Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 60
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұяшықтар диапазондары. Диапазон – іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.
Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбе мен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15.
Кестеде баған, жол, ұяшықтарды және ұяшықтар диапазондарын ерекшелеу. ЭК –де ерекшелеулерді жүзеге асыруға болады:
-
бағанды ерекшелеу үшін қажетті баған тақырыбы аумағына тышқанмен түрту керек; -
жолды ерекшелеу үшін қажетті жол нөмірі орналасқан ең шеткі жол аттарына тышқанмен түрту керек; -
ұяшықты немесе диапазонды ерекшелеу үшін тышқанды (немесе жылдам ерекшелеу үшін SHIFT және курсорды жылжыту батырмаларын) қолдану керек; -
егер іргелес емес бірнеше ұяшық диапазондарын ерекшелеу қажет болса, мысалы А1:А5 және С1:С5, онда А1:А5 ерекшелеп, сонан кейін CTRL батырмасын басып отырып екінші С1:С5 диапазонын ерекшелейді; -
жұмыс бетін ерекшелеу үшін бағаналар аты мен жол нөмірі орналасқан жол мен бағанның қиылысуында кестенің сол жақ жоғарғы шетіндегі ұяшықты тышқанмен түрту керек.
Кестеге мәліметтер енгізу. Кестеге мәліметтердің әртүрлі түрлерін (мәтін, сан, дата, формула, функция, т.б) енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін
-
бар мәліметтерді көшірмелеу арқылы; -
автотолтыру (автотолтыру маркері арқылы); -
прогрессиялы толтыруды
қолданады.
MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері. Формуланы құру (=) теңдік белгісін енгізуден басталады. Формуланы құру кезінде қиындықтар кездессе, онда Функция Шеберін қолдануға болады. Мұнда Автоқосындылау командасы да бар. Берілген бағаналар немесе жол ұяшықтарын ерекшелеп (кез келген ұяшық диапазонын) «Автоқосындылау» батырмасын басу қажет.
Ұяшықтарға сілтемелер. Формулада ұяшықтарға сілтемелер, яғни есептеуде қолданылатын ұяшық адрестері болуы мүмкін. Демек есептеу нәтижесі басқа ұяшықта орналасқан мәнге тәуелді, ол мән өзгерсе, нәтиже де автоматты түрде қайта есептеледі. Сілтемелер салыстырмалы, абсолютті және аралас болуы мүмкін. Үнсіздікте салыстырмалы сілтеме қолданылады, яғни формуланы көшірмелегенде сілтемелердегі адрестер алғашқы ұяшықтың және көшірменің орналасуына сәйкес автоматты өзгереді. Көшірмелеуде ұяшық адрестері өзгермеу үшін абсолютті сілтеме қолданылады, ол жолдың немесе бағанның аты алдына (аралас сілтемеде) немесе екеуінің алдына да $ белгісін қоюмен ерекшеленеді.
Графикалық мәліметтерді көрсету. Сандық мәліметтерді графикалық пішімде көрсету үшін сызықтар, жолақтар, секторлар, диаграммалар және басқаларды, сонымен қатар олардың біріктірілген вариацияларын қолданады. Бұл мүмкіндіктер Диаграмма шебері нұсқауларымен жүзеге асады.
Excel – дегі кітап оның беттерін көркемдеуге ерекше көңіл бөледі. Мұндай мақсаттар үшін сандар және мәтіннің, түс және стильдің, шрифт және т. с. с. пішімдерін қолданады.
Excel тек мәтіндік және графикалық жүйелермен ғана «достық қарым - қатынаста» емес, сонымен қатар мәліметтер қорын басқару жүйелерімен негізгі әрекеттерді қолдайды. Қазіргі кезеңдегі электронды кестелер (Excel, QuattroPro, Lotus) интегралданған программалық жүйелер болып табылады. Сонымен қатар оларда басқа программалық жүйелерден мәліметтерді импорттау және экспорттау аппараттары жақсы дамыған.
Сонымен қатар Excel мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайа құралдар – қондырғылар бар. Олар – Талдау дестесі, Автосақтау, Шешім іздеу, т.б.
MS Excel процессорында жұмыс істеу негіздеріне арналған да көптеген арнайы әдебиеттер, оқу құралдары болғандықтан шолу қысқаша жүргізіліп, терең меңгеру тәжірибелік сабақтар құзырына жүктелді.
Мәліметтер қорлары және МҚБЖ
Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның негізгі мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс.
Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.
Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.
Байланыс – объектілер арасындағы қатынас.
Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады.
Жазба - өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.
Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.
Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар
-
мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы; -
мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кез келген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы.
МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.
МҚБЖ – МҚ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде
-
мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ; -
дербес МҚБЖ
деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ – ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар - Orfcle, DB2, Sybase, Informix, т.б.
Дербес МҚБЖ – жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық. Олар – FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т.б.
MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:
-
негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау; -
кестелер арасында байланыстар орнату; -
кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру; -
туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану.
Әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде – оперативті және Конструктор - жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардан тұрады, әрбір жол – жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. Өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.
Компьютерлік графика
Графикалық мәліметтерді көрсетудің негіздері. Мәліметтерді компьютердің монитор экранында графикалық түрде кескіндеу 50-жылдардың ортасында ғылыми және әскери зерттеулерді жүргізуде үлкен ЭЕМ-да жүзеге асырылды. Содан бері ол барлық компьютерлік жүйелердің, әсіресе ДК-ң бәрінде міндетті түрде жүзеге асырылған.
Программа-аппараттық есептеу кешендерінің көмегімен кескіндерді құру мен өңдеудің әдістері мен құралдарын зерттейтін информатиканың арнайы бөлімін – компьютерлік графика деп атайды. Мәліметтерді көрнекілеу адам қызметінің әртүрлі аймақтарында қолдану табады (компьютерлік томография, маталарды модельдеу және т.б.)
Кескіндерді құру тәсілдеріне байланысты компьютерлік графиканы үш түрге бөледі: растрлық, векторлық, фрактальдық.
Көрнекілеу кеңістігінде тұлғалардың (объектілердің) көлемді модельдерін құрудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін үш өлшемді графика жеке пән болып есептеледі (ол кескіндерді құрудың растрлық және векторлық түрлерінің бірігуі).
а) Растрлық графика. Нүктелердің жиынтығынан құралатын растрлық кескіндер үшін руқсат нүктелер саны (айыру қабілеті) ұғымы маңызды орын алады, ол ұзындық бірлігінде анықталған нүктелердің санын білдіреді. Мұнда оның төмендігі түрлерін ажыратады:
-
түп нұсқаның айыру қабілеті; (дюймдағы нүкте арқылы анықталады); -
экрандық кескіннің айыру қабілеті (элементарлық нүкте - пиксель); -
басылу кескінінің айыру қабілеті (дюймда сызық - миниатура).
Растрлық графиканың принципі қарапайым. Біріншіден, бұл мозаика, екіншіден, таспаларға салу – кескіндерді дайындық қатты қағаздарынан қабырғаға көшірудің тиімді әдісі.
Растрлық графика кескін құрайтын жүздеген, мыңдаған пиксельдермен жұмыс жасайды. Бірақ пиксельдер өздерінің қандай объектіні құрып жатқанын «білмейді».
Растрлық графика программалары: Paint, (Fractal Design), Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photoshop.
Растрлық кескін алудың аппараттық жабдықтары: сканелер, цифрлық фотокамералар, графикалық планшеттер, т.б..
Артықшылықтары:
-
Егер растрлық пикселдер өте кіші болса, онда растрлық кескіндер фотографиядан кем болмайды; -
Растрлық суреттер принтермен оңай басылып шығады
Кемшіліктері:
-
Растрлық кескіндерді сақтау үшін жадыдан көп орын қажет; -
Масштабтауда, бұруда және басқа түрлендірулерде растрлық кескіндер өте аз мүмкіндіктер береді.
б) Векторлық графика. Растрлық графикада негізгі элемент болып нүкте саналса, векторлық графикада – сызық (түзу). Математикалық тұрғыдан ол тұтас объект болып сипатталады. Векторлық графикада кескіндер қарапайым объектілерден құрылады – сызықтардан, доғалардан, шеңберлерден, эллипсоидтардан, тіктөртбұрыштардан, және т.б., оларды примитивтер деп атайды. Қарапайым векторлық объектілерден кескіндер құралады.
Векторлық графика программалары. Adobe Illustrator, Macromedia Freehand, Coreldraw.
Артықшылықтары:
-
Векторлық кескіндер жадыдан салыстырмалы түрде аз орын алады -
Векторлық кескінді сапасын жөғалтпай оңай масштабтауға болады, басқаларына тиіспей оның кез келген элементін өзгертуге болады;
Кемшіліктері:
-
Фотографиалық сападай кескін алуға болмайды; -
Кейде қағазға басылмауы мүмкін, немесе қағазда тілегендей болмауы мүмкін.
в) Фрактальдық графика. Векторлық сияқты, математикалық есептеулерге сүйенеді. Негізгі элемент болып математикалық формуланың өзі есептеледі, яғни компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды және кескін тек қана теңдеулердің көмегімен салынады. Осылай қарапайым регулярлы құрылымдарды, тіпті күрделі иллюстрацияларды (табиғат ландшафтарын, үш өлшемді объектілерді) салады.
г) Үш өлшемді графика. Графиканың бұл түрі ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объектілерді компьютерлік модельдеуде қолданылады. Объектілерді кеңістікте модельдеу үшін:
-
объектінің табиғи пішіміне неғұрлым толық сәйкес келетін виртуальдық каркасын жобалап және құру қажет; -
көнекілеудің физикалық қасиеттері бойынша табиғиға ұқсас виртуалдық материалдарды жобалап және жасау қажет; -
материалдарды объекті беттерінің бөліктеріне меншіктеу қажет; -
кеңістіктіктің физикалық параметрлерін құру қажет – жарықты, гравитацияны, атмосфера қасиеттерін беру керек; -
объектілердің қөзғалыс траекторияларын беру қажет; -
кадрлардың қорытындыға жету тізбегін есептеу қажет; -
беттік эффектілерді қорытынды анимациялық білікке салу керек;
Табиғиға ұқсас кескіндерді есептеу үрдісін рендеринг деп атайды. Күрделі математикалық модельдерді қолдану физикалық эффектілерді жүзеге асырауға мүмкіндік жасайды (жарылыстар, жаңбыр, от, түтін, тұман). Әртүрлі процедуралық эффектілер мен бөлшектер жүйелерінің байланысын есептеудің әдістері бар.
Қолданылуы. Нақты уақыт режімінде үш өлшемді моделдеудің ерекше қолдану облысын техникалық құралдардың жаттықтырғыштары құрайды – автомобильдердің, кемелердің, ұшу және космостық аппараттардың. Оларда объектілердің техникалық параметрлері мен қоршаған ортаның физикалық қасиеттерін дәл жүзеге асыру қажет. Дәл осы уақытта ең жетілдірілген мұндай құрылғылар космостық кемелер мен әскери ұшу аппараттарын басқаруға үйрету үшін жасалған.
Үш өлшемді графикалы өңдеудің программалық жабдықтары. Ондай жабдықтарды үш десте құрады. Олар үлкен қуатты ДК-да Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді.
-
3D Studio MAX - Kinetix фирмасының жартылай мамандаедырылған программасы, бірақ оның жабдықтары өлі дүниенің сапалы үш өлшемді кескіндерін жасауға мүмкіндік береді; -
Softimage 3D – Microsoft фирмасының жабдығы. Программаның ерекшелігі - модельдеудің кең мүмкіндіктері, басқарылатын физикалық және кинематографиялық параметрлердің көптігі; -
Maya – Alias, Wavefroht, TDI компанияларының консорциумы жасаған. Әртүрлі операциялық жүйелер үшін нұсқалары бар, модульдық құрылымды және төмендегідей блоктардан тұрады: