Файл: ТОыз айА 9 ісшара Тжырымдамасы жалпы ережелер Тоыз айа 9 ісшара.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 101

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жариялайды

#гимнказахстана

#казақстангимні

#мояродинаказахстан

#меніңотанымқазақстан

«АСЫҚ АТУ» челленджі

Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады. Ойын арнайы орынды талғамайды, үй ішінде, ашық алаңдарда, мектеп, балабақша аулаларында өткізуге болады.
Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
Міндеттері:

  • қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау;

  • қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу;

  • оқушыларды асық ойынына баулу.


Үйлестірушілер: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.

Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтері, республиканың барлық елді мекендерінің ата-аналары және қатысушылар санын білім беру ұйымы айқындайды.

Өткізілетін орны: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ауа райы жағдайларын ескере отырып, өздері таңдайды.

Деректемелер: асықтар, сақа, төсеніш

Челлендж қатысушыларына ұсынылатын ойындар:

1)«Бес табан» ойыны мергендікке тәрбиелеуді көздейді.

«Бес табан» ойыны R4 (ø400см) шеңберде ойналады, шеңбердің екі жағындағы ату сызық (асық тігілген көнен қашықтығы 5 метр оңға және солға) сызылады.

Шеңбердің ортасына көн сызығы (115см) сызылады және оған екі жағынан паралелль сызық (15см) түседі 13 асық тігіледі, бірінші болып 7 асықты атып алған команда немесе ойыншы жеңімпаз атанады.

Әр команда үш ойыншыдан тұрады. 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа

Ату кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 15 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске дейін жалғасады. Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды атады. Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан бүк, шік болып тігіледі.


Ату кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø400см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан көндегі кеней асықтарды атуға рұқсат береді, атқан асығы шеңберден шықса, ойын ары жалғасын табады, шығара алмаса кезек ату сызығынан қарсылас ойыншыға беріледі.

2) «Бес асық» ойыны ептілік пен алғырлыққа баулиды

Әр ойыншыда бес асықтан болады. Асықтың салмағы (11гр. ені 2см; ұзындығы 3.5см; 9 гр. ені 2 см. ұзындығы 3 см.) кем болмауы керек, (ұсақ малдың асығы ойын алаңына қатыстырылмайды) ал жоғары болуына рұқсат. Асықтар сіңірінен жақсылап тазартылған болсын. Төрт асық бір түспен, хан басқа түспен боялады. Түстерді таңдау ойыншының өз еркінде. Ойыншының киім нысаны спорт үлгісінде немесе ұлттық үлгіде, аяқтарына мәсі немесе чешки болуы шарт.

Ойын кезегі асықтарды иіру арқылы анықталады. Асығы алшысынан түскен ойыншы ойнау кезегіне ие болады. Бірінші ойыншы ойынның ережесін бұзғанша ойнайды. Кейін ойынға екінші, үшінші ойыншы өз кезегімен кіріседі. 6, 7 ,12 және ұпайдан басқа ойындар бір қолмен ойналады. Ойыншы жерден (кілемнен) асықтарды алғанда, асық алатын қолы басқа асықтарға тимеуі және кілемде жатқан ойын асықтары бір-біріне тимеуі керек және де асықтарды иірген кезде, ойнап жатқан кездерде қол да, асықтар да дене мен киімге жанаспауы керек. Екінші қолы тізесінің үстінде болуы шарт. Әр жаттығудан кейін ойынды бекіту. Әр жаттығуда хан бірден алынады, басқа жағдайда ойын кезегі келесі ойыншыға өтеді. Егер ойын барысында ереже бұзылса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойын жалғасы әрекеттің бұзылған жерінен басталады.
Өткізілетін орны: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ауа райы жағдайларын ескере отырып, өздері таңдайды.

Іс шараның ақпараттық жария етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы жариялайды
#асықату

#мояродинаказахстан

#меніңотанымқазақстан

#моястрана

#меніңелім

«Шығарма жазу: болашаққа хат» челленджі

Челлендж студенттердің эссе жазуға бағытталған, осылайша жазу арқылы өз ойын білдіру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Шығармаларды "Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім", "менің болашағым", "менің елім үшін болашағым" және т. б. тақырыптарға жазу ұсынылады.

Челлендж білім алушылардың өз ойын қағаз бетінде жүйелі жазуға, ішкі тұжырымдарын сөзбен жеткізуге үйрету арқылы жазылым дағдысын жетілдіруге бағытталған.



Челленджде жазуға ұсынылатын шығарманы хат жазу түрінде жазғызуға болады. «Тәуелсіз Қазақстандағы менің жетістігім», «Менің болашағым», «Еліммен бірге болашаққа апарар жол» т.б. ел тәуелсіздігі күні қарсаңындағы әр білім алушының ел тағдырымен өз болашағы арасындағы сабақтасты туралы ойлануына негіз болатын тақырыпты ұсынуға болады. Шығарма тақырыбын таңдауда білім алушылардың жас ерекшелігін ескеру қажет.

Жалпы, жазу – бұл баланың өзінің жинақталған білімін білдіру.

Мақсаты: Білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойға жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу

Міндеттері:

  • Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

  • Өз ойларын қағаз бетіне жүйелі жазып жеткізу дағдыларын жетілдіру

  • Білім алушылардың өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру.


Өткізілетін күні: 13.12.2023 ж.

Уақыты: 12:00

«Шығарма жазу: болашаққа хат» ЧЕЛЛЕНДЖІ барлық білім беру ұйымдарында білім алушылар өз жетістіктері туралы бір уақытта шығарма жазуды ұсынады.

Челлендждің өтетін орнын әр білім беру ұйымы дербес таңдайды және қатысушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет
Қатысушылар: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары
Іс-шараның ақпараттық жария етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы жариялайды
#моеписьмо

#моебудущее

#шығармажазу

«Қазақ есебі» челленджі
Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді.

Математикалық есептерді шешу білім алушыларды ойлануға, модельдеуге, болжауға және нақты мысалдарды дәлелдеуге негіз болады, бұл күнделікті өмірде ең қарапайым және күрделі мәселелерде оң шешім қабылдауына әсер етеді.
«Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналады.

Мақсаты: білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету
Міндеттері:

  • Білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту;

  • Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;

  • Математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету.


Өткізілетін күні: 26.01.2024 ж.

Уақыты: 12:00


«Қазақ есебі» челленджі білім беру ұйымдарында бір уақытта А.Жұмаділдаевтің ұсынған есептерін шығаруды қамтиды

Челлендждің өтетін орнын әр білім беру ұйымы дербес таңдайды және білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет
Қатысушылар: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары
Іс-шараның ақпараттық жария етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы жариялайды

#яматематик

#математикаижизнь

#есепшығару

#креативноемышление

«Оқуға құштар мектеп» челленджі

Қазіргі уақытта білім беру және мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті – білім алушыларды көркем әдебиетті оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың құндылық ретіндегі беделін арттыру. Көркем әдебиетті оқу – еркін сөйлейтін, ойын дұрыс жеткізетін, сауатты жазуға қабілетті ақыл-ойы дамыған, рухани-адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлғаны әлеуметтендірудің және дамытудың маңызды құралы.

Кітап оқу өз кезегінде білім алушылардың кітап оқу белсенділігін арттыруға және оқу мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Көркем әдеби-шығармаларды оқу негізінде білім алушылардың рухани дүниесін байиды, ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейеді.

«Оқуға құштар мектеп» челленджі отандық және әлемдік озық шығармаларды насихаттауға, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыруға, оқыған кітабын жалпылау және талдау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашалық қиялын қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар челлендж білім алушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға да негіз болады.

Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.

Міндеттері:

  • Білім алушының функционалдық оқу дағдысын және шығармашылық қиялын дамыту

  • Білім алушының кітап оқуға қызығушылығын ояту

  • Білім алушыларда оқыған кітаптарының мазмұны мен сүйікті кейіпкерлерінің мінез-құлқы туралы өзара талқылауға негізделген қарым-қатынас жасау мәдениетін дамыту

Әдістемелік ұсыным:

Өткізілетін күні: 28.02.2024 ж.

Уақыты: 12:00

Оқуға құштар мектеп челленджі – кітап оқу мәдениетін дәріптеу

Ұйымдастыру: барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта білім алушылар өздері таңдаған кітабынан үзінді оқиды және басқа қатысушылармен ой бөліседі


Челлендждің өтетін орнын әр білім беру ұйымы дербес таңдайды және қатысушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет

«Сүйікті кітабым» көрмесін ұйымдастыру ұсынылады

Қатысушылар: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары

Іс-шараның ақпараттық жария етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы жариялайды
#оқуғақұштармектеп

#люблючитать

#моялюбимаякнига