Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министірі Павлодар мемлекеттік педагогикалы университетіні Колледжі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Колледжі
Бақылау жұмысы
Тақырыбы : «Бесік жырлары эстетикалық мәдениет қалыптастырудың алғашқы сатысы»
Оқытушы : Кабдылмажитова
Мадина Садвакасовна
(аты жөні)
_________________________________
(қолы) (күні)
Оқушы: Смаилканова
Фатима Муратовна
(аты жөні)
Мамандығы: «Мектепке дейінгі балаларды
оқыту және тәрбиелеу»
Тобы : ЗМДТжО - 11
2018
Жоспар
Кіріспе
1. Бесік жырлары – эстетикалық мәдениет қалыптастырудың алғашқы сатысы.
2. «Бесік жырларының» түрлерін ажырата білу
3. Бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бесік жыры – халық тапқырлығы мен даналығы. Ізгі ойдың санаға дарыған мөлдір бұлағының тамшылары. Негізінен аналардың балаға деген мейірін үстемелейді, сезімді тебірентеді. Бөлеуде жатқан баласы бесіктің арқалығына сүйене отырып емізген ана жанын еміренткен арман-тілегенін де, көкейдегі көксегенін де әндетіп айтады. Сол сезімінің бәріне халық сөзі арқау болады.
Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайыннан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры.
Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.
Жалпы “бесік” атауының шығуы әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз.
Қазақ ұлттық этнология саласына тән – қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Бесік – қазақ қауымы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі.Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра.Қазақта “Есік көргенді алма, бесік көргенді ал”, “Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді”, “Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық”, “Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді” деген ұлағатты сөздер содан қалған екен.
Бесік жырлары – эстетикалық мәдениет
қалыптастырудың алғашқы сатысы.
Балабақшадағы балаларының шығармашылық қиял – қабілеттерінің эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасын, мәдениетін, ойын - әрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеп, сөз өнеріне, айнала – қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ауыз әдебиеті жанрлары орасан зор рөл атақарады. Олай дейтініміз, көркем шығарманың қайнар бұлағы – халықта. Сондықтан да оның тәрбиелік нәрі туралы сөз қозғағанда, алдымен фольклор ауызға алынады.
Қазіргі заманғы талаптарына сай және тұлғаның эстетикалық мәдениетінің қалыптсарыуда балалар фальклоры жанрларын пайдалану басты мәселелердің бірі. Оны қалыптастыру - өте күрделі де ұзақ үрдіс, яғни балалардың бойында бірден қалыптаса қоймайды деген сөз. Сондықтан да ол сәбидің дүние есігін алғаш ашқан күндерінен басталуы тиіс. Осы тұрғыда балалардың эстетикалық мәдениетін дамытуда қазақ фальклор жанрларын пайдалануды маңызы зор, солардың бірі – балаларға арналған әндер, бесік жырлары.
Ұлы Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
өлеңмен жер қойнына кірер денең,
өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
ойлансаңшы, бос қақпай елең – селең,- деп, адам өміріндегі өлеңнің алар орнын терең топшылаған алтын қорына дүние жүзі халықтарының қосқан өзіндік үлесін сөз ете келе: «Гректер атақты храмдарың египеттіктер пирамидаларының қытайлықтар фарфор бұйымдар мен мәрмәрдан жасалған адам мүсіндерінің италяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларың француздар сурет өнерін үлгі етсе, көшіпелі қазақ елі аса бай өлең – жыр мұрасын қалдырады..... деп жазса, Швейцарияның кемеңгер педагогы И.Г.Песталоции: «Бала тәрбиесі – оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда басталып, мектепте одан әрі қариай жалғастырылуы шарт»,- деген қағиданы ұсынады»
........ Қазақ балалар әндерінің қай – қайсысын алмасақ та өнегелі өсиет пен ізгілікті мейірбандыққа татулық пен бірлікке адамгершілікке, байсалды мінез – құлыққа, салиқалы ақылдылыққа насихаттап отырады...... Адам баласы тарихында ауыз әдебиетнің алтын ұрығы – жыр - өлеңнің бірінші бастамасы – «Бесік жыры» десек, бұнда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі мен арманы, эстетикалық идеялы бейнеленген. Жырдың негізгі мазмұны бөбекті ұйықтауға, тынышталдыруға, оның жарқын болашағына ақ тілек білдіруге құрылады.. мысалы :
...Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін...
Быламыққа май құйып, -
Төңкерме қып берейін...
Түн ұйқымды бөлейін,
Ақ сүіімді берейін
Ұйықтай қойшы құлыным,
Қолқа, жүрек, жұлыным,
Өзің сүйген әніңді,
Тағы да айтып берейін,- деп айтыла береді. Шындығында, тумысында уызға жарымаған төл-қатпа болса, бала жанына нұр құятын, тұла бойын елжіреттетін ана жүрегінің мейірім-шапағатына толы – «рухани уызына» жарымаған сәби өмірде қандай адам болып шығарын болжап айту қиын-ақ. Сәбиді өмірге әкеліп, күтіп, бағып,тәрбиелеу, ақ бесікке салып, оның мәңгілік қамқоршысы болу ата-ананың борышы болғандықтан, нәресте дүниеге келгенде қуанып, оны өздеріне бақыт санау, шілдехана жасап, ат қою, тұсау кесу т.б. жалпы халықтық салтқа, әдет-ғұрыпқа, эстетикалық идеялға айналған.
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?...
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей
Шешен болар ма екенсің?...
Баласын тербеткен ана кейде өз басынан кешкен қайғысы мен қасіретін, қуанышы мен рахатын өлеңге қосып жырлай отырып, болашақтан күткен зор үмітке, арман-тілекке, еркін өмір сүруге жеткізетін осылар болар ма екен деп, ән арқылы жас басынан баласының құлағына құйып отырған:
...Кең балағын түрісіп,
Ойға, тауға жүрісіп,
Балуан болар ма екенсің?... т.с.с.
