Файл: Иж таырыбы Атеросклероза арсы дрілер. Ферментті препараттар жне протеолитикалы ферменттерді ингибиторлері. Регенерация процессін уаттандыратын дрілер..pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 214

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ИӨЖ

Тақырыбы: Атеросклерозға қарсы дәрілер. Ферментті препараттар және протеолитикалық ферменттердің ингибиторлері. Регенерация процессін қуаттандыратын дәрілер.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент медицина кампусы “Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру” факультеті «Жалпы дәрігерлік практика 2 » кафедрасыОрындаған:Боранбаева А Қабылдаған: Шонбаева А. К.

Жоспар

Кіріспе

  • Атеросклероз
  • Негізгі бөлім

  • Атеросклерозды емдейтін препараттар топтары
  • Ферментті препараттар
  • Протеолитикалық фермент ингибиторлері
  • Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

Атеросклероз – қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды.Атеросклероз емдейтін пепарат топтарыСтатиндерФибраттарНикотин қышқылыГиполипидты препараттарСтатиндерСимвастатинАторвастатинРозувастатинСтатиндер бауырдағы холестерин синтезін реттейтін ферменттерді тежейді. Сонымен қатар, тамыр қабырғасына холестериннің жиналуын азайтады, тромбтардың түзілуін азайтады.
  • Статиндер HMG-CoA редуктаза деп аталатын ферментті тежеу ​​арқылы жұмыс істейді.
  • гиперхолестеринемия;
  • ауыр атеросклероз және оның даму қаупі;
  • инсульттің, инфаркттың алғашқы алдын-алу;
  • инсульттан, инфаркттан кейінгі күтім терапиясы;
  • жасы үлкен (талдау деректері негізінде);
  • стенокардия;
  • Жүректің ишемиялық ауруы;
  • қан тамырларының бітелу қаупі;
  • гомозиготалы тұқым қуалайтын (отбасылық) гиперхолестеролемия;
  • жүрек және қан тамырларына хирургиялық араласу.
Статиндерді қолдануға қарсы көрсетілімдер
  • бүйректің дисфункциясы;
  • компоненттерге төзбеушілік;
  • жүктілік
  • емізу
  • жоғары сезімталдық реакциясы;
  • жасы 18-ге дейін.

Қолдану көрсеткіштеріСимвастатин Әсер ету механизмі: Симвастатин ішекте жақсы сіңіріледі, қанның плазма құрамындағы концентрцияға түсуі 2-3сағ болады. 12 сағ кейін симвастатин плазма құрамында 90% азаяды. Бауырда белсенді метоболит симвастатин түзіледіЖанама әсері: метеоризм, құсу, ұйқының болмауы, тәбеттің болмауы.Қарсы көрсеткіштер: гиперсезімталдық, лактозаны көтере алмайтын науқастарға, бауыр аурулары, ОЖЖ аурулары.Қолданылуы: профилактика ретінде күніне 20-30мг 2рет қолданылады. Ауыр науқастарға тәуліктік дозасын біршама 150мг көбейтеді 3 рет қабылдайды.

Аторвастатин (липитор, липримар, липитин)

  • Фармакокинетикасы- Аторвастатин пероральді қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді, қан плазмасындағы оның концентрациясы ең жоғары деңгейіне 1-2 сағат ішінде жетеді. Аторвастатиннің салыстырмалы биожетімділігі 95-99. Аторвастатиннің орташа жартылай шығарылу кезеңі 14 сағат дерлікті құрайды, бірақ ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіш белсенділік кезеңі айналымдағы белсенді метаболиттерге орай 20-30 сағатты құрайды. Пероральді қабылданған аторвастатин дозасының 2% азы несеппен бөлінеді.
  • Препаратты күн сайын тәулігіне 1 рет 10–80 мг дозада, тамақ ішуге байланыссыз, кез келген, бірақ күннің бір ғана уақытына тағайындайды.
  • Жанама әсері
  • бас ауруы

    назофарингит

    гипергликемия

    жұтқыншақ және көмейдің ауыруы, мұрыннан қан кету

    диспепсия, жүрек айнуы, іш қатуы, метеоризм, диарея

Әсер ету механизмі: фибраттар PPAR рецепторларымен байланысады (пролиферацияны белсендіретін пероксисомальды рецепторлар), нәтижесінде:

  • LP липазасын белсендіру және
  • май қышқылдарының тотығуын ынталандыру.
  • Қолдану көрсеткіші:

  • дислипидемия
  • қант диабеті
  • метаболикалық синдром
  • сирек жағдайларда статиндермен біріктірілуі мүмкін, бірақ мұндай комбинация миопатия қаупін едәуір арттырады.
  • жанама әсерлер: асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, аллергиялық реакциялар, миалгия, анемия

    Фибраттарды липидтер алмасуын түзету үшін педиатриялық тәжірибеде де қолдануға болады. Оларды қолдануға 12 жастан бастап рұқсат етіледі

БезафибратӘсер ету механизмі: асқазан ішек жолдарында жақсы сіңіріледі. Плазмаға 2-3 сағ түсіп, организмнен 9 сағ кейін шығарылады. Бауырда холестерин синтездейтін ферментті тежейді.Жанама әсері: құсу, терінің қышуы, бұлшықеттік әлсіздік, асқазан жолдарының жағымсыз ауруы.

Қарсы көрсетілім: бауыр, ауыр бүйрек ауруларында, екі қабат әйелдерде,балаларға.Қолданылуы: күніге 0,2-0,3 г таблеткада 2-3рет қолданылады. Емдеу курсы 30 күнге дейін жалғасады.

Никотин қышқылы

  • Май депосынан бос май қышқылдарының шығуын азайтады;
  • триглицеридтер деңгейін төмендетеді;
  • ТТЛП және ЖТЛП синтезін бәсеңдетеді;
  • ЖТЛП тотығуын төмендетеді;
  • Никотин қышқылын тағайындауға қарсы көрсеткіштер

  • бауырдың созылмалы аурулары
  • гиперсезімталдық
  • өршу сатысындағы пептикалық жара
  • анамнезінде қан ағу
  • инсулин тәуелді ҚД
  • ауыр подагра
  • артериальды гипертензия
Никотин қышқылын тағайындау схемасы1-ші апта – 125 мг х 2 рет 2-ші апта – 250 мг х 2 рет 3-4 апта – 500 мг х 2 рет 5-ші апта – 1000 мг х 2 рет 6-ші апта– 1500 мг х 2 ретНикотин қышқылыӘсер ету механизмі: ішек жолдарында жақсы сіңіріледі. Холестерин мен триглицеридтердің деңгейін төмендетеді, липопротеиндердің деңгейін көтереді.Жанама әсерлері: бұлшықеттің тартуы, бетінің қызаруы, бас айналу, парастезия.Қарсы көрсетілімдер: никотинге жоғары сезімталдығы, гиперсезімталдық, АҚ жоғары науқастарғаҚолданылуы: профилактика ретінде ересектерге 0,015-0,25 г қолданылады. Атеросклероз кезде 0,1 г дейін дозаны көтерді.Гиполипидты препараттарПробуркол, омега-3-глицериды, эзетемиб препараттар жатады.Пробукол Әсер ету мехаизмі: қандағы холестерин мөлшерін азайтады. Ақуыздардың қандағы көлемін көбейтеді, бауырдағы холестерин мөлшерін қан тамырларына жиналуын алдын алады.Жанама әсерлері: ішек жолдарының жағымсыз әсері, кейде бас айналу, АҚ көтеру мүмкін.Қолданылуы: күніне 0,25г 2рет қолданылады. Терапиялық курсы 2 айға дейін созылуы мүмкін.

Ферменттік препараттар

Ферменттік препараттар

Ферменттер – биологиялық катализаторларға жататын, жануарлар мен өсімдіктер организмінде биохимиялық реакциялардың жүйелілігін қамтамасыз ететін және субстратқа қарасты үлкен ерекшілігі бар ақуыздық (белоктық) табиғатты органикалық заттар.

Катализдік әсерге ұшырайтын реакция түрі бойынша ферменттер 6 топқа бөлінеді:

  • 1) оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздану реакцияларын жылдамдатады;
  • 2) трансферазалар – атомдық топтарды тасымалдау реакцияларын
  • жылдамдатады;
  • 3) гидролазалар – гидролиттік ыдырау реакцияларын жылдамдатады;
  • 4) лиазалар – атомдардың қос байланыс түзе гидролиттік емес бөлінуін жылдамдатады;
  • 5) изомеразалар – молекулааралық айналымдарды жылдамдатады;
  • 6) лигазалар – синтездеу реакцияларын жылдамдатады.
  • Дәрілік заттар ретінде қолданылатын жануарлардан алынған ферменттер гидролазалар мен трансферазаларға жатады.


Асқазанның шырышты қабығы ферменттерінің препараттары.

  • Пепсин (Pepsinum) – құрамында протеолиттік фермент бар препарат. Пепсин алу үшін шикізат ретінде шошқалардың асқазанының шырышты қабығы қолданылады, мұнда ол профермент – пепсиноген түрінде түзіледі. Пепсиноген тұз қышқылымен өңделіп, белсенділігі арттырылады. Пепсин әлсіз сарғыш түсті, тәтті дәмді, өзiне тән иiсi бар ұнтақ. Ас қорыту бұзылған жағдайларда қолданылады.
  • Ацидин-пепсин (Асidin рерsinum) таблеткалар түрiнде 0,5 жене 0,25 граммнан шығарылады, 1 бөлiк пепсин мен 4 бөлік бетаин гидрохлоридiнен тұрады.
  • Абомин - құрамында протеолиттiк ферменттердің қоспасы бар препарат. Абомин өзіндiк иiсi бар, дәмi тұзды, аморфты ұнтақ. Таблетка түрiнде 0,2 граммнан шығарылады.

Ұйқы бездерi ферментерiнiң препараттары.

  • Панкреатин (Pancreatinum) - құрамында ұйқы бездерiнiң ферменттерi: трипсин мен амилаза және аздаған мөлшерде липаза болады. Таблетка және ұнтақ түрiнде шығарылады, ұйқы безiнің кызметi жеткiлiксiз, созылмалы панкреатит ауруы кезiнде қолданылады.
  • Дезоксирибонуклеаза (Desoxyribonucleasa) - суда жақсы еритiн лиофильденген ақ түстi ұнтақ. Сулы ерiтiндiлерде фермент тұрақсыз, термолабильдi, 55ºС температурада инактивтеледi. Герметикалық тығындалған флакондарда 5, 10, 25 және 50 мг-нан шығарылады. Iрiңдi сұйылтатын және оның деполимеризациясын тудыратын, вирустардың дамуын тежейтiн зат ретiнде қолданылады.
  • Рибонуклеаза аморфты (Ribonucleаsum amorphum) – суда еритін ақ түсті лиофильденген ұнтақ. Герметикалық тығындалған флакондарда 10, 25, 50 мг-нан шығарылады. Аэрозоль түрiнде ингаляция үшiн, iрiңдi некрозды процестермен байланысты ауруларда плевра iшiне, бұлшық ет iшiне енгiзу арқылы колданылады.
  • Химотрипсин кристалды (Chymotripsinum crystallisatum) - суда жеңiл еритін ақ түстi ұнтақ. Герметикалық флакондарда 5, 10 мг-нан шығарылады. Рибонуклеаза тәрiзді қолданылады.
  • Трипсин кристалды (Trypsinum crystallisatum) - суда жеңiл еритiн кеуек масса немесе ақ түстi ұнтақ. Герметикалық тығындалған флакондарда немесе ампулаларда 5, 10 мг-нан шығарылады. Химотрипсин тәрiздi қолданылады.

Ұрық бездерi ферменттерi препараттары

  • Ронидаза (Ronidasum) - құрамында гиалуронидазды ферментi бар препарат. Шыны флакондарда 5,10 г-нан шығарылады. Сырт тәнге күйiктен, операциядан кейінгi тыртықтарды емдеуге қолданылады.
  • Лидаза (Lidasum) - гиалуронидазды әсерi бар препарат. Препарат терi астына енгiзiлiп, гематома, күйiктен, операциялардан кейінгi тыртықтарды және т.б. емдеу үшін қолданылады.

  • Витаминдік препараттар (әсіресе пластикалық алмасу - фолий қышқылы, В12, B6, B1, С, А, және т.б. дәрумендер).
  • Стероидты анаболикалық дәрілер (метандростенолон, феноболин және т.б.).
  • Стероид емес анаболикалық агенттер (рибоксин, калий оротаты, натрий нуклеинаты, метилурацил және т.б.).
  • Биогендік стимуляторлар (алоэ, ФиБС, гумизол, пелоидин, хонсурид және т.б.).
  • Иммуномодуляторлар (левамизол, тималин, тактивин, продигиозан, пирогенал және т.б.).
  • Өсімдік және жануар текті регенерацияның спецификалық емес стимуляторлары (шырғанақ майы, итмұрын майы, каротолин, Майқарағай майы, апилак, прополис, перга, румалон, церебролизин, актовегин, солкосерил және т.б.)

А Витамині

Тәуліктік мөлшері1-1,5 мгРодопсиннің түзілуі Ферменттер Жұмысын күшейтедіЭпителий ұлпаларының өсуін реттейді Өсу витамині

В тобы витаминдері

Ес, зейін,жүйке жүйесі қызметінеәсер етедіЖүрек,бұлшықет,эпителий ұлпасының қызметін жақсартады Ақуыз алмасуына қатысадыҚан жасушаларының түзілуін жүзеге асырадыТәуліктік мөлшері 0,2-14 мг

С витамині

Тәуліктік мөлшері 50 -100 мг Ферменттердің құрам бөлігі Ақуыз синтезіне қатысады Иммунитетті күшейтеді Антиденелердің Қалыптасуын жүзеге асырады

Цианокобаламин В12

  • Фармакокинетикасы
  • Плазма ақуыздарымен байланысуы - 90%. Ең жоғары концентрациясына тері астына және бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң жетеді. Негізінен бауырда жинақталады.Бауырдан өтпен ішекке шығарылады және қайтадан қанға сіңеді.
  • Қолданылуы
    • цианокобаламиннің тапшылығымен жүретін, (Аддисон-Бирмер ауруы, алиментарлы макроцитарлы анемия) созылмалы анемияда.
    • полиневритте, радикулитте, невралгияда (оның ішінде үштік жүйкенің невралгиясы), гипотрофия, шеткергі жүйкелердің жарақатында.
    • тері ауруларында (псориаз, фотодерматоз, герпес тәрізді дерматит, атопиялық дерматит).
    • емдеу үшін 1 мг-ден (2мл) күн сайын 1-2 апта бойы, демеуші доза 1 - 2 мг (2-4мл) аптасына 1 реттен айына 1 ретке дейін; алдын алу үшін - 1 мг (2мл) айына 1 рет.