Файл: ТОыз айА 9 ісшара Тжырымдамасы жалпы ережелер Тоыз айа 9 ісшара.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 100
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Жалпы ережелер
«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) білім беру ұйымдарында тоғыз айдағы іс-шараларды өткізудің атаулары мен бірыңғай тәртібін реттейді.
Тұжырымдама өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шараның тақырыптары, ережелері, мазмұны бірыңғай тәсілдеме арқылы жүзеге асырылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережесі, сондай-ақ білім беруді ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау бойынша ғылыми ұсыныстар негізінде әзірленді.
Тұжырымдамалардың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: «Тоғыз айға 9 іс-шара» аясында білім беру ұйымдарында іс-шаралар өткізудің мазмұнын мен бірыңғай тәсілдемесін әзірлеу.
Міндеттер:
1) іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай форматын әзірлеу;
2) іс-шараларды өткізудің бірыңғай форматы арқылы білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастық орнату;
3) білім алушылар бойында ұлттық құндылықтарды дарыту.
«Тоғыз айға 9 іс-шара» жоспары
-
қыркүйек Сергіту сәті -
қазан Әнұран айту -
қараша Асық ату -
желтоқсан Шығарма жазу: болашаққа хат -
қаңтар Қазақ есебі -
ақпан Оқуға құштар мектеп -
наурыз Домбырашылар -
сәуір Шахмат ойнау -
мамыр Жасыл мекен
«Домбырашылар» челленджі
Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары.
Домбыра тарту арқылы білім алушылардың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы дариды, рухани дамуына көмектеседі, эстетикалық тұтастықты қалыптастырады. Домбырада ойнаудың арқасында ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас қалыптасады, отансүйгіштікке, бірлікке, сенімге, қонақжайлылыққа, мейірімділік пен ынтымақтастыққа, айналадағы адамдарға, табиғатқа деген етене жақындық сезіміне тәрбиеленеді, осылардың негізінде шығармашыл тұлға және оның рухани-адамгершілігі қалыптасады.
Мақсаты: Білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау.
Міндеттері:
-
қазақ халқының музыка өнеріне деген қызығушылығын ояту; -
орындау дағдысын қалыптастыру; -
қазақ халық аспаптарының тембрлі дыбысы туралы білімдерін кеңейту; -
домбыра тартуда музыкаландырудың ұжымдық түрін жетілдіру.
Әдістемелік ұсынымдар:
Өткізу мерзімі: 17.03.2023 ж
Уақыты: түскі 12:00
«Домбырашылар» челленджі – балалар мен жастардың, ұстаздар мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны насихаттау.
Үйлестірушілер: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
Ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.
Орындалатын шығармалар: «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» күйлері
Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, оқытушылары.
Деректемелер: домбыралар, орындықтар.
Өткізілетін орны: республикамыздың барлық елді-мекеніндегі жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
Іс шараның ақпараттық жария етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы жариялайды
# қазақкүйі
# домбырашылар
# домбристыказахстан
# күйойнайдытөрімде
«Шахмат ойнау» челленджі
Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады.
Шахмат – жинақылық, сыни тұрғыдан ойлау, абстрактілі ойлау, есептерді шешу, үлгіні тану, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау сияқты өмір бойы ақыл-ой дағдыларын дамытатын шексіз зияткерлік жаттығулар.
Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
-
білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру; -
білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту; -
челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту; -
еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.
Әдістемелік ұсынымдар:
Өткізу мерзімі: 12.04.2023 ж
Уақыты: түскі 12:00
«Шахмат ойнау» челенджі – оқушылардың интеллектуалдық қабілетін шахмат ойыны арқылы көрсету.
Үйлестірушілер: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
Ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.
Барлық білім беру ұйымдарында шахмат ойнау челленджі бір уақытта басталады және челленджге қатысушылардың киімдерін әрбір білім беру ұйымы өз ықтиярымен таңдайды.
Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, оқытушылары.
Челлендж реквизиттері: үстелдер, орындықтар, шахмат тақтасымен және шахмат сағаты.
Ойын шарттары:
Ойын ФИДЕ ережелері бойынша өтеді. Екі топ арасындағы шайқас: біріншісі – білім алушылар тобы, екіншісі – педагогтер тобы. Ойын рапид уақытымен бақылау арқылы өтеді. Қатысушыларға жеңісі үшін – 2 ұпай, жеңілісі үшін – 0 ұпай, тең ойынға – 1 ұпайдан беріледі. Әр шахмат тақтасының нәтижесі бойынша жеңімпаз топ анықталады.
Өткізілетін орны: республикамыздың барлық елді-мекеніндегі жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
Іс шараның ақпараттық жария етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы жариялайды
#игравшахматы #қазақстаншахматшылары #шахматойыны #яшахматист
«Жасыл мекен» челленджі
«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбек құндылығын қалыптастыруға, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.
«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. Көшеттер отырғызу «мұғалім – білім алушы – ата-ана» үштігінің қарым-қатынасын нығайтуға көмектеседі.
Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.
Міндеттері:
-
білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту -
білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауын дамыту -
еңбекке деген құрмет сезімін ояту;
Әдістемелік ұсынымдар:
Өткізу мерзімі: 12.05.2023 ж
Уақыты: түскі 12:00
Үйлестірушілер: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
Ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.
«Жасыл мекен» білім алушының еңбек етудегі белсенділігі мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді.
білім беру ұйымдарына қарасты барлық аймақтарда бір мезгілде
жүзеге асырылады.
Әрбір білім беру ұйымы сайысқа қатысушылардың киімдері мен көшет отырғызатын орынды өз ықтиярымен анықтайды.
Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, оқытушылары.
Деректер: көшеттер, күректер, қолғаптар, шелектер және су.
Өткізілетін орны: республиканың барлық елді мекендеріндегі жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
Іс шараның ақпараттық жария етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы жариялайды
# табиғатқақамқорлық
# заботаоприроде
# жасылмекен
# еңбекқорлық
«Сергіту сәті» челленджі
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясат оқу-тәрбие процесінің денсаулық сақтау моделін жетілдіруге бағытталған. Осы стратегияны іске асыру үшін білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын сақтауға бағытталған түрлі педагогикалық технологиялар, іс-әрекет түрлері ұсынылады.
Білім алушылардың оқу күні айтарлықтай психикалық және эмоционалдық жүктемелерге толы, ұзақ уақыт статикалық күйде болу бұлшықеттердің шамадан тыс күш түсуіне әкеледі. Педагогикалық тәжірибеде өнімділікті тез қалпына келтіру үшін сергіту сәттерін қолдану тиімді екенін көрсетеді.
Сергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшықет топтары қамтылады.
Сергіту сәті – білім алушылардың ұзақ монотонды позасынан туындаған статикалық кернеуді жеңілдету мақсатында сергіту сәті жаттығуларын өткізуге арналған сабақ процесіндегі қысқа мерзімді үзілістер.
Олардың мақсаты – шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына
келтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу.
Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтын насихаттау
Міндеттері:
-
физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету; -
оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету; -
балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.
Өткізу мерзімі: 08.09.2023 ж.
Уақыты: 12:00 с.
Сергіту сәті челленджі – салауатты өмір салтын насихаттау.
Бір мезгілде өткізіледі, әрбір білім беру ұйымы челленджге қатысушылардың өткізу орны мен киімін өз ықтиярымен айқындайды.
Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтері. Қатысушылар саны ұйымның қалауы бойынша анықталады.
Өткізілетін орны: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ауа райы жағдайларын ескере отырып, өздері таңдайды.
Іс шараның ақпараттық жария етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы жариялайды
#физкультминутка #зож #сергітусәті
#явыбираюспорт #менспорттытаңдаймын
«Әнұран айту» челленджі
Әнұран – мемлекеттің ең маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның Ұлттық ерекше аспектісі бар. Әнұран арқылы қазақ даласы әрбір қазақстандықтың өсуі мен қалыптасуының қасиетті бесігі ретінде жырланады.
Әнұран маңызды дыбыстық рәміз ретінде әрекет ете отырып, әрбір қазақстандықтың өз еліне, жеріне, халқына деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында әнұранды орындай отырып, адамның рухани жағдайы мен өз еліне мақтаныш сезімі асқақтайды.
Әнұранды орындау – ең алдымен, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастырады және әрқайсымыздың жеке басымызды дамыту мен қалыптастырудың басым бағыттарының бірі. Шынында да, мемлекеттік рәміздің әр элементінде терең мағына бар. Барлық білім беру ұйымдарында білім алушылар сөздерді жақсы білуі және Әнұранды айта білуі қажет.
Мақсаты:
білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттері:
-
білім беру ұйымдарының барлық білім алушыларының ел әнұранының мәтінін жатқа айту; -
еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету; -
білім алушылардың бірлігі арқылы өз Отаны үшін қадір-қасиет сезімін қалыптастыру.
Өткізу мерзімі: 23.10.2023 ж.
Уақыты: 12:00 с.
Білім беру ұйымының қабырғасында білім алушылар мен педагогтердің музыкамен жанды дауыспен Мемлекеттік Гимнді орындауы.
Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтері.
Өткізілетін орны: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ауа райы жағдайларын ескере отырып, өздері таңдайды.
Іс шараның ақпараттық жария етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы