Файл: Компрессорлы станция.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 98

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4 Еңбекті қорғау, ортаны қоғау және техника қауіпсіздігі

4.1 Автоматтандыру құралдарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау
Автоматтандырылған құралдары пайдалануға келесі ережелер мен нормалар сақталады. Басқару қалқандарында, пульттерінде және беттақталарында орналасқан бақылау - өлшеу аспаптардың басқару, дабылдау мен қоректену сұлбаларында оларда кернеудің бар екені туралы дабылдауы болады. Бақылау-өлшеу аспаптары байқау мен реттеуге ыңғайлы және қауіпсіз орындарда орналасады. Бұзылған немесе тексеру мерзімі өтіп кеткен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалануға тыйым салынады. Өлшеу құралдарын тексеру, қайта құру және жөндеу жүргізу пайдалану құжаттарымен сәйкес жүргізіледі.Электр аспаптары мен қалқандары жерлестіріледі.

Электротұзсыздандыру қондырғысында жұмыс жасайтын жұмысшыларға электр тогы жоғары аппараттармен жұмыс жасауға тура келеді. Бұл ЭТТҚ қондырғысының қауіптілігін күшейтеді. Электродегидратордың трансформатор және реактивті катушкалар орналасқан жоғарғы бөлігінде торлы қоршаулар болады. ЭТТҚ-дың жоғарысында көтерілетін баспалдақта, баспалдақтың есігі ашылғанда электр тогын сөндіретін блокты құрылғы болады. Аппараттардың әр қайсысында электродегидратордағы мұнай деңгейі төмендегенде кернеуді сөндіретін құрылғы болады. Электродегидратордың ішінде және жоғарысында орналасқан құрал-жабдықтарды жөндеу үшін кернеуді сөндіру керек. Дегидратор тұрған мекенді мұқият желдету керек. Трансформатор кернеуінің жоғарғы жағына ток келмеуін бақылау керек.

Бақылау - өлшеу аспаптары жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылады. Өзара байланысты учаскілер арасында қатты дауысты немесе телефонбайланысы орнатылады. Жеке жағдайларда қауіп туралы ескерту үшін бір уақытта қосылатын дыбыс және жарық сигналдаулары қолданылады. Жоғары деңгейдегі шу орындарында тек пульстік әрекеттегі немесе бағытталған жарық сигналдары қолданады.

Жұмысы автоматтық, баптау немесе қол режімінде қарастырылған жабдықта оның осы режімдерге қосылғанын білдіретін дабылдауы болады. Байланыс және дабылдау құралдары қызметкерлер үшін максималды көру және есту аймақтарында, сондай-ақ жеңіл қолжетімді және қызмет көрсетуде қауіпсіз жерлерде орналастырады.

Автоматтандыру, дабылдау, қашықтықтан басқару аспаптары мен қорғаныс блокталу құрылғыларына олардың тұзу жұмысын қамтамасыз ететін үнемі бақылау жасалады.

Автоматтандыру аспаптары мен құралдарын реттеу, жөндеуді тек бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдары қызметінің қызметкерлері жүргізеді (әрі қарай - БӨАжА).


Электр қозғалтқыштарын, электр желілерін, іске қосуды реттегіш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратураларын, сондай-ақ бақылау, автоматтандыру, дабылдау құрылғыларын орналастыру, құрылысы және пайдалану «Электр қондырғыларын пайдалану Ережелеріне», «Тұтынушылардың Электр қондырғыларын техникалық пайдалану Ережелеріне» және «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік техникасының Ережесіне» сәйкес болады.

Әр электр қондырғысына қалыпты және апаттық жұмыс режімінің пайдалану сұлбалары жасалады. Электр қосылуларына енгізілген барлық өзгерістер, сондай-ақ жерлестіруді орнату орындарын өзгерту сұлбада міндетті түрде өзгерістің кімнің, қашан және қандай себеппен енгізгені туралы белгіленеді. Электр пайдалану сұғбаларын және оларға енгізілген өзгерістерді ұйымның электр шаруашылығына жауапты тұлға бекітеді.

Жұмыс қауіпсіздік нұсқау ережесі төрт түрден тұрады:

  1. Алғашқы (бірінші) нұсқау – жұмыс ережесі сол бір жұмыс орнында барлық механизмдермен танысу және оның жұмыс кезіндегі барлық қауіпсіздік нұсқау ережелрімен танысу;

  2. Кіріспе нұсқау – әрбір жұмысшының өз жұмыс орнына байланысты, өзінің тікелей міндетіне қауіпсіз жұмыс істеу;

  3. Ағымды нұсқау – ол әрбір жұмысшы жұмыс істеген кезде үш ай сайын техника қауіпсіздік нұсқау ережесін қайталайды;

  4. Жоспардан тыс нұсқау – ол әрбір жаңа жұмысшыға жұмыс істейтін жерінде, өндірістік құрылғыларында өзгеріс болғанда немесе жаңа танымайтын механизмдер енгізілгенде және техникалық сақтану нұсқау ережесі жүргізіледі.

Кәсіпорын мекемесінің жылу орталылығының күрделілігіне қарай, инженер-техник мамандары қазандық цехтарында жылу пайдаланатын қондырғылардың техникалық қауіпсіздігіне жауап береді.

Жұмысшылар автоматтандырылған қондырғыларды пайдалану қауіпсіздік техникалық ережесіне сәйкес, берілген жұмыс көлеміне қарай арнайы дайындықтан өтіп, білімдерін тексеріп тұру керек.

Кезекші қызметкерде сүрту жадағаттары, майлар мен сальникті толтырмалар, 12 В керенулі құрал-саймандар тасымал шамдары болуы керек.

Қатты отынды сақтау кезінде өрттен аман болу үшін қазандық цехында от ошақтары мен көздері болмау керек.
4.2 Мұнай-газ жинау тораптары, коллекторлары және конденсат құбырлары

Мұнай, газ ж

әне конденсатты - сығымды сорап станциясына, кешенді дайындау қондырғыларына, компрессорлы станцияларға дейін тасымалдауға арналған үңғы шлейфтері мен мұнай-газ жинау коллекторлары - қазіргі қолданыстағы норма талаптарыпа сәйкес және кен орнын дамыту болашағын ескере отырып жобаланады және тұрғызылады.

Мұнай-газ өндіруші мекемелердің технологиялық құбырларын елді-мекендер арқылы төсеуге тыйым салынады.

Мұнай-газ-конденсат құбырлары бір-бірімен дәнекерленіп-пісіріліп жалғанады, ал фланецті және бұрамалы (резбалы) қосылыстар - тығынды арматурамен, компенсаторлармен, қысым реттегіштермен және т.б. аппараттармен, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптарымен қосылысқан жерлерінде ғана болады. Егер мұнай-газ-конденсат құбырлары автокөлік және темір жолдарын қиып өтетін болса, онда арнайы қалыпқа салып төсейді. Құдықтарда орналасқан мүнай-газ-конденсат құбырларының тығынды арматурасы (ысырмалар, крандар) қашықтан басқарылады немесе құдыққа адамды түсірмей-ақ ысырмаларды ашып-жабу үшін ұзартылған штоктары болады.

Жер үсті және жер асты арқылы жүргізілетіп құбырлар өздігінен компенсацияланатын қима бойынша төселеді немесе арнайы компенсаторлармен жабдықталады, олардың саны есеппеп анықталады. Мұнай-газ құбырларын (шлейфтер мен коллекторларды) үрлеуді және сынауды қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

Құбырлардың қуысын тазалау және сынау әдістері -жобалау ұжымының жұмыс жоспарымен анықталады.
Құбырларды газбен немесе ауамен үрлеудің және сынаудың алдында, келесі 4 кестесінде көрсетілген қауіпті аймақтар анықталып және арнайы белгілермен белгіленуі керек.

Гидравликалық сынақтарды жүргізу және сынақтан кейін құбырлардан суды шығару кезіпдегі қауіпті аймақтар анықталып жергілікті жерде ескерту белгілерімен белгіленуі керек.

Құрамында күкіртті сутегі (H2S) бар газдармен құбырларды үрлеуге және сынауға болмайды.

Кесте 4-Қауіпті аймақ аралығы

Құбырлардың шарт-ты диаметрі, мм

Қауіпті аймақтың радиусы, м

Құбырлардың қуы-сын тазалау кезінде оның екі жағынан да бірдей аралықтағы

Құбыр қуыстарын та-залау кезінде ерштің немесе поршеннің шығар бағытындағы

Құбырда сынақ жүр-гізу кезінде оның екі жағынан да бірдей аралықтағы

300-дейін

300-500

500-800

800-1400

40

60

60

100

600

800

800

1000

100

150

200

250

Құбырларды пневматикалық сынақтан өткізу кезінде ауа немесе инертті газдар қолданылады. Егер, бұрып құбырлардан жарылысқа бейім орта болып табылатын көмірсутектері тасымалданған болса, онда пневматикалық сынақты тек қана инертті газдармен жүргізеді.

Құбырларды үрлеу немесе онда сынақ жүргізу барысында құбырлардың жағдайын
бақылап, тексеріп отыру үшін арнайы бақылаушы бөлінеді. Бақылаушы, өзіне бекітіліп берілген құбырлар участкесін үнемі қадағалап отырады және жер үсті немссе жер асты құбырларын сынақтан өткізу барысында, қауіпті аймақта және қозғалыс үшін уақытша жабылған жолдарда - адамдардың, жан-жануарлардың және қозғалыс көліктерінің жүруіне жол бсрмейді. Осы Ереженің 13.1 кестесінде көрсетілген қауіпті аймақ өлшемін 1,5 есеге ұлғайту керек.

Газ-құбырларын пайдалануға берер алдында, ондағы ауаны әуелі газбен 1 Атм. жоғары емес қысымда ығыстырып шығарады. Егер газ-құбырынан шыққан газдың құрамындағы оттегінің мөлшері газды анализатордың көрсеткіші бойынша 2%-ден аспаса, онда газдың құбырлардағы ауаны толық ығыстырып шығарғаны деп есептейміз.

Мұнай-газ құбырларын қорғау аймағының территориясында канализациялы құдықтарды орнатуға немесе басқа да жоба бойынша қарастырылмаған қазу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады, алайда кәсіпорын басшысы бекіткен өндіріс жұмысының жоспары бойынша жөндеу немесе реконструкциялау жұмыстарын атқаруға рұқсат етіледі.

Мұнай-газ құбырларын профилактикалық тексеру