Файл: Таырыбы Бадарламалы жасатама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 56

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Реферат

Тақырыбы: Бағдарламалық жасақтама

IT-901

Орындаған:Мейрамғалиев Ж

Тексерген:

Кіріспе

Егер біз компьютерді  қоспас бұрын қарайтын болсақ, онда жүйелік блокқа қосылған көптеген құрылғылар жиынтығынан тұратынын көреміз. Жүйелік блоктың құрамында үлкен  пластина – жүйелік тақша орналасқан, оған компьютерлік жүйенің құрауыштары  қосылады.Іске қосылмаған компьютер  темір мен пластмассадан дайындалған, бірақ оны іске қосқан соң ол түрленіп, жанданады: онымен мәтіндер теруге, ойындар  ойнауға, музыка тыңдауға және көптеген басқа амалдар орындауға болады. Мұның барлығы әр түрлі программаларды пайдаланғандықтан болады, олардың  біреуі компьютерді басқарады, екіншілері мәтінмен, графикамен жұмыс істеуге  мүмкіндік береді, үшіншілері басқа  да маңызды функциялар атқарады. ДК және олардың жүйелерінің архитектурасында икемді құрылым болып бағдарламалық жасақтама табылады.Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда, дискіде файл түрінде сақталып, қолданушының командасы бойыншакомпьютер жадына жүктеліп орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.Сонымен, бағдарлама – бұл  командалардың ретке салған тізбектері. Кез-келген компьютер бағдарламасының  негізгі мақсаты – аппаратты  құралдармен басқару. Егер бағдарлама сырттай қарағанда жабдықпен ешқалай әрекетпесе де, енгізу құрылымдарымен ешқандай да мәндерді енгізу талап етпейді және қорытындыны құрылымындағы мәліметті шығаруы, бәрібір оның жұмыстарын жүзеге асырмаса да, бәрібір оның жұмысы компьютердің аппаратты құралдарын,басқаруданегізделген.Аппараттық жәнебағдарламалық  жасақтама үнемі өзара тығыз  байланыста болады.

Бағдарламалық жасақтама (Software) – компьютерде шешілетін есептерді орындауды жасақтайтын бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалық жасақтама  – белгілі бір типтегі есептеуіш  машиналар кластарына арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты  қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез-келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.Компьютердегі бағдарламалық  жасақтама құрамын бағдарламалық  конфигурация деп атайды. Бағдарламалар  арасында физикалық буындар мен  блоктар арасындағы сияқты байланыс бар – көптеген бағдарламалар өзінен төмен деңгейдегі басқа бағдарламаларға сүйеніп жұмыс істейді, демек біз аралық программалық интерфейс туралы айта аламыз. Мұндай интерфейстің болу мүмкіндігі де техникалық шарттар және өзара әрекеттесудің хаттамаларының болуына негізделген, ал ол іс жүзінде бағдарламалық жасақтаманың өзара әрекеттесетін бірнеше деңгейге бөлінуімен қамтамасыз етіледі.


 

Бағдарламалық жасақтама  деңгейлері

 

Бағдарламалық жасақтама  келесі деңгейлерден тұрады: базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы.

Бағдарламалық жасақтаманың деңгейлері өз кезегінде пирамидалық  жүйе болып табылады. Әрбір келесі деңгей бағдарламалық жасақтаманың өзінен бұрынғы деңгейлерге сүйеніп жұмыс істейді. Бұлай мүшелеу есептеу жүйесінің барлық жұмыс кезеңдері үшін ыңғайлы, бағдарламаларды орнатудан бастап практикалық пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге дейін. Әрбір жоғары жатқан деңгей бүкіл жүйенің функцоналдығын жоғарылатанына көңіл аударыңыз. Мысалы, базалық(негізгі) деңгейдің бағдарламалық жасақтамасы бар есептеу жүйесі функциялардың көпшілігін орындауға қабілетті емес, бірақ жүйелік бағдарламалық жасақтама орнатуға мүмкіндік береді.

Базалық деңгей. Бағдарламалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі – базалық. Базалық деңгей базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Ереже бойынша, базалық бағдарламалар базалық саймандар құрамына кіреді және тұрақты жадыда сақталады. Бағдарламалар және мәліметтер жасау кезеңінде жедел жадыға жазылады және пайдалану үдерісінде(процесінде) өзгертіле алмайды. Базалық бағдарламалық құралдарды пайдалану бағдарланатын тұрақты есте сақтайтын құрылғылары пайдаланылады. Бұл жағдайда жедел жадының мазмұнын өзгерту есептеу жүйесінің құрамында тікелей орындауға да болады, оған тыс та программалаушы деп аталатын арнайы құрылымдарда да болады.

Енгізу – шығарудың  базалық жүйесі (BIOS) компьютердің тұрақты жадысында орналасқан, бұл негізі MSDOS-тың бөлігі емес бірақ бұнымен тор байланысты. Bios құрамына компьютердің құрылғыларын тексеруге, операциялық жүйенің инициализациялауға арналған және монитор, пернетақта, дискттер, принтермен енгізу шығару амалдарын орындауға арналған бағдарламалар.

Жүйелік деңгей. Жүйелік деңгей – өтпелі. Бұл деңгейде жұмыс істейтін бағдарламалар базалық деңгейдің бағдарламалары мен компьютерлік жүйенің өзге де бағдарламалары және тікелей аппараттық жасақтамамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, яғни «делдалдық» функцияны атқарады. Бағдарламалық жасақтаманың бұл деңгейінен көбінде барлық есептеу жүйесінің пайдалану көрсеткіштері тәуелді. Мысалы, жүйелік деңгейде есептеу жүйесіне жаңа жабдық қосқанда басқа бағдарламалар үшін осы жабдықпен байланысты қамтамасыз ететін бағдарлама орнатылуы тиіс. Нақты құрылғылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты бағдарламаны драйвер құрылғысы дейміз. Ол бағдарламалық жасақтаманың жүйелік деңгейінің құрамына кіреді.



Жүйелік деңгей бағдарламаларының  басқа класы қолданушымен өзара  әрекетесуге жауап береді. Солардың арқасында ол есептеу жүйесіне мәліметтерді енгізуге,оның жұмысын басқаруға  және нәтижесін өзіне ыңғайлы  формада алуға мүмкіндік алды. Бұл программалық құралдар интерфейстің пайдаланушылық қамтамасыз ету құралдары деп аталады. Олардан компьютермен жұмыстың ыңғайлылығы мен жұмыс орнындағы еңбек өнімділігі тікелей тәуелді.

Жүйелік деңгейдің бағдарламалық  қамсыздануының жиынтығы компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады. Амалдық жүйе ядросының бар болуы – адамның есептеу жүйесімен практикалық жұмысының мүмкіндігі үшін міндетті шарт.

Қызметтік деңгей. Бағдарламалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі бағдарламалармен де, жүйелік деңгейдегі бағдарламалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік бағдарламалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік бағдарламалардың қызметін жақсарту және кеңейту үшін қолданылады.

Өңдеуде және қызметтік бағдарламаларды  пайдалануында екі талғаулы бағыт  бар: амалдық жүйемен біріктіру және автономды жұмыс жасау.Бірінші жағдайда қызметтік бағдарламалар жүйелік бағдарламаның тұтынушылық құрамын практикалық жұмысқа өте ыңғайлы ғып өзгерте алады. Екінші жағдайда олар жүйелік бағдарламалық қамсыздануымен әлсіз байланысқан, бірақ қолданушыға аппараттық және бағдарламалық қамсыздануымен олардың өзара әрекеттесуін дербес күйге келтіру үшін көп мүмкіндік береді.

Қолданбалы деңгей. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады. Қолданбалы бағдарламалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, браузерлер және т.б. жатады.

Мәтінді информацияларды  даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Кез-келген Эем-де жұмыс істейтін адамдар әр түрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, басқа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетінін талас тудырмаса керек. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Кең таралған мәтін редакторларына Microsoft Word, PageMaker, WordPerfect т.б. жатады.


Графиктік редакторлар  – графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Оларда өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп – схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер орындалады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез-келген жан әуестенетін топқа жатады.

Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан сабаққа дайындау кезінде өте ыңғайлы. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап, әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компьютерлер «қазы» ролін де әділ атқара алады.

Информациялық жүйелер информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында қолданылады. Бұлар мәліметтер базасы, кітапханада информация іздеу жүйелері, театрларда, әуе жолында және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады.

 

Бағдарламалық жасақтама  түрлері

 

Барлық бағдарламалық  жасақтама флоппи-дискілерде, CD-де жинақталады  немесе Интернет желісі арқылы әкелінеді. Қызметіне қарай (функционалдық  мүмкіндіктеріне байланысты) бағдарламалық  жасақтама жүйелік, қолданбалы және аспаптық болып бөлінеді.

 

Жүйелік бағдарламалық  жасақтама

 

Жүйелік программалық жасақтама (Системное программное обеспечение; system sof tware) — компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Операциялық жүйе және программалау жүйесі жүйелік программалық жасақтаманың негізгі бөліктері болып табылады. Аймақтық, мемлекеттік және космостық жүйелердің алуан түрлерімен бірге олардың архитектуралық формасын, жұмыс істеу тәсілдерін, қоршаған ортаға әсерін және адамдық фактордың қатысуын қамтиды.


Амалдық жүйе (АЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.

Амалдық жүйе болмаса, қазіргі  заманғы компьютердің жабдықтары мен  бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар  бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға  тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады 

Адамның компьютермен қатынас  жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық  ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесудің әмірлік және терезелік  екі түрін көруге болады.

Әмірлік тілдесуде адам компьютермен өте көп және түрлі пішімде  жазылатын АЖ әмірлерінің көмегімен  қатынас жасайды. Әмірлік тілдесуі бар амалдық жүйелерге бертінге дейін компьютерлерде негізгі болып  келген MS DOS жатады. Компьютермен дұрыс  жұмыс істей алу үшін пайдаланушы MS DOS амалдық жүйесі бойынша том-том  нұсқаулықтарды оқып шығуы қажет  болатын.

Терезелік тілдесуі Windows сияқты, компьютермен тек бір құрылғы (тінтуір) арқылы ғана қатынас жасауға болатын  амалдық жүйеде жүзеге асырылған. Бұнда  сіз компьютермен қатынас жасау  үшін тек бейне беттен сызбалық кескін түрінде ұсынылған өзіңізге қажетті  әрекеттерді таңдасаңыз болғаны.

Windows амалдық жүйесінің  пайдаланушы тілдесуінің негізгі  элементтеріне мына нысандар  жатады: Жұмыс үстелі, терезелер,  лақаптар, батырмалар, үстелдер, мәзірлер, қалталар, қосымшалар және құжаттар.

Терезелік тілдесуді  жүгіргіні нысан үстіне апарған  кезде қалқып шығатын түсініктемелер, сондай-ақ тінтуірдің оң жақ пернесін Windows амалдық жүйесі нысанының үстінде  шерткен кезде пайда болатын  мәтінмәндік мәзірлер өте ұғынықты етеді.

Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан