тұрғыдан сауатты игеру мен ұңғымаларды пайдалануды жүзеге асыру, оларды пайдалану режимін сақтау, ұңғымалар мен аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер аумағында орналасқан басқа объектілерді жерасты және күрделі жөндеу жөніндегі өндірістік процестердің барысына технологиялық бақылау жүргізу. Бұл органның жұмысын қызметтің бастығы басқарады. Мұнай өндіру операторлары технологиялық топтар бойынша бөлінген және аға инженерлердің басқаруымен ұңғымаларды күтімге алу, пайдалану жұмыстарын жүргізеді, оларды тексеріп және қарап шығады, құрал-жабдықтың ақауларын жөндейді, жұмыс тәртібін сақтайды, ұңғымаларды іске қосады және т.б. Бұл топтар әрдайым диспетчерлік пункт пен оның басшылығымен байланысты болып келеді. Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер мұнайды, газды, ауаны жинақтау мен сумен қамту, ұңғымалар коммуникацияларының, ауа және газ үлестіргіш құрылғылардың жүйесінің, компрессорлық станциялардың және т.б. технологиялық сұлбаларымен байланысқан.

Ұңғымаларды өндірістік күтімге алумен қатысты қосалқы өндірістер өндірістік күтімге алу базаларына біріктірілген. Өндірістік күтімге алу базалардың құрамына келесілер кіреді:

• пайдаланушылық құрал-жабдықтың илектеу-жөндеу цехы (ПҚИЖЦ);

• электр жабдығы мен электрмен қамтудың илектеу-жөндеу цехы (ЭЖ мен ЭИЖЦ);


• ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехы (ҰЖ және КЖЦ);

• өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ).

Өндірістік күтімге алу базалар басшылығы кесте-жоспарларға сәйкес цехтардың іс-әрекетін үйлестіреді және ұңғымалар мен барлық негізгі өндіріс объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тікелей мұнай-газ өндіру басқармасына бағынатын құрылымдық бөлімшелер бар, атап айтқанда:

• мұнайды даярлау мен айдау цехы (МДАЦ);

• қаттық қысымды ұстау цехы (ҚҚҰЦ);

• бу-сумен қамту цехы (БСҚЦ);

• газ сығымдағыш (газ) цех (ГСЦ);

• құрылыстық-монтаждау телімі (ҚМТ) – мұнай-газ өнеркәсібінің дербес құрылыс ұйымы болмаған жағдайда.

Қабат қысымды ұстау цехының басты міндеті – жұмыстық реагенттің бекітілген қазу жобасына сәйкес көлемдерде өнімді деңгейжиектерге айдалуын қамтамасыз ету.

Мұнайды даярлау мен айдау цехы шикі мұнайды жинақтау мен оны жинау құрылғысына дейін айдау, өңдеуге, сақтауға, есепке алу мен тапсыруға әзірлеу жұмыстарын жүргізеді. Мұнай мен газ өндіру цехы мұнай мен газды ұңғыманың түбіне қарай жасанды қозғалу процестерінен, мұнай мен газды күндізгі жазықтыққа көтеру, тауарлық мұнайды әзірлеу процестерін қамтиды. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда жекелеген мұнай-газөнеркәсіб бірлестіктің рұқсатымен цехтар құрылуы мүмкін: илектеу-жөндеу, батырмалы электрқұрылғылар, құбырларды шегендеу (футерлеу) (жемірілуге қарсы жабындар, әйнектеу, эпоксидтік шайырлармен жабу, эмальдау). Мұнай өндіру процесінің үздіксіздігі көбінеки мұнай және газ ұңғымаларын дұрыс пайдалануға, күтімге алу мен жөндеуге байланысты болып келеді. Пайдалану жабдығының илектеу-жөндеу цехы пайдалану жабдығын жөндейді, оны пайдаланудың техникалық ережелерін ұстануды бақылайды, механикалық жабдықты дер кезінде және сапалы жөндейді.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік құрылымын жетілдірудің негізгі бағыты – негізгі өндірісті бағыттандыру процесін оны бұдан әрі бірқатар қосымша қызметтерден босату мен оларды дербес кәсіпорындарда шоғырландыру арқылы жалғастыру, атап айтқанда, МГӨК-тің құрамынан жөндеу және көліктік қызмет көрсетуді шығару және орталық илектеу-жөндеу базалары мен технологиялық көлік басқармаларын, және бірлестіктерде арнайы техниканы құру. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының типтік өндірістік құрылымы 4-суретте келтірілген.