Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министірі Павлодар мемлекеттік педагогикалы университетіні Колледжі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Колледжі
Бақылау жұмысы
Тақырыбы : «Бес жастағы балаларда математикалық
ұғымдарды қалыптастыру»
Оқытушы : Кабдылмажитова
Мадина Садвоқасқызы
(аты жөні)
_________________________________
(қолы) (күні)
Оқушы: Смаилканова
Фатима Муратовна
(аты жөні)
Мамандығы: «Мектепке дейінгі балаларды
оқыту және тәрбиелеу»
Тобы : ЗМДТжО - 11
2018
Жоспары
Кіріспе
1. Математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын дидактикалық ойындар
2. Математикалық түсініктерді қалыптастыру тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны балабақша тәрбиеленушілерінің білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын балаларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде балабақша тәрбиеленушілеріне тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.
1. 4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Балалар ересектерге көп сұрақтар қояды. 5 жасар баланың сұрақтары ересектермен кәдімгідей байсалды әңгімелесуге бағытталады. Олар қойған сұрақтардың жауабы көп жағдайда айқын болады. Дегенмен де, сұрақтары жаңа ақпарат алуға, бірдеңені білуге деген танымдық қызығушылықтан туындауы жиі кездеседі. 4-5 жастағы балалардың сұрақтары мен хабарламалары заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды түсінгендігін ересектерге көрсетуге бағытталады.
Ересектермен сенімді қарым-қатынас орнатуға деген қажеттілік туындап, олардың сезімдік жай-күйін сезу қабілеттері дамиды. Ересектермен қарым-қатынас жасаудың жаңа түрі - әуелі, танып-білуге негізделген іс-әрекеттермен (мысалы, ойындарды, заттар мен ойыншықтарға тәжірибе жасауды, табиғи материалдар мен қағаздардан құрастыруды және т.б.) қатар танымдық тақырыптағы әңгімелесу - пайда болып, дамиды.
Балалардың ересектермен қатынас жасау барысына қанағаттанбауы ересектер мен балалар арасында салқындық тудыруы мүмкін. Мұндай қарым-қатынас әрқилы түрде көрініс береді. Кейбір балалар тұйықталып, өз-өзімен болып кетсе, екіншілері мазасызданып, кез-келген нәрсеге жылай салатын болады
, ал енді біреуі қыңырланып, теріс мінез көрсетеді.
4-5 жастағы балалар өз құрдастарының мазасыздықтары мен теріс мінез-құлқына жақтырмай қарап, оған деген көзқарасы да өзгереді.
5 жасқа қарай баланың өз құрдастарымен араласуға деген қажеттілігі күшейе түседі. Бірлесіп ойнау негізінде балалар қоғамы пайда болады. Сонымен қатар бала құрдастары арасындағы өзінің орнын сезіне бастайды. Сыпайы сәлемдесу және қоштасу, досын есімімен атау, адамның қызметі мен рөлі бойынша қатынас жасау сияқты (Жүргізуші, дөңгелегіңіздің желі шығып кетті. Дәрігер, ол ауырып тұр.) қарым-қатынас жасау дағдылары дамиды.
Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Танымдық үдерістер: түйсік, ықылас, ес, ой, қиялын дамыту.
2. Ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру: салыстыру, қорытындылау, талдау жасау, байланыстың себеп-салдарын анықтау.
3. 5 көлеміндегі санау дағдыларына үйрету.
4. Заттардың көлемімен, пішінімен, олардың кеңістікке қатынасымен таныстыру.
5. Қарапайым уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мазмұны:
Сан мен санау
5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, заттарды санауға, санды ретімен және қорытынды санын атауға, «Барлығы неше?» деген сұраққа жауап беруге үйрету.
5 көлемінде реттік санау және реттік санды атап «Қайсы?», «Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарын санау негізінде қалыптастыра отырып, екі топтың заттарын салыстыруға үйрету.
Заттың аз тобына қосу немесе көп заттың тобынан бір затты алу, «Қанша болды?», «Қанша қалды?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы екі тәсілмен теңсіздікті анықтай білуге үйрету.
5-ке дейінгі сандармен таныстыру.
Заттың саны оның көлеміне және орналасуына байланысты емес екені туралы түсініктерін қалыптастыру.
Түрлі сезім мүшелері арқылы (көру, есту, сипап сезу) санауға үйрету.
Көлем
Екі заттың көлемін бір белгісі бойынша (ұзындығын, енін, қалыңдығын) салыстыру іскерліктерін қалыптастыру.
Көлемін екі белгісі бойынша (мысалы: ұзындығы мен енін, қалыңдығы мен биіктігін және т.б.) салыстыру іскерліктерін қалыптастыру.
Бірнеше заттарды (5-ке дейін) түрлі көлемде өсу және кему ретімен қойып, заттарды орналастыру ретін сөзбен айтып (мысалы, биік, төмен, өте төмен, ең төмен) салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Екі затты үшінші-шартты белгінің көмегімен салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Геометриялық пішін
Геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) және денелер (куб, шар) туралы білімдерін кеңейту.
Цилиндрмен таныстыру.
Геометриялық денелер: куб пен шарды таныстыру.
Сипап-сезу қимылы мен көру арқылы пішіндер мен денелерді тексеруге үйрету.
Кеңістікті бағдарлау
Өзінің айналасындағы заттардың орналасуын (оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төменде, алыс, жақын) анықтауға үйретуді жалғастыру.
Берілген бағыт бойынша қозғалу іскерліктерін дамыту.
Уақытты бағдарлау
Тәулік бөліктері, олардың бірізділігі туралы ұғымдарын қалыптастыру.
«Кеше», «бүгін», «ертең» түсініктерімен таныстыру, жақын күндердің аттарын ретімен айтуға үйрету.
«Шапшаң», «тез», «баяу» түсініктерін ажыратуға үйрету.
2. Математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістері
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер етеді. Кей бала ойынды шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б.Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да ,үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелей алумен ойында басталады». Мысалы: сюжеттік- рөлді ойындар.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді- адамдардың қиялын, іс- әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайық маңыз береді.
Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі- оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойында жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі оның сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштауымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгілі емес, шын мәні. Ойынды бала өз бейнеленген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баулап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн- түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылар әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін сөйлеседі және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей болуына және дамуына көмектеседі.
Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мынадай: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл эелементтері өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс- әрекеті ретінде көрсетеді.
Қорытынды
Балалардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кез келген оқушының сабаққа немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды, және ол алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана білмейді. Сондықтан математикалық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын және ерекшеліктерін қарастыра келіп соңғы он шақты жылдың төңірегінде қаншама жұмыстар істеліп жатыр.