Файл: Блімдер Таырыптар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 320

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
§5.4. Кейіпкерлерді анимациялау

PyGame -де ойын алаңында кейіпкерлерді қалай жылжытуға болады?

Тақырып: Кейіпкерлерді анимациялау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

9.3.3.7- кейіпкер қозғалысын программалау 9.3.3.8- пернетақтадан кейіпкерді басқару

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Анимация, анимациялау кезеңдерін анықтау.

Көптеген оқушылар үшін:

Анимациялау алгоритмдерін программалауда қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:

Анимацияланған компьютерлік ойындардың зиянды және пайдалылығын салыстыру, тұжырымдау.


Бағалау критерийі

  1. Анимация, анимациялау кезеңдерін анықтайды;

  2. Анимациялау алгоритмдерін программалауда қолданады;

  3. Анимацияланған компьютерлік ойындардың зиянды және пайдалылығын салыстыру, тұжырымдайды.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Анимация, анимациялау кезеңдерін анықтауды.

Пәндік лексика және терминология:

Анимация- анимация-animation, қозғалыс-движение-motion, орын ауыстыру- переселять- relocate, компьютерлік анимация- компьютерная анимация- computer animation, графикалық нысан- графический объект-graphic object.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Анимация дегеніміз не? Есіңе түсір.

  • Компьютер пайда болмай тұрып, мультфильм кейіпкерлеріне қалай «жан» бітірген.

  • Қандай программаларда анимациялармен жұмыс жасағансың?

  • Компьютерлік ойындардың кейіпкерлерін қозғалту қалай орындалады? Ойланып көр!

Жазу:

Кейіпкерлерді анимациялау кезеңдерін жазыңдар.


Пәнаралық байланыс


Ағылшын тілінде сөздер қолданылады.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ойын кейіпкерлерін таңдау.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Басталуы

3 мин

7 мин

Ой сергіту жаттығуы. «Болады, болмайды» жаттығуы.

Мұғалім сөздерді айтады, ал оқушылар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса, онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманды кезіп жүреді – алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр – аяқтарын топылдатады. Кәстрөлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.

Үй тапсырмасы.

Өткен тақырып бойынша берілген тапсырмалардың жауаптарын тақтада көрсету, топта талдау, өзара бағалау


Оқулық, оқушының жұмыс дәптері

Негізгі бөлім

2 мин

Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау

  • Анимация дегеніміз не? Есіңе түсір.

  • Компьютер пайда болмай тұрып, мультфильм кейіпкерлеріне қалай «жан» бітірген.

  • Қандай программаларда анимациялармен жұмыс жасағансың?

  • Компьютерлік ойындардың кейіпкерлерін қозғалту қалай орындалады? Ойланып көр!

Оқулықпен жұмыс

Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелікте берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді.

Мұғалім толықтырып отырады.
Компьютермен жұмыс

Автокөлікті қозғалту программасының кодын компьютерде орындаңдар.

1-код

import pygame; pygame.init()

screen = pygame.display.set_mode([400,360]) screen.fill([255, 255, 255])

#Ойын терезесіне ат береді pygame.display.set_caption('Анимация' ) #Cуретті жүктейді

avto = pygame.image.load('avto.png') #Cуреттің ойындағы өлшемін береді avto=pygame.transform.scale(avto,(180, 100)) #Cуретті экранда көрсетеді

Оқулық








5 мин



Оқулық, Bilimland.kz

6 мин







Компьютер






6 мин


3 мин



screen.blit(avto,[10, 50]); pygame.display.flip() #Программаны 1000 милли секундқа тоқтатады pygame.time.delay(1000)

#Cуреттің экранда орнын өзгертіп қайта көрсетеді

screen.blit(avto,[210, 50]); pygame.display.flip() running = True

while running:

for event in pygame.event.get(): if event.type == pygame.QUIT:

running = False pygame.quit() Топтықжұмыс

Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында қандай тақырыптағы компьютерлік ойындар ерекше сұранысқа ие? Талдаңдар. Мысалдар келтіріңдер.
Жұптық жұмыс

Компьютерлік ойындардың пайдасы мен шектен тыс ойнаудың адам ағзасына зияны жайлы өз ойларыңды тұжырымдаңдар. Компьютерлік ойындарды ойнауды ұнататын құрдас- құрбыларыңа, өз денсаулығына зиян келтірмей ойнаудың ережесін ұсыныңдар.
Оқушылардың жұмыстарын фигуралар арқылы бағалау.


Геометриялық фигуралар

Аяқталуы

7 мин



Рефлексия

Оқулықтағы қосымша тапсырмаларды орындау

  1. Компьютерлік анимация дегеніміз не?

  2. Pygame-де кейіпкерді қалай қозғалтады? Түсіндір.

  3. Pygame.time.delay функциясының қызметі не?

  4. Қазақстанда түсірілген қандай анимациялық мултьфильмдерді білесің?

Ойын терезесінде кейіпкерлерді өшірудегі масат не? Өшіру командасы қалай жұмыс істейді? Түсіндір.
«БББ кестесі» әдісі

Оқушылар сабақ туралы бұрыннан не білетінін, сабақта не білгенін, не білгісі келетінін кестеге жазады.

Оқулық

Үй тапсырмасы

1 мин

Өзіңе ұнаған тақырыпта ойын кейіпкерін таңдап, оны қозғалту программасын құрастыр.

Компьютер






Оқушылар:

30-сабақ

§5.5. Кейіпкерді пернетақтадан басқару

  • Ойын кезінде кейіпкердің іс-әрекетін пернетақтадан қалай басқаруға болады?

Тақырып: Кейіпкерді пернетақтадан басқару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

9.3.3.8 -пернетақтадан кейіпкерді басқару.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

PyGame программасында пернетақтамен орындалатын оқиғаларды анықтау.

Көптеген оқушылар үшін:

PyGame программасында пернетақтамен оқиғаларды орындау.

Кейбір оқушылар үшін:

PyGame программасында орындалған оқиға кодының маңыздылығын тұжырымдау.



Бағалау критерийі

  1. PyGame программасында пернетақтамен орындалатын оқиғаларды анықтайды;

  2. PyGame программасында пернетақтамен оқиғаларды орындайды;

  3. PyGame программасында орындалған оқиға кодының маңыздылығын тұжырымдайды.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

PyGame программасында пернетақтамен орындалатын оқиғаларды анықтауды.

Пәндік лексика және терминология:

Оқиға-событие-event, пернетақта-клавиатура-keyboard, тінтуір- мышка-mouse, бос орын-пробел-space, жоғары-вверх-up,

төмен-низкий-down.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Компьютерлік ойындарды басқарудың қандай жолдарын білесің?

  • Бұл жолдардың қайсысы ыңғайлы деп ойлайсың?

  • Ойын кезінде кейіпкерлерді немен басқарған тиімді (тінтуір, джойстик, пернетақта)?

  • Күнделікті өмірде оқиға дегеніміз не? Оған нені жатқызамыз?

Жазу:

Ойындарды құрастыру кезіндегі программада ескеру керек модульдерді жазыңдар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Кейіпкерлерді анимациялау.

Жоспар


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Басталуы

3 мин


7 мин

Ой сергіту жаттығуы. «Сөзден сөзді ізде» ойыны Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:

«Трансформатор», «Талдықорған» сөздерінен форма, қорған, тор, тал т.б. сөздерді алуға болады.
Үй тапсырмасы.

Өткен тақырып бойынша берілген тапсырмалардың жауаптарын тақтада көрсету, топта талдау, өзара бағалау.


Оқулық, оқушының жұмыс дәптері

Негізгі бөлім

2 мин



  1. мин




  1. мин






Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау

  • Компьютерлік ойындарды басқарудың қандай жолдарын білесің?

  • Бұл жолдардың қайсысы ыңғайлы деп ойлайсың?

  • Ойын кезінде кейіпкерлерді немен басқарған тиімді (тінтуір, джойстик, пернетақта)?

  • Күнделікті өмірде оқиға дегеніміз не? Оған нені жатқызамыз?


Оқулықпен жұмыс

Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім толықтырып отырады.

Компьютермен жұмыс

1-мысал. Өткен тақырыпта қарастырған автокөлікті қозғалту жобасында анимация 1000 милли секундтан соң өздігінен орындалған болса, сол қозғалысты «а» пернесін басқанда жасайтын болсын (1-код).

1-код

import pygame; pygame.init()

screen = pygame.display.set_mode([380,120]) screen.fill([255, 255, 255]) pygame.display.set_caption('Пернебасу' ) avto = pygame.image.load('avto.png') avto=pygame.transform.scale(avto, (160, 80))

screen.blit(avto,[10, 30]) pygame.display.flip() running = True

while running:

for event in pygame.event.get(): if event.type == pygame.QUIT:

running = False

elif event.type == pygame.KEYDOWN:

(Пернетақтаны басуды күтеді)

Оқулық

Bilimland.kz


Компьютер







if event.key == pygame.K_a: (а пернесі басылғаны шарт )

screen.blit(avto,[200, 30]) pygame.display.flip()

pygame.quit()






5 мин

Дескриптор

PyGame -де пернемен орындалатын оқиғаларды анықтайды.




2-тапсырма

Қозғалыстағы автокөлікті SPACE (Пробель) пернесі арқылы қозғалтатын және көлік қабырғаға барып тірелгенде (1-сурет) артқа қарай қозғалып шегінетін программа кодын жазу (2-код).

Дескриптор

PyGame программасында пернетақтамен оқиғаларды орындауды программалайды.


5 мин


Топтық жұмыс

2-мысалдағы қарастырылған программа кодын талдаңдар. Төмендегі өзгерістерді енгізу үшін қандай программа қатарларын өзгерту немесе қосу кажет?

  1. Автокөліктің орнына доптың суретін кірістіру.

  2. Допты тік жоғары және төмен қозғалту.

  3. Допты диагональ бойынша қозғалту.

Дескриптор

PyGame программасында орындалған оқиғаның маңыздылығын тұжырымдайды.

Аяқталуы

7 мин




Рефлексия

1мин

  1. Оқиға дегенміз не? Мысалдар келтір.

  2. Компьютерлік ойын ойнау барысында оқиғаларға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

  3. KEYDOWN модулінің қызметі не?

  4. Компьютер программасы ойын барысында қандай жағдайларға жауап беруі керек?


Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Қандай тапсырма қызықты болды? Көңіл күйім қандай?

Оқулық

Үй тапсырмасы

1 мин

Өзіңе ұнаған тақырыпта ойын кейіпкерін таңдап, оны қозғалту программасын құрастыр.

Компьютер







Оқушылар:

31-сабақ

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18