Файл: азастанны азіргі заман тарихын кезедеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 301

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Уақытша үкіметтің билік органдары Қазақстандада құрыла бастады:

1) Орал облысы- Б. Ниязов

2)Жетісу облысы- М.Тынышбаев

3)Түркістан – М.Шоқай

4)Торғай облысы- Ә.Бөкейханов комиссар болып тағайындалды.
Цензура жойылды.
Қазақстан жерінде жүргізілген негізгі іс-шаралар :
-1917 жылы 6 наурызда кешірім жарияланды.Бұл кешірім 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске шыққандарға берілген кешірім еді.


  • 1916 жылы ең көп күйзеліске ұшыраған Жетісу облысына көмек берілді;

  • 1917 жылы 20 наурызда дін ұстану еркіндігі мен ұлттардың құқықтарын шектейтін заңның күші жойылды;

  • 1916 жылы әскерге алынғандарды қайтару туралы заң қабылданды;


Уақытша үкіметтен бөлек, жұмысшы, солдат, және шаруа депутаттарының кеңесі Қазақстандада құрылған еді.

Қабылданған қаулылар:

-Қазақстанда 25 кеңес құрылды;

- Саяси тұтқындарды кешіру

-Азық-түлікпен қамтамасыз ету

-Қытайдан босқындарды қайтару.
Қос өкімет 1917 жылдың 27 ақпанынан 4 шілдеге дейін өмір сүрді. 4 шілде күні Петроградта бейбіт шеру болып, арты қарулы қақтығыспен аяқталады. Уақытша үкіметтің қолына билік көшеді. Осы кезден бастап Қос өкімет өмір сүруін тоқтатады.
Ақпан төңкерісінің Қазақстан үшін тарихи маңызы мынадай болды:

  • Ақпан төңкерісі өлке тұрғындары сана-сезімінің өсуінде аса зор маңызға ие болды;

  • Қазақ халқының да ұлттық сана-сезімі жаңғырып, қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

  • Екінші орыс төңкерісі 1917 жылы қазақтарға ұлттық-демократиялық Алаш партиясын құруға мүмкіндік берді.

  1. «Алаш» партиясының құрылуы мен қызметі. «Алаш» партиясының бағдарламасы.

1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ ұлт-зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді.Тұңғыш жалпықазақ сьезін шақыру туралы шешім 1917 жылы сәуір айында өткен Торғай облыстық сьезінде қабылданып, сьезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынұлы басқарған қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші жалпықазақ сьезінде төрағасы Ә.Бөкейханов болған Алаш атты партия құрылып, бұл сьезде 14 мәселе қаралды. Олар:

1. Мемлекеттік басқару формасы.

2. Автономия құру мәселесі.

3. Жер мәселесі.

4. Халық милициясын құру.

5. Сот ісі.

6. Дін мәселесі.

7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.

8. Құрылтай жиналысын шақыру.

9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.


10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.

11. Халық ағарту ісі.

12. Земство

13. Әйел мәсселесі

14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі,1917 жылы 21 қарашада Алаш партиясының бағдарламасы болып жарияланды.

Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады.Алаш партиясының құрамына ғылыми және шығармашылық зиялылардың белгілі өкілдері М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж. Досмұхамедовтер кірді.

Қоғамдық саяси аренада Алаш партиясы небәрі 3 ай ғана қарқынды жұмыс істеді.

Алаш қоғамдық – саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Ресей империясының отары болып келегн Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат-мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интелегенциялары сол жолда құрбан болды. Алаш партиясының әр мүшесі қудаланып, атылды.


  1. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Мақсаты: уақытша өкіметті құлатып, бұқара халық үкіметін құру. Ал себебі: жұмысшылардың шаруалардың ұлттық мәселелердің шешілмеуі яғни ұлттар теңдігі мәселелерін шешілмеді, халықтың әл-ауқатының көтерілістердің салдарынана төмендеуі, жаппай наразылықтың туындауы.

1917ж 25 қазанда Ленин бастаған рев. Күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Кеңестердің қолына көшті.



Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру енгізіле бастады. 1917ж қазаннан 1918ж наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.

Қазақстанда Кеңес өкіметінің құрылуы екі жолмен өтті: бейбіт жолмен-большевиктерге жергілікті жұмысшылар мен кедейлер қолдау көрсеткен өңірлерде және қарулы күрес жолымен-болшевиктерге қарсы реакция неғұрлым қуатты болған жерлерде. Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск қаласы болды.

Қазақстанда кеңес өкіметіне орнатуға әр өңірден болшевиктер: Сейфуллин, Иманов, Бокин, Розыбакиев т.б қатысты. Және кеңес өкіметін орнату мен нығайту жұмысына «үш жүз» партиясы белсене қатысты.

Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы

Қиындықтары: әлеуметтік –экономикалық алғышарртардың жоқтығы мен әлеуметтік-экономикалық мешеулік, жұмысшы табының әлсіздігі мен ұлтаралық қатынастардың күрделілігі.

Ерекшелігі: кеңес үкіметінің бейбіт және қарулы күрес жолымен орнауы, кеңес өкіметінің алдымен ірі қалаларда орнауы т.б болып табылады.

Кеңестердің алғашқы қадамдары жаңа билікті орнату мен нығайту және социалистік қайта құрылуға бағытталды.

  1. Алаш автономиясының және Қоқан автономиясының тарихы.

Алаш автономиясы 1917 жылы -13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі , Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Басшысы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.

Алашорда да 25 орын болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы болды.

Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қарулы Күштері құрылып, ол «халықтық милиция» деп аталды. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды.

Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы ыдыратып жіберді.

Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет

Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан
автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады

Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды.

Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды

  1. Қазақстандағы азаматтық-саяси қарсыласу кезеңіндегі саяси партиялардың қызметі: мұсылмандық партиялар, Үш Жүз, РСДРП бөлімдері большевиктер, кадеттер, эсерлер.

Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады.

1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды.

Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Олардың ұлттық мүддеге байланысты ұстанымдары жоғары айтылған мақалада айқын көрініп тұр. Кадет партиясныың мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. Кадеттер басқа саяси партиялармен солдат казармаларында еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл үкімет билігінің жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің қолына көшу жолында митингілер мен пікір сайыстар өткізді.

1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандарды ұстанды

Үш жүз 1917 жылы қазан—қараша айларында пайда болды. Оның бағдарламалық мақсат—мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан басқа позиция ұстады.


Қорытынды жасасақ, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ.Тек көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы Шура-И-Ислами болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас—тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады. Ал Алаш сол кезде нағыз ұлт мәселесін көтеріп, ұлт алдында адал қызмет атқарған партия болды.


  1. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан, себептері және салдары. «Әскер коммунизм» саясаты.

Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.Төңкеріліс нәтижесінде кеңес үкіметі билікке келді,большевиктер мен кеңес үкіметін жақтаушыларды “қызыл армия” деп атады, ал оларға қарсы топты “ақ гвардияшылар” деп аталды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты. 1918-20жж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж. қарашада Орынборда болды, онда атаман Дутов Совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, ауқатты топтар, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды. 1920ж. наурызда Азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы-Солтүстік Жетісу майданы жойылды. Солай көктемде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды. Азамат соғысының салдарлары: 1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық- түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизм саясаты орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық- түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері: 1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі тегін болды. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды.