Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министірі Павлодар мемлекеттік педагогикалы университетіні Колледжі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бүгінде үлкен сахналарда да бесік жыры естіліп қалады.

 

Тәй-тәй басып, бөпешім, жүргенің қандай?

Көзқуаныш, көкешім, күлгенің балдай.

Аспандағы ай-күнді аламын дейсің,

Асқар таудай айбынды боламын дейсің.

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Сендей сәби жоқ, көкем.

Анам-әкем дейсің бе?

Тілің тәтті екен.

Әлди, әлди, ақ еркем,

Бойжетерсің сен ертең.

Мақтанышы елімнің,

Өзің бол, еркем!
— деп жырлаған ақын Қалқаман Сариннің «Бесік жыры» (әні А.Бексұлтандікі) әнші Мейрамбек Бесбаев орындап жүр.

Қорытынды

«Ел болу үшін, бесігіңді түзе” – деген нақыл айтып кеткен Мұхтар Әуезов атамыздың бұл бір сөзіне ой жүгіртсең, елдің сапасы сонау бесік тәрбиесімен байланысы зор екенін айтады. Қазақ даналығының алтын қазынасы тіл мен тәрбиеде жатқаны анық. Ғасырлар бойы көшпелі қазақ жұртының өмірден жиған тәжірибесі, бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосуда.

Қазақта «түйе мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі» деген сөз бар, сөйте тұра бүгінде өзге мамандық иелері ән айтса, біртүрлі тосырқап қабылдаймыз. Ән айту қазақтың қанында бар екенін айтып өттік. Ендеше, әншілік өнер қазаққа неге жат болуы керек?! Керісінше, кешегі от ауызды, орақ тілді, сөзге жүйрік бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы тілден айырылған. Мақалдатып сөйлеген былай тұрсын, көрген оқиғасын, оқыған әңгімесін баяндап айта білмейді, әсерлеп жеткізе алмайды. Ойын толық әрі түсінікті қылып, еркін сөйлей алатын, әңгіме айта білетін балалар жоқ.

Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді.

Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.

Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Алайда соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын айтатын әже, ана азайды. Бесік тербететін баланың өзі бөпесін өлең айтып ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендер де құлағын салып тыңдап отыратын. Кейінгі кездерде жастардың халық әніне назар аудармауы, өлеңге әуестенбеуінің бір себебі – осы бесік жырының ұмытылуында болса керек.
Ендеше, қазақы мінезіміз бен болмысымызға қайта оралу үшін әр ана бесік жырын сәбиінің бойына сіңіріп өсіруі керек. Бесікке асыла отырып мейірлене бала емізген анадан, бесік жырын айтып отырған анадан бақытты адам жоқ шығар, сірә! Осыны естен шығармағанымыз жөн…


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан

Атамұра  2010 жыл

 

  1. Интернет жүйесін пайдалану

 

  1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы  (2-том)

 

  1. Зейнеп Ахметованың жазбаларынан

 

  1. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» С.Қалиев 1993 жыл Алматы

 

6.Қазақ этнопедагогикасы.Алматы.1999ж