Бесіктің тербелуі мен ән ырғағының бірдей шығуы бала тербеткен ананың да бесікте жатқан баланың да көңіл-күйлерін ашып, рахатқа бөлеп, жүректері бірге соққандай әсер береді. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдында неше алуан тілек – мақсаттар қою ән-өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылып, осылайша бесікте жатқан баланы тәрбиелеу ісіне халық зор мән берген. Мұндай бесік жырлары, өлеңдердің балабақшадағы әр сатысындағы балалардың да жасы өскен сайын күрделеніп, олардың күрделеніп, олардың ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал жасап, ұқыптылыққа, әдептілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелейді. Сондықтан да, балабақшада өткізілетін сабақтарда балаларға арналған бесік жырлары, өлеңдер неғұрлым көбірек қамтылса, жас жеткіншектердің бойында соғұрлым өзінен кішілерге деген мейірімділік, бауырмалдық, ата-анаға, жасы үлкендерге деген ізет, сыйластық, жалпы адамгершілік сезімдері оянып, оқу білімге, өнерге деген құштарлық, әсемдікке, сұлулыққа, мәдениетті болуға деген ұмтылыс арта түседі, яғни бабалар аманаты, рухани қазына-ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды қастерлеуге тәрбиелейді.
Өз елінің тілін, дінін, рухани мәдениетін, білген адам, біртіндеп әлемдік мәдениетті үйренеді. Ендеше, бұл қасиет бесік тербеткен ананың әлдиімен , әженің ертегісімен, отбасында айтылып отыратын мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз әңгімелерімен бала боына дарытылып, сол арқылы ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраға деген қызығушылық танытып, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Демек, аталған жұмыс баланың шыр етіп дүниеге келген кезінен бастап жас ерекшелігіне байланысты біртіндеп күрделеніп отыруы керек.
Бесік жырларының түрлері.
Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі Бесік жырлары және суырып салма Бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі Бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Сонымен қатар ана:
“…Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің!
Бармақтары майысып,
Ою-өрнек ойысып,
Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!
…Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып,
Бақытымызға жан балам.
Ауыз әдебиетінің жанры. Қазақтың музыкалық-поэтикалық фольклорындағы тұрмыс-салт әндерінің арасында кең тараған. Бесік жыры екі түрлі міндет атқарады: 1) сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата-аналық тілегін білдіреді; 2) ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттері айқын керінеді.Өлеңі 7-8, кейде 11 буынды әнтүрінде құрылады. Әуезов Бесік жырын арнайы зерттемеген. Ташкент қаласында шыққан «Жас қайрат» журналының 1924 ж. 3-4-сандарында жарияланған «Халық әдебиеті туралы» деген мақаласында халықтардың арасында ауыздан ауызға көшіп, бірден бірге қалып айтылып жүрген: өлең, жыр, ертек, мақал, жаңылтпаш, айырым бесік жырлары, діндар өлеңдер, үлгілі әңгімелер… басқа да осылар сияқты сездердің бірсыпырасы халық әдебиетіне жатады» деп, бесік жырын халық ауыз өдебиетінің жанры ретінде атаған. Жазушының басқа ауыз әдебиетіне арналған еңбектерінде кездеспейді. «Абай жолы» эпопеясында: Қорқытпа менің баламды Гулей соққан ақ боран. Балам әже қойнында, Келе алмайсың сен бұған, — деп басталатын Бесік жырын енгізіп, Әуезов халық даналығынан туған фольклорлық мұраны пайдаланудың тамаша үлгісін керсеткен («Абай аға» тарауы).
Бесік жырының маңызы
Бесік жыры арқылы баланың тілі ерте шығатынына бүгінде мән бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен баланың есте сақтау қабілеті жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз. Бүгінгі ұрпақ шешендігінен, әншілігінен, ақындығынан, сабырлылығынан, парасаттылығынан ажырап барады. Бұл да — алаңдатарлық жай. Біздің елде ауыздан қалмай келе жатқан аңызға бергісіз әрі біздің әулетке қатысты бір әңгіме бар. Ертеректе бір келіншек бесігінен ажырамай жүрген баласын бесікке бөлеп, әлдебір жұмыстарымен шығып кетсе керек. Отағасы да сырттағы тіршілігімен кеткен. Жолай демалмақ болып тоқтаған бір жолаушы киіз үйдің тұсына келіп: «Кім бар-ау!» деп дыбыс берген екен. «Кіре бер» деген дауысты естіп, ішке кірген жолаушы аңтарылып тұрып қалады. Үйде бесікте ұйқысынан оянған баладан басқа жан жоқ. «Өреде ашыма бар, өзің де іш, маған да бер» деген екен бала жолаушыға. Қазақтың баласының тілі жатықтығын, ерте шыққанын байқаймыз бұдан.
Бесік жырын көбісі қазақ үйде отырған әжелері орындаған. Әжелеріміздің берген тәрбиесі ананың сүтімен, кең даланың таза ауасымен сәбиге сіңген. Бесікте жатқан баланың шырылдап жылағаны әжелердің мағыналы, сабырлыққа толы жырымен жұбатады. Сәби кезінен әжесі балаға сабырлық, төзімділік, батыр болуға итермелейді.
Бесік жыры — балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Бесік жырының тұрақты нұсқасы жоқ.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?!
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?!
Бұл — бесік жырының бір түрі ғана. Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар. Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген сағынышын да бөпесіне айтып, баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған елімді көрер ме екем…» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы бөпеге беріліп, ол анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен…