Файл: Блімдер Таырыптар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 335

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Көптеген оқушылар үшін:

Python программалау тілінде массивтен қасиеттері бойынша деректерді іздеу;

Кейбір оқушылар үшін:

Берілген қасиеттері бойынша массив элементтерін іздеу жобасын қолданудың қажеттілігін тұжырымдау.



Бағалау критерийі

  1. Массив элементтерін қасиеттері бойынша іздеуді анықтайды;

  2. Python программалау тілінде массивтен қасиеттері бойынша деректерді іздейді;

  3. Берілген қасиеттері бойынша массив элементтерін іздеу жобасын қолданудың қажеттілігін тұжырымдайды.


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру.

Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Массив элементі-элемент массива-array element, қасиет- свойство-property.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Күнделікті өмірде көптеген заттардың арасынан қажеттісін іздеп табуға қандай мысалдар келтіре

аласыңдар?

Жазу:

Python программалау тілінде массив элементтерін іздеу алгоритмін жазыңдар.

Пәнаралық байланыс

География пәні бойынша тапсырмаларды программалау,

ағылшын, орыс тіліндегі сөздер қолданылады.

Тірек білім, білік, дағдылар

Берілген қасиеттері бойынша массив элементтерін іздеу.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Басталуы

3 мин

6 мин

Ой сергіту жаттығуы
Оқушылар шеңбер сызады. Шеңберді бірнеше бөлікке бөледі. Әр бөлікке сыныптағы оқушылардың аттарын жазады. Уақыт берілген кезде сол оқушылардан сұрақ- жауап алады. Соңында ұқсас қасиеттері бар оқушыларды анықтап айтады. Мысалы, Айдынның да, Саматтың да бір ағасы, екі қарындасы бар.
Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмалардың жауабын мұғаліммен, топпен бірігіп талдайды.
Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша мадақтау, қолдау көрсету.


А4 парағы
Оқулық, оқушының жұмыс дәптері, компьютер





Негізгі бөлім

2 мин

6 мин




8 мин



Миға шабуыл сұрақтары


  • Күнделікті өмірде көптеген заттардың арасынан қажеттісін іздеп табуға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

Оқулықпен жұмыс

Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтармен жұмыс жүргізіледі. Жеке, жұпта, топта, ұжымда жауаптар айтылады. Мұғалім толықтырып отырады.
Компьютермен жұмыс
Python программалау тілінде массив элементтерін іздеу жобасын дайындау
Python программалау тілінде бірөлшемді массивтен белгілі бір қасиеттер бойынша деректерді іздеуге арналған көптеген қызықты және пайдалы жобаларды жасауға мүмкіндік бар. Python программалау тілінде мұндай жобаларды қалай орындайтынымен танысайық.

4-мысал. Еліміздің картасында (2-сурет) орналасқан ірі қалалардағы біркүндік күн райы температурасы берілген. Осы деректерді пайдаланып еліміздегі ірі қалалардағы біркүндік күн райы өзгерісіне талдау жаса.

  1. Ең суық қаланы анықта.

  2. Ең жылы қаланы анықта.

  3. Температурасы нөлден төмен қалалардың санын анықта.



from array import array(Программаға массивті импорттайды)

A=array("i")(А бүтін сандар массивін таныстырады) S=[] (Бастапқыда бос S тізімін тағайындайды ) N=int( input()) (Массив ұзындығын енгізеді)

A=[0]*N; S=[0]*N (Компьютер жадынан массивке N орын ажыратады)

t=0;z=0; p=0;

print('Kala ataularyn engiz') for i in range(0,N):

S[i] = input() (Қала атауын енгізеді)

A[i] = int(input()) (Сол қаладағы температураны енгізеді)

min=A[0]; max=A[0] for i in range(0,N):

if A[i]< min:(Ең суық қаланың нөмірін табады)

min=A[i]; p=i if A[i]> max:

max=A[i]; z=i (Ең жылы қаланың нөмірін табады)

if A[i]<0:(Ауа райы нөлден төмен қалалар санын табады)

t+=1

print('En cuyk kala-->', S[p])

print('En jyly kala-->', S[t])

print('Nol gradustan tomen kalalar sany=',z)


Оқулық, слайд материалы

Компьютер, оқулық






Дескриптор

Python программалау тілінде бірөлшемді массивтерді қолданады.




3 мин



Топтық жұмыс

Берілген қасиеттері бойынша массив элементтеріне іздеу қызметіне ұсынылған жоба кодтарына талдау жасаңдар.

Дескриптор

Массив элементтерін анықтайды, талдайды.




5 мин



Жұптық жұмыс Тапсырма:

Мал базарында сатылымда 10 ат тұр. Аттардың сатылу бағасын өздерің белгілеңдер. Аттардың бағасы бойынша бірөлшемді бүтін сандар массивін құрыңдар. Осы массив бойынша қандай тапсырмаларды құрастырған болар едіңдер?

Бірөлшемдік массив бойынша іздеуге арналған бірнеше тапсырманы құрастырып, ұсыныңдар. Дескриптор

Бірөлшемді массивтерді құрып, ұсынады.







Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау.

Бағалау парағы

Аяқталуы

6 мин



Рефлексия

  1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  2. Бірөлшемді кестеде ең жиі орындалатын іс - әрекет түрі қандай?

  3. Бірөлшемдік массивтерде іздеуде жиі қолданылатын қандай шарттар бар?

  4. Модульдік ортамен визуалды орта деректерді іздеуге арналған жобаларды салыстырып, қандай айырмашылықтар байқадыңдар? Қайсысы қолайлы? Себебін түсіндіріңдер.


«БББ кестесі» әдісі.

Оқушылар сабақ туралы не білетінін, сабақта не білгенін, не білгісі келетінін кестеге жазады.

Оқулық

Үй тапсырмасы 1 мин



Өзіңе таныс күнделікті қолданыста кездесетін мысалдардың арасынан массив элементтерін іздеу қызметіне 1 қарапайым және 1 визуалды жобаға тапсырма құрастыр. Құрастырған тапсырмаларыңның шешу жолын жаз.










Оқушылар:

19-сабақ


§4.4. Бірөлшемді массивтер. Практикалық жұмыс

Бірөлшемді массивтерді математикада қалай қолдануға болады?

Физикалық тәжірибелердің деректерін бірөлшемді массивтер көмегімен қалай өңдеуге болады?


Тақырып: Бірөлшемді массивтер.

Практикалық жұмыс

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

9.3.3.1- программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында бір өлшемді массивті қолдана отырып программаны құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Бірөлшемді массивтерді анықтау;

Көптеген оқушылар үшін:

Бірөлшемді массивтерді есептің шешімін анықтауда қолдану;

Кейбір оқушылар үшін:

Бірөлшемді массивтерді программалауда қолданудың маңыздылығын тұжырымдау.



Бағалау критерийі

  1. Бірөлшемді массивтерді анықтайды;

  2. Бірөлшемді массивтерді есептің шешімін анықтауда қолданады;

  3. Бірөлшемді массивтерді программалауда қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Массив элементі-элемент массива-array element, қасиет-свойство- property.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

  • Бірөлшемді массивтерді математикада қалай қолдануға болады?

  • Физикалық тәжірибелердің деректерін бірөлшемді массивтер көмегімен қалай өңдеуге болады?

Жазу:

Бірөлшемді массивтерді есеп шешуде орындауға алгоритм жазыңдар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бірөлшемді массивтермен жұмыс.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Басталуы

Ой сергіту. «Дос-досымен» жаттығуы





3 мин

8 мин

Топ ішіндегілер бір-бірімен араласып жүреді. Жүргізуші «Дос-досымен» дегенде ойыншылар досын ұстап екеу болып тұрады. Жүргізуші тағы да «шаш- шашымен» дегенде шаштарын тигізеді; арқа-арқамен дегенде арқаларын тақайды; т.с.с. бет-бетімен; қол- қолымен; саусақ-саусақпен; табан-табанмен; бас- басымен; тізе-тіземен; иық-иықпен; деген сияқты бірнеше сөздер айтылса, соларды орындау керек.

Жүргізуші арасында бірнеше рет «дос-досымен» дегенде қатысушылар басқа досты таңдап достасады. Достасып қойған достар қайтадан достасып қалса, ойыннан шығады.

Үй тапсырмасын пысықтау

Оқулықта берілген тапсырманың орындалу жобасын тақтада көрсетеді, топта талқылайды.

Өзара бағалайды.


Компьютер

Негізгі бөлім

10 мин




1-практикалық тапсырма. Сандық тізбекті зерттеу (математика).

1-практикалық жұмыс
1- практикалық тапсырма. Сандық тізбекті зерттеу (математика).

a1, a2, . . .,an-1, an сандар тізбегі берілген (n<103) және (0i<103)) . Осы тізбекте төмендегі зерттеулерді жүргіз:

а) Тізбектегі жұп сандардың санын анықтау

ә) Тізбектегі жай сандардың санын анықтау б)Тізбектің орташа мәнінен кіші сандарды анықтап экранға шығару

Оқулық

Компьютер




Мысалы Нәтиже

1 9 Жұп мүшелер саны = 3

11 511 17 803 Жай сандардың саны = 3 53 538 140 505 Арифметикалық ортаcы =

2 86.4

Арифметикалық орта мәннен кішілер

11 17 53 140







Тапсырманы орындау барысы: Математикалық тізбекті бірөлшемді массивке оқытуда деректерді [2..1000] арасындағы кездейсоқ сандар операторы random көмегімен енгіземіз.

Тізбекті зерттеу барысында программада төмендегі шарттарды орындауды қарастырамыз:

Тізбектегі жұп сандарды анықтау: ai% 2 = 0

шартын тексеру.

Тізбектегі жай сандарды анықтау: тізбек мүшесі ai –







дің 2 .. bi аралығындағы сандарға бөлу арқылы







бөлгіштерінің санын анықтау. Егер бөлгіштер саны нөлге тең болса, онда бұл сан жай сан шартын орындайды